Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Мақсаты

  • Гастростоманы күту

  • VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Асқынулар

  • Мұзды мұйықты қолдану

  • Ескерту

  • Ыстық ылғалды компресті қою

  • книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 337.3 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата29.05.2022
    Размер337.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакнига стандарт каз.docx
    ТипДокументы
    #554927
    страница7 из 20
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

    Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.

    Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру
    Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

    3. Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

    4. Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

    5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

    6. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

    7. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

    8. 30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.

    9. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.

    10. Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

    11. Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

    12. Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

    13. Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

    14. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

    15. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

    16. Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

    17. Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

    18. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.


    Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

    • -38-400 су моншасында тамақты жылытады;

    • қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

    • герде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

    • сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.


    Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

    Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

    Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.

    Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

    Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

    Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

    Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.

    Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.


    НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
    Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сұйық тамақпен 35-450С дейін жылытылған, қысқышты, жабысқыш пластырьді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.

    3. 35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.

    4. Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    6. Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз.

    7. Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.

    8. Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.

    9. Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.

    10. Шайді ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.

    11. Құйғыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12. Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

    13. Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

    14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Гастростоманы күту
    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды,


    шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

    4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

    5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.

    6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

    7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

    8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

    9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    10. Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    11. Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.



    VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу
    Жылытқышты қолдану
    Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

    Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

    Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

    Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

    Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

    Дайындаңыз:резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз.

    2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.

    3. Жылытқыштыңмойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

    4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

    6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.


    1. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

    2. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

    3. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

    4. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

    5. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

    6. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

    7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз


    Мұзды мұйықты қолдану
    Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

    Қолдану көрсетілімдері:ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

    Қарсы көрсетілімдері:ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

    Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

    Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

    2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

    3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

    4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

    7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

    8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

    9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

    10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

    11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.


    Қыша қағаздарын қою
    Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.

    Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

    Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

    Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы

    Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

    Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).

    4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

    5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

    6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

    7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

    8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

    9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

    11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.


    Ескерту:

    • қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

    • қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;

    • емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.


    Ыстық ылғалды компресті қою
    Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.

    Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.

    Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

    Дайындаңыз:ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

    5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

    6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.


    1. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

    2. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    3. Науқасты жылы жабыңыз.

    4. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
    Салқын компресті қою
    Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

    Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

    Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

    Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

    4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

    5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

    6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.

    7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


    написать администратору сайта