Главная страница

книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


Скачать 337.3 Kb.
Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
Дата29.05.2022
Размер337.3 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакнига стандарт каз.docx
ТипДокументы
#554927
страница1 из 20
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


ОРТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

«МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША

МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТАНДАРТТАРЫНЫҢ

ЖИЫНТЫҒЫ

І. Жұқпалық қауіпсіздік
Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз орамалдарды.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз, ал шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса).

  5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

  6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз.

  7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.

  8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. Егер шынтақшүмегіболмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз.


қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.

Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, 70% этил спиртін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.

  2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

  • алақанды алақанмен;

  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;

  • оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;

  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;

  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

  1. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).

  2. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

  3. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.


Ескерту:

  • қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;

  • құрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартканнан кейінсүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;

  • тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;

  • жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.


Қолды антисептикпен тазарту
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: иньекция, операция катетерлеу жасар алдында.

Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріндердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы.

Дайындаңыз: 70% этил спиртін және т.б. антисептиктерді залалсыздандырылған мақта шариктерін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

  2. Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын, тырнақ жанындағы валикті айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін.

  3. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.



Залалсыздандырылған қолғапты кию
Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

  • Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

  • Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

  2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

  3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

  4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

  5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

  6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

  7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

  8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

  9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

  10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.


Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
Қолғапты шешу
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

  2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

  3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

  5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

  6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді

Хлорамин ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.

Дайындаңыз: құрғақ ұнтақ хлораминді, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

  2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.

  3. Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жұмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәріжесіне сәйкес).

  4. Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).

  5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз.

  6. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.

  7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын клеенканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.

  8. Дем пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.

  • Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады.

  • Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.


Хлорамин ерітінділерін даярлау


Ерітіндідегіхлораминніңқоюлық дәрежесі(%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажетті компоненттердіңмөлшері

1л-ге

10л-ге

Хлораминнің мөлшері (г)

Судың мөлшері (мл)

Хлораминнің мөлшері (г)

Судың мөлшері (л)

0,5

5

995

50

9,95

1

10

990

100

9,9

2

20

980

200

9,8

3

30

970

300

9,7

5

50

950

500

9,5


5% гипохлорит кальций негізгі (маточный)

ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Дайындаңыз:0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киініз.

  2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, агаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.

  3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.

  4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оныңқоюлық дәрежесін және ерітіндінің атың көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз.


Ескерту:

  • ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастынқолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;

  • негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттыңқұрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.


Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау


Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

10 л-ге

1 л-ге

Негізгі 5% ерітінді (л)

Судың мөлшері (л)

Негізгі 5% ерітінді (мл)

Судың мөлшері (мл)

0,25

0,5

9,5

50

950

0,5

1

9,0

100

900

1

2

8,0

200

800

1,5

3

7,0

300

700



Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

(ҚР ДСМ № 533 бұйрығы 23.07.2010ж.)
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің

қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


написать администратору сайта