Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдану көрсетілімдері

  • ХІ. Құықты катетерлеу

  • Асқынулар

  • Қуықты жуу

  • ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау

  • Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

  • Қан алатын жерлері

  • Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

  • Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

  • книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 337.3 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата29.05.2022
    Размер337.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакнига стандарт каз.docx
    ТипДокументы
    #554927
    страница14 из 20
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

    Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.
    Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
    Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

    Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

    Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық

    жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін,жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты,
    салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.




    1. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

    4. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

    5. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

    6. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, еңалғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    7. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

    8. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

    9. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

    10. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

    11. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

    12. Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қалжағдайын сұраңыз.

    13. Ұштыкты,жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі барыдысқа салыңыз.

    14. Қолғапты шешіңіз.

    15. Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнергесалыңыз.

    16. Қолыңызды,жуып кептіріңіз.


    ХІ. Құықты катетерлеу

    Әйелдердің қуығын катетерлеу

    Мақсаты: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

    Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.

    Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

    Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, несеп жинайтын ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

    2. Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

    4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратқан.

    5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.


    1. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өндеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.



    1. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.

    2. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

    3. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

    4. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.

    5. Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.

    6. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

    7. Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.

    8. Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.

    9. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

    10. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

    11. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.

    12. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

    13. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

    14. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

    15. Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз.Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымызәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

    16. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

    17. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    19. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


    Қуықты жуу
    Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.

    Дайындаңыз:науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

    3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

    4. Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

    5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

    6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

    7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.

    8. Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

    9. Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

    10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.


    1. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

    2. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    3. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.


    Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.
    ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау

    Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
    Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолғаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу утралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.

    2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды тазартыңыз, қолғаптарды киіңіз.

    4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.

    5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

    6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз.

    7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

    8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.

    9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.

    10. Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

    11. Қолданылған құралдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


    Ескерту:

    • қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;

    • ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.


    Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

    Мақсаты: диагностикалық

    Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.

    Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

    Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70 этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жоюға арналған контейнерд

    Іс-әрекет алгоритмі:



    1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

    2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

    3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өндеңіз.

    5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

    6. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

    8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

    9. Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

    10. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

    11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

    12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

    13. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

    14. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

    15. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

    16. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

    17. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    18. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

    19. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

    20. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

    21. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.

    22. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

    23. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.

    24. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

    25. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

    26. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

    27. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

    28. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

    29. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту:

    • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

    • ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

    • қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

    • шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

    • жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

    • қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.



    • Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау



    Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

    Дайындаңыз:

    • таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

    • банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

    • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 370С.


    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

    3. Науқастан сұраңыз:

    • таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

    • тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

    • тік тұруды немесе тік отыруды;

    • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

    • қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

    1. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.


    Ескерту:

    • егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

    • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.


    Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


    написать администратору сайта