Главная страница
Навигация по странице:

  • Сифон клизмасын қою

  • Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату

  • Жел шығаратын түтікті қою

  • Ескерту

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Дәрілік кЛизманы қою

  • книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 337.3 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата29.05.2022
    Размер337.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакнига стандарт каз.docx
    ТипДокументы
    #554927
    страница13 из 20
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын

    судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-220С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді (ҚЖАК).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

    3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

    6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

    7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

    8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

    9. Кушетка үстіне клеенканышылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

    10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

    11. Сол қолдың Іжәне II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оңқолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішеккеқарайжылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытыбойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10см тереңдікке енгізіңіз.

    12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпентерең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканыжоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдамтүсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

    13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тартүбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалықозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

    14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжістіжақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

    15. Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны)беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

    16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

    17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісінесалыңыз.

    18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

    19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


    Ескерту:

    • тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;

    • агониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;

    • егерде науқас нәжісі аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.


    • Сифон клизмасын қою


    Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

    Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда наукасты дайындау.

    Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту


    мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы,қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

    3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

    5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

    6. Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарайжылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

    7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

    8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

    9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

    10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз,құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегісұйықтықты шылапшынға құйыңыз.

    11. Құйғышты қайтадан сументолтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

    12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

    13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

    14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

    15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыруертіндісіне салып қойыңыз.

    16. Қолгапты, алжапқышты, халатты, масканы,салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



    Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою
    Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ертіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз

    4. Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

    5. Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаныңұштығына вазелин майын жағыңыз.

    6. Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

    7. Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

    8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

    9. Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.



    1. Сол қолмен алмұрттәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішеккеқарай итере қысыңыз.

    2. Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанынұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).

    3. Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

    4. Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    5. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.

    6. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Жел шығаратын түтікті қою
    Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

    Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

    Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

    3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып,оның үстінен жаялықты төсеңіз.

    4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейдетазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

    7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және Vсаусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

    8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анустесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 смкіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыраотырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

    10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

    11. .Жел шыкқанда(су көпіршіктің шығуы бойынша)көзіңізді жеткізіңіз,суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктіңсыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

    12. Науқастыңқал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

    13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

    14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

    15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

    16. Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


    1. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.

    Майлы клизманы қою
    Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.


    Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

    Қарсы көрсетілімдері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    3. Науқасты сол жаққырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз,қолғапты киініз.

    5. «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

    6. Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.

    7. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    8. Майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

    9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

    10. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

    11. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

    12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

    13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

    14. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап және терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертіуін сұраңыз.

    15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.


    Ескерту:

    • емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

    • майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;

    • наукас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;

    • майлы клизманы түнде қою қажет.


    Дәрілік кЛизманы қою
    Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілікзатты енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту


    жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.

    3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

    5. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

    6. Жел шығаратын түтіктін саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.

    7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

    8. Сол колдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.

    10. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

    11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

    12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шыгарыңыз.

    13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    14. Анал тесігі айналасын тазартыңыз.

    15. Науқасты ескертініз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол тосекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ кырымен жатуы қажет.

    16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


    написать администратору сайта