Главная страница
Навигация по странице:

  • ІХ. Пункциялар

  • Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге

  • Қолданукөрсетілімдері

  • Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау

  • Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау

  • Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік

  • книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 337.3 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата29.05.2022
    Размер337.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакнига стандарт каз.docx
    ТипДокументы
    #554927
    страница12 из 20
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

    Ескерту:

    • қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады;

    • флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндегі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді;

    • енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па?

    • науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.



    ІХ. Пункциялар

    Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау

    Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

    Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

    3. Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

    4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

    6. Болжамды тесетін жерді 5 йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

    7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

    8. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

    9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.


    1. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

    2. Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

    3. Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.

    4. Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

    5. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.

    6. Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту.

    7. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.

    8. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    9. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

    10. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

    11. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

    12. Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.

    Ескерту:

    • плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

    • плевра сұйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

    • ине плевра сұйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.



    Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау
    Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты зертханалық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.

    Қолданукөрсетілімдері: іш шемені іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.

    Қарсы көрсетілімдері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекеталгоритмі:


    1. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

    3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

    4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5 спирттелген йод ерітіндісін, сосын 700С спирт ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

    7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5 новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.




    1. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троактарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.

    2. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

    3. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты зертханалық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).

    4. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

    5. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

    6. Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5 йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

    7. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуыңыз, кептіріңіз.

    8. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    9. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

    10. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.



    1. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

    2. Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.


    Ескерту:

    • манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

    • сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.


    Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА дайындау
    Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).

    Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шприцтерді (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелермен, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Асептика ережесін қатал жағдайд сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.

    3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

    4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

    5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.

    6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.

    7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    8. Тесетін жердің терісін, 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін 70 спирт ерітіндісімен тазартыңыз.

    9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5 новокаин ерітіндісін сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз.

    10. Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.

    11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.

    12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

    13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спирттелген йод ерітіндісімен өңдеңіз.

    14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

    15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

    16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

    17. Науқастың хал жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.

    18. Қолғапты шешіңіз.

    19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.


    Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау


    Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.

    Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

    3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

    4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

    5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

    6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

    7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

    9. Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.

    10. Кассирскийдің пункциялық инесінешектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

    11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

    12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

    13. Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

    14. Қолғапты шешіңіз.


    1. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    2. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

    3. Науқасты палатаға апарыңыз.

    4. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.


    Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.

    Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау

    Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.

    Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5

    спирттелген йод ерітіндісін, 70 спирт ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

    2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.

    5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

    6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

    7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

    8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

    9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

    10. Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

    11. Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік

    Тазарту клизмасын қою
    Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

    Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20


    написать администратору сайта