Главная страница
Навигация по странице:

  • I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру Мақсаты

  • IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

  • АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

  • Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)

  • III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру Мақсаты

  • Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу

  • ІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Ескерту

  • Қолдану көрсетілімдері

  • книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 337.3 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата29.05.2022
    Размер337.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакнига стандарт каз.docx
    ТипДокументы
    #554927
    страница2 из 20
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

    Залалсыздандыру – бұл эәдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

    Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

    1 кезең – зарарсыздандыру,

    2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

    3 кезең – залалсыздандыру.
    I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

    Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    • арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

    • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

    • ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

    1-ші ыдыста

    • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

    2-ші ыдыста

    • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

    • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;

    • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;


    IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

    Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

    Мақсаты:органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

    Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

    2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.


    ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ ҚҰРАМЫ

    компоненттің аттары

    ертіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері

    қолданылуы

    • жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    қолмен тазартқанда қолданылады

    • ауыз суы (см3)

    1 л

    • сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

    17 мл

    механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сыр-ғып ағу әдісімен, ерштеу үльтра-звукті пайдалану)

    • -жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    • -ауыз суы (см3)

    1 л




    1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

    2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

    3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

    4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

    5. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

    6. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

    7. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

    8. Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінін үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

    9. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.



    АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ
    Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

    көк-күлгін түске

    егерде заттарда жасырынды қан қалса

    күрең-қоңыр түске

    егерде заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

    қызғылт түске

    егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалсы

    Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)


    • бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

    • қаңға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

    • синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

    • байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсы өзгермейді.




    1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

    2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

    3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.


    III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

    Мақсаты: науқастарға аурухана ішкілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтыруды алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

    Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.


    1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

    2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

    3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.


    Автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут;t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

    Ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут


    1. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

    2. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

    3. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтауға орауға ораңыз.

    4. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.


    Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
    Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде залалдықты сақтау.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған салфетканы(үлкен бязден жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілердітурундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және залалсыздандыру күнін және бос колонканы мейірбикелердің қолын қою үшін, салуды жүргізуші және залалсыздандыруға жауапты, фильтрі бар немесе фильтрсіз залалсыздандыратын қораптарды әртүрлі ыдыстар мен түрлерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

    2. Бикстін (қораптын) бүтіндігін тексеріңіз.

    3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

    4. Бикстін ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

    5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

    7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

    8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне(түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

    9. Бикстің торын ашыңыз(фильтрсіз).

    10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, олбикстің 2/3биіктігінен салбырап тұруы қажет.

    11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

    12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

    • сектормен (шеңбердін бөлім арасы),

    • тік (қақпағына перпендикулярды),

    • бос қопсытып.

    1. Бикстін ортанғы бөлігіне залалды индикаторды орналастырыңыз.

    2. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған салфеткамен жабыңыз.

    3. Бикстің қақпағынын астына залалды индикаторды салыңыз.

    4. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

    5. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

    6. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.



    ІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау
    Науқастың дене салмағын өлшеу
    Мақсаты: диагностикалық.

    Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.

    Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.

    Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

    2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.

    5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

    6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

    7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

    8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

    9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

    10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

    11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

    12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.

    Науқастың бойын өлшеу
    Мақсаты:науқастың физикалық дамуын бақылау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.

    Дайындаңыз:бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

    3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

    4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

    5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

    6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

    7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

    8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

    9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.


    1. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ертіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

    2. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
    Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
    Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.

    Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.


    Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.

    Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ертіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алаты журналды (Ф-060/у).
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.

    2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    3. Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.

    4. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.

    5. Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

    6. Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.

    7. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.




    1. Шашты жылы 6% сірке су қышқылыертіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.

    2. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

    3. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.

    4. Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.

    5. Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    6. Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).

    7. Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

    8. СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.


    1. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


    написать администратору сайта