Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
Скачать 1.08 Mb.
|
30-НҰСҚА Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқалардызерттейтінғылым – мирмекологиядепаталады. Осы мирмекологмамандардыңқұмырсқадайтынбайталаптанып, қайнағантіршіліктізерттеуінәтижесіндебізгеолартуралыкөптегенқызықтыдеректербелгіліболды. Құмырсқажержүзіндееңкөптарағанжәндік. Әлемдегіеңқұрметтімимекологтардыңбірі Эдвард Уилсонныңесебібойынша, бүгінжербетінде 10 квадрилиион, яғнионның 15 дәрежесіндейқұмырсқа бар екен. Жан басынашаққанда, бірадамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпыүлесібарлықадамныңүлесіндей. 1. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз. A)Көп, қарақұрым B)Қаптап кетті, қайнады C)Қажырлы, еңбекқор D)Нөпір болды, ығы-жығы E)Қайнаған, қалың 2. Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Құмырсқалар еңбегі B)Құмырсқалар достығы C)Жәндіктер туралы D)Мирмекологтар туралы E)Құмырсқалар илеуі туралы 1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық. 2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз. Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз. Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім. 3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді. Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем. 3. Берілген мәтін қай стильде жазылған? A)Ғылыми стиль B)Көркем әдебиет стилі C)Ресми ісқағаз стилі D)Публицистикалық стиль E)Ауызекі сөйлеу стиль 4. Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған? A)Үшінші B)Екінші және үшінші C)Бірінші D)Екінші E)Барлығында 5. Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды? A)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады. B)Себебі Қамариден молла хат тасиды. C)Себебі хат Қамариден моллаға арналған. D)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі. E)Себебі Қамариден молладан ат мінеді. 6. Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады? A)Ардақты адам B)Құрметті адам C)Бауырмал адам D)Танымал адам E)Талапшыл адам Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар... Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе. Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай! 7. Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Үміт шырағы B)Жұлдыз сыры C)Ырымшыл халық D)Дала аспаны E)Жақсылық нышаны 8. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр? A)Тәуекелшілдігін B)Сабырлылығын C)Ұстамдылығын D)Жігерлілігін E)Мақсатшылдығын 9. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған? A)Әңгімелеу B)Баяндау C)Суреттеу D)Пайымдау E)Сипаттау 10. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады? A)Шынайылыққа B)Сабырлыққа C)Болжампаздыққа D)Сенімділікке E)Турашылдыққа 11. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? A)Дәстүрді құрметтеген B)Түн жылы болатындықтан C)Бағыт сілтеуші болғандықтан D)Жақсылыққа жорығандықтан E)Түн жарық болатындықтан 12. Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай? A)Халқына жанашыр болу B)Халқына сенім арту C)Халқының қамын ойлау D)Халқына қамқор болу E)Халқының жолын ашу Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты. Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті. – Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих. Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын. – Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди. Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет. 13. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз. A)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты B)Жоба қаражат тартуды көздеді C)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз D)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар E)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады 14. Мәтін не туралы? A)Саятшылық B)Аңшылық C)Құстарды қорғау D)Сұңқарлар өмірі E)Ителгілердің өмірі 15. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай? A)Ойды қорытындылайды B)Ойды суреттейді C)Ойды сипаттайды D)Ойды баяндайды E)Ойды дамытады 16. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз 1.Қаржылық көмек 2.Мемлекеттік қолдау 3.Жоба жетекшісінің көзқарасы 4.Еркіндікке босату 5.Экологиялық жоба A)5.3.1.2.4. B)5.4.2.3.1. C)1.4.5.2.3. D)2.4.1.3.5. E)3.1.5.4.2. 17. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген? A)5 B)3 C)2 D)1 E)4 18. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген? A)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру B)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру C)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу E)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау 19. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған? A)Сұңқарға көмектесу үшін B)Оларды жарыстыру үшін C)Машығын еске түсіру үшін D)Көгершінмен салыстыру үшін E)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін 20. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді? A)Құстардың бостандықта таралуы үшін B)Құстардың ортаға бейімделуі үшін C)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін D)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін E)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін 31-НҰСҚА Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық – ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы – ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. 1. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не? A)Айнабұлақ B)Мыңбұлақ C)Махаббат D)Намыс E)Жүрек 2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр? A)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас B)Ерлік пен еңбек – егіз C)Ерлік тәрбиеден туады D)Талапты ерге нұр жауар E)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. 3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? A)Мүйізі үлкен болғандықтан B)Суыққа төзімді болғандықтан C)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан D)Меринос қойымен будандастыратындықтан E)Егіз төл беретіндіктен 4. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады B)Арқардан төрт түлік түрін шығарды C)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті E)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады 5. Арқар қандай жерлерді мекендейді? A)Шөлейт жерлерді B)Құмдауыт ойпаттарды C)Жазық даланы D)Егіс алқаптарын E)Тау бөктерлерін 6. Арқардың негізгі жауы нелер? A)Қос аяқтылар. B)Үй жануарлары. C)Шөп қоректілер. D)Ет қоректілер. E)Сүт қоректілер. 1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады. 2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев. 3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн. 4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән. 5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді. 6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою – өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. 7. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді? A)Есімнің мағынасына назар аударған жөн. B)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн. C)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн. D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн. E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн. 8. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек? A)Сөздердің тіркесуін B)Есімнің әдемілігін C)Әріптердің санын D)Сөздің жаңалығын E)Есімнің дыбысталуын 9. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы? A)Қыс-жаз B)Қыс-көктем C)Көктем-күз D)Жаз-күз E)Күз-қыс 10. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны B)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы C)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы D)Ауа райы мен жыл мезгілі E)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы 11. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз A)Жібек, Меруерт B)Қайсар, Батырхан C)Дана, Сабыржан D)Қымбат, Әсем E)Жамал, Ақылгүл 12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады? A)барлық мезгілде B)көктемде C)жазда D)күзде E)қыста Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті. Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді. Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар не күн көреді? Жазда, жарайды, әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анадан енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы! 13. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді? A)Балалардың өміріне алаңдау B)Балаларға жақсы тілек айту C)Балалардың тағдырын шешу D)Үкіметке үміт арту E)Балаларға қол ұшын беру 14. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді? A)Саябақтағы оқиға B)Мейірімсіз ана C)Жас балалар D)Қараусыз қалған балалар E)Азық іздеген төртеу 15. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз. A)Жек көрушілігі B)Өкініші C)Сенімділігі D)Жиіркеніші E)Шарасыздығы 16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады? A)Демалушылардан естиді B)Өздері қатарлас балалар айтады C)Жергілікті тұрғындар айтады D)Саябақтың күзетшісі айтады E)Қаңғыбас адамдар айтады 17. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған? A)Әлеуметтік орталық өкілдеріне B)Балалардың әке-шешелеріне C)Мектеп мұғалімдеріне D)Қоғамдық ұйым басшыларына E)Үкімет басындағы азаматтарға 18. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды? A)Балаларға қол ұшын беру үшін B)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен C)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан D)Балалардың кім екендігін анықтау үшін E)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан 19. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз A)Жолы болмаған балалар B)Саябақ C)Тұрақты мекен D)Шынайы тілек E)Күнкөріс 20. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз. A)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? B)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. C)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті. E)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. |