Главная страница
Навигация по странице:

  • Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница26 из 59
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59

    Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...

    Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?

    1.–1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.

    Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?

    2. – Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.

    3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.

    4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын.

    13. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?

    A)Американдық Стивке

    B)Тимур Бекмамбетовке

    C)Ақтан Арым Құбатқа

    D)Анар Қашағановаға

    E)Нұртас Адамбаевқа

    14. Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

    A)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін

    B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін

    C)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

    D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін

    E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін

    15. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.

    1.  Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.

    2.  Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.

    3.  Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.

    A)Біріншісі

    B)Үшеуі де бұрыс

    C)Үшіншісі

    D)Екіншісі

    E)Үшеуі де дұрыс

    16. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?

    A)Көз – қорқақ, қол – батыр.

    B)Қорыққан мен қуанған бірдей.

    C)Ер сыншысы – елі.

    D)Жылтырдың бәрі күміс емес.

    E)Михнат болмай, рахат болмас.

    17. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?

    A)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.

    B)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.

    C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.

    D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.

    E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.

    18. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:

    A)Екінші

    B)Бірінші

    C)Үшінші

    D)Барлығы

    E)Төртінші

    19. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?

    A)сын

    B)алаңдау

    C)ой-пікір

    D)күмән

    E)мақтау

    20. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?

    A)Кинода режиссердің көзқарасы басым болғандықтан

    B)Режиссер жұмысын өте жоғары бағалағандықтан

    C)Драматургтің жауапкершілігі басым болғандықтан

    D)Бар атақ режиссерге тиеселі болғандықтан

    E)Актерлердің ойыны ұнамағандақтан

    46-НҰСҚА

    Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

    Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл.

    1. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.

    A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

    B)Мың асауға бір тосу.

    C)Ерді ел теңгерер.

    D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

    E)Туған жердей жер болмас.

    2. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.

    A)қыздар туралы

    B)кітап туралы

    C)аспап туралы

    D)ән туралы

    E)би туралы

    Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оған тыныштық бермепті.

    Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:

    – Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:

    –                    Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.

    Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.

    Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

    3. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

    A)Тату-тәтті өмір

    B)Мысық пен тышқан

    C)Ұйқышыл мысық

    D)Жаңа дос

    E)Қулығын асырған тышқан

    4. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

    A)Ептілігі

    B)Шыдамдылығы

    C)Тапқырлығы

    D)Батылдығы

    E)Шапшаңдығы

    5. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз

    A)Батыл

    B)Айлакер

    C)Өркөкірек

    D)Жалқау

    E)Мақтаншақ

    6. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

    A)Жалғыз қаздың үні шықпас

    B)Ежелгі дұшпан ел болмас

    C)Досы көпті жау алмайды

    D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

    E)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

    Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.

    Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.

    Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.

    7. Мәтіннің стилі қандай?

    A)Ресми іс-қағаздар стилі

    B)Ғылыми  стиль

    C)Ауызекі сөйлеу стилі

    D)Көркем әдебиет стилі

    E)Публицистикалық стиль

    8. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?

    A)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен

    B)Түрік қағанатын басқарғандықтан

    C)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен

    D)Белх билеушісі болғандықтан

    E)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан

    9. Мәтінге сәйкес орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?

    A)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан

    B)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан

    C)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен

    D)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан

    E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан

    10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?

    «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»    

    A)Ақылды

    B)Саясаткер

    C)Білімді

    D)Батыр

    E)Көріпкел11. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?

    A)Қайтыс болған жерінде

    B)Туған жерінде

    C)Жорықта жүрген жерінде

    D)Таққа отырған жерінде

    E)Басып алған жерінде

    12. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?

    A)Егде шағында соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

    B)Аяғы кем болып туылғандықтан

    C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен

    D)Дұшпандары жек көргендіктен

    E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

    Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.  

    Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және  құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.

    – Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.

    Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.

    – Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.

    Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.

    13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?

    A)2

    B)5

    C)1

    D)3

    E)4

    14. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?

    A)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін

    B)Көгершінмен салыстыру үшін

    C)Машығын еске түсіру үшін

    D)Оларды жарыстыру үшін

    E)Сұңқарға көмектесу үшін

    15. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?

    A)Құстардың ортаға бейімделуі үшін

    B)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін

    C)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін

    D)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін

    E)Құстардың бостандықта таралуы үшін

    16. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Ойды сипаттайды

    B)Ойды баяндайды

    C)Ойды дамытады

    D)Ойды қорытындылайды

    E)Ойды суреттейді

    17. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?

    A)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау

    B)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу

    C)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру

    D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу

    E)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру

    18. Мәтін не туралы?

    A)Сұңқарлар өмірі

    B)Саятшылық

    C)Құстарды қорғау

    D)Ителгілердің өмірі

    E)Аңшылық

    19. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

    1.Қаржылық көмек

    2.Мемлекеттік қолдау

    3.Жоба жетекшісінің көзқарасы

    4.Еркіндікке босату

    5.Экологиялық жоба

    A)2.4.1.3.5.

    B)5.4.2.3.1.

    C)3.1.5.4.2.

    D)5.3.1.2.4.

    E)1.4.5.2.3.

    20. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

    A)Жоба қаражат тартуды көздеді

    B)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты

    C)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар

    D)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады

    E)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59


    написать администратору сайта