Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
Скачать 1.08 Mb.
|
47-НҰСҚА Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты B)Көлдің әдемілігіне байланысты C)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты. D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты E)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты 2. Екінші абзацта не туралы айтылған? A)Қамысты құрақтағы құстар туралы B)Көлдің көлемі туралы C)Көл атауы туралы D)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы E)Көлдегі балықтар туралы 1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды. 3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына B)Ауданға баратын адамның болмағанына C)Ертең сабаққа баратынына D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне E)Туфлиінің жыртылғанына 4. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? A)Қырсыққан жігіт мал таппас. B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. C)Өтірік айтқаннан өлген артық. D)Қалауын тапса қар жанар. E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. 5. Айдос неліктен жылап жіберді? A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп. B)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына. C)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне. D)Туфлисіз қалғанына ренжіп. E)Жаңа туфли әпергеніне қуанып. 6. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды? 1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды. 2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді. 3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды. A)Үшінші B)Барлығы дұрыс C)Барлығы теріс D)Бірінші E)Екінші 1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады. 2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев. 3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн. 4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән. 5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді. 6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою – өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. 7. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек? A)Есімнің дыбысталуын B)Есімнің әдемілігін C)Сөздердің тіркесуін D)Әріптердің санын E)Сөздің жаңалығын 8. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз A)Қайсар, Батырхан B)Дана, Сабыржан C)Жамал, Ақылгүл D)Қымбат, Әсем E)Жібек, Меруерт 9. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны B)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы C)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы D)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы E)Ауа райы мен жыл мезгілі 10. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді? A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн. B)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн. C)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн. D)Есімнің мағынасына назар аударған жөн. E)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн. 11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы? A)Күз-қыс B)Қыс-көктем C)Көктем-күз D)Жаз-күз E)Қыс-жаз 12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады? A)қыста B)көктемде C)жазда D)барлық мезгілде E)күзде Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері. Геннадий Головкиннің сұхбатынан (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді. Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин. Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді. Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы. Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді. Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы. Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон. Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды. Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын. Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі. Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. 13. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма? A)Екеуі де жатады B)Тек екіншісін C)Екеуі де жатпайды D)Тек біріншісін E)Бұл дидарластық сөз 14. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді? 1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын. 2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын. 3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол A)2-ші дұрыс B)3-ші дұрыс C)1-ші дұрыс D)1-ші мен 3-ші дұрыс E)барлығы дұрыс 15. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды? A)Адриан Гонсалез B)Шугар Рэй Леонард C)Андре Берто D)Джим Лэмпли E)Владимир Кличко 16. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым? 1. Шынықсаң, шымыр боласың 2. Денсаулық – байлықтан да қымбат 3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. A)Тек үшіншісі B)Тек екіншісі C)Бірінші мен екіншісі D)Екеуі де бұрыс E)Тек біріншісі 17. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді? A)Алаңдаушылығын B)Ренішін C)Сенімділігін D)Қорқынышын E)Болжағыштығын 18. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды? A)Тым қарапайым B)Қырағы C)Еңбекқор D)Аса ұғымтал E)Тәуекелшіл. 19. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты? A)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез B)Андре Берто, Фредди Роуч C)Владимир Кличко, Фредди Роуч D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли 20. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген? A)Бірінші. B)Оныншы C)Төртінші D)Он екінші E)Үшінші 48-НҰСҚА Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өміргетұңғышкелгенімдедүниедетеңдесіжоқнәрлісуыменменішомылдырған, меніжуындырғанбұлақ. Мен алғашсуынішкен, меніәлдилепсүйген, мағансенген, туғанжерімМыңбұлақ... Біз де сүйек, еттенжаралғанжанбыз. Біздіңжанымыздытебірентесоққанжүрекболаттанқұралғанемес, бірақбіздіңжүрек – оттыжүрек. Оныңотыболаттыерітіп, жаңқадайжандыратын от. Біздіңжүрегіміздеқауіп-қатердікөтеріп, өлімдіжеңетінбіржарық – анасүтінақтап, туғанелді, Отанымыздысүюсезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өміртасы – халық, ел намысы – ер қолында. Бізнамыстыелдіңұлымыз. Жеңілмескүшімізсонда. 1.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не? A)Жүрек B)Мыңбұлақ C)Намыс D)Махаббат E)Айнабұлақ 2.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр? A)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі B)Ерлік пен еңбек – егіз C)Талапты ерге нұр жауар D)Ерлік тәрбиеден туады E)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас 1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық. 2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз. Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз. Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім. 3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді. Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем. 3.Берілген мәтін қай стильде жазылған? A)Ауызекі сөйлеу стиль B)Ресми ісқағаз стилі C)Ғылыми стиль D)Публицистикалық стиль E)Көркем әдебиет стилі 4.Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады? A)Ардақты адам B)Бауырмал адам C)Талапшыл адам D)Құрметті адам E)Танымал адам 5.Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды? A)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады. B)Себебі Қамариден молла хат тасиды. C)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі. D)Себебі Қамариден молладан ат мінеді. E)Себебі хат Қамариден моллаға арналған. 6.Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған? A)Екінші B)Бірінші C)Үшінші D)Екінші және үшінші E)Барлығында І. Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен? Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік. − Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін. ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан. ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі… IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар. 7.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? A)Зерттейді B)Дәлелдейді C)Суреттейді D)Нақтылайды E)Сипаттайды 8.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді? A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз. B)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек. C)Елімізде театр санын арттыру керек D)Театр билетінің құнын өсіру керек E)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт 9.Автордың мақаласына түрткі болған жағдай A)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету B)Театр қызметкерін таныту C)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу D)Өнер ордасына балалардың сирек баруы E)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы 10. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай? A)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек. B)Кішкентай балаға театр қызық емес. C)Кез келген арманға қол жеткізуге болады. D)Актер болу үшін театрға бару міндет емес. E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек. 11.«Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп? Ата-аналардың... A)Немқұрайлық танытуынан B)Қаражатының жоқтығынан C)Мәдени орынды сыйламауынан D)Бағасы бір деп ойлауынан E)Өресінің таяздығынан 12.Үшінші азатжолда автордың қандай көңіл күйі берілген A)Күмәнданады B)Немқұрайлық C)Дегбірсізденеді D)Алаңдаушылық E)Таңқалушылық Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады |