Главная страница
Навигация по странице:

  • Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

  • Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін... -Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды

  • Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница30 из 59
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

    ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.

    Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.

    Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.

    Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.

    Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.

    Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.

    Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.

    Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.

    Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне (Геннадий) HBO телеарнасы қызығушылық танып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.

    Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. (323 сөз)

    Қазақпарат. nur.kz›kk/1095649-gennadiy-golovkin-turaly-alem

    13. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?

    A)Екеуі де жатпайды

    B)Тек біріншісін

    C)Бұл дидарластық сөз

    D)Тек екіншісін

    E)Екеуі де жатады

    14. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?

    A)Владимир Кличко

    B)Адриан Гонсалез

    C)Джим Лэмпли

    D)Шугар Рэй Леонард

    E)Андре Берто

    15. 1-мәтіндегі 8-10 сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?

    A)Қорқынышын 

    B)Болжағыштығын

    C)Сенімділігін

    D)Ренішін

    E)Алаңдаушылығын

    16. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді?

    1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.

    2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.

    3. Геннадийдің  өз қабілеті мен күшіне сенімі мол

    A)2-ші дұрыс

    B)3-ші дұрыс

    C)1-ші дұрыс

    D)1-ші мен 3-ші дұрыс

    E)барлығы дұрыс

    17.Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?

    A)Бірінші.

    B)Төртінші

    C)Оныншы

    D)Үшінші

    E)Он екінші

    18. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?

    A)Андре Берто, Фредди Роуч

    B)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез

    C)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли

    D)Владимир Кличко, Фредди Роуч

    E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли

    19. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?

    1. Шынықсаң, шымыр боласың

    2. Денсаулық–байлықтан да қымбат

    3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

    A)Бірінші мен екіншісі

    B)Тек үшіншісі

    C)Тек біріншісі

    D)Тек екіншісі

    E)Екеуі де бұрыс

    20. Қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?

     A)Еңбекқор

    B)Қырағы

    C)Тәуекелшіл.

    D)Аса ұғымтал

    E)Тым қарапайым
    52-НҰСҚА

    Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.

    Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал  ескенде  ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай  ғана болған, бұ  дүниенің  күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол  ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз  жіберетін де,  бұлақтағы  тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.

    Сайраған құстар әні  оны  көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға  итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. (174 сөз)

      Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы

    1.Бағбанды ең  ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз

     

    A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы

    B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі

    C)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі

    D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы

    E)Құстардың сайраған үніне таңдануы

    2.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.

    1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.

    2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін

    A)Дұрыс жауап жоқ

    B)Тек екіншісі

    C)Екеуі де бұрыс

    D)Екеуі де дұрыс

     

    E)Тек біріншісі

    Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттар иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процестерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.

    Қызық дерек:Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігінде. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.

    D дәруменікальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің, омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді. Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.

     (161 сөз)

    3.Жаз мезгілінде қай уақытта күн көзіне шыққан пайдалы?

    A)8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін

    B)Жұмыс уақытының ортасында

    C)8 сағаттық жұмыс уақыты кезінде

    D)Түскі үзіліс кезінде

    E)Кеш батқаннан кейін

    4.Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?

    A)Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін

    B)Апта бойы, бір сағат толық

    C)Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін

    D)Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін

    E)Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін

    5.D дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы?

     

    A)Жақ

    B)Тіл

    C)Таңдай

    D)Тіс

    E)Ерін

    6.Қандай теріде күн сәулесі әсерінен болатын D дәрумені көп өндіріледі?

    A)Қара түсті

    B)Сары түсті

    C)Торы түсті

    D)Баран түсті

    E)Қоңыр түсті

    2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.

    «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым...

    Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.

    Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ»-деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын!

    P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті. (288 сөз)

    Керек Инфо. Киностан.

    7.Нұрланның пікірінен нені білуге болады?

    A)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көп көрермен жинай алғанын

    B)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне жиналған қауымның риза болғанын

    C)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің жарнамасынан да мықты болғанын

    D)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын

    E)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын

    8.Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?

    A)Гүлмайра – кино майталманы.

    B)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.

    C)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.

    D)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.

    E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.

    9.Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?

    1.    Баян Есентаеваның бұл картинасы сәтті шыққаны - сөзсіз.

    2.   Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерін жеткізе алды.

    3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.

    A)Бірінші мен үшінші

    B)Тек бірінші

    C)Барлығы теріс

    D)Тек үшінші

    E)Барлығы дұрыс

    10.Қай көрермен жаңа кинофильмге оң баға берді?

    A)Нұрлан

    B)Гүлмайра

    C)Нұрлан мен Гүлмайра

    D)Нұрлан мен Жанерке

    E)Жанерке

    11.Берілген мәтіндер не туралы?

    A)Баян Есентаеваның жетістігі туралы

    B)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға

    C)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы

    D)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы

    E)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы

    12.Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?

    A)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні

    B)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі

    C)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені

    D)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын

    E)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу

    Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады

    Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...

    -Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?

    1.-1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.

    Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?

    2. –Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.

    3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.

    4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. (500 сөз)

    13.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.

    1.  Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.

    2.  Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.

    3.  Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.

    A)Екіншісі

    B)Үшеуі де дұрыс

    C)Біріншісі

    D)Үшіншісі

    E)Үшеуі де бұрыс

    14.Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?

    A)Себебі драматургтің жауапкершілігі басым болады.

    B)Себебі актерлердің ойыны ұнамайды.

    C)Себебі бар атақ режиссерге тиеселі болады

    D)Себебі кинода режиссердің көзқарасы басым болады.

    E)Себебі режиссер жұмысын өте жоғары бағалайды.

    15.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?

    A)Жылтырдың бәрі күміс емес.

    B)Михнат болмай, рахат болмас.

    C)Қорыққан мен қуанған бірдей.

    D)Ер сыншысы – елі.

    E)Көз – қорқақ, қол – батыр.

    16.3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?

    A)сын

    B)алаңдау

    C)мақтау

    D)күмән

    E)ой-пікір

    17.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:

    A)Екінші

    B)Төртінші

    C)Бірінші

    D)Барлығы

    E)Үшінші

    18.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?

    A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.

    B)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.

    C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.

    D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.

    E)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.

    19.4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?

    A)Абайға

    B)Шәкенге

    C)Сұлтанға

    D)Нұртасқа

    E)Мұхтарға

    20.Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

    A)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

    B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін

    CБаян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін

    D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін

    E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59


    написать администратору сайта