Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
Скачать 1.08 Mb.
|
Геннадий Головкиннің сұхбатынан (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді. Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин. Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді. Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы. Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді. Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы. Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон. Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды. Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын. Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі. Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. 13. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма? A)Екеуі де жатады B)Тек екіншісін C)Екеуі де жатпайды D)Тек біріншісін E)Бұл дидарластық сөз 14. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді? 1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын. 2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын. 3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол A)2-ші дұрыс B)3-ші дұрыс C)1-ші дұрыс D)1-ші мен 3-ші дұрыс E)барлығы дұрыс 15. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды? A)Адриан Гонсалез B)Шугар Рэй Леонард C)Андре Берто D)Джим Лэмпли E)Владимир Кличко 16. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым? 1. Шынықсаң, шымыр боласың 2. Денсаулық – байлықтан да қымбат 3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. A)Тек үшіншісі B)Тек екіншісі C)Бірінші мен екіншісі D)Екеуі де бұрыс E)Тек біріншісі 17. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді? A)Алаңдаушылығын B)Ренішін C)Сенімділігін D)Қорқынышын E)Болжағыштығын 18. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды? A)Тым қарапайым B)Қырағы C)Еңбекқор D)Аса ұғымтал E)Тәуекелшіл. 19. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты? A)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез BАндре Берто, Фредди Роуч C)Владимир Кличко, Фредди Роуч D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли 20. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген? A)Бірінші. B)Оныншы C)Төртінші D)Он екінші E)Үшінші 38-НҰСҚА Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? A)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты B)Көл толқындарының бұйралығына байланысты C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты D)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты. E)Көлдің әдемілігіне байланысты 2. Екінші абзацта не туралы айтылған? A)Көлдегі балықтар туралы B)Көл атауы туралы C)Қамысты құрақтағы құстар туралы D)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы E)Көлдің көлемі туралы Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ, керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие. Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік. Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан! Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді. Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады. Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар. Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын. 3. «Раушандар бағы» атауының шыққан жері A)Персия B)Жапония C)Германия D)Қазақстан E)Үндістан 4. «Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық A)Раушан B)Сакура C)Қызғалдақ D)Дицентра E)Орхидея 5. Қызғалдақтың отаны A)Германия B)Қазақстан C)Ресей D)Франция E)Жапония 6. Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл A)Раушан B)Сакура C)Орхидея D)Қызғалдақ E)Дицентра 2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырда» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді. «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым... Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар. Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын! P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті. 7. Берілген мәтіндер не туралы? A)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы B)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы C)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға D)Баян Есентаеваның жетістігі туралы E)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы 8. Отандық фильмдердің сапасына түсінушілікпен қараған көрермен A)Нұрлан мен Гүлмайра B)Нұрлан мен Жанерке C)Нұрлан D)Жанерке E)Гүлмайра 9. Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады? A)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды. B)Гүлмайра – кино майталманы. C)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры. D)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ. E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар. 10. Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы нені білуге болады? A)Фильм көп көрермен жинай алғанын B)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын C)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын D)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын E)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын 11. Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды? A)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі B)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу C)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні D)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені E)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын 12. Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді? 1. Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз. 2.Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды. 3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді. A)Бірінші мен үшінші B)Барлығы теріс C)Тек үшінші D)Тек бірінші E)Барлығы дұрыс Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері. Геннадий Головкиннің сұхбатынан (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді. Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин. Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді. Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы. Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді. Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы. Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон. Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды. Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын. Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі. Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. 13. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді? A)Сенімділігін B)Болжағыштығын C)Ренішін D)Алаңдаушылығын E)Қорқынышын 14. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген? A)Төртінші B)Бірінші. C)Он екінші D)Оныншы E)Үшінші 15. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды? A)Владимир Кличко B)Шугар Рэй Леонард C)Андре Берто D)Джим Лэмпли E)Адриан Гонсалез 16. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты? A)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли B)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли C)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез D)Андре Берто, Фредди Роуч E)Владимир Кличко, Фредди Роуч 17. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма? A)Тек біріншісін B)Екеуі де жатпайды C)Бұл дидарластық сөз D)Тек екіншісін E)Екеуі де жатады 18. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді? 1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын. 2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын. 3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол A)3-ші дұрыс B)1-ші дұрыс C)2-ші дұрыс D)1-ші мен 3-ші дұрыс E)барлығы дұрыс 19. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым? 1. Шынықсаң, шымыр боласың 2. Денсаулық – байлықтан да қымбат 3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. A)Тек біріншісі B)Тек үшіншісі C)Тек екіншісі D)Бірінші мен екіншісі E)Екеуі де бұрыс 20. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды? A)Еңбекқор B)Тәуекелшіл. C)Тым қарапайым D)Қырағы E)Аса ұғымтал 39-НҰСҚА Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы - махаббат, өмір тасы - халық, ел намысы - ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. (94 сөз) Бауыржан Момышұлы 1. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не? A)Айнабұлақ B)Махаббат C)Жүрек D)Мыңбұлақ E)Намыс 2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр? A)Ерлік пен еңбек – егіз B)Талапты ерге нұр жауар C)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас D)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі E)Ерлік тәрбиеден туады Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. (166 сөз) (Интернет материалдарынан) 3. Арқардың негізгі жауы нелер? A)Қос аяқтылар. B)Сүт қоректілер. C)Шөп қоректілер. D)Ет қоректілер. E)Үй жануарлары. 4. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан B)Мүйізі үлкен болғандықтан C)Меринос қойымен будандастыратындықтан D)Егіз төл беретіндіктен E)Суыққа төзімді болғандықтан 5. Арқар қандай жерлерді мекендейді? A)Шөлейт жерлерді B)Тау бөктерлерін C)Құмдауыт ойпаттарды D)Егіс алқаптарын E)Жазық даланы 6. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? A)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады B)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді C)Арқардан төрт түлік түрін шығарды D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті E)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған. Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды. Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады. (278 сөз) 7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан? A)Таққа отырған жерінде B)Жорықта жүрген жерінде C)Қайтыс болған жерінде D)Басып алған жерінде E)Туған жерінде 8. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды? A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан B)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен C)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан D)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан 9. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген? A)Дұшпандары жек көргендіктен B)Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен D)Аяғы кем болып туылғандықтан E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан 10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады? «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» A)Көріпкел B)Ақылды C)Білімді D)Саясаткер E)Батыр 11. Мәтіннің стилі қандай? A)Ғылыми стиль B)Ауызекі сөйлеу стилі C)Ресми іс-қағаздар стилі D)Көркем әдебиет стилі E)Публицистикалық стиль 12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді? A)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен C)Түрік қағанатын басқарғандықтан D)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан E)Белх билеушісі болғандықтан 1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады. 2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады. 3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. - А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы: – Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші арқылы сәлем айтады. 4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын. 5.Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп: – Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді. Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды. 6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен. (441 сөз) («Әдеби жәдігерлер» кітабы) 13. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? A)Ойды салыстырады B)Ойды тұжырымдайды C)Ойды қорытындылайды D)Ойды дамытады E)Ойды пайымдайды 14. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? A)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу C)Кирдің жеңісін мақтан ету D)Парсы патшасының батылдығын насихаттау E)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту 15. Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты? A)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен B)Кирді ұнатпағандықтан C)Соғысқа дайын болғандықтан D)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен E)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан 16. Кир қандай патша? A)Ақымақ B)Ержүрек C)Батыл D)Ашкөз E)Ақылды 17. Кир неліктен Томириске құда түсті? A)Әйелдікке алғысы келді B)Сақ елін иеленгісі келді C)Қамқор болғысы келді D)Байлығына қызықты E)Сұлулығына көзі түсті 18. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді? A)Төртінші B)Бесінші C)Бірінші D)Екінші E)Үшінші 19. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті? 1.Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін 2.Сертін орындау үшін 3.Ұлының кегін алу үшін A)Барлығы дұрыс B)Біріншісі дұрыс C)Барлығы бұрыс D)Үшіншісі дұрыс E)Екіншісі дұрыс 20. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды? A)Батырлар жеңісін тойлағандықтан B)Соғыс күші жетіспегендіктен C)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан D)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан E)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан |