Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған: Жанатканов.Н Топ

  • Орындаған

  • Тақырыбы

  • Жетекші

  • «Педагогикалық практикасына дайындық » оқу практикасын ұйымдастыру

  • Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу

  • Байқау%20практикасы%20Нұрасыл. Педагогикалы практикасы Диплом алды практикасы


    Скачать 125.4 Kb.
    НазваниеПедагогикалы практикасы Диплом алды практикасы
    Дата15.12.2022
    Размер125.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБайқау%20практикасы%20Нұрасыл.docx
    ТипДиплом
    #847232
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫ
    «Диплом алды практикасы»


    Мамандық: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

    Біліктілік: 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі»


    Орындаған:Жанатканов.Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022ж

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Білім алушының педагогикалық практика бойынша күнделік-есебі


    Орындаған: Жанатканов.Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Білім алушының педагогикалық практика бойынша күнделік-есебі




    Мектеп директорымен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен кездесу;

    Сыныптарға бөлу. Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу. Оқушылармен танысу, сабақтарына қатысу, оқушыларды бақылау

    Педагогикалық-психологиялық бақылауға оқушы таңдау. Әр жастағы балалардың психологиялық, педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеу. Сауалнама, тренинг, психологиялық зерттеу әдістемелерін өткізу, материалдарын, талдау. Сынып журналының жүргізілуі.

    Мерзімі

    Мекемедегі практика жетекшісінің қолы

    басталуы

    аяқталуы

    1

    Мектептің Директоры мен маған бекітілген сыныптың сынып жетекшісі мен сынып пен таныстым, және өзімнін жетекші мұғалімен таныстым.

    11.04.2022

    20.05.2022




    2

    Дене тәрбиесінің мұғалімнің сабақтарына қатысу.

    11.04.2022

    20.05.2022




    3

    Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары. Сынып жетекшісінің құжаттары мен есебі.

    11.04.2022

    20.05.2022




    4

    Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбиелік іс-шараларды өткізу

    11.04.2022

    20.05.2022




    5

    Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға бағытталған тренингтер, ойындар, жаттығулар жүргізу

    11.04.2022

    20.05.2022




    6

    Сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағатын өткіздім

    11.04.2022

    20.05.2022




    7

    Бекітілген сыныптың пәндер және басқада пәндер бойынша сабақтарына қатысу.

    11.04.2022

    20.05.2022




    8

    Салауатты – өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу. Нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар өткізу

    11.04.2022

    20.05.2022




    9




    11.04.2022

    20.05.2022




    10

    Салауаттану ғылымның ауруыдың алғашқы алдын алу әдістемесінің денсаулықты сақтау және нығайту үшін және оларды салауатты өмірге тарту үшін және де оны соның ғылыми негізі болып табылатының білдім.

    11.04.2022

    20.05.2022




    11

    Сынып жетекшісі өткізген ашық сабактарға қатысу.

    11.04.2022

    20.05.2022




    12

    Ал бұл тақырыпты айта кететін болса бұл тәсіл ол өмірді жақсартуға және де іс-әрекеттерді өз уақытында қолдана білүге жұмсайтын әрекеттер болып саналады.

    11.04.2022

    20.05.2022




    13

    Ен ақырғысына айта кететін болсақ, сыныптан тыс тәрбие жұмысы бұл балаларға өзінің ерекше уақыты беріледі, олар жеке тұлғаны мәлеметтендірү үшін және де қажетті уақытты пайдаланып, сол уақыттын ішінде әр түрлі іс-шараларды жасау деп түсінемін.

    11.04.2022

    20.05.2022






    1. Атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды

    Мен, Жанатқанов Нұрасыл 11 сәуірден 20 мамыр айына дейін «Байқау практикасына дайындық» практикасынан өттім. Бала қабілетін, ойлауын сана сезімін жетілдіру математикалық процес. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым -қатынас балаға қалам ұстатқанан бастап баланың жазу үлгісі барлығы мұғалімдей болады. Практика барысында балаға дәптерге дұрыс жазуын барлығын қамтиды. Болашақта өз іс тәжірибеде қолданып белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын.

    қолы ____________
    « » мамыр 2022ж.

    2. Білім алушы туралы пікірі
    __________________________________________________________________
    __________________________________________________________________

    3. Тікелей жетекшінің білім алушы туралы қорытынды пікірі (ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер)
    __________________________________________________________________
    __________________________________________________________________

    Оқу практика жетекшісінің қолы (ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер)

    __________________________________________
    «______»_________________20____ж.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Педагогикалық практикасының мақсат-міндеттерімен танысу.Дене тәрбиесі сабағы және оған қойылатын талаптар

    Орындаған: Жанатканов Н.

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Педагогикалық практикасының мақсат-міндеттерімен танысу.Дене тәрбиесі сабағы және оған қойылатын талаптар

    Білім алушыларда дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби қызметі туралы тұтас түсінікті қалыптастыру және сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру мен өткізудің практикалық тәжірибесін алу.

    Міндеттері:

    * теориялық білімді тереңдету және бекіту және олардың практикалық қызметпен байланысын орнату;

    * әр түрлі типтегі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайын зерттеу және т. б.;

    * сабақтар мен сабақтарды, сондай-ақ балалардың оқу іс-әрекетінің басқа да нысандарын жоспарлау, ұйымдастыру және талдаудың кәсіби іскерлігін қалыптастыру;

    * оқу-тәрбие процесін бақылау және оның нәтижелерін талдау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

    * сабақ өткізу әдістерін, тәсілдерін және құралдарын, сабақтан тыс сабақтарды және оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық іс-әрекеттерін басқару дағдыларын меңгеру;

    * кәсіби модульдерді меңгеру барысында алынған білімді практикада шығармашылық қолдануға үйрету;

    * зерттеу қызметін жүзеге асыру білігін дамыту;

    * білім алушылардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру;

    * кәсіби құзыреттілікті дамыту;

    * пән мұғалімінің құжаттарымен танысу.

    «Педагогикалық практикасына дайындық » оқу практикасын ұйымдастыру

    Машық бойынша оқушыларға әдістемелік нұсқаулық беру

    Машықтың материалдық-техникалық базамен, мектептің тарихымен, тәрбие жұмысымен танысуға дайындық.

    Педагогикалық практика барысында машықкерлер сынып жетекшісінің үлгі тәрбие жоспарын, тәрбие шараларының жоспар-конспектісі мен сценарийлерін, көрнекіліктер даярлайды.

    Мектеп оқушыларының жеке тұлғалық сапаларын, қасиеттерін және психологиялық жағдайын диагностикалауға дайындау.

    Педагогиалық практикалық күнделігін даярлайды.

    Практика аяқталысымен машықкерлер сынып жетекшісі портфолиосын тапсырады.

    Жұмыстары, күнделік жүргізуі, тапсырмаларды орындау сапасы бағаланады, сонымен қатар педагогикалық практика қорытындысы талданады, жетілдіру жолдары анықталады.

    Педагогикалық практикаға педагогикалық колледждің практика бойынша директордың орынбасары, топ жетекшісі-әдіскер (педагогика пәні оқытушысы) жетекшілік етеді

    Дене дайындығына, әсіресе, әскерде үлкен мән беріледі. Сарбаздың жауынгерлік қабілеттілігі – оның жылдам жүгіретініне, төтенше жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне т.б. байланысты. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шақыруға дейін дайындаған жөн. Әскери мамандықты жақсы игеру үшін жас кезден бастап ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа т.б. тәрбиелеу керек.

    Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижелілігі олардың көлемі мен жаттығудың орындау қарқынына байланысты. Оқытушы өсіп келе жатқан жасөспірім ағзасының биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педогогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша тәсілдері – бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.

    Дене тәрбиесі жаттығулары

    Арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, әрекетін дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек дене тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталып, педагогикалық заңдылықтарға бағынған қимыл-қозғалыстар ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Дене тәрбиесі міндеттері – жаттығуды орындауды үйрену, жетілдіру, күшті, жылдамдықты дамыту т.с.с. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдың бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, оның бір ғана негізгі элементі. Дене тәрбиесі жаттығулары – көп рет қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген дене тәрбиесі жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны да әр түрлі. Дене тәрбиесі жаттығуы негізіне қимыл-қозғалыстармен бірге, адам ағзасында жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін үрдістер де кіреді.

    Бұл әр түрлі күрделі үрдісті біз мынадай тұрғыда қарастырамыз: психологиялық (сезім, ойлау, әрекетінің өзгерістері); физиологиялық (ағзаның белсенді жұмыс істеу деңгейі, өсуі, қан айналымы, тыныс алу жүйесінің жақсаруы); биохимиялық (қимылды энергиямен қамтамасыз ету, шөгінділер шығару); педагогикалық (білім беру, тәрбиелеу міндеттерінің орындалуы т.б.).

    Дене тәрбиесі жаттығуларының түрі олардың сыртқы және ішкі құрылысын көрсетеді (құрылымы, ұйымдастырылуы). Дене тәрбиесі жаттығуларының ішкі құрылысын қарасақ, жаттығу кезінде ағзаның әр түрлі жұмыс істеу үрдістері бір-бірімен бірігіп, ұйымдаса қимылдап жатады (моторлық және вегетативтік қызмет). Мысалы, жүгіру кезінде штанга көтеруге қарағанда ағзадағы вегетативтік жүйе басқадай болып өзгереді.

    Жаттығулардың сыртқы түрі – ол көрініп тұрған жағы, адамның кеңістіктегі қозғалысын, уақытын, қозғалыс шамасын көрсетеді. Жаттығулардың түрі мен құрылымы бір-біріне байланысты. Белгілі бір жаттығуды дұрыс орындау үшін құрылысын өзгертсек, оның формасы, түр қозғалысы да өзгереді (мысалы, жүгіргенде артатын күш пен шыдамдылық қозғалыс амплитудасына да әсерін тигізеді т.б.).

    Жаттығулардың жаттықтыратын әсері күш кезеңі арқылы орындалады.

    Тез әсер етуі. Жаттығу жасап жатқан кезде ағзаның функционалдық жұмыс істеу өзгерістері айқын көріне бастайды. Бұлшық еттердің көлемі үлкейді, жүрек соғу, тыныс алу жиіленеді, ағза қызынады, қызарады, терлейді т.с.с.

    Із қалдыруы. Жаттығу орындалып біткен соң қимыл-әрекетімен пайда болған құбылыс іздері ағзада жоғалмайды, бірталай уақыт сақталып қалады, шамамен бір, бір жарым тәуліктен артық. Адамның денесі қызып, қимыл-қозғалысы ширақ болады, асқа тәбеті жақсарады және т.б. Бұрын жаттықпаған адамдардың бұлшық еттері ауырып, дел-сал болып жүреді.

    Бейімделу әсері. Егер қимыл-әрекет алдыңғы қимыл-әрекеттің әсері сақталынып тұрған кезде қайталанса, мұндай қабаттасу адамды осы қимыл-әрекетке белсенді бейімдейді. Егер ол апта, айларға созылып жаттыға берсе барлық дене мүшелерінің қызметі жақсарады, денсаулық нығаяды, дене қуаты қасиеттерінің жұмысқа біліктілігі жоғарылайды, қимыл шеберлігі пайда

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Диплом алды практикасы оқу әдістемелік базасы және мектеп құжаттарымен танысуға дайындық


    Орындаған: Жанатканов. Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен 2022

    Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:

    1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.

    2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.

    3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
    Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу

    Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз – сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста «отау иесі» болатын боз балалар, ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары – айбалта, қылыш; соғатын қарулары – қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Осы аты аталған қару-жарақаттарды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет, әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқанды тосу, сақтандыру жаттығулары жетілдірілген. Осы қаруды қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адамдардан қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.

    Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің «спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған «Шығыс амазонкалары» әйелдер әскер бөлімі, «Бабыл» Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.

    БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Қылмыс жасап, тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп, жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.

    Шыңғысхан құрған «Мың қол» империясы кезінде (XIII-XII) әскери - дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде «Ерлердің үш ойыны» дене тәрбиесі жүйесі болды. Ол – күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.

    Әмір Темір билігі кезінде (XI ) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.

    XV ғ. бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Сол кезеңде қазақ арасында батырлар, палуандар, шабандоздар, сал-серілер, ақындар қадірлі болды. Қазақтың ұлттық ойындары – ат бәйгесі, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары – көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті әр түрлі жаттығуларын орындау (ат үстінде тік тұра, теріс отыра, ат бауырынан өте, жерге түсе қайта шыға шабу) өнерлері дамыды. Жәрмеңкелерде, ас беруде, үйлену, сүндет т.б. той-жиындарда осы спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталып отырылды. Ол жеңімпаздар халық арасында аттары аталып, аңыз-әңгімелеріне арқау болып, ақындардың өлең-жырларында айтылып, өте жоғары сый-сияпатқа бөленді.

    Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріліп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап құлын ұстау, жүгіріп малдарды жаю, мал қайыру, мал ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырады, батырлыққа, батылдыққа тәрбиелейді, дене қасиеттерін жетілдіреді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан-байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.

    XVIII-XIX ғғ. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерде қазақ жеріндегі дене тәрбиесі орыс дене тәрбиесі арқылы түрленіп, күрделілене түсті. Ресей мемлекетінің дене тәрбиесінің негізін қалаған П.Ф. Лесгафт он алты Еуропа елдерін аралап, дүниежүзі дене тәрбиесі мен спорт жүйелерін орыс жеріне әкелсе, енді сол классикалық спорт түрлері, дене тәрбиесі жүйелері орыстар арқылы қазақ жеріне тарады.

    XX ғ. Кеңес дәуірінің де өзіне тән ерекше социалистік дене тәрбиесі жүйесі болды. Оның бір ерекшелігі дене тәрбиесі және спорт түрлерімен айналысу тегін, коммерцияланбаған болды. Барлық спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтар мемлекет қарауында, иелігінде жұмыс істеді. Жұмысшы, шаруа, студент, оқушы, барлық адамдарға спорттық құрлыстардың есігі ашық тұрды. Кеңес Одағының спортшылары соның арқасында Олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда басқа мемлекеттің спортшыларын ұтып, тұрақты жеңімпаздар қатарында болды.

    Қазақстан Республикасы егемендігін алып жеке дербес мемлекет болғалы он тоғыз жылда өз Конституциясы, Ата заңы шығарылып, өзіне тән дене тәрбиесі жүйесі дамыды.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі
      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта