Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Дене тәрбиесі мұғалімнің оқу жұмысын жоспаурлау жүйесін меңгерүге дайындау

  • Дене тәрбиесі мұғалімнің әдіскерлердің үлгі сабақтарына қатысу Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме.

  • Сыныптан тыс шараларына жаттығуларына қатысу « Біз спортты сүйеміз! » 8 сыныптар Сабақтың мақсаты: 1)

  • Жарыстың барысы : I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Орындаған

  • Байқау%20практикасы%20Нұрасыл. Педагогикалы практикасы Диплом алды практикасы


    Скачать 125.4 Kb.
    НазваниеПедагогикалы практикасы Диплом алды практикасы
    Дата15.12.2022
    Размер125.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБайқау%20практикасы%20Нұрасыл.docx
    ТипДиплом
    #847232
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Әлеуметгік түр— тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.

    Тұлғалық түр— өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.

    Рухани түр— адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
    Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
    1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

    2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.

    3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

    Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
    Тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі.
    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі


    Тақырыбы: Дене тәрбиесі мұғалімнің оқу жұмысын жоспаурлау жүйесін меңгерүге дайындау

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.
    Өскемен, 2022

    Дене тәрбиесі мұғалімнің оқу жұмысын жоспаурлау жүйесін меңгерүге дайындау

    Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.

    Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.

    Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам

    қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді. Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жақсы ұйымдастыру үшін, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгірімін бақылауға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын - ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу. Есепке алу жүйесінде жоғарда айтылған негізгі түрлерінен басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады. Негізгі есеп алу құжаты мектеп сынып журналы болып есептеледі.

    Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындаған төрешілер тізімі, жоспар орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы, президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Дене тәрбиесі мұғалімнің әдіскерлердің үлгі сабақтарына қатысу

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Дене тәрбиесі мұғалімнің әдіскерлердің үлгі сабақтарына қатысу

    Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.

    Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім деңгейі, іскерліктері, дағдылары шамалас екі (ең көп болғанда 3 сынып құрған абзал). Мысалы: техникалық үйірме ұйымдастырылса бастауыш сынып оқушыларына негізгі орта буын сыныптарына екінші жыл үйренетін ал жоғарғы сыныптарға одан кейінгі жылдары ұйымдастырылатын үйірмені бірнеше сатылы түрде ұйымдастыруға болады.

    Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіктерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін талаптары мен ынталары әзірлік дәрежелерін т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Бірақ практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерде материалдық детальтармен саймандардың болуына жетекшінің білім мен іскерлік дәрежесіне үйірме мүшелерінің техникалық даярлығы мен ынталарына байланысты. Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға бір тақырып бойынша көбейтуге жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптарды қосып өз өзгерістерін енгізе алады. Осыдан келіп үлгі бавғдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген уақыттың шарттылығы туады. Бір түрлі модуль немесе құралды әзірлеуге жұмсалатын уақыт паралель екі үйірмеде әртүрлі болуы мүмкін, ол құрал – жабдықтарға, материалға, жұмыс істеушілердің санына олардың іскерлінгі мен басқа да жағдайларға байланысты. Жұмыс жоспарында бағдарлама тақырыптарын атап көрсетіп әрбір осы тақырыптар бойынша әңгімелер мен лабораториялық жұмыстардың графиктерін жобалап белгілеу керек. Бұл жоспарға үйірменің жүргізуге жоспарланған көпшілік шараларда енеді – экскурсия, тақырыптық кештер, көрмелер, жарыстар шығару т.с.с. жоспарды үйірме мүшелерінің түлектерімен ұсыныстарын ескерту үшін үйірме ұжымының бірінші немесе екінші сабағында талқылау қажет. Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет.

    Үйірме жетекшісі староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді.

    Үйірменің түрлері

    Саз үйірмесі

    Домбыра, баян, қобыз, сырнай т.б.

    Спорттық үйірме

    Шахмат, шашка, күрес, теннис, шаңғы, коньки, суда жүзу, баскетбол, волейбол т.б.

    Пәндік үйірме

    Математика, физика, химия, әдебиет, қазақ тілі, тарих, орыс тілі, т.б.

    Өнер үйірмесі

    Би, хор, драмалық үйірме, мәнерлеп оқу т.б.

    Қолөнер үйірмесі

    Тоқыма тоқу, кесте тігу, түрлі ойыншықтар тігу, гобелен тігу т.б.

    Техникалық үйірме

    АВЭ – клубы, жас техниктер станциясы, машина жасау, қайықтар жасау т.б.

    Эстетикалық үйірме

    Макраме, тоқыма, кесте тігу, би, ас мәзірін дайындау, жұмсақ ойыншықтар жасау т.б.

    Дене мәдениеті ұжымның мүшелері мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін дене тәрбиесі мұғалімдері. Дене мәдениеті ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағаланулары керек. Мектептің дене мәдениеті ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет.

    Дене мәдениеті ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төраға орынбасары, хатшы сайланады. Дене мәдениеті кеңесі жанынан көпшілік дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құрылады. Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). 2. Мектептегі жаттықтырулар ұйымдастарылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар т.б. жарыстар. 3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. 4. Жазғы және қысқы Президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыс спорт түрінің жарыстарына дайындық және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. 5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары. 6. Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әртүрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру ж.т.б. жорық дағдыларын меңгереді. 7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған, денсаулықтарын нығайту, дене қуаты дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар. 8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмысттарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Сыныптан тыс шараларына жаттығуларына қатысу

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.
    Өскемен, 2022

    Сыныптан тыс шараларына жаттығуларына қатысу

    « Біз спортты сүйеміз! »

    8 сыныптар

    Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға әр түрлі спортттық ойындардың ережелерін түсіндіру.Орындалу әдіс-тәсілдерін көрсете отырып үйрету,орындату.Ептілік пен шапшаңдыққа , жылдамдылыққа баулу.Кеңістікте бағдарлауға жаттықтыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

    2) Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа, бір-біріне жанашырлыққа тәрбиелей отырып, ұжымдық сезімін ояту.

    3) Оқушылардың ойлау, көру, есте сақтау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.Танымдық іс-әрекеттерін арттыру.Аяқ-қол дене қимылдарын жетілдіру.

    Жарыстың барысы :

    I. Ұйымдастыру кезеңі :

    Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар және жанкүйерлер «Біз спортты сүйеміз!» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 8-9 сынып оқушылары қатысады. Сонымен ортаға қатысатын командаларды шақырамыз.

    Спортқа берік сенеміз.

    Думанға қызық келіңіз.

    Әділқазы ел сенген,

    Сайысқа баға беріңіз.

    Келесі кезекті сіздерді бүгінгі сайысымызға әділ төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

    II. Негізгі бөлім

     Бүгінгі сайысымыз 8 кезеннен тұрады.

    Сайыс түрлері :

    1. Доппен жүгіру

    Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша допты алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

    2. « Қазан мен доп »

    Допты себеттің ішіне лақтыру.

    3. « Мергендер »

    5-6 метр қашықтықта тұрған кеглиді қағып, түсіру.

    4. Оң (сол) аяқпен секіру.

    Төрешінің белгісі бойынша оң немесе сол аяқпен секіріп белгіленген жерге барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

    5. « Кенгуру »

    Белгі бойынша әр команданың сайыскері үлкен допқа отырып,белгіленген жерге секіріп барып,келеді.Ойын келесі сайыскерлер жалғастырады.

    6. Допты табу

    Сайысқа қатысушыладың көзін байлап, белгілі бір қашықтықта тұрған допты төрешінің көмегі бойынша табу.

    7.Шығыршықпен допты тарту.

    8. Миға шабуыл.

    1 топтың сұрақтары :

    • 5 кг   темір   мен  5 кг   мақтаның    қайсысы   ауыр? ( тең )

    • Жер бетінде неше мұхит бар? ( 4 )

    • Біздің мектептегі директордың толық тегін ата?

    • Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? ( 42 әріп )

    • 1 желтоқсан қандай күн? (Президент күні)

    • Алма , өрік , алмұрт бұлар ... ( жемістер)

    • 3 х 7 = ... ( 21 )

    • Мысықта 4 аяқ , тауықта қанша аяқ? ( 2 )

     2 топтың сұрақтары :

    - 5 м. мен 500 см. қайсысы ұзын? (тең)

    - Жер бетінде қанша материк бар? ( 6 )

    - Біздің мектептегі психологтың толық тегін ата? (Қалтаева Ұлжан , Шарипова Айгүл)

    - Футбол ойынында 1 командада қанша ойыншы бар? ( 11 )

    - 16 желтоқсан қандай күн? ( Тәуелсіздік күні )

    - Пияз , қырыққабат , сәбіз бұлар .... ( көкөністер )

    - 3 х 8 = ... ( 24 )

    - Өрмекшіде қанша аяқ ? ( 8 )

    ІІІ.Қорытындылау.

    Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

    Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

    Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.

    IV. Жарыстың аяқталуы.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Үйірме сабақтарына қатысу

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Үйірме сабақтарына қатысу

    бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.

    Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.

    Бүгінгі күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.

    Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Кейде осы терминді жете түсіну үшін (ағылшын сөзі experience — «өмірлік тәжірибе») қолданады.

    Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты. Тренинг бір жағынан барынша « жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.Тренинг әдісі ретінде қатысушылардың қандай да бір іс –әрекетті үйренуге бағытталған.

    Бірақ қандай шарттар іс-әрекетті үйретуге бағытталған? Адамның нақты іс-әрекеті:

    1) белгілі бір әрекетті істеуге деген ынтасы

    2) іс-әрекетті қалай орындау керек екенін білу

    3) іс-әрекетті жүзеге асыру.

    Психологиялық тренингтің түрлілігі. «Психологиялық тренинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» терминдері бірмәнді ұйғарымға келмейді. Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету, яғни танымдық процесстер – зейін, ес, ойлау және т.б. Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:

    — қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін).

    Психологиялық тренинг белгілері:

    • Топаралық жұмыс принципін қадағалау

    • Топаралық жұмысқа белсенді әдістер қолдану

    • Тұлғаарлық әрекеттестіктің, қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына назар аудару

    • Қатысушылардың қарым-қатынастарының жағымды жақтарын ашуға арналған ұйымдастыру шаралары

    • Еркін және жағымды атмосфера құру

    • Тұрақты топтың болуын қамтамасыз ету

    Қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталуыТренингтің жүру барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/

    ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау

    - Тренинг ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққан. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

    Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

    ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.

    - Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.

    ІV. Негізгі бөлім.

    а) Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы.

    Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айту.

    Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...

    б) «Автопортрет» жаттығуы.

    Нұсқау:

    - әр қатысушыға парақ беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына

    ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдері

    көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.

    Жаттығу шарты:

    - сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз.

    Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...

    Рефлексия: Жазылған автопортреттер бір бірден таратылып оқылады, бұл кімнің портреті екенін анықтау керек.

    в) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

    Нұсқау:

    - қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

    Жаттығу шарты:

    - қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

    Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

    Сергіту сәті

    д) «Өрмекші торы» жаттығуы.

    Нұсқау:

    - қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

    Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта