Главная страница
Навигация по странице:

  • Электрондық оқулар АКТ пайдаланған сабақтар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

  • Пәндер бойынша сабақ үстіндегі сабақ және сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

  • Таратпа материалдар көнеркі құралдар дидактикалық ойындар дайындау

  • Әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге дайындық

  • Сауалнама тренинг психологиялық зерттеу әдістемесі материялдарын даярлау

  • Байқау%20практикасы%20Нұрасыл. Педагогикалы практикасы Диплом алды практикасы


    Скачать 125.4 Kb.
    НазваниеПедагогикалы практикасы Диплом алды практикасы
    Дата15.12.2022
    Размер125.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБайқау%20практикасы%20Нұрасыл.docx
    ТипДиплом
    #847232
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Сыныптан тыс шаралардың толық жоспар конспектілерін жазу тексерү әдіскерге бекітү

    Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.

    Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.

    Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам

    қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.

    Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары: Тарих кеші – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Тарихтан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.

    Қызықты кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек. Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар бағалы болып келеді. Іскерлік ойындар оқушылардың психофизиологиялық ерешеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады: - ірі ауқымды (бірнеше сынып) және ұзақ (бірнеше айға) созылатын іскерлік ойындар; - нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; - бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік ойындар.Тарихтан диспут – өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы – өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына тарихтан өткен материалды қайталау мақсаты.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Электрондық оқулар АКТ пайдаланған сабақтар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

    \

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Электрондық оқулар АКТ пайдаланған сабақтар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

    Қазіргі қоғам заман талабына сай компьютерлік техникалар мен тығыз байланысқа көшті. Кез – келген сәтте ақпаратты алып оны жеткізу жылдамдығы сәт сайын артуда. Әлемдегі сан алуан саналы ойлардың қорлары бір бірімен ұштасып келеді. Ақпарат қоғамның негізгі қаруына айналды десекте болады. Компьютерлік заман – компьютерлік ғасыр. Бірақ адамзатқа, қазіргі қоғамға тиімді ме, әлде ...

    Ой салатын не? Сәт сайын виртуалды өмір жетегінде жүрген шынайы өмірде ешқандай тұрақ таппайтын адамдарды кездестіріп жатамыз. Бәрінен бұрын алаңдататыны бесіктен белі шықпай жатып, тәй – тәй басқаннан «планшетке не қалта телефонына» тәуелді жас сәбилерді, жеткіншектерді көру. Танертеннен кешке дейін телефон не планшет, компьютер алдында отыратын, далаға шығып ойын ойнау білмейтін, бір бірімен тіл табысып сөйлеспейтін, жақын адамдарының өзімен ашылып тілдеспейтін балалардың тағдыры не болмақ.

    Мектептегі ұстаздар қауымы осындай балалардың мәселелерімен жиі кездесіп жатады. Біздің басты міндетіміз жас ұрпақты компьютерге және интернетке тәуелділіктен арылтып, айналаны қоршаған ортамен қарым қатынасына өзгерту енгізу, нақты өмірге деген қызығушылығын ояту, сан алуан ақпараттардың ішінен пайдалы ақпаратты ғана танып білуге уйрету, виртуалды өмірден алшақтату..

    Осындай маңызды жұмыстарды атқаруда сыныптан тыс және сабақтан тыс іс – шаралардың ролін АКТ арқылы өткізсек жоғары баға беруге болады. Осы жұмыстарда жаңа оқыту формаларының, іс – әрекеттердің, әдіс – тәсілдердің, әдістемелердің бір бірімен ұштасып жол тауып кетуге мүмкіндігі зор. Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» деген. Десе де тәрбие мен білім егіз ұғым екенін ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу әр педагог ұстаздың міндеті. Саналы ұрпақтың тәрбиесін интернет беттеріне немесе виртуалды ойындарға қалдыруға болмайды. Қалай болғанда да қазіргі жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алуына ықпал ететін бірнеше әдіс –тәсілдердің түрлерін ұсынуға болады. Ұлттық ойындар түрлері, театрландырылған қойылымдар, диспуттар, дебат, шығармашылықпен айналысу, психологиялық іс - шаралар, тәрбие және сынып сағаттарының сайыс түрлері арқылы оқушы өзін ортамен тығыз байланысқа әкелмек.

    Сыныптан тыс жұмыстар мен сынып сағаттарында Ақпараттық комуникациялық технологияларды қолдану арқылы қандай оң нәтижелер алуға болады:

    1. Сабаққа эмоцианалдық тұрғыдан жақсы нәтиже көрсетеді;

    2. Ой – өрісін дамытады;

    3. Пәнге деген қызығушылығы табиғи түрде болады;

    4. Ұғыну үрдісі психологиялық тұрғыдан жақсара түседі;

    5. Оқушы мен Оқытушы арасындағы байланыс нығая түседі.

    Мектепішілік іс – шараларға АКТ қолдану көп жағынан тиімді. Бұл жерде компьютерлік технологиялар оқушыны тұйықтамайды есесіне өз қатарластарымен бірігіп жұмыс жасауға белсенді түрде үлесін қосады. Бастысы – оң көз қарастарын қалыптастырады, көңіл күйін көтереді, іс – шараға деген қызығушылығын арттырады. Көтеріңкі көңіл күй, ойларын еркін жеткізу, эмоциялық жағынан баланың дамуына жақсы нәтиже береді. Жайдары, ашық жарқын балалар, тұйық және басқалардан оқшауланатын балаларға қарағанда күйзеліске, өмірде болып жатқан келеңсіз оқиғаларға төтеп бере алады. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар көңілді және мерекеге толы болуы керек. Сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстарда жобалау әдісі мақсатқа қол жеткізуге тиімді. Балалар өз бетінше жобаға қажет ақпаратты іздеп тауып, өңдеп, сұрыптауға үйренеді. Жобалау әдісі танымдық , шығармашылық дамуына ықпал етеді, өз білім деңгейін өзі анықтап, ақпараттық кеңістікте дұрыс бағытын өзі қабылдауға үйренеді, сыни ойлау тұрғысынан дамиды. Жобалау әдісі оқушылардың жеке, және топпен белгілі бір уақыт аралығында өз беттерімен жұмыс жасауларына негізделген. Топпен жұмыс жасаудың өз ерекшелігі бар: бір – бірін қолдау, бірігіп еңбек ету, жауапкершілік, көпшілдік, шыдамдылық т.б. Топтың көшбасшысы тағайындалады. Ол өзін қолдайтын ұжымын өз жауапкершілігіне алады. Топтың барлық мүшелері дерлік тапсырмалармен қамтыла топпен жұмыстың жобалау әрекеті өте тиімді тәсіл. Ол үшін бір ғана оқушы шеше алатын мәселе емес ұжыммен ғана шешілетін мәселелерді ұсынып отыру керек. Жобамен жұмыс кезінде мақсаты, міндеті және нәтиже болуы керек. Жобамен жұмыс кезінде оқушы мәселенің мақсатын анықтап, жұмысты жоспарлап, тәжірибелер, зерттеулер жүргіп, қажетті ақпаратты іздеп тауып, атқарылған жұмыстың көрмесін ұйымдастыруға үйренеді.

    Жаңа білімге ұмтылу үшін және өз бетінше жұмыс жасай алуы үшін, бір – біріне көмек беруге дайын болуы үшін оқушылар іс – шараларға асқан белсенділікпен қатынасуына атсалысуын ұйымдастыру ұстаздардың мақсаты

    Қорытындылай келе оқушы қосымша қоғамдық және мектеп ішілік іс – шаралармен бірге мектеп қабырғасында көбірек уақытын өткізеді. Сондықтан мектеп педагогтарының мақсаты сол уақыттарын оқушылар қызықты және пайдалы өткізуін қамтамасыз ету. Оқушы мектепті екінші үйіндей көруі үшін ең маңыздысы қосымша зерттеу жұмыстарымен, жобалармен, түрлі үйірмелерге қатысуга жетелеп отырса тәрбиесіне де, білім деңгейіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз. Қазіргі заман ұстазы көп ғасырлардан келе жатқан білімдердің тоғысы, мүмкіншілігі әлде қайда жоғары. Олай дейтініміз заңа заман техникасын меңгерген, түрлі жаңа технологиялармен қаруланған. Жаңа заман ұстазы әрқашан білім бере отырып өз білімін және біліктілігін арттырудан тоқтап қалмауыға тиіс. Әр кез білім саласындағы жаңа технологияларды зерттеп меңгеріп жас ұрпақты зияткерлікке жетелей білуі керек.

    Ғылымның білімнің дамуында тұрақтылық жоқ, ол қашанда қарыштап даму үстінде, жаңа техника, жаңа ақпараттық үрдістер дамыған сайын әлемге деген көзқарас қашанда өзгеріске ұшырап отырады, білім саласы да өзгеріске ұшырайды, қаншама технологиялар белең алады, тек қоғам қай жаққа бағыт алса да ұстаз деген ат өзгеріссіз қалмақ: әр оқушыға деген асқан сүйіспешілік, әр оқушыға бірдей көзқараста көмек беру, ө

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Пәндер бойынша сабақ үстіндегі сабақ және сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

    \

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Пәндер бойынша сабақ үстіндегі сабақ және сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

    “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен. Осындай күрделі мақсаттың жүзеге асуы білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету жағдайына байланыстылығын да көрсетті. Республикада бұл міндеттердің шешу жолы білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады. Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының педагогикалық ой -пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыруды көздейді.

    Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.

    Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады Сыныптан тыс тәрбие жұмысы–тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі.

    Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

    Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Білім мазмұнын әлемдік оқыту жүйесіне теңестіру, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере оқытудың маңызы артуда.

    Оқушылардың білімін дамыту жолдарының бірі ретінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін Р.Ж.Қоянбаев.,З.Абилова,К.Б.,

    Бозжанова,Е.Омар, С.Нұрмағанбетов т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырады.

    Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар т.б. жатады.

    Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады. Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.

    Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.

    Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе.Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн.

    Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды шынайы түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамытады.

    Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс - әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс - әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді Сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады.Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарам –қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата - аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады.Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады.

    Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс - әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі. осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата - аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс - әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек. Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.

    Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Таратпа материалдар көнеркі құралдар дидактикалық ойындар дайындау

    \

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Таратпа материалдар көнеркі құралдар дидактикалық ойындар дайындау

    Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.

    Белгілі психолог Е. А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден - бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі. Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай». Кезінде К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинскийлер балабақша тәрбиеленушісі – балалық үшін оларды тәрбиелейтіндей орта туғызу, жағдай жасау керектігін атап көрсеткен болатын.

    Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек».

    «Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруды қалай жақсартуға болады? Бұл мәселе педагогикалық үрдісте қандай орын алады?» деген сұрақтарына жауап іздеп көрелік. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күнінен бастап – ақ маңызды орын алады. Алайда жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын мектепке дейінгі тәрбиешілердің бірден - бір көмекшісі болуы керек деген.

    Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».

    Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев,

    Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. Баланың тәрбиесіндегі мектепке дейінгі мекемелердің, әсіресе дидактикалық ойындар арқылы баланың математикалық қабілеттерін оятудың әсерін Ресей ғалымдары Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. Дидактикалық ойындардың ықпалын баланың сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б. белгілеген. Бір нәрсе жасауға тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте - бірте қалыптастырады.

    Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.

    Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.

    Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн.

    Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.

    Дидактикалық ойындардың мақсаты:

    1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру;

    2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

    3. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тиянақтау және бекіту;

    4. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қайталау және пысықтау;

    5. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тексеру.

    Дидактикалық ойынның міндеті:

    1. Баланың қызығушылығын туғызу;

    2. Баланың белсенділігін арттыру.

    Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

    әсерлерін сурет салуға, мүсіндеуге және қиып жапсыруда пайдалана білу қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі.

    Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін басты құралы. Эстетикалық тәрбие барысында мына міндеттерді шешу қажет:н геометриялық пішіндер 5–түрі.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге дайындық

    \

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге дайындық

    Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады. Өйткені балалардың сөз құрауында тітіркендіргіш күшінің (сыртқы әсердің) маңызы үлкен, яғни буындардың дыбыстың күші. Осыдан педагогикалық практика үшін қорытынды: 2-3 жасқа дейін және одан әр балалардың сөзді айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі.

    Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады. Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды. Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады. Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер, т.б түрлері анықталады. Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т.б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.

    Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:

    Тіл: Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді. Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екенін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөдыбыстардың ретін анықтай алады ( егер бала балабақшаға барып жүрген болса). Алты жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.

    Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар — бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі). Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.

    Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты ( ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де балса нашар дамыған. Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның зейінін зерттеу обьектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер алты жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс әрекетпен айналыса алады.

    Алайда бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.Ес. Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық процесс болып саналады. Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын мәнінде мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші болады. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.

    Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз есте сақтау жемісті бола бермек. Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі. Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

    Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады.Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау–алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады. Қиял. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады, және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады (импровизация), өз шығармасына рахаттанып оған басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде (үлкендерге қарағанда) үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі байқалады.

    Қиялдың үздіксіз жұмысы — баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі. Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі әлдеқайда көбірек меңгере алады. Ал бұл мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаның танымдық мазмұнын мағыналы байытуға және бағыттар береді. Дегенмен баланың мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі. Белгілі психолог Л.С.Выготский айтқан: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары немесе төмен ауытқу, яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан алғанда әрқашан зиянды болып саналады, баланың ақыл-ой даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді».

    Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қолданылатын тәрбиелеу әдістері мен түрлері, мектепке дейінгі жастың психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған жағдайда ғана ең жоғары нәтижеге жетуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды тек дидактикалық ойындар, тікелей бақылаулар және пәндік сабақтар әртүрлі практикалық және бейнелеу іс-әректтері түрінде жүргізуге болады, бірақ ешқашанда дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізуге болмайды.

    «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

    Жоғары колледжі

    Тақырыбы: Сауалнама тренинг психологиялық зерттеу әдістемесі материялдарын даярлау

    \

    Орындаған: Жанатканов Н

    Топ: ФК3Б(11)

    Жетекші: Даулетқан Ш.

    Өскемен, 2022

    Сауалнама тренинг психологиялық зерттеу әдістемесі материялдарын даярлау

    Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет. Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.

    Бүгінгі күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Кейде осы терминді жете түсіну үшін (ағылшын сөзі experience — «өмірлік тәжірибе») қолданады.

    Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты. Тренинг бір жағынан барынша « жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.Тренинг әдісі ретінде қатысушылардың қандай да бір іс –әрекетті үйренуге бағытталған. Бірақ қандай шарттар іс-әрекетті үйретуге бағытталған? Адамның нақты іс-әрекеті: 1) белгілі бір әрекетті істеуге деген ынтасы 2) іс-әрекетті қалай орындау керек екенін білу 3) іс-әрекетті жүзеге асыру. Психологиялық тренингтің түрлілігі. «Психологиялық тренинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» терминдері бірмәнді ұйғарымға келмейді. Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету, яғни танымдық процесстер – зейін, ес, ойлау және т.б. Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты: қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін).

    Психологиялық тренинг белгілері:

    1. Топаралық жұмыс принципін қадағалау

    2. Топаралық жұмысқа белсенді әдістер қолдану

    3. Тұлғаарлық әрекеттестіктің, қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына назар аудару

    4. Қатысушылардың қарым-қатынастарының жағымды жақтарын ашуға арналған ұйымдастыру шаралары

    5. Еркін және жағымды атмосфера құру

    6. Тұрақты топтың болуын қамтамасыз ету

    7. Қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталуы

    Психологиялық тренинг қарым-қатынасы келесі принциптерден құралады:

    1. Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

    2. Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

    3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

    4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ойқозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

    5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

    6. Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

    Топаралық жұмыстың келесі формаларын анықтауға болады:

    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта