Байқау%20практикасы%20Нұрасыл. Педагогикалы практикасы Диплом алды практикасы
Скачать 125.4 Kb.
|
Тақырыбы:Оқу жоспарын оқу бағдарламалары мен дене тәрбиесінен оқулықтарды талдау Орындаған:Жанатканов. Н Топ: ФК3Б(11) Жетекші: Даулетқан Ш. Өскемен, 2022 Оқу жоспарын оқу бағдарламалары мен дене тәрбиесінен оқулықтарды талдау Тәрбие тұлғаны қалыптастыру барысында басқарылатын, бақыланатын және алдын ала анықталған жоспарға сәйкес саналы түрде жасалатын ұмтылулармен, әрекеттермен байланысты байқалатын үдеріс. Яғни тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру үдерісі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын, бақыланатын, түпкі мақсаты қоғамға қажетті, пайдалы тұлғаны қалыптастыру болып табылатын тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі. Бұрын тәрбиені қоғам мақсатына сәйкес оқушыны тәрбиелеуге мақсатты жетекшілік ету деп қарастырды. Бұл анықтамадағы кемшілікті «өзара әсерлесу» және «жетекшілік ету» ұғымдарын салыстыру арқылы байқауға болады. Әрине, өзара әсерлесу тұлға белсенділігін қамтамасыз етеді, ал бұл тәрбие тиімділігінің бірден-бір шарты. Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде сипаттайтын белгілер: 1. Тәрбие қоғамның әлеуметтік тәжірибені беру қажеттілігінен пайда болды. 2. Тәрбие әрбір қоғамдық-тарихи кезеңдерге сәйкес дамиды, өзгеріп отырады, себебі әлеуметтік тәжірибеде де өзгеріп, жетіліп отырады. 3. Тәрбие қоғамдық тәжірибені меңгеру жолымен жүзеге асырылады. Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде түсіну мынадай фактілерді саналы меңгеруді қажет етеді: - Тәрбие – әлеуметтік тәжірибені мақсатты меңгеру және дамыту үдерісі; - Тәрбие адамның қоғамдағы өмірін қамтамасыз етеді; - Тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін ересектер мен балалардың саналы қарым-қатынасы жүреді; - Тәрбиенің негізгі өлшемі – тұлға дамуының өмір талаптарына сәйкес келуі. Тәрбиенің басты қызметі – баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақталған тәжірибесін меңгерту мсақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады. Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты – тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтыллатын мұрат-мақсат. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол. Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол. Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Тәрбиенің заңдылықтарына: Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі; Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер: 1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. З.Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру. 4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту. Е.Н Степанованын ой туыншаа сыныптың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді -дейді. Осыған байланысты компоненттер туімі; І.Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалармен ересектер тобы. 2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың қағидасы). 3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы турі, форма бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару). «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжі Тақырыбы: Үлгі сабақтарға қатысу бақылау.Практика құжаттарын даярлау Орындаған: Жанатканов Н Топ: ФК3Б(11) Жетекші: Даулетқан Ш. Өскемен, 2022 Күні: Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жеңіл атлетика туралы мағлұғмат беру. Дамытушылық: Ептілік, икемділікті дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, бірлікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: Биіктікке секіруде адымдау тәсілмен екпін алу. Сабақ түрі: Қайталау Сабақ әдісі: Бақылау сабақ Өтетін орны: Спорт алаңы Керекті құрал-жабдықтар: ысқыруық,
«Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжі Тақырыбы: Практиканың жеке жоспарын жасақтау Орындаған: Жанатканов Н Топ: ФК3Б(11) Жетекші: Даулетқан Ш. Өскемен, 2022 Практиканың жеке жоспарын жасақтау Тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады. — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауаттанудың зерттеу пәні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді. Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді. Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. - жеке және қоғамдық гигиена; - дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес; - организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау; - күн тәртібін тиімді пайдалану; - дұрыс және уақтылы тамақтану; - жұкпа аурулардың алдын алу; - тән ауруларынан сақтандыру; - жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру; - зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру; - жыныс гигиенасы; - психопрофилактика және психогигиена; - кикілжің және денсаулық; - экология және денсаулық. Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру. Бүдан мынандай міндеттер туындайды: - салауатты өмір салтының әдістерін үйрету; - өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; - негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру; - осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру. Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады. Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі». Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды . И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі». Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді. Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді. Денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі. Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау. |