Педиатрия тменде аталып отыран препараттарды ішінен оралан пенициллин болып табылатын
Скачать 0.74 Mb.
|
1 жастағы балаға учаскелік дәрігер ЖРИ диагнозын қойды. Ем тағайындалып және баланы күтімі бойынша ұсыныстар берілді. Анасына төменде аталған белгілердің біреуі пайда болысымен, дереу дәрігерге қайта келу керектігі түсіндірілді. Керек белгіні таңдаңыз:// дене қызуы 370С-тан жоғары// ұйқысы мазасыздану// жөтелдің жиіленуі// +тыныстың жиілуі// терінің бозғылттығы пайда болуы *** БДСҰ бағдарлама бойынша: Диарея бұл - 24 сағат ішінде іш өтудің жиілігі кем болмайды:// 2 реттен// +3 реттен// 4 реттен// 5 реттен// 10 реттен *** «Созылмалы атрофиялық гастриттің өршуі» диагнозымен ауруханадан емделіп шыққан балаға қашан екпе жүргізуге болады:// + ауруханадан шыққан соң// егу жасаудың қажеті жоқ// 2 айдан соң// 6 айдан соң// 1 жылдан соң *** Маша 5 жылдан аса ревматоидты артритпен ауырады, протеинурияның дамуына (2 г/тәулігіне) әкелетін себеп түрі:// гломерулонефрит// пиелонефрит// +бүйрек амилоидозы// интерстициалды нефрит// бүйрек венасының тромбозы *** 3,5 жасар қыз бала, суықтап қалған соң қынап үсті ауыратынына, жиі- жиі ауырсынумен, аз мөлшерде несеп бөлу. ЖЗА: белок- 0,1 г/л, лейкоциттер – көру аймағында 15-20, эритроциттер көру аймағында – 5 -8. (жаңа). Алдын ала қоятын диагноз:// жедел бүйрек жеткіліксіздігі// +жедел цистит// бүйрек амилоидозы// рефлюкс-нефропатия// вульвовагинит *** 7 жасар балаға зәр анализін патфлораға және антибиотикке сезімталдығына тағайындады Зәрді себу әдісіне жинау үшін ұсынылатын әдет:// қуығына пункция арқылы// +стерильді ыдысқа зәрдің ортаңғы порциясы алынады// қуыққа катетеризация арқылы// жалпы зәр анализі// тәуліктік зәрден алу *** 13 жастағы балада созылмалы бронхит, ортаңғы калибрлі бронхтардың зақымдалуының аускультациясы сипатталады:// құрғақ ысқырықты сырыл/ + құрғақ шуылды сырыл// орташа көпіршікті ылғалды сырыл// крепитация// бірденнен әлсіреген везикулярлы тыныс *** 3 жастағы бала дене қызуы 38,9С, әлсіздік, тамақтан бас тартады, ысқырықты шулы тыныс. 4 күн бойы ауырады. Сіздің алдын ала болжам диагнозы:// круп// баспа// +жұтқыншақтағы абцесс// паратонзиллярлы абцесс// миокардит *** 5 жасар бала жоғарғы жақ сүйегі өлшемі ұлғайған, тыныс ауыз арқылы, жұтқыншақтың артқы қабырғасы бойынша іріңді-шырышты секрет бөлінеді. Жиі мұрыны бітіп, аузын ашып ұйықтайды, қорылдайды. Болжам диагноз?// ринит// тонзиллит// аденоиды I дәрежелі// +аденоид III дәрежелі// созылмалы гайморит *** Балаға 10 ай. Дене қызуы 38,0 С. Жөтелі ұстама тәрізді қақырық қиын бөлінеді. Экспираторлы түрдегі ентікпе. Өкпенің барлық аясында қатқыл тыныспен, құрғақ ысқырықты және ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпеде – қораптық өкпелік дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады?// жедел ринофарингит// +обструктивті бронхит// жедел ларингит// жедел бронхиолит// бөгде зат *** 39 аптада туылған нәрестенің бірінші аптасында сарғаю күшйген, 4 апта бойы сақталған, іш қату, брадикарди пайда болды. Анасы осы шағымдармен ЖТД (ВОП) маманға барды. Сіздің болжам диагнозыңыз:// сепсис// +гипотиреоз// АВО-гемолитикалық ауруы// пилоростеноз// нәрестенің физиологиялық сарғаюы *** 8 жасар бала. ЖРВИ тұсында ысқырықты сырылдар мен қақырықсыз жиі жөтел пайда болды. Өкпенің аускультациясында тынысы әлсіреген, өкпенің барлық аясында ысқырықты сырылдар. Перкуссияда –қораптық дыбыс. Жоғарыдағыдай белгілер мысық бар кезде және дене шынықтыру сабағында, тез жүгіргенде байқалады. Балаға алды ала қандай диагноз қюға болады:// обструктивті бронхит// жедел пневмония// +бронхтық демікпе// созылмалы бронхит// созылмалы пневмония *** Бронхтық демікпені диагностикалау және емін бақылауда келесі әдіс қолданылады:// кеуде сарайының рентгенографиясы// өкпенің компьютерлік томографиясы// компьютерлік спирография// +пикфлоуметрия// флюрография *** 10 жасар бала. Бронх демікпесімен зардап шегеді. Ұстаманы 6 сағат бойы баса алмады. Есі бұзылмаған. Өкпесінде тынысы күрт әлсіреген, сырылдар естілмейді. Перкуссияда –қораптық дыбыс. Кеуде сарайы эмфиземалы ауаланған. Цианозы үдей түсті. Бронх демікпесінің ауырлық дәрежесін анықтаңыз:// Бронх демікпесінің орташа ауырлықты ұстамасы// Бронх демікпесінің ауыр ұстамасы// демікпелік статустың 1 дәрежесі// +демікпелік статустың 2 дәрежесі// Жеңіл интермитирлеуші түрі *** Бронх демікпесінің лабораторлық диагностикасындағы шешуші фактор болып табылатын:// эозинофил деңгейінің жоғарылауы// +иммуноглобулин Е мөлшерінің жоғарылауы// қанда көмір қышқыл газы мөлшерінің жоғарылауы// қақырықта Куршман спиралінің табылуы// шамалы лейкоцитоз *** 2 жастағы балаға АБКДС егуін 2 апта бұрын жасаған, содан кейін түнге қарай кеудесін ісіну басып кетті. Анасарка. Шығарған зәрі аз. Болжам диагноз:// жедел гломерулонефрит// +нефротикалық синдром// Аллергиялық реакция// Жедел пиелонефрит// Жүрек жеткіліксіздігі *** Патронаж кезінде 7 күндік нәрестені қарап тексеруде байқалған: іштің төменгі бөлігінде көпіршіктер, қол- аяқ қатпарларында ұштарында дамудың әр түрлі деңгейінде (өлшемдері 0,5 тен 1,5 см диаметрде, серозды – іріңмен толған, бірнеше көпіршіктердің төменгі бөлігі эритематозды дақтар тұсында шамалы тығыздылған). Никольски симптомы теріс. Көпіршіктерді жарған кезде эрозия қалыптасады. Көпіршіктердің орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы өзгермеген. Дене температурасы субфебрильді. Сіздің диагнозыңыз:// туа біткен буллезды эпидермолиз// туа біткен сифилис// Риттердің эксфолиативті дерматиті// +пемфигус (нәресте күлдіреуігі)// Лайел синдромы *** Жедел гломерулонефритпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы// 1 жыл// +5 жыл// 3 жыл// 7 жыл// жеткіншектер емханасына ауыстырылғанша *** Жедел гломерулонефрит кезіндегі емдәм принциптері// сұйықтық шектеу// белокты шектеу// +тұзды шектеу// көмірсуларды шектеу// майларды шектеу *** Рахиттің постнаталдық арнайы алдын алуының ұзақтығы:// 6 ай// +24 ай// 36 ай// 12 ай// 18 ай *** 12 жасар бала. Пневмонияға байланысты ем қабылдаған. Тындағанда оң жақ өкпенің төмеңгі бөлігінде крепитация естілген, динамикада жоғалып, кейін жалпы жағдайы жақсарғанда қайта пайда болған. Осы көрініс пневмонияның қай түріне тән:// сегментарлық// ошақтық// ошақтық– қосылмалы// интерстициалды// +бөліктік *** Жедел пневмония кезінде дәруменмен емдеу келесі препараттармен жүргізіледі:// +С дәруменінмен// В12 дәруменінмен// В6 дәруменінмен// В5 дәруменінмен// К дәруменінмен *** 2 жасар бала. Дене қызуы 38,5 С. Әлсіз.Тәбеті төмен. Жөтеледі. Жөтелі ылғалды. Алдын ала қойылған диагнозы – пневмония. Тыныс алу жиілігі минутына 48 рет. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың қысқаруы. Сол жерде тыныстың әлсіреуі мен ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жүргізілуі керек:// көкірек ағзаларының рентгеноскопиясы// +көкірек ағзаларының рентгенографиясы// бронхография// бронхоскопия// көкірек сарайының ультрадыбысты зерттеуі *** Іріңді қабыну аурулары даму қаупі бар жаңа туылған нәрестелер қандай денсаулық тобына жатады:// I топқа// +II-А тобына// II-Б тобына// IV топқа// III топқа *** 3 дәрежелі шала туылған нәрестелер қандай денсаулық тобына жатады:// II-А тобына// III топқа// +II-Б тобына// I топқа// IV топқа *** 2 дәрежелі шала туылған нәрестелер қандай денсаулық тобына жатады:// I топқа// III топқа// II-А тобына// IV топқа// +II-Б тобына *** Жаңа туылған нәрестеде асфиксия болса қандай денсаулық тобына жатады:// II-А тобына// +II-Б тобына// III топқа// I топқа// IV топқа *** Үшінші денсаулық тобына жататын жаңа туылған нәрестелер:// ұзаққа созылған физиологиялық сарғаюмен// орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдалуымен// үшінші дәрежелі шала туылған// +жүрекшеаралық перденің жетілмеуімен туылған// асфиксиямен туылған *** Қайсысын денсаулықтың ІI-Б тобына жатқызасыз:// Қант диабетімен сырқат аналардан туылған балалар// І дәрежелі шала туылған нәрестелер// Теміртапшылық анемиясы бар анадан туылған балалар// +III дәрежелі шала туылған нәрестелер *** АбКДС екпесін алғаннан кейін 2–ші тәулікте анасы екпе орнында тері гиперемиясы және диаметрі 2 см дейін инфильтрат пайда болғанын көрген; жалпы жағдайы бұзылмаған. Инфильтраттың пайда болу себебі?// Вакцина құрамына аллергиялық реакцияның болуы// Инъекцияны жасаған орны дұрыс таңдалмаған// екпе орнын дұрыс өңдемеу (екіншілік инфекция)// +екпелік процесстің ағымындағы қалыпты жағдай// Вакцинаны жүргізу техникасын сақтамау *** Анамнезінде аминогликозидтерге ауыр аллергиялық реакциясы болған балаларға, екпеге қарсы көрсеткіш болатын вакцина:// АбКДС// +ККП// ОПВ және ИПВ// БЦЖ// АДС *** ҚР ДСМ-нің соңғы ұсыныстарына сай бір жасқа дейінгі дені сау балаға қосымша тамақты ерте беруге болмайды:// 3-айдан// 4-айдан// 5-айдан// +6-айдан// 7-айдан *** АбКДС екпесін алғаннан кейін 2 –ші тәулікте анасы екпе орнында тері гиперемиясы және диаметрі 15 см дейін инфильтрат пайда болғанын көрген; жергілікті қызуы көтеріліп, қимыл-қозғалысы шектелген. Инфильтраттың пайда болу себебі?// инъекцияны жасаған орын дұрыс таңдалмаған// вакцина құрамына аллергиялық реакцияның болуы// екпелік процесстің ағымындағы қалыпты жағдай// +вакцинаны жүргізу техникасын сақтамау// Инфильтрат вакцина салумен байланысты емес *** ДДСҰ ұсынысы бойынша 5 жасқа дейінгі балалардың қалыпты жағдайда гемоглобин деңгейінің төменгі шекарасы:// 120 г/л// 100 г/л// 80 г/л// +110 г/л// 90 г/л *** Теміртапшылық анемия даму қауіпі тобындағы балаларға ұсынылатын қосымша тамақ:// +көкөніс езбесі// глютенсіз дәнді – дақылды ботқалар// ірімшік пен айран// тартылған бауыр// глютенді дәнді – дақылды ботқалар *** Гемоглобин мөлшері 80 г/л болғанда анемияның қай дәрежесі деп ойлайсыз?// жеңіл// ауыр// +орташа ауыр// өте ауыр// анемия жоқ *** Теміртапшылық анемиямен сырқат балаларды диспансерлік бақылаудың ұзақтығы:// 1 ай.// 3 ай.// +6 ай// 9 ай.// 12 ай *** Дені сау, уақытына жетіп туылған балаларға теміртапшылық анемияның алдын – алу үшін, гемотологиялық бақылау жүргізіледі:// айына 1 рет// 3 айда1 рет// 6 айда1 рет// +жылына 1 рет// жүргізілмейді *** І дәрежелі теміртапшылық анемияны темір препараттарымен емдеу курсының ұзақтығы:// түсті көрсеткіш қалпына келгенше// эритроциттер қалпына келгенше// қан сары суындағы темір қалпына келгенше// +гемоглобин деңгейі қалпына келгенше// медикментоздық ем қажет емес *** Темір препараттарын ауыз арқылы қабылдағанда қандай асқынулар кездеседі:// +диспепсия// жөтел// коньюктивит// лихорадка// ентікпе *** 6 айлық баланың дене салмағы 10,9 % артық, тіні гидрофильді, дене тұлғасының пропорциясы бұзылған, тағамдық толеранттылығы шамалы бұзылған. Алдын ала қоятын диагнозы қандай?// +І дәрежелі паратрофия// нормотрофия// ІІ дәрежелі паратрофия// семіздік// хондродистрофия *** Егер анасында сүті бөлінуі болмаған жағдайда, баланы тамақтандыруға қолайлы болып табылатын:// сиыр сүті// сүт қышқылды қоспалар// +бейімделген сүт қоспалары// гидролизаттық қоспалар// ешкі сүті *** 1 жасқа дейінгі балаларда паратрофияның дамуына негіз болып табылатын:// +ожғары калориялы тағамдарды қолдану// көкөністерді шектен тыс қолдану// белоктарды шектен тыс қолдану// дәрілік заттарды шектен тыс қолдану// жеміс-жидектерді шектен тыс қолдану *** Өт шығару жолдарының дискинезиясы паразитарлық этиологиялы болса қан анализіндегі өзгерісті атаңыз:// лейкоцитоз// лимфоцитоз// анемия// моноцитоз// +эозинофилия *** Балаларда БОС шұғыл арада жою үшін қолданылатын препарат // димедрол// супрастин // +сальбутамол ношпа// спазмалгон *** Жаңа туылған нәрестенің ААӨ (ашық артериалды өзек) – консервативті еміне қай препарат жатады:// вазопростан// +ибупрофен// Парацетамол// сурфактант// фенобарбитал *** 4 жастағы бала бірінші рет жедел пневмония, асқынбаған түрімен ауырады. Еміне оптимальді антибактериальді препарат таңдаңыз:// гентамицин// фортум// цефтриаксон// +аугментин// котримаксозол *** Балалар ЖРВИ –мен ауырғанда ең қолайлы, тиімді қолданылатын препарат болып табылатын // аспирин// +парацетамол// анальгин // аминазин // аспизол *** 7 жасар бала жедел ағымды оңжақты майдаошақты бронхопневмония, асқынбаған түрімен амбулаторлық жағдайда ем қабылдайды. Антибактериалдық емнің ұзақтығын анықтаңыз: // 5 күн // 10 күн// дене қызуы қалпына келгенше// +дене қызуы қалпына келуі+2-3 күн// жалпы қан анализі қалыпқа келгенше// *** БОС басу үшін қолданылатын бета 2 - агонист препараты// эуфиллин // беклазон// +вентолин// Атровент// серетид *** Бронх демікпесінің базистік емінде қолданылатын препарат// сальбутамол// вентолин// эуфиллин// +фликсотид// теофил *** 3 жасар балаға жалпы тәжірибелік дәрігер Жедел лейкоз диагнозын қойғаннан кейінгі, пациентті дұрыс жүргізудің тактикасы: +арнайы гематологиялық бөлімшеге жатқызу// Соматика бөліміне жатқызу// Амбулаторлы емдеу// Гематолог кеңесі// Онколог кеңесі *** 9 жастағы баланың тыныстық Хелик тест оң болғандағы педиатрдың тактикасын көрсетіңіз: // +ЭФГДС, уреазалы немесе хелпил тест// ЭФГДС// Эррадикация терапиясын жүргізу// Нр-ға ИФА жасау// Туыстарын тексерту *** Үш айлық баланы қараған кезде жалпы тәжірибе дәрігері баланың тершеңдігіне, шүйде аймағындағы шаштың түсуіне, бас қаңқасының шетінің, үлкен еңбегінің жұмсаруына назар аударды. Дәрігердің іс әрекеті:// D дәруменін тәулігіне 500 ХБ дозасын тағайындау// D дәруменін тәулігіне 3000 ХБ дозасын тағайындау// D дәруменін тәулігіне 1000 ХБ дозасын тағайындау// +D дәруменін тәулігіне 2000 ХБ дозасын тағайындау// D дәруменін тәулігіне 10000 ХБ дозасын тағайындау *** Өт жолдары дискинезиясының гипертониялық типімен ауыратын балаға қандай ем тактикасын таңдайсыз тағайындаңыз:// Женьшень тұндырмасын тағайындау // +Но шпа тағайындау// Ішті сипалау, массаж// Сорбитпен тюбаж жасау// Аллохол |