Главная страница

Педиатрия тменде аталып отыран препараттарды ішінен оралан пенициллин болып табылатын


Скачать 0.74 Mb.
НазваниеПедиатрия тменде аталып отыран препараттарды ішінен оралан пенициллин болып табылатын
Дата05.12.2018
Размер0.74 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаGOS_VOP.docx
ТипДокументы
#58900
страница4 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ГИНЕКОЛОГИЯ

1 уровень

Ана өлімінің көрсеткіші: //

1000 тірі туылған нәресте арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезенде өлген әйелдер саны //

10000 тірі нәрестелер арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің 42 тәулігіне дейін өлген әйелдер саны //

1000 жүкті әйелдер арасында жүктілік кезенде өлген әйелдер саны //

100000 босанулар арасында жүктілік, босану кезеңдерінде өлген әйелдер саны //

+100000 тірі туылған нәрестелер арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің 42 тәулігіне дейін өлген әйелдер саны
***

Жаңа босанған әйел 22 жаста,ерте босанғаннан кейінгі кезеңде атоникалық қан кету байқалды.Қан кетуге қарсы шара жасалған соң қан кету тоқтады,жатыры тығыз, жоғалған қан мөлшері 1000мл. Босанған әйел жағдайы орташа,тері түсі бозғылт,пульс 110 соққы/минутына толымдылығы әлсіз, АҚ 90/60мм.рт.ст. Ли-Уайт мынама 8 минут.Диагноз? Сіздің тактикаңыз?//

+Ерте босанғаннан кейінгі кезең.Геморрагиялық шок.Тактика- шокты емдеу.инфузиялы- трансфузиялық терапия тамшылатып (60 тамшы минутына) окситоцин енгізу//

Босанғаннан кейінгі кезең.Атоникалық қан кету.Тактика- лапаротомия.Жатыр қосалқыларынсыз жатыр ампутациясы//

Ерте босанғаннан кейінгі кезең.Гипотоникалық қан кету.Тактика- жатыр қуысын қолмен тексеру.Тамшылатып сұйықтық енгізу(60 тамшы/минутына,окситоцин енгізу//

Ерте босанғаннан кейінгі кезең.Атоникалық қан кету.Тактика- бимануальды компрессия жатырға.Инфузионды терапия//

Ерте босанғаннан кейінгі кезең.Атоникалық қан кету.Тактика- лапаротомия,жатырға компрессиялық тігіс салу,ішкі мықын артериясын байлау
***

Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі түтіктің жыртылуының дифференциальды- диагностикалық белгілерін көрсетіңіз?//

Іштің төменгі жағындағы қайталамалы толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан үнемі күңгірт қанды бөлінді,етеккір тоқтауының ұзақтығына жатыр көлемі сәйкес келмейді,сыртқы ернуі жабық//

Іштің төменгі жағындағы және бел аймағындағы үдемелі және тұрақты ауырсыну сезімі,жыныс жолдарынан жағындылы қанды бөліністер,жатыр мойнының жұмсаруы,жатырдың жеңіл қозғыштығы етеккір циклының тоқтауының ұзақтығына сәйкес келетін//

Іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну,жыныс жолдарынан ашық қанды бөліністер,жатыр мойнының жұмсаруы,қысқаруы және жатыр мойнының ашылуы//

+Іштің томенгі жағындағы ұстамалы қатты ауырсыну сезімі,тік ішекке және оң иыққа иррадиацияланатын,етеккір ұзақтығына жатыр көлемі сәйкес келмейді,анемизация симптомының үдеуі//

Іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді қатты ауырсыну сезімі,жыныс жолдарынан мол қанды бөліністер,жатыр мойнының қысқаруы және ашылу
***

Халықты медициналық сақтандыруға көшудегі денсаулық сақтаудың негізгі мақсаты неде?//

Халыққа стационарлық көмекті жақсарту//

+Пациенттерге емдік профилактикалық мекемені және емдеуші дәрігерді таңдау еркіндігін беру//

Медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын қаржы көлеміне үлес қосу//

Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың жалақыларын көбейту//

Халыққа амбулаторлы поликлиникалық көмекті жақсарту

***

Акушерлік қан кетуден болған ана өлімін қандай формуламен есептейміз://

(Акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны) /(басқада барлық себептерден өлген жалпы әйелдер саны)х1000//

+(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/(тірі туған әйелдер саны)х100000//

(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/(жалпы туған әйелдер саны)х10000//

(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/(тірі және өлі туған әйелдер саны)х100000//

(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/(басқа да барлық себептерден өлген әйелдер саны)х100
***

Алғаш босанушыларда жатыр мойнының ашылуының активті фазасы кандай интервалмен ашылады//

0,5-1 см/саг//

+1-1,5 см/саг//

1,5-2 см/саг//

2-2,5 см/саг//

0-0,5 см/саг
***

Преэклампсия ауыр дәрежесінде магнит сульфаттың алғашқы дозасы: //

3-4г құрғақ заты //

2 г құрғақ заты //

3 г құрғақ заты //

+4-5 г құрғақ заты //

г құрғақ заты
***

Бактериальді вагиноз – бұл ://

Анаэробты флорамен шақырылған қабыну //

Аэробты бактериялармен шақырылған қабыну //

Анаэробты-аэробты флорамен шақырылған қабыну //

Анэробтармен қоса кандидозбен шақырылған қабыну //

+Дисбиотикалық процесс
***
Оральді контрацептивтерді ұзақ қолдану барысында міндетті түрде бақылау қажет: //

Тірек-қимыл жүйесі (сүйек) //

+Бауыр қызметін //

Жүйке жүйесі //

Бүйрек қызметін //

Көмірсу алмасуы
***

Жүкті әйелдерде қалыпты жағдайда қанттың мөлшері: //

1,2 ммоль/л ден 1,8 ммоль/л дейін //

2,2 ммоль/л ден 2,8 ммоль/л дейін //

+3,5 ммоль/л ден 4,4 ммоль/л дейін //

5,1 ммоль/л ден 6,2 ммоль/л дейін //

7,3 ммоль/л ден 8,4 ммоль/л дейін
14. ***

Темекі шегетін 35 жасар әйелге ( күніне 20 қорап ) қауіпсіз контрацепциялық әдіс: //

Кок//

ЧПК //

ЖІС//

ешқандай контрацепция //

+ЧПК және ЖІС
***

Жатырішілік контрацептивті еңгізуге қарсы көрсеткіш: //

псевдоэрозия //

+жыныс ағзаларының қабыну аурулары //

анамнезіндегі гонорея //

анамнезіндегі ЖІС экспульсиясы//

варикозды ауру
2 уровень
***

34жастағы әйел дәрігерге күнделікті басынын ауруына,аменорея және дене салмағының жоғарылауына шағымданды.АҚ 90/60мм.сын.бағ.Тексеру барысы мынандай :-пролактин-55нг/мл(қалыпты 2-25),-Т4-1,8мкг/дцл(қалыпты4,5-12),-Т3-85нг/дцл(қалып 90-200),-Т3- жұт-34%(қалып 35-45%),-ТТГ астам40МКЕД/мл(қалып 0,1-4,5),-магнитті резонансты томографияда гипофиздің жоғарылауы. Диагноз қойыныз //

Гиперпролактинемия-аменорея,пролактинді гипофизбен байланысты //

Киари, Фроммел синдромдары//

Фенотиазинді қолданғаннан кейінгі гиперпролактинемия //

+Гиперпролактинемия-аменорея,біріншілікті гипотиреозбен байланысты
***

Науқас, 26 жаста. 3ай етекір келмеуінен кейін қан кету.ХГ тестке теріс .Науқаста 3жыл біріншілікті бедеулік. Айна арқылы бимануальді тексеру барысында қынапта ешқандай паталогиялық өзгерістер жоқ. Гистероскопия арқылы жатыр қуысын қырнау ем шарасы жүргізілді.Эндометриялық зерттеу нәтижесі: эндометрияның жай гиперплазиясы.Диагнозды қойыныз: //

Жатыр миомасы //

Эндометриоз //

Туындаушы субмукозды түйін//

+Дисфункционды жатырлық қан кету //

Трофобластикалық ауру
***

Ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы бел аймағына, сегізкөзге берілу, 38,С-39С дене қызуының жоғарлауы, тахикардия, қынаптық тексеру кезінде жатырдың ауырсынуы, жатырдың сол жаққа тартылуы, инфильтраттан бөлу мүмкін емес, тығыз қозғалыссыз. Бұл клиникалық көрініс қайсыған тән: //

Тубоовариальды түзіліс //

Жедел эндометрит //

Параметрит //

Жедел сальпингоофорит //

+Пельвиоперитонит
***

Қазіргі уақытта хламидиозды анықтау үшін қолданылады : //

Кольпоскопия әдісі//

+ иммуноферментті талдау әдісі қандағы антителді анықтау үшін //

Қанды микропреципитациялық талдау әдісі //

Бактериологиялық сабу//

Цитологиялық әдіс ( «кілітті тіндерді » анықтау үшін)

***

25 жастағы тексерілмеген жүктіәйел іштегі кесіп ауыратын ауру сезіміне, суық терге, жыныс жолдардан бөлінетін бөлінділерге шағымданып түсті. Үйде өте айқын босану әреккеті болған. Түскен кезде – жүкті апатиялы, сұрақтарға қиындықпен жауап береді, босану әрекеті жоқ. Тері жабындары боз, тахикардия. Іші дұрыс емес формалы. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Сәйкес келетін диагнозды таңдаңыз://

+Болған жатыр жыртылуы//

Жедел аппендицит//

Уақытынан бұрын плацентаның ажырауы//

Қауіп төндіруші жатыр жыртылуы//

Босану әрекетінің дискординациясы
***

Мерзімі жеткен жүктілікте және мерзімінен бұрын ұрық маңы суы кеткенде антибиотикопрофилактиканы тағайындайды.://

Сусыз кезең 24 сағат

Стационарға түскенде//

+ Сусыз кезең 18 сағат//

Спонтанды ретті боану жолы басталғанда //

Сусыз кезең 12 сағат

***

Жоспарлы кесір тілігі жүргізілгенде антибиотик енгізіледі:

Кіндікті қысқаннан кейін//

+операциядан 30-40минут бұрын //

Жатыр қабырғаларын тіккеннен кейін//

Құрсақ қуысын ашқаннан кейін//

Операциядан 60минут бұрын

***

Босанудан кейінгі қан кету анықтамасы?//

Босанудан кейінгі алғашқы 48 сағат ішіндегі қынаптан кеткен қан мөлшері 500мл жоғары.//

Босанғаннан кейінгі 24сағат ішінде қынаптан кеткен қан//

Клиникалық маңызды қан жоғалту табиғи туу кезінде250 мл және одан жоғары немесе кесар тілігі операциясы кезінде 500 мл және одан жоғары//

Клиникалық маңызды қан жоғалту табиғи туу жолдары арғылы500 мл және одан көп,кесар тілігі операциясы кезінде750 мл және одан көп//

+Клиникалық маңызды қан жоғалту табиғи туу жолдары арқылы500 мл ,кесар тілігі операциясы кезінде1000 мл және оданда көп

***

Науқас 24 жаста, жыныс жолдарынан иіссіз ірімшік тәрізді бөлініске, қышуға, күйдіріп ауырсынуға шағымданады. Болжам диагнозын қойыңыз: //

Гонорея //

Хламидиоз //

Трихомониаз //

Гарднерелез//

+қынаптың кандидозы

***

Науқас 30 жаста, шағымдары: ішінің төменгі жағының ауырғандығы, субфебрильді дене қызуы, 2 апта бұрын мини-аборт жасалған. Қынаптық тексеруде: жатыр қалыпты мөлшерден сәл үлкенірек, оң жағынан ауырсынатын түзіліс анықталады. Жатыр қозғалысы ауырсынады, күммбездері бос, артқы күмбезі пальпацияда сезімтал.Бөліністер қанды, жағынды түрінде. Диагноз? //

көпіршікті тығын//

аналық без апоплексиясы, ауырсынулык формасы//

сальпингоофорит //

эндометрит //

+жатырдан тыс жүктілік
***

Науқас С 28ж, ішінің түйіп аурсынуна, жыныс жолынан аздап қанды бөлініске, басының айналуына шағымданып түсті. Науқас апатиялық жағдайда, сұрақтарға кідіріп жауап береді. Тері жабындысы және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт, салқын термен жабылған. Етеккірдің кешігуі 3 апта. Анамнезінен: созылмалы сальпингоофорит, 2 медициналық түсік. Іші ауаға толған, перистальтикасы жоқ. Іш қабырғасын пальпациялаған кезде іш бұлшық етінің әлсіз қатаюы анықталады, пальпация кезінде үдей түсуде. Айнада: қынап кілегейінің және жатыр мойнының цианозы, аздап қанды бөліністер. PV: жатыр қалыптыдан үлкейген, жатыр мойны қысқан кезде қатты ауырады, қынап кртқы күмбезінің түсіп тұруы және қатты ауырсынуы. Кандай симптом? //

Мюссе //

«Френикус-симптом» //

Василевскидің //

Кулемкапфа//

+Дуглас кеністігі

***

Жүктілік кезіндегі және босану кезіндегі жыныс жолдарынан болатын қанды бөліністер жиі мынаның әсерәнен...

Қынап жыртылуынан

Жатыр мойны жыртылуынан

Аралықтың жыртылуынан

Бала жолдасының жатуынан

+Тромбоцитопения
***

Қайта жүкті алғаш босанушы әйелде өлі ұрықпен уақытынан бұрын босану болды. Стационардан шығару алдында тексеру жүргізілді: Нв 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ; Зәр анализі: үлес салмағы 1020, Л 2-3 көру алаңында. Осы жағдайда көрсетілген контрацепцияны науқас қашан бастай алады: //

Босанудан кейін 1-5 күндері //

Босанудан кейін 3 аптадан соң //

+Босанудан кейін 4-6 аптадан соң //

Босанудан кейін 6 аптадан соң //

Босанудан кейін 6 айдан соң
***

Босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетуде алғашқы реанимация?//

Утеротониктерді енгізу//

Жатыр қуысын қолмен тексеру//

+Перифериялық 2 венаны катетеризациялау және криссталоитармен инфузия//

Бимануальды компессия жатырға//

Құрсақтық артерияны басу
***

Босанған әйел К., 33 жаста, 17 тәулікте гинекологиялық бөлімге дене температурасының 40 градусқа дейін көтерілуіне, қынаптың көп іріңді, шіріген тәрізді иіспен бөлініске, бел аймағындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. 16 күн бойы босану болды, II, уақытында; босанудың жалпы ұзақтығы 10 сағат 10 минутты құрады, сусыз кезең 9 сағат. Босанудан кейінгі кезеңде жатыр субинволюциясы байқалды. Босанудан кейін 4 тәулікте дене температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тежелген. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Жүрек тондары тұйықталған, пульс ретті, 112 рет минутына. ҚҚ 110/70 мм. с.б. Тілі ылғалды, сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кеппеген, пальпация кезінде төменгі жағында ауырсынады, іш астар тітіркенуі теріс. Гинекологиялық тексеру: цервикальді канал 1 көлденең саусақ ішкі араңнан өтеді. Жатыр жұмсақ, жүктіліктің 10 аптасына сәйкес ұлғайған. Жатырлы тамырлар проекциясында ұлғайған және ауырсынулы тәж анықталады. Бөліністер көп, іріңді, жағымсыз иіспен. Сіздің диагнозыңыз://

Босанудан кейін 17 тәулік. Эндометрит//

Босанудан кейінгі 17 тәулік. Параметрит.//

Босанудан кейінгі 17 тәулік. Пельвиоперитонит.//

+Босанудан кейінгі 17 тәулік. Кіші жамбастың терең тромбофлебиті//

Босанудан кейінгі 17 тәулік. Перитонит
***

Кереуіттік тест мынаны анықтау үшін қолданылады://

Жатыр атониясын //

Босанужолдарының жарақатын/

+ Коагулопатия белгілерін//

Бала жолдасы қабығының ақауын//

Қан кету дәрежесін
***

Босанған әйел Р., 23 жаста, асқынусыз өткен, бірінші уақытында босанудан кейін 4 тәулікте кешкі дәрігердің қарауында қалтырауға және дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемиялы. Пульс минутына 92 рет. Дене температурасы – 39 градус. Сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 6х7см инфильтрат бар, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемияланған. Сол жақ емізікте беткейлі жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусақ жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. Сіздің диагнозыңыз.//

Серозды мастит//

Инфильтративті мастит//

+Инфильтративті - іріңді мастит//

Флегмонозды мастит//

Гангренозды мастит
**

Қайта жүкті әйелде жүктіліктің 36 аптасында аяғында, алдыңғы құрсақ қабатында ісінулер анықталды, АҚҚ - 160/100 мм с.б., 165/100 мм с.б. басынан өткен аурулар ЖРА. ҚР ДМ №764 бұйрығы бойынша диагноз қойыңыз: //

Жүктілік 36 апта. Созылмалы гипертензия //

Жүктілік 36 апта. Жүктілер ісінулері //

+Жүктілік 36 апта. Преэклампсия ауыр дәреже //

Жүктілік 36 апта. Преэклампсия жеңіл //

Жүктілік 36 апта. Преэклампсия орташа дәреже

**

Жатыр атониясы кезінде мизопростолдың мөлшері ://

400-600 мг пероральді//

600-800 мг ректальді//

+ 800-1000 мг ректальді//

400-600 мг ректальді//

  1. артқы өтіске


***

Жүкті әйел, 41 жаста, жүктілік мерзімі 38 аптасында перзентханаға әкелінді. Басынан өткен аурулар ЖРА. Қарау кезінде аяғының айқын ісінулері анықталды. АД 170/100 мм с. б., 175/90 мм с.б. Зәрінде - белок 4 г/л. Ұрық жүрек соғуы анық, 140 мин. Диагноз қойыңыз: //

Жүктілік 38 апта. Гипертоникалық ауру //

Жүктілік 38 апта. Жүктілер пиелонефриті //

Жүктілік 38 апта. Гломерулонефрит //

Жүктілік 38 апта. Преэклампсия жеңіл дәреже //

+Жүктілік 38 апта. Преэклампсия ауыр дәреже
***

25 жаста, науқас Н., 34 апталық үйінен талма ұстамасымен жүктілік 34 аптада жедел жәрдем машинасымен жеткізілді. Соңғы айда ісіну ұлғайды, соңғы күндері басының ауырсынуы мазалады. Түскен кезде нейролептик әсерінде болды, қатынасқа түспейді, ісінген. АҚҚ 190/100 мм. рт.ст. Жатыр көлемі 34 аптаға сәйкес. Ұрық тігінен орналасқан, жүрек соғысы тұйық, ретті 160 рет минутына. Жамбас өлшемдері қалыпты. PV: жатыр мойны тегістелген. Ашылуы 1 см. Ұрық қабы бүтін. Басы кіші жамбасқа тірелген. Диагноз: //

Жүктілік 34 апта. ААА, преэклампсия жеңіл дәрежесі //

Жүктілік 34 апта, әдетті көтере алмаушылық //

Жүктілік 34 апта, ААА, Эпилепсия, жүктілікпен шақырылған ісінулер//

Жүктілік 34 апта, преэклампсия ауыр дәрежесі //

+Жүктілік 34 апта, ААА, эклампсия
***

Босану стационарына 35 апта болатын қайтадан босанушы жеткізілді. Анамнезінде гипертониялық ауру. Ұйқыссыздыққа, маңдай маңайындағы және желке маңайындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде бет бұлшықеттерінің жеңіл тартулары ,жалпы ісіну. Қан қысымы 170/100 және 180/100. Пpотеинуpия 0,6г/л. Жүктілік ағымы асқынған: //

Эпилепсия. Гипертониялық криз//

Преэклампсией орта дәрежесі //

Гипеpтонилық энцефалопатия //

Пpеэклампсия ауыр дәрежесі //

+Эклампсия
***

Әйелдер кеңесіне бірінші жүктілік әйел 35-36 аптасында ұрық қозғалуының төмендеуіне шағымданып келді. Ұрық жүрек соғуы төмендеген, 136 рет минутына.Осы жағдайда қандай тексеру әдісі нақты ақпарат береді: //

Амниоскопия //

+Кардиотахография функционалды сынама қолданылумен //

Сыртқы акушерлік тексеру әдісі //

УДЗ //

Ұрық ЭКГ-сы
***

Науқаста диагноз:Жүктіліктің 21-22 аптасы. Латентті гломерулонефрит. Осы жүктілікті жүргізуінде жоспар бойынша жүктілікті үзу керек болатын . Жүктілікті қандай ауруға байланысты үзуі мүмкін?//

+ ЖРВИ және тымау жұқтырған жағдайда //

Бүйрек жұмысының бұзылуына байланысты асқыну //

Қанда биохимиялық патологиялық өзгерістер //

Ауыр преэклампсия//

Ұрық дамуының кідіруі синдромы

***

Гинекологиялық бөлімшеге науқас түсті шағымы ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы, жыныс жолынан іріңді бөлініс, дене қызуы 38С-қа дейін жоғарлау. Етеккір циклінің 8-ші күнінде, ЖІС енгізгенен кейін 3 күнен соң ауырған. Айнада: жатыр мойны таза.Цервикальды өзекте ЖІС жіпшелері, іріңді-қанды бөлініс. Жатыр ұлғайған, жедел ауырсынады, қозғалысы шектелген. Қосалқылар анықталмайды, Күмбездері терең, ауырсынады. Осы тізмдегі диагноздардың қайсысында мұндай көрініс көрінеді? //

Пельвиоперитонит //

Параметрит //

ЖІС енгізген кезінде жатыр перфорациясы //

Сальпингоофорит //

+Эндометрит

***

Науқас Б., 30 жаста, жедел қарқынды ауырсыну,мәжбүр жағдайда,дене қызуының 37,8-38,5С жоғарлауы және қалтырау шағымымен келген. Гинекологиялық қарау кезінде: жатыр мойын ығысуында қосалқылар аймағында-пальпация кезінде екі жақты ауырсыну анықталаады. Қан талдауында лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Осы тізімдегі диагноздардың қайсысында мұндай көрініс көрінеді? //

Жедел эндометрит//

+Жедел сальпингоофорит //

Параметрит //

Пельвиоперитонит //

Пиосальпинкс

***

23 жасар жүкті әйел 30-31 апта жүктілігімен патология бөліміне әлсіздікке, шөлдеуге, аштық сезіміне, сұйықтықты қолданудың жоғарлауына 5-6л/тәу, тері қышуына, көп мөлшерде зәр бөлінуі шағымдарымен түсті. 1 жүктілігі 27-28 апталық, ұрық мезгілінен бұрын өлі туылған. Қазіргі жүктілік – екінші. Жатыр 30-31 апталық жүктілікке сай үлкейген, ұрықтың басы орналасуы қиғаш. Ұрықтың жүрек соғысы анық ритмді. Қандағы қант- 10,2 ммоль/л, зәрде 5,0 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз?//

Гестациялық диабет//

Гипоглекемиялық кома //

+Қант диабеті//

Дерматит//

Бауыр жетіспеушілігі

***

Қазақстанда қыздарға жатыр мойнының обырына қарсы екпе қанша жылдан бері салынады ?//

+ 12 жыл//

14 жыл//

18 жыл//

  1. жыл//

  1. жыл


***

Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі себебі: //

ЖІС ұзақ ұстау//

сыртқы гениталды эндометриоз //

кілегей асты жатыр миомасы //

+созылмалы сальпингит //

ЖІС-ті ұзақ қолдану
***

Науқас 30 жаста, шағымдары: ішінің төменгі жағының ауырғандығы, субфебрильді дене қызуы, 2 апта бұрын мини-аборт жасалған. Қынаптық тексеруде: жатыр қалыпты мөлшерден сәл үлкенірек, оң жағынан ауырсынатын түзіліс анықталады. Жатыр қозғалысы ауырсынады, күммбездері бос, артқы күмбезі пальпацияда сезімтал.Бөліністер қанды, жағынды түрінде. Диагноз? //

көпіршікті ену //

аналық без ісігі //

сальпингоофорит //

эндометрит //

+жатырдан тыс жүктілік

***

Күйеуі жоқ 20 жасар ішінің төменгі аймағының ауырсынуына , жыныс жолдарынан іріңді бқліністерге, дене қызуының 39,5°С дейін көтерілгеніне шаңымданып келді. Жыныстық қатынаста ретсіз түседі және серіктесін ауыстырып отырады. Етеккір цикл бұзылмаған . Іші қалыпты мөлшерде, пальпацияда жұмсақ, төменгі бөлігінде айқын ауырсыну бар. Бимануальді жертеу барысында жатыр және жатыр қосалқылары ұлғаймаған, пальпацияда айқын ауырсынады. Айнада : жатыр мойны гиперемирияланған, іріңді бқліністер көп мөлшерде. Цервикальді өзектің бактериоскопиядық мазкасында ішкі тіндік диплокок анықталды. Диагноз?//

Спецификалық этиологиялы жедел сальпингоофорит //

Іріңді эндоцервицит//

Жедел уретрит//

+ Жедел жоғарылаған гонорея//

Жедел төмендеген гонория
***

20 жасар босанбаған әйел , медициналық түсіктен кейін екінші күні аяқ астынан ауырып қалды. Дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуіне бірретті қалтырауға шағымданып келді. Науқас асперин таблеткасын қабылдап, сосын тұрғылықты мекен жайы бойынша гинеколог дәрігеріне қаралған . Қарау барысында тахикардия, тері жабындыларының бозғылт, лейкоциттер 14 мың дейін көтерілген, ЭТЖ 40 мм сағатына. Іші қалыпты көлемде, жұмсақ, пальпация барысында мықын аймағында шамалы ауырсыну бар.

Бимануальді қарау барысында жатыр қалыпты көлемнен кішкене үлкейген,тығыздығы жұмсақтау, қозғалғыш және шамалы ауырсынады. Бөлінділер қанды қою, иіссіз.

Диагноз?//

Жедел сальпингоофорит//

Іріңді эндоцервицит//

Жедел уретрит//

Жедел параметрит//

+ жедел эндометрит

**
3 уровень
К., 27 жаста әйелдер кеңесіне басқа районға көшу себепті келді. 20 жастан терапевтте ревматикалық жүрек ақауы бойынша диспансерлік есепте тұрады. Соңғы 6 айда жүргенде, физикалық күш түскенде демікпе пайда болуын айтады. Осы жүктілік бірінші кешенді тексерулерден кейін 35 аптаға сәйкес келеді. Дәрігер - ревматолог кеңес беріп келесідей қортынды шығарды: ревмокардит, белсенді фаза. Комбинирленген жүрек ақауы с сол жақ атрио-вентрикулярлы өзектің стенозы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі II Б дәрежесі. Әйелдер кеңесінің дәрігері жүкті әйелді босандыруға №746 регионализация приказына сәйкес қай деңгейдегі стационарға жолдама беру керек: //

I деңгей //

II деңгей //

III деңгей //

+IV деңгей //

V деңгей
***

Науқас, 26 жаста. 2 күн бойы сол жақ ішінің ауырсынуына, әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Ауырсыну тік ішекке беріледі. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған. Объективті: жағдайы орташа, терісі бозарған, температурасы 37,2, пульс 82 рет/мин, АҚ 110/70, 105/70 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, пальпаторлы іштің төменгі аймағында ауырсыну, көбіне оң жақта. Қынаптық тексеріс: қынап тар, жатыр мойны коникалық формада, таза. Жатыр сәл ұлғайған, қозғалысы ауырсыну тудырады. Сол жағында қосалқылар анықталмайды. Жатырдың оң жағында қамырлы консистенциялы ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады, контуры анық емес, ауырсынумен, қозғалыста шектелген. Бөлінділері мардымсыз, қошқыл-қоңыр түсті. Зәрдің ХГ ге экспресс тесті-оң. Диагноз қойыңыз: //

Ана без кистасының аяғының айналуы //

Жүрістегі түсік//

Жедел пельвиоперитонит //

Ана без апоплексиясы, анемиялық форма//

+Түтіктік жүктілік
***

Науқас П , 39 жаста . жыныс жолдарынан ациклитикалық қанды бөліністерге , жыныс мүшелерінің аймағында қызуғы және қышу шағымданып келді. Анамнезінде: созылмалы кольпит, темекі шегеді. Жатыр мойнын айнамен қарау барысында : эпителиде ошақты гиперплазия анықталады.Шиллер сынамасында көпқабатты жалпақ эпителиінде анық емес боялған алаң анықталады. Цитология: ПАП-тест оң. Кеңейтілген кольпоскопияда: пунктация, мозаика,тамырлардың өзгерісі . Ошақтан биопсия және кырынды алғанда: эпителиде дифференцировкаланбаған тіндер 2/3 қалыңдығында орналасқан Диагноз://

Лейкоплакия//

Жатыр мойнының дисплазиясы жеңіл дәрежесі //

Жатыр мойнының дисплазиясы орташа дәрежесі //

+ Жатыр мойнының дисплазиясы ауыр дәрежесі //

Жатыр мойнының обыры
***

Науқас Р, 26 жаста. Жатыр мойнын айнамен профилактикалық карау барысында ашық қызыл анық алаң, шеттері анық емес, айналасында шырышты қабаты өзгермеген. Кольпоскопия жүргізілді: алаң кызыл түсте, эпителий, беттері жабылған. Гистология: эпителиальды қабат жұқарған , айналасындағы тіндер шеттері тамырлы тор секілді. Диагноз://

Жатыр мойнының дисплазиясы жеңіл дәрежесі //

Жатыр мойны эктопиясы//

Жатыр мойны жарасы//

+ Жатыр мойны эритроплакиясы //

Жатыр мойны эндометриозы
***

Босанушы әйел роддомға активті босану қалыпта түсті,2сағат бұрын құрсақ суы ақты. Толғақтың басталуымен байланыссыз кардиотокограммада ұрықтың ЖЖЖ баяулауымен және қайта ЖЖЖнің базальді қалыпқа тез келуімен көрінед,жақсы вариабельді.Мұндай ЖЖЖнің баяулауы немен байланысты? //

Ұрық басының қысылуымен байланысты //

Жатыр- плацентарлы жетіспеушилікпен //

Ұрықтың метаболикалық ацидозымен //

Кіндіктің тығыз айналуы //

+Ұрықтық қабаттардың жыртылуымен
***

Хорионамниониттің әсерінен перитонит пайда болады, көбінесе басталады: //

Операциядан кейін 4-9 тәулікте //

Операциядан кейін 3-4 тәулікте //

+ Операциядан кейін 1-2 тәулікте, //

Операциядан кейін 12-13 тәулікте, //

Операциядан кейін 5-6 тәулікте
***

Қайта жүкті алғаш босанушы әйелде өлі ұрықпен уақытынан бұрын босану болды. Стационардан шығару алдында тексеру жүргізілді: Нв 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ; Зәр анализі: үлес салмағы 1020, Л 2-3 көру алаңында. Науқас үшін оптимальді контрацепция әдісі болып табылады://

ЖІЗ//

+КОК//

Таза гестагендер//

Барьерлі заттар//

Ерікті хирургиялық стерилизация
***

Жүктіліктің 8-9 аптасында әйелде құсу тәулігіне 22 рет, салмақ жоғалту, гипотония, тахикардия минутына 110 рет соғу, диурездің төмендеуі, қалдық азот пен креатининнің жоғарылауы, зәрде ацетон (4+) пайда болуы байқалады.

Диагноз қойыңыз://

жүктіліктің құсуы, жеңіл түрі//

бүйрек жетіспеушілігі, олигурия, интоксикация//

жүктіліктің құсуы, орта ауырлық дәрежесі//

+жүктіліктің құсуы, ауыр түрі//

дұрыс жауабы жоқ

***

7-8 апталықпен жүкті әйелде тәулігіне 20-25 рет құсу байқалады. Әйелдің жалпы жоғдайы ауыр. 10 кг-ға дейін салмақ жоғалтқан. Жүкті әйел ішкен тамақты, суды толығымен құсады. Тері және кілегей қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғысы 120 соғ/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон ++++, белок – 0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок - 54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Емдеуіндегі негізгі препарат//

димедрол//

метионин//

+церукал//

витамин С//

ампициллин
***

Науқас 28 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына және 14 күн еттеккірі кешіккеннен соң жыныс жолынан қара- қоңыр түсті бөлінділерге шағымданып түсті. 5 жүктілік болған; босану 1 және 4 медициналық түсік, соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс минутына 80 рет, АҚ 110/70 мм.сын.бағ. Айнада: жатыр мойны және қынап кілегейінің цианозы, қоңыр-қанды бөліністер. PV: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан аздап үлкен, қозғалмалы, аурусынусыз. Сол жақ қосалқы аумағында қамыр тәрізді түзіліс анықталады, аурсынулы. Оң жақ қосалқы анықталмайды. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырсынулы. Аталған диагноздардың ішінде қайсысы мына клиникалық суреттемеге жатады: //

Толық емес түсік //

+Жатырдан тыс жүктілік, түтіктік аборт типі бойынша//

Аналық без апоплексиясы, ауырсынулы түрі//

Жатырдан тыс жүктілік, түтік жарылу типі бойынша//

Жедел сол жақты аднексит
***

20 жасар алғаш босанушы жүктілігі жетілген алғаш босанушы. Бірнеше күн ішінде –бас ауруы, өзін жаман сезінеді. Қарау кезінде: төмеңгі аяқ буындарының ісінуі және алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі байқалуда. Жалпы анализінде зәрінде – 3г/л болатын ақуыз табылды. Артериальды қысымы 180/100 мм рт.ст. Сыртқы зерттеу: жамбаспен келу, әрбір 4-5 минут сайын болатын толғақтар, ұрық жүрек соғысы кіңдігіген жоғары сол жақта минутына 140 соққы. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-20 см. қынаптық зерттеу: ашылуы толықтай, ұрық қабы бүтін, сол аяғы сол және алдыңғы жақтан байқалады. ЗҚасағаның артқы жағы және сегіз көз ойысы бос. Қынаптық зерттеу кезінде бірінші талма ұстамасы болды, ол 3-4 мин созылып, есінің жоғалтты. Диагнозды қойыңыз://

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанулардың екінші кезеңі. Эпилепсия ұстамасы.//

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың жамбаспен келуі. Босанулардың екінші кезеңі. Эклампсия.//

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанулардың бірінші кезеңі. Преэклампсия ауыр дәрежесі.//

+Жүктілік 40 апта. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанулардың екінші кезеңі. Эклампсия//

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың жамбаспен келуі. Эклампсия
***

Жүкті әйел 39-40 аптада, босануда 9 сағат. 1 сағат аралығында ұрық басының жылжуы анықталмайды. Босанушы мазасыз, ішінің төменгі жағында ауырсынуға шағымданады, пальпация кезінде төменгі сегмент ауырсынады. Вастен белгісі оң. Жүрек соғуы 130 рет/ мин. РУ: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Сагитальді тігіс көлденең өлшемде. Сіздің диагнозыңыз://

+Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылу қауіпі.//

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатырдың басталған жыртылуы.//

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылуы.//

Беременность 39-40 недель. II -период родов. Анатомический узкий таз. Слабость родовой деятельности//

Беременность 39-40 недель. II -период родов, басының синклитикалық орнығуы, босану әрекетінің әлсіздігі


***

23 жасар алғаш босанушы әйелде жамбас өлшемдері - D.sp. 23cm, D.Cr.-26cm, D.Tr.-28cm, C.ext.-18,5cm., жетілген жүктілік және ұрық салмағы орташа. Қынаптық зерттеу кезінде анықталады: басы кіші жамбас кіреберіске тірелген, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі сегізкөзге бағытталған, жатыр мойнының ашылуы толық. Жүрек соғуы анықталмайды. Дұрыс диагноз таңдаңыз://

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың антенатальді өлімі. Бетпен келу. Алдыңғы түрі. Біркелкі тарылған жамбас I дәр.//

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың антенатальді өлімі. Бетпен келу. Артқы түрі.//

+Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың антенатальді өлімі. Бетпен келу. Артқы түрі. Біркелкі тарылған жамбас I дәр.//

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Бетпен келу. Артқы түрі. Біркелкі тарылған жамбас I дәр.//

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Бетпен келу. Біркелкі тарылған жамбас I дәр
***

32 жасар Р., гинекологиялық стационарда жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуі бойынша болған. Шығу алдында ауру гинекологтан контрацепция әдісін таңдауға көмектесуін сұраған. Әйел тұрмыс құрған, 2 баласы бар. Соңғы 3 жыл ішінде екі рет гинекологта жатыр қосалқыларының қабыну үрдісінің өршуі бойынша емделген.

Ауруға қай контрацепция әдісін ұсынған жөн://

ЖІС//

таза гестаген//

+ҚАК//

Спермицидтер//

ырғақтық әдіс

***

26 жасар К, босанудан кейінгі 5 тәулік .Жүктілік барысы асқанусыз өткен. Босанудың I кезеңі 8 сағат , ал II кезеңі 1 сағат, босанудан кейінгі III кезең 3 минутқа созылды.Босанушыда жыныс ағзасында босанудың ерте кезеңінде қандай өзгеріс жүреді//

Жатыр инволюциясы//

Жатыр мойны каналы қалпына келеді //

Жатыр түбі бұлшықетінің тонусы қалпына келеді //

Жатыр ретракциясы, контракциясы //

+ Сүттің секрециясы

***

Босанған әйелде босанудан кейін 4 тәулікте дене температурасы 38-39 градусқа көтерілген. Шағымдары басының ауыруына, әлсіздікке, пульс 110 рет минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде сезімтал. РҮ: жатыр мойны қалыптасқан, өзек 1к/с өткізеді. Жатыр консистенциясы жұмсақ, қабырғасы аймағы ауырсынады, лохия іріңді, жағымсыз иіспен. Анализінде: Нв 96 г/л, лейкоциттер 15х1012/л, солға ығысқан, лимфо- и моноцитопения. Босанудан кейінгі инфекцияның қандай формасы туралы болжауға болады//

+Жедел эндометрит//

Эндометриттің айқын емес түрі//

Эндометриттің абортивті түрі//

Метротромбофлебит//

Параметрит
***

Жүктілік 38-39 апта. Жедел ошақты пневмония белгілері анықталады. Дене температурасы - 38°С. Дәрігер тактикасы: //

+Пневмонияның кешенді терапиясы, босану әрекетінің дамуын емделгенше тоқтатуға тырысу //

Босануды қоздыру және кешенді антибактериальді терапия //

Кесар тілігі операция жедел түрде және сонымен бірге кешенді терапия //

Босанғаннан кейінгі инфекцияның алдын алу //

Босану жолдарының дайындағын бастау және сонымен бірге кешенді антибактериальді терапия
***

Алғаш босанушы мерзімі жеткен жүктілікпен су кетумен байланысты босану әрекеті басталғаннан 5сағаттан соң қынаптық қаралды. Бұл кезде 5см-ге ашылу, ұрық қапшығының болмауы анықталды, көздер, мұрын негізі, ауыз пальпацияланады.Бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемінде. Иек сол жақта, алдында. Мүйістер жеткіліксіз. Босанудың әдісін таңдаңыз://

+Босану жолдары арқылы босануы мүмкін.//

Босануды оперативті жолмен кесар тілігімен шешу//

Босануды ұрықты бұзу операциясымен аяқтау.//

Босануды күшейту, босану жолдары арқылы босануды жүргізу//

Акушерлік ұйқы беру
***

Қайта жүкті әйелде қанда резус-теріс және жүктіліктің 36-37 аптасы титр антител 1:32 не істеу керек: //

Десенсибилизациялық терапия //

+жедел босандыру //

Кесiр тiлiгi аркылы жедел босандыру//

ұрыққа профилактика ретінде РДС, сосын босандыру//

плазмоферез жүргізу
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта