Главная страница

Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


Скачать 228.75 Kb.
НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Дата02.02.2020
Размер228.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8990945.docx
ТипДокументы
#106782
страница4 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Броун-Секар синдромы.Анықтамасы, негізгі симптом және синдромдары. Жұлынның С5, Тh8, S4 деңгейлері зақымданғанда Броун-Секар синдромының клиникалық көрінісі?

Броун-Секар синдромы (5) - жұлынның көлденеңінен жартылай зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы. Дененің терең сезім қабілеті жұлынның зақымданған жағындағы тұсында жойылады да қарама-қарсы жағында үстірт сезіну қабілеті тежеледі. Жұлынның зақымданған тұсынан жоғары миға қарай сезімталдықты өткізу қабілеті жойылады. C5 – зақымданған жақта қолдың шынтақ және одан жоғары сыртқы бөлігінде салдану, зақымданған жақта терең сезім қабілетінің жойылуы, қарама қарсы жақта жұлынның зақымданған тұсынан жоғары миға қарай се-зімталдықты өткізу қабілеті жойылғандықтан шынтақтан жоғарғы бөлікте беткей сезімнің жойылуы. Th8 – зақымданған жақта аяқта салдану және терең сезім қабілетінің жойылуы, зақымданбаған жақта аяқан жоғары сан, белде беткей сезімнің жойылуы. S4 – артқы өтістің салдануы.



  1. Стационарға науқас аяқ параличі және несеп кідірісімен жеткізілді. Қарағанда: кіндіктен аяқ ұшына дейін сезімталдықтың барлық түрі жойылған. Аяқ бұлшық етінің тонусы жоғарылаған. Тізе және ахил рефлекстері күшейген. Екі жақта да клонус +. Аяқ басы паталогиялық экстензорлы рефлекстері екі жақтан оң мәнді.

  1. Сезімталдықтын бұзылу түрін анықтаңыз. Орталық сіреспелі салдану

  2. Топикалық диагнозы. Тһ2-Тһ12 жұлын деңгейінде зақымдану




  1. Науқас аяқтағы сезімінің төмендеуіне, жүруінің қиындауына, шағымданып келді.

Объективті зерттегенде; бұлшық ет буын сезімі аяқ-қолда және тобық буынында жойылған, тізе және жамбас буынында төмендеген. Қабырға доғасына дейін діріл сезім жойылған. Беткі сезімталдық сақталған. Ромберг сынамасы көргенде: көзі ашық кезінде тепе-теңдік сақталған, көзін жұмған кезде қулайды.

  1. Сезімталдық бұзылу түрін және синдромдарды атаңыз. Терең сезімталдылық бұзылысы, апаллестезия, атаксия

  2. Топикалық диагнозы. L1-L5 жұлын деңгейінде зақымдану




  1. Науқас аяқ-қолдарының ауырсынуына, жансыздану сезіміне, қол-аяқ

ұштарында құмырсқа жүру сезіміне, әлсізденуіне шағымданады. Объективті зерттеу кезінде; аяқ-қол ұштарында «қолғап» және «шұлық» киген тәрізді сезімталдықтың барлық түрлерінің төмендеуі байқалады. Шеткері нервтерінің тартылу симптома екі жақтада әлсіз оң мәнді. Аяқ-қол ұштарының майда бұлшық еттерінің гипотониясымен гипотрофиясы. Табаны сылбыр, жүру кезінде «степаж» анықталады. Қол ұшының жалпы күші 2-3 балға төмендеген. Аяқ-қол ұштарының терең рефлексі төмендеген.

  1. Сезімталдықтың бұзылыс түрін анықтаңыз. Полиневриттік синдром Аяқ-қолдың дистальды бөлігінде, жүйке сабауларының бойымен ауырсыну сезімі гиперестезия. Жүйкелердің керілу симптомдары байқалады. Парестезия – құмырсқа жүрген сияқты сезім.

  2. Топикалық диагнозы қойыңыз. . Қол мен аяқтың сыртқы нервтердің ең тысқары үштарының зақымдануы нәтижесінде.

  1. Науқас сонғы уақытта сол табан аймағындағы ұстамалы, қайталамалы ұйу, шаншу, құмырсқа жүрген тәрізді тітіркену сезіміне шағымданады. Бұл ұстама жарты жыл бұрын пайда болған соңғы уақыттарда 2-3 аптада қайталанатынын айтты. Ұстамалары жеке сол өкшесінің клоникалық тырысуларымен аяқталып жүрген. Ұстама жоқ кезде науқаста сезім бұзылыстары анықталмайды.

  1. Ұстаманың түрін анықтаңыз.Гагарин-Джексон ұстамасы

  2. Топикалық диагнозы қойыңыз. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомы - артқы орталық ирелең тітіркену симптомы




  1. Қыртыс-бұлшық ет жолының зақымдану деңгейіне байланысты клиникалық көрінісінің ерекшеліктерін жазыңыз: бас ми (алдыңғы орталық қатпар, сәулелі тәж, ішкі капсула, ми бағаны), жұлын (бүйірлік бағана, алдыңғы мүйіз), алдыңғы түбір, өрім, шеткері нерв, көптеген нерв ұштары.

1. Сыртқы нервтердің зақымдануы. Зақымданған нерв арқылы қызметі бұзылған бұлшық еттер сал болып қалады.

2. Нерв өрімінін зақымдануы. Қолдың қары немесе бел-сегізкөз өрімдері жарақаттанса қол немесе аяқ зақымданған жағында салданады.

3. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен алдыңғы түбіршіктері зақымдануы. Бұлшық еттер зақымданған сегменттер деңгейінде сал болып қалады. Алдыңғы мүйіз аймағында асқынған созылмалы дерт кезінде азып семген бұлшық еттердің талшықтары әлсін-әлсін жыбырлайды, ал егерде жұлынның алдыңғы түбірі осындай жағдайға душар болса бұлшық ет талшықтары шоғырлана жыбырлайды.

4. Жұлынның бүйір бағанындағы пирамида шоғырының за-қымдануы. Зақымданған жақта жұлынның жарақаттанған деңгейінен төменгі аймақтағы бұлшық еттер сіресіп (қатайып) сал болады.

5. Жұлынның көлденеңінен зақымдануы:

1) жұлынның бел тұсындағы жуанданған жерінің зақымдануы — аяқ бұлшық еттерінің екі жағынан солып сал болуы;

2) жұлынның кеуде тұсында зақымдануы - аяқ бұлшық еттерінің екі жағынан сіресіп (қатайып) сал болуы;

3) жұлынның мойын тұсындағы жуанданған тұсының зақымдануы - қол бұлшық еттерінің екі жақтан солып сал болуы, ал аяқ бұлшық еттерінің сіресіп (қатайып) сал болуы;

4) жұлынның мойын тұсындағы жуанданған жерінен жоғары зақымдануы - қол мен аяқтың екі жағынан сіресіп сал болуы.

6. Ми бағанының зақымдануы кезінде пирамида (ми қыртысы -жұлын шоғыры) және бас сүйек ми нервтерінің ядролары қабат-таса зақымданады. Мұндайда альтернативтік сал болу пайда бола-ды, яғни зақымданған жақта бір немесе бірнеше бассүйек ми нерв-тері қызметі бұзылады, ал оның қарама-қарсы жағындағы бұлшық еттер сіреспе салға ұшырайды.

7. Мидың ішкі капсуласының зақымдануы — зақымданған тұсқа қарама-қарсы жақтағы бұлшық еттер сіресе (қатайып) сал болуы. ,

8. Мидың алдыңғы сара ирелеңінің толығынан сирек зақым-данатындығынан аяқ немесе қол жарақаттанған тұсына қарама- қарсы жағында сіресіп сал болады (моноплегая).

9. Мидың алдыңғы сара ирелеңінің тітіркенуі - дененің қарама-қарсы жағындағы кейбір аймақтарындаш бұлшық еттер әлсін-әлсін ширығып жиырылуы (Гагарин-Джексон эпилепсиясы).

  1. Науқаста оң жақ қол-аяқтарының активті қозғалыстарының әлсіреуі, қолдың бүгуші және аяқтың жазушы бұлшықеттері тонусының жоғарылауы, қол мен аяқтағы меншікті рефлекстердің жоғарылауы, оң жақта Бабинский және Оппенгейм симптомдары оң мәнді болуы, оң жақ бет нерві мен тіласты нервісінің орталық парезінің қосарлануы анықталды.

  1. Клиникалық синдром қалай аталады? Орталық сіреспелі салдану

  2. Патологиялық ошақтың орналасу орны. Ми қыртысы - бұлшық ет шоғырының орталық нейронының зақымдануынан.




  1. 18 жастағы қыз балада аяқ-қолы, бет және дене бұлшықеттерінің еріксіз қозғалысы пайда болды. Еріксіз түрдегі қозғалыстар тыныштық жағдайда сонымен қатар қозғалыс кезіндеде дененің әр түрлі бөліктерінде дамиды. Науқас кейде көзін жыпылықтатады, кейде тілін шығарады, бетінде сайқымазақтық кейіп танытады, біресе қолдарында, біресе аяқтарында ебедейлі лақтырыстар байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген.

  1. Бұл синдром қалай аталады? Гипотонико-гиперкинетикалық синдром

  2. Зақымдалу ошағы қай жерде орналасқан? Экстрапирамидалық жүйенің стриарлы жүйесі зақымданған. Экстрапирамидалық жүйенің негізін бас миының үлкен жартышарларының тереңіндегі сұр заттың жиынтығы құрайды. Стриарлы жүйеге құйрықты дене мен қабық жатады.

  1. Науқас қозғалыстың қиындауына және беттің майлануына шағымданады.

Объективті қарағанда: гипомимия, ерікті қозғалыс қарқынының төмендеуі, флексорлы поза (иілген кейіпте), аяқ-қолдардың бұлшық ет тонусының пластикалық типте жоғарлауы. Жүрісі майда қадаммен, жүрген кезінде пропульсия анықталады.

  1. Бұл синдром қалай аталады? Гипертоника-гипокинетикалық синдром немесе акинетико-ригидтілік синдром (Паркинсонизм синдромы)

  2. Зақымдалу ошақ қай жерде орналасқан? Экстрапирамидалық жүйенің паллидарлы жүйесі зақымданған. Экстрапирамидалық жүйенің негізін бас миының үлкен жартышарларының тереңіндегі сұр заттың жиынтығы құрайды. Паллидарлы жүйеге бозғылт шар, қара субстанция, қызыл ядро жатады. Паркинсонизм синдромы қара субстанцияның зақымдануынан болады (дофамин жеткіліксіздігінен)

  1. Науқас саусақ мұрын сынамасын орындау кезінде оң жақта интенсивті діріл анықталады.Осы жағында қол-аяғында гипотония, Ромберг сынамасында оң жағына ауытқуы байқалады

  1. Бұл қандай синдром? Мишықтық атаксия

  2. Ошақтың орналасу орны қай жерде? Мишықтың оң жарты шарында




  1. Науқас жүру кезінде шамадан тыс аяғының көтереді, ал түсіру кезінде артықша күш жұмсайды. Көзін жұмғанда жүру және координация бұзылысы бірден айқындалады.

  1. Жүріс қалай аталады? Қандай клиникалық синдромға тән? Штамптық жүріс

  2. Ошақ қай жерде орналасқан? Жұлынның артқы бағаны, түбірі, таламус.




  1. Науқастың оң жақ мұрнында иіс сезу жойылған. Мұрынның шырышты қабығы зақымданбаған.

  1. Бұл синдром қалай аталады? Бір жақтық аносмия.

  2. Қай жерде зақымданған? І, ІІ – Жіпшелер мен жуашық және иіс даңғылының деңгейінде аносмия, гипосмия зақымдалған жағында болады.




  1. Науқастың оң көз алмасы мұрын жаққа қараған (ішке қараған қылилық), оң жаққа қарағанда заттың 2 еселеніп көрінуі анықталады.

  1. Бұл синдром қалай аталады? Әкетуші нервінің зақымдану синдромы

  2. Қай жер зақымданған? 6 жұп нервінің зақымдануы. Яғни варолий көпірінің зақымдануынан болған.




  1. Науқас мұрынның оң жақ қанатының жансыздануына шағымданды. Ауырсыну сезімталдығын зерттегенде оң жақтық зильдер зонасының медиалды бөлігінде гипестезия анықталды.

  1. Қандай клиникалық синдром? Үшкіл нервтің зақымдануы

  2. Қай жер зақымданған? 5-жұп нервісінің І-тармағы зақымдалған




  1. Науқаста оң көз қарашығының тарылуы (миоз), оң көз қабағының түсуі (птоз), көз алмасының ішке қарай кіруі (энофтальм) анықталды. Қарашық рефлекстері сақталған. Көз алмасы қимылының шектелуі жоқ.

  1. Бұл синдром қалай аталады? Көз қозғалтқыш нервісінің зақымдану синдромы

  2. Қай жер зақымданған? Ортаңғы ми бағанының зақымдануы.


17. Бульбарлы және Псевдобульбарлы синдромдар. Бұл синдромдар кезінде зақымдану ошағы, симптомдары, ерекшеліктері. Бульбарлы синдром - тіл-жұтқыншақ кезбе жəне тіласты жүйенің зақымдалуы. Сопақша мидағы тіл жұтқыншақ,кезбе жəне тіл асты жүйке ядросының зақымдануынан түзіледі. Бұл шеткі алелотрофикалық склерозынан,сопақша ми аймағының қан айналуының бұзылуынан, энцефалитте ,сирингобульбияда, полиэнцефолитте, бас сүйек жарақаттануынан т.б салдарынан пайда болады. Бұл синдромда : таңдай салбырап кетеді,қимылы шектеледі немесе жоғалады,маңқаланып сөйлейді,сөйлеу анық емес,жұтыну қабілетінің қиындауы,сұйық тамақ мұрынан шығады,шашалып қалады.

Псевдобульбарлы синдром - жұтыну,сөйлеудің фонациясы жəне артикуляциясының бұзылуы,ядролар үстіндегі байланыстар екі жағынан бірдей зақымданғанда пайда болады. Бульбар синдромының ерекшелігі тілдің еті солмайды,талшықтары жабысып дірілдемейді. Тіласты жүйкенің немесе оның ми бағанасының ядросы зақымдалса,зақымдалған жаққа сəйкес тілдің бөлігі солып,əлсіреп немесе қимылдамай қалады,тілді ауызынан шығармақшы болса ол əлсіреген жаққа қисаяды. Егерде ядро зақымдалса мұнымен қоса тіл бұлшықеттерінің талшықтары жыбырлап дірілдейді,сөйлеу қабілеті қиындайды. Тіл асты жүйкенің орталық невроны зақымдалса тілдің зақымланған жаққа қарсы бөлігі қозғалмайды,тілді ауыздан шығармақшы болғанда ол зақымдалған жаққақарама қарсы қисаяды,тіл солмайды,сөз бұзылмайды. Тіл асты жүйкенің ядролары екі жағынан зақымдалса,тіл қозғалмай қалады,сөйлеу мүмкіндігі жойылады

18. Ми аяқшасының (Пединкулярлық) альтернациялық синдромдарының анықтамасы, зақымдану ошағы, клиникалық синдром және симптомдары (Вебер, Клод, Бенедикт). Альтернациялық синдром - ми жұлынның зақымдалған ошағында альтернациялық синдром дамиды, ол ошақтағы бассүйек жүйкенің функциясының бұзылуымен (парез, плегия) және орталық парезбен, өткізгіштің бұзылуымен сипатталады.

  • Клод синдромы (қызыл ядроның төменгі синдромы) көз қозғаушы нервтің зақымдалған ошақ жақта-көз қимылдатқыш параличі, птоз, мидриаз, сыртқа қараған қылилық, қарама-қарсы жағында- гемиатаксия, дисметрия, адиадохокинез, аяқ-қол бұлшықетінің тонусының төмендеуі.

  • Бенедект синдромы. Зақымдалған ошақ жағында көз қимылдатқыш парез, қарама-қарсы жағында-хореатетоз, пластика тіліндегі тонустың жоғарылауы, интенциялық тремор.

  • Вебер синдромы: көз қозғаушы нервтің шеткілік түрдегі сал болуы зақымдалған жақта болып, қарсы жағында гемипарез не гемиплегия болады.

19. Понтиндік (Көпірдің) альтернациялық синдромдарының анықтамасы, зақымдану ошағы, клиникалық синдром және симптомдары (Мийара-Гублер, Фовилл, Бриссо-Сикар). Альтернациялық синдром - ми жұлынның зақымдалған ошағында альтернациялық синдром дамиды, ол ошақтағы бассүйек жүйкенің функциясының бұзылуымен (парез, плегия) және орталық парезбен, өткізгіштің бұзылуымен сипатталады.

  • Мийяр-Гюблер синдромы. Көпірдің табан бөлімінің бір жағы зақымдалса, ошақ жағында бет нервісінің шеткілік салы және қарсы жағында орталық түрдегі гемипарез не гемиплегия болады.

  • Фовилл с. Ошақ жақта-ымдау бұлшықетінің параличі, көз алмасы мұрын жағына қараған қылилық, диплопия, қарсы жақта-спастикалық гемиплегия.

  • Бриссо-Сикар. Бет жүйкенің ядросын тітіркендіру процесінде байқалады. Ошақ жақта-гемиспазм, қарсы жақта- спастикалық гемипарез.

20. Сопақша мидың альтернациялық синдромдарының анықтамасы, зақымдану ошағы, клиникалық синдром және симптомдары (Авеллис, Шмидт, Джексон). Альтернациялық синдром - ми жұлынның зақымдалған ошағында альтернациялық синдром дамиды, ол ошақтағы бассүйек жүйкенің функциясының бұзылуымен (парез, плегия) және орталық парезбен, өткізгіштің бұзылуымен сипатталады.

  • Авеллис с. Тіл-жұтқыншақ ядросы және кезбе нерв, тіласты нерві, пирамидалық жолдың зақымдалуы. Ошақ жақта-жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың шеткілік парездері, қарсы жағында – гемиплегия.

  • Шмидт синдромы - IX, X, XІ жұп нервтерінің және пирамидалық жолдың бірге зақымдалуы. Ошақ жақта-жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың, дыбыс байламдарының, тіл жартвсвның, төс-бұғана-емзікше және трапеция бұлшықетінің шеткілік салы болып, қарсы жағында орталық гемипарез болады.

  • Джексон синдромы - сопақша мидың төменгі жартысының зақымдалуы ХІІ жұп нервісін және пирамида жолдарын қамтиды. Ошақ жағында тіласты нервінің перифериялық салдануы, қарсы жақта-аяқ-қолдың орталық гемиплегия болады.



  1. Үш тармақты нерв невралгиясының этиопатогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емі.

Этиологиясы. Үшкіл нерв невралгиясы жалпы инфекциялар (тұмау, ревматизм) мен бет айналасындағы созылмалы қабыну үрдістеріне (шіріген тістер, гайморит) байланысты жиі пайда болады.

Ауру көбінесе 35—40 жастағыларда кездеседі. Клиникасы. Үшкіл нерв невралгиясының клиникасы ол таралатын аймақтарда шұғыл пайда болатын дуылдатып күйдірген тәрізді ауырсынулармен сипатталады. Ұстама 5—10 секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.

Әрбір ұстама оған тән ауырсына тыжырыңдаумен, сонымен қатар вегетативтік бұзылымдармен (беттің қуқылдануы немесе қызаруы, мұрыннан шырын бөліну, жас ағу) қабаттасады. Ол әр түрлі эндогендік және экзогендік факторлар (ыстық немесе суық тағам, эмоционалдық ауытқу, өте жарық сәуле, қатты дыбыс) әсерінен ушығады. Әдетте ұстама жеңіл тітіркенулерден-ақ пайда бола береді. Тағам қабылдау, әңгімелесу, сақал алу - осының бәрі ұстамаға әкеліп соғатындықтан, сырқаттар мүмкіндігінше мұндай шаралардан аулақ болуға тырысады. Ауырсыну ұстамаларының шыдатпайтындығы соншалық, науқастар кез келген, тіпті қауіпті операцияларға да келісім беруге дайын, көбінесе олар өзін өзі өлтіруге де таяу тұрады.

Ұстамалар арасында үшкіл нервтің қызметі бұзылмайды. Қатты ұстамалар кезінде ауырсыну көбінесе үшкіл нерв аймағына тегіс тарайды. Нерв шығатын сүйек саңылауларын батыра сипағанда ауырсыну жиі байқалады. Невралгияның зақымданған нерв аймағына сәйкестігін нақты анықтау қажет. Сол себепті үшкіл нерв тармақтары-ның қайсысында невралгия болғандығы жеңіл ұстамалар кезіндегі ауырсынудың білінетін жеріне байланысты анықталады.

Емдік шаралар. Ауырсыну ұстамаларына қарсы аналгетиктер (аналгин, амидопирин, фенацитан, антипирин, бутадион, т.б.), кейде промедол, омнопон және морфин қолданылады.Үшкіл нерв невралгиясы асқынғанда эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалану арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатындары:

1) таңертең және кешке 100-200 мг карбамазепин (тегретол, финлепсин, стазенин), кейде оның мөлшерін тәулігіне 800—1000 мг-ға дейін жеткізуге болады;

2) тәулігіне 250 мг-нан сукцимид (сукцилеп, пикнолепсин), соңынан терапиялық нәтижеге жеткенше оның мөлшерін көбейтеді де, біртіндеп қажетті мөлшерге дейін төмендетеді;

3) 0,2 г триметин күніне 4 рет апта бойы, соңынан 0,2 г-нан күніне 3 рет - 1 апта, бұдан кейін 0,2 г-нан күніне 2 рет және 1 рет,

Л. Г. Ерохина (1982) аса ауыр және жиі қайталайтын ұстамаларды емдеу кезінде аминизинның 0,25 % ерітіндісін 1 мл-ден, 0,005 г дилантинге В12 витаминін (1000 мкг) қосып, күніне 2 реттен бұлшық етке 7-10 күн бойы жіберуді, одан әрі бір дүркінге 5—6 процедурадан диадинамикалық ток және 7-10 күн инерефлексотерапия қолдануды ұсынады.

Дәрі-дәрмекпен (консервативтік) емдеу нәтиже бермеген жағдайда симпатикалық және жұлдыздық түйіндерге новокаинмен блокада жасалады. Нерв тармақтары кіретін сүйек өзегіне спирт-новокаиндық блокада жасауға да болады.

Үшкіл нерв невралгиясы қан тамырлары ауруларына байланысты бболғанда трентал (5 мл тренталды 100 мл хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісіне қосып, тамшылатып венаға жіберу), никотин қышқылы (1%-дық 2 мл ерітіндісін бұлшық етке жіберу, бір дүркінде 20-30 инъекция), эуфиллин (2,4 %-дық 10 мл ерітіндісін глюкозаның 40 % ерітіндісіне қосып венаға жіберу) тағайындалады.

Ауырсыну басылған кезендерде (ремиссия) витаминдерді, биостимуляторларды және таратып сіңіретін препаратгарды қолдану керек,

Үшкіл нерв невралгиясымен ауырғандарда инфекциялық ошақтарды мұқият тазалау (санация жасау) қажеттігін ескерген жөн. Мұндайда кеңсіріктің қосымша қуыстары мен ауыз ішін санациялауға ерекше көңіл аударылуы керек.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта