Главная страница
Навигация по странице:

  • Диагностикасы.

  • Антиэпилептикалық дәрілердің жіктелуі (АЭП), эпилептикалық ұстамалардың түрлеріне байланысты препараттарды таңдаудың негізгі жолдары.

  • Бас сақинасының этиопатогенезі, жіктелуі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емі. Бас

  • Жіктемесі мен клиникасы

  • Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


    Скачать 228.75 Kb.
    НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
    Дата02.02.2020
    Размер228.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8990945.docx
    ТипДокументы
    #106782
    страница6 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Эпилепсияның эпидемиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы.

    Эпилепсиялық ұстамалардың жіктемесі мен клиникасы

    1965 жылы Венада қабылданған дүниежүзілік жіктемеге сәйкес және И.М. Сараджишвили құрастырған вариант бойынша эпилепсия жөніндегі Бүкілодақтық проблемалық комиссия мақұлдаған эпилепсиялық ұстамалардың үш үлкен тобы (таралымды, фокальдық немесе парциалдық және біржақты) ажыратылады.

    I. Таралымды эпилепсиялық ұстамаға естен тану мен көлемді вегетативтік бұзылулардың дененің екі жағын бірден қамтитын немесе оларсыз бола беретін құрыспалармен қосарлануы тән. ЭЭГ-да эпилепсиялық ұстаманың екі жақты синхрондық және симметриялық разрады көрінеді. Бұл топ үлкен құрыспалы және кіші (құрыспасыз) эпилепсиялық ұстамаларға бөлінеді.

    А. Таралымды құрыспалы ұстамалар кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрінде білінеді. Аурудың бұл түрінде кейде сырқат айқайлап жіберісімен іле топикалы-клоникалық құрыспалар пайда болады. Олардың толық тоникалық кезеңі ым, аяқ-қол және дене бұлшық еттерінің құрысып ширығуымен сипатталады. Көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшық еттері шектен тыс ширығу жағдайында болады. Дем алуға қатысты бұлшық еттер ширығуынан апноэ, цианоз пайда болады. Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде ауру тілін тістеп алуы және аузынан қан көпіруімен қосарланады.

    Вегетативтік бұзылулардың ішінде көз қарашығының жарыққа реакциясы жойылуымен қосарланатын мидриаз жиі кездеседі. Оның диагностикалық мәні зор. Сфинктерлер бұлшық еттерінің ширығуынан еріксіз зәр, ал кейде нәжіс шығару байқалады. Міндетті түрде тамыр соғу жиілеуі мен артериялық қысым жоғарылайтындығы анықталады.

    Ұстама әдетте 1—2 минутқа, кейде одан да азға созылып, ұйқыға ауысатын кома түріңде аяқталады. Сырқатта ұйқыдан ояғаннан кейін амнезяя, бұлшық еттердегі ауырсыну, қалжырау, әлсіздік пайда болады. Көпшілік жағдайда ұстаманың соңында команың орнына сопор немеее тіпті психомоторлық қозу болады.

    Толық құрыспалы ұстамалармен қатар, жартылай таралымды ұстамалар - тек қана тоникалық құрысу (әдетте балаларда) немесе тек қана клоникалық құрысу, яки екі жағынан көлемді миоклониялар болуы мүмкін.

    2. Кіші (кұрысусыз) ұстамалар қарапайым және күрделі абсанстарға бөлінеді. Олар тек балалық шақта ғана кездеседі. Кіші ұстама деп аталатын абсанс ұстамадан кейін ешқандай белгі бермейтін қысқа мерзімді (секундтар) ұстамалы естен тану арқылы білінеді.

    1. Жабайы (қарапайым) абсанс — қимыл, т.б. әрекеттердің 5—20 секунд бойы тоқтап қалуы. Сырқаттар ол жөнінде кейін өзімен бірге болған адамдар арқылы ғана біледі. Ауыр жағдайларда мұндай ұстамалар бірінен соң бірі бірнеше минут, тіпті сағаттар бойы өтеді (абсанстар күйі).

    2. Күрделі абсанстарда қысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің еріксіз қимылы және көз алмаларьшың "аларуы", т.б.-мен қабатгасады. Олардьщ арасында атониялық және акинетикалық абсанстар ажыраты-лады, Атониялық абсанс — постуралдық тонустың жойылуынан науқастың құлап қалуы, ал акинетикалық — бұлшық ет тонусы өзгермей-ақ науқастың есінен танып құлап қалуы. Күрделі абсанстар вегетативтік бұзылулармен (сұрлану, қызару, көз қарашығының кеңеюі, сілекей ағу, т.б.) қабаттасады.

    II. Ошақтық (фокальдық, парциалдық) ұстамалар жабайы және күрделі симптоматикалыларға ажыратылады.

    А. "Жабайылары" қимылдық және сенсорлық ұстамалар болып бөлінеді.

    1. Қимылдық ұстамалар арасында джексондық пен версивтік ұстамалар жиі кездеседі. Джексондық немесе соматомоторлық ұстамалар әдетте клоникалық немесе клонико-тоникалық парциалдық құрысу түрінде білінеді.

    Бұлшық еттерде байқалатын құрыспалар эпилепсиялық ошақтың ми қыртысындағы қимылдатушы проекциялық аумағындағы орнына байланысты. Құрыспалар орнықты болып қала береді немесе көршілес бұлшық еттер тобына таралады. Олардың таралу реттілігі қыртыстық орталықтардың, яғни қимыл функцияларының соматотопикалық орналасуына сәйкес болады (джексондық марш). Мысалы, құрысу ым бұлшық еттерінде басталып, қол ұшына, білекке, иыққа таралады, одан әрі дененің жартысын тегіс қамтиды.

    Версивтік эпилепсиялық ұстамалар бірнеше топқа бөлінеді:

    1) эпилепсиялық нистагм — эпилепсиялық ошақтың ми қыртысының шүйде бөлігінде орналасуына байланысты көз алмасының біріккен клоникалық ауытқуы;

    2) көз қозғалтқыш эпилепсиялық ұстамалар — мидың мандай бөлігіндегі адверсивтік аумақта (8-аумақ) эпилепсиялық ошақтар болуына байланысты көздің біріккен тоникалық ауытқуы;

    3) адверсивтік эпилепсиялық ұстамалар — мидың маңдай немесе самай бөлігінде эпилепсиялық ошақтар болуына байланысты кездің, бастың, дененің топикалық ауытқуы;

    4) айналмалы эпилепсиялық ұстамалар — адверсиялық ұстама соңынан іле дененің шыр айналуы.

    Эпилепсиялық ошақ ми қыртысының мандай бөлігінің ішкі беткейіне орналасқан жағдайда (қосымша аумақ), адверсивтік ұстамалар көбінесе күрделі болады да, ошаққа қарама-қарсы жақта қолдың бүгілуі, бұрылуы және көтерілуімен қосарланады.

    Кожевников эпилепсиясы — кейбір бұлшық еттер тобында байқалатын тұрақты миоклонилардың ара-тұра Джексон маршына ауысуынан болатын қимылдық эпилепсия ұстамалары.

    2. Жабайы симптоматикамен білінетін парциалды-сенсорлық ұстамалар — қандай да болсын бір анализатор ауқымында түйсіктің кенеттен бұзылуымен сипатталады. Эпилепсиялық ошақтың орналасуына байланысты дененің кез келген бөлігінде парестезия ұстамалары-мен білінетін сенсорлық Джексон ұстамалары жиі кездеседі. Эпилепсиялық ошақ ми қыртысының жоғарғы төбе бөлігінде (5 және 7-аумақтар) орналасқанда, дененің ошаққа қарсы жағында парестезия ұстамалары байқалады. Парциалдық сенсорлық ұстамалар сонымен қатар көру, есту, иіс сезу, дәм сезу ұзылулары мен бас айналу ұстамалары түрінде де білінеді.

    Көру эпилепсиялық ұстамалары бүліну (скотомолар, гемианопсиялар, амавроз) немесе тітіркену (көз аддында ұшқындар, шеңберлер елесі пайда болу) түрінде білінетін көру сезімдері бұзылуымен сипатталады. Олар эпилепсиялық ошақ ми қыртысының шүйде бөлігіндегі қыртыстық көру аймағында (17-аумақ) орналасқанда пайда болады.

    Есту эпилепсиялық ұстамалары эпилепсиялық ошақтьщ ми қыртысының жоғарғы самай бөлігіне орналасуына байланысты бүліну феномендері (саңырау) немесе тітіркену (шуыл, ызың, т.б.) түрінде білінеді.

    Иіс және дәм сезу үстамалары — гипокамп ілмегі (иіс сезу), яки оперкулярлъпс немесе инсулярлық (дәм сезу) аймақтарда эпилепсиялық ошақтың болуына байланысты кандай да болсын иіс немесе дәм сезімінің ұстамалы бұзылулары.

    Бас айналу түрінде білінетін эпилепсиялық ұстамалар әдетте қысқа мерзімді (секундтар) екіүштылығымен сипатталады.

    Парциалдық сенсорлық үстамаларға үстамшіылық, қысқа мерзімділік және стереотиптік сипат тән екендігін атап өткен жөн.

    Висцералды-вегетативтік ұстамалар орбита-инсуляр-темпоральдық аймақтағы және, мүмкіндігінше, ми бағанының үстіңгі бөлігіндегі эпилепсиялық топтар әсерінен пайда болып, тахикардия, артериялық қысым көтерілуі, алқыну, мидриаз, тершендік түрінде білінуі мүмкін.

    Фарингооралдық эпилепсиялық ұстамаларға ерін мен тіл кимылы, жалану, жұтыну, шайнау және т.б. жиі кабаттасатын сілекей ағулары (гиперсаливация) тән.

    Абдомикалдык эпилепсиялык ұстама — эпигастралдык. аймақта іштің жиі шұрылдауы, құсу сияқты әр турлі сезімдердің көбінесе ес-түс өзгеруімен қосарлануы.

    Б. Күрделі симптоматикалы парциалдық ұстамаларға психикалық феномендер кірігеді. Оларға - иллюзиялар мен галлюцинациялар. есте сақтау бұзылуы ұстамалары, идеаторлық, сонымен қоса "зорлана ойлау", аффективті, психосенсорлык және психомоторлық ұстамалар жатады.

    Иллюзорлық және галлюцинаторлық (психосенсорлык) ұстамалар өте жиі кездеседі.

    1. Иллюзорлық ұстамалар — шындықтың (көру, есту, иіс сезу стимулдары) бұрмалана қабылдануы.

    2. Галлюцинаторлық ұстамалар — галлюцинациялар (елестер), әсіресе көру және есту елестері түрінде білінетін эпилепсиялық ұстамалар. Мысалы, көру елестік ұстамаларында науқастар әр түрлі көріністер "көреді", әңгіме, симфониялық музыка, ән, т.б. "естиді". Бүл ұста-малар шүйде-самай және жоғарғы самай эпилепсиялық топтар әсерінен пайда болады.

    3. Иллюзорлық пен галлюцинаторлық (психосенсорлық) эпилепсиялық ұстамалар ес-түстен айырылумен қоса, ұстамалы түрде білінетін дереализация немесе деперсонализация типіндегі сенсорлық синтездің бұзылуы.

    Бұлар - "көрінген", — "естілген", - "бастан кешкен", — "ешқашан көрінбеген", - "ешқашан естілмеген", - "ешқашан бастан кешпеген" тәрізді синдромдар болып саналады.

    Осындай жағдайлардың бәрінде науқастар оқиғалар мен құбылыстарды бұрын есгігендей, көргендей, бастан кешкендей болады. Немесе, керісінше, белгілі бір оқиғалар мен құбылыстар өмірде көп кездесетініне қарамастан, науқастар оларды тіпті бұрын еш уақытта көрмегендей, естімегендей, бастан кешпегендей қабылдайды.

    Жоғарыда келтірілген ұстамалардың бәрінде әр түрлі дәрежеде ес-түс бұзылуы байқалады. Ерекше айқын білінетін жағдайларда "түс секілді күйді" бастан кешеді, яғни оқиғалардың бәрін науқастар түсінде көргендей болады. Олар оперкулярлық симптоматика (жұту, ему, шөпілдету және т.б.), иіс пен дәм сезу елестерімен, зорлықпен еске түсірумен қосарлануы мүмкін. Әдетте мидың самай бөлігінде, әсіресе гипокамп ілгегі зақымданғанда жиі кездеседі.

    Кейде психосенсорлық ұстамалар негізінен сыртқы дүниеге (заттардың мөлшері, пропорциялары, сыртқы пішіні, олардың кейпі, т.б.) кеңістіктік қатынастардың немесе өз денесіне қатысты (дене бөліктері арасындағы пропорциялардың өзгеруі, олардың шынайылығын қабылдай алмау, т.б.) бұзылулармен білінеді. Мұндай ұстамалар эпилепсиялық ошақ мидың сол жақ жарты шарында, төбеаралық аймақта орналасқанда байқалады.

    4. Есте сақтау қабілеті төмендеу ұстамалары мен идеаторлық ұстамалар ойдың бөлінуі, көбінесе бірдеңені еске түсіруге машықтық, т.б. түрінде білінеді. Бұлар эпилепсиялық ошақ мидың самай немесе мандай бөлігінде орналасқанда пайда болады.

    Психомотпорлық немесе автоматтық эпилепсиялық ұстамалар —

    пароксизмалдық (ұстамалы түрде) ес-түстің автоматты түрдегі бұзылу белсенділігінің артуымен қабаттасуы. Психомоторлық ұстамалар кезінде амнезиямен аяқталатын ой алжасуы пайда болады. ұстамалар ұйқы кезінде де білінуі мүмкін (ұйықтап жүру). Науқастар төсектен тұрып жүреді, әр түрлі әрекеттермен шұғылданады, соңынан, міндетгі түрде, қайтадан төсегіне жатып, ұйықтап қалады, бірақ таңертең ұстама туралы есінде ештеңе қалмайды. Ұстама әдетте бірнеше минутқа созылады. Көбінесе мидың алдыңғы самай бөлімдеріндегі эпилепсиялық топтар әсерінен пайда болады.

    Мидың самай бөлігіндегі эпилепсиялық топтар әсерінен болатын ұстама түрлерінің бірі — жалған абсанстар. Басқа абсанстардан айырмашылығы — олар ұзаққа (секундтар емес минуттар) созылады.

    Аффективтік ұстамалар — көңіл күйдің әр түрлі ұстамалы бұзылулары. Олар әдетте себепсіз қорқыныш сезімі, кейде күлкі (гиолепсия), шат-шадыман күй, т.б. түрінде білінеді. Бұл ұстамалар самай бөлігінің алдыңғы медиальдық беткейіндегі эпилепсиялық топтар әсерінен пайда болып, ес-түс өзгеруімен қосарланады.

    Жабайы және күрделі симптоматикалы парциалдық ұстамалардың барлық түрі таралымды ұстамаларға ауысуы мүмкін, бұл қосымша таралымды ұстамалар деп аталады. Олар аурамен басталатын таралымды құрыспалы ұстама түрінде де байқалады.

    Әдетте науқаста үлкен ұстамалар қайталанғанда аура стереотипті болады. Оның сипаты эпилепсиялық ошақтың орналасуына байланысты анықталады. Аура кезінде науқастар белгілі сезімдерді басынан кешіреді, мысалы, қандай болсын иісті (иістік аура), дәмді (дәмдік аура), дыбысты (есту аурасы) сезу, құрсақ ауыруы (абдоминалдық аура), бейнелер немесе бүтін суреггер "көру" (көру аурасы) және т.б. Әсіресе психикалық аура өзгеше білінеді. Мұндайда науқастарды ерекше сезім билеп, көбінесе асқан шадыман күйді басынан кешіреді. Аура бір-ақ рет аса шапшаң өтеді, көбінесе өте айқын есте қалады. Кейде аура эпилепсиялық ұстаманың бірден-бір клиникалық белгісі болуы мүмкін. Әдетте аура өтісімен, сырқат есінен танып қалады да, құрыспалы ұстама пайда болады.

    III. Біржакты эпилепсиялық ұстамаларға таралымды эпилепсиялық ұстаманың барлық клиникалық белгілері тән. Тоникалы-клоникалық түрдегі құрысулар ауруды лезде билеп әкетеді де, оған ес-түстен айырылу мен ұстама соңындағы бұзылулар (кома, сопор, т.б.) қосарланады.Гастоның пікірі бойынша, біржақты ұстамалар торлы формацияның эпилепсиялық топқа бір жағынан ілігуіне байланысты. Олар қыртыс-қыртыс асты құрылымдары едәуір зақымданғанда пайда болады, балаларда жиі кездеседі.

    Эпилепсиямен зардаптанғандарда ұстамалы түрдегі белгілермен бірге ұстамасыз созылмалы психикалық өзгерістер де болады. Оларга психикалық үрдістің баяулығы мен дамымауы, патологиялық (шектен тыс) байымдылық тән.

    Сырқаттар сұхбаттасу кезінде көп сөйлейді, ойы аса байыпты, тыңғылықты, бірақ ең басты оқиғаны ажырата алмай, болмашы мәселелерге "тіреліп қалады". Біртіндеп шамадан тыс пунктуальдық, жинақылық, табандылық, мазасыздық, сонымен қатар жарамсақтық, өтірікшілік, мәймөңкелік пайда болады.

    Диагностикасы. Эпилепсияны анықтау үшін ең алдымен науқаспен мұқият сұхбаттасып, қажетті деректерге толық талдау жасау керек. Эпилепсиямен зардап шеккен жандары бар отбасында тікелей тұқым қуалаушылық қаупі, ата-анасы алкоголизммен ауырғандарды анықтау маңызды роль атқарады. Анасының екіқабат кезіндегі денсаулығы, перинаталдық анамнез, баланың өсіп-дамуы мен ауырған аурулары жөніндегі мәліметтер, мінез-қүлқы мен интеллектісінде тиісті өзгерістердің бар-жоғы диагагстикаға қажетті факторлар болып есептеледі.

    Элекгроэнцефалограммада эпилепсияға тән өзгерістер көрініс береді:

    1. Шыңдар — төбесі үшкірленген, ұзақтығы 10—75 м/сек, амплитудасы 50—100 мкв, көбінесе бір фазалы оқшауланған толқындар.

    2. Тығызданған толқындар — 10 секундтан аз ұзақтағы толқындар.

    3. Үшкір толқындар — табаны кеңейген, төбесі сүйір (үшкір), ұзақтығы 75 м/сек көп, әр түрлі амплитудадағы (20—200 және одан да көп) толқындар. Олар бір, екі фазалы, жеке, топтасқан немесе көптеген болуы ықтимал.

    4. "Тығыздалған толқындар" жиынтығы — екі тербеліс жиынтығы (шың мен тета- немесе дельта- толқыңдар, көбінесе ырғақты, секундына 2—3 жиілікте қайталанады).

    5. Пароксизмалды ритмдер — секундына 8—12, 14—16, 20—39 жиіліктегі жоғары вольтажды ырғақты топтар.

    Балалық шақта басталатын эпилепсия барлық жағдайларда дерлік бас сүйектің езгерістері арқылы (емізік тәрізді өсіндінің пневматизациясы, сүйек қуыстарының шамадан тыс ұлғаюы, бас сүйек шұңқырларының тегістелуі, бас күмбезі сүйектерінің қалыңдауы және т.б.) білінеді. Пневмоэнцефалография, КТ, ЯМРТ эпилепсиялық ошақтың орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Патологиялық өзгерістер ми қабығы мен қарыншалар жүйесінде де байқалуы мүмкін.

    Эпилепсиялық ұстамалар, өздерінің әр түрлілігіне қарамастан, пароксизмалдығымен, қысқа мерзімділігімен, әр ұстаманың нақтылы науқаста стереотиптігімен және көпшілік жағдайларда ес-түсінен айырылуымен сипатталады. Дегенмен кейбір эпилеспиялық ұстамалар диагностикалық ажыратуды қажет етеді.

    Таралымды құрыспалы ұстамаларды истериялық ұстамалар мен талып қалудың құрыспалы түрлерінен ажырату керек. Таралымды құрыспалы ұстамаға пароксизм өтуінің фазалылығы тән: аура (егер ол болған жағдайда) — естен тану — құрысулар (тоникалық, соңынан клоникалық) — ес-түстің ұстамадан кейінгі өзгерістері (кома, сопор, ұйқы). Көз қарашықгарының кеңеюі мен олардың жарыққа реакциясының жойылуы байқалады. Эпилепсиялық ұстамалар қандай да болмасын жағдайларда пайда бола береді. Сырқаттар құлағанда көбінесе жарақаттанып қалады.

    Истериялық ұстама әрқашан сырқаттың күйзелген шағында, маңайында басқа адамдар болғанда ұстайды. Истериялық ұстама көрермендерге арналған спектакль тәрізді, құлағанда олар жарақаттанбайды. Сіреспелі құрыспаларға әдетте описто-тонус титптес "истериялық доға" кірігеді, қол-аяқты, денені жазатын бұлшық еттердің сіресе құрысуы, әр түрлі астарлы кейіптер жиі көрініс береді, науқастар киімдерін жырта бастайды, бетін тырнайды, тістелеседі және т.б. Көз қарашығының кеңеюі әдетте оның жарыққа реакциясының жойылуы-мен қосарланбайды. Ұстама соңынан есінен тануы мүмкін, бірақ ол эпилепсиялық ұстамадан кейін де бола береді.

    Талып қалудың құрыспалы түрлерінде әуелі естен тану мен бұлшық еттердің босауы байқалады, одан бірнеше секунд өткенде сіреспелі құрыспа пайда болады. Қарашық реакциясы өзгермейді. Науқастың түсі бозғылданады, артериялық қысымы төмендейді. ЭЭГ-да эпилепсиялық ұстамаларға тән өзгерістер көрінбейді.


    1. Антиэпилептикалық дәрілердің жіктелуі (АЭП), эпилептикалық ұстамалардың түрлеріне байланысты препараттарды таңдаудың негізгі жолдары.




    1. Бас сақинасының этиопатогенезі, жіктелуі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емі.

    Бас сақинасы — бас ауруының жиі кездесетін түрлерінің бірі. Ауру әйелдерде басым байқалады. Бас сақинасына бейімділік аутосомды доминанттық түрде тұқым қуалап, аналар жағынан ұрпақтан ұрпаққа таралады. Оның негізгі клиникалық көрінісі — кенеттен басталатын бас ауыруы, көбінесе жарты шеке ауырады (гемикрания). Ауру пубертаттық кезеңде немесе өмірінің үшінші онжылдығында басымырақ білінеді.

    Бас сақинасы ұстамаларының пайда болуына психоэмоционалдық және ауыр дене еңбегімен зорығулар, мезгілінде тамақтанбау, ішімдік қабылдау, шылым шегу, транспортта ұзақ болу, иістер, ауа райының өзгеруі, аллергияға бейімділерде аллергиялық реакциялардың асқынуы және т.б. әсер етеді.

    Бас сақинасының ұстамалары әйелдерде көбінесе менструалдық циклдың басталуына (60 %) немесе менструация (етеккір келу) кезеңіне (14—2 0 %) сәйкес болады. Бұл менструалдық бас сақинасы деп аталады

    Патогенезі

    Бас сақинасы патогенезіңде ми мен ми қабықтарында пайда болатын нейрохимиялық өзгерістерде регаональдық вегетативті-қан тамырлық реакция маңызды роль атқарады. Ұстама алдында тромбоциттерден серотонин, толық клеткалардан гистамин мен протеолитгік ферментгер бөлініп шығатындығы жөнінде деректер бар. Серотонин мен гистамин капиллярлардың өткізгіштігін арттырып, плазмокининдердің қан тамырларындағы сұйық бөлектермен шығуына ықпал жасайды. Серотонин мен плазмокининдердің қан тамырлары қабырғасындағы рецепторларға біріге әсер етуі олардың сезімталдығын төмендетуге себепші болады. Кейіннен серотониннің бүйректер арқылы аса көп бөлініп шығуы онық қандағы мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қан тамырлары тонусының төмендеуіне және олардағы сұйықтың тамыр сыртына шығуына әсерін тигізіп, ми мен ми қабықтарының ісінуіне себетпі болады.

    Бас сақинасы ұстамасы кезінде қан тамырларындағы реакциялар бірнеше кезеңнен өтеді. Ең алдымен жоғарыда аталған факторларға жауап ретінде қан тамырлары жиырылып тарылады (I кезең). Мұндайда қан тамырларының өздерін қанмен қамтамасыз етуі қиындайды (қан тамырлары қабырғасының ишемиясы). Қан тамыр-ларының жиырылып тарылуы артериялардың, веналардың және венулалардың кеңеюіне ауысады (II кезең) да, тамыр қабырғасы соғу тербелісінің амплитудасын жоғарылатады, оның диаметрін толық атонияға дейін кеңейтеді. Ол тамыр сыртындағы ісінумен қабаттасады (III кезең). Ісіну кезеңі ете ұзаққа созылып, аталған құбылыстардың керісінше дамуымен аяқталады.

    Бас ауыруы қан тамырлары кеңейген кезде (солқылдатып ауыру) және ісіну кезеңінде (бастың сыздап және керіп ауыруы) өте айқын білінеді.

    Бас ауыруы патогенезінде артериовеноздық синустардың кеңеюі де белгілі маңызға ие. Бұл капиллярлық тордың"ұрлануына" мүмкіндік береді. Соңғысы ишемиялық гапоксия мен қанның вена арқылы етуі бұзылысын күшейтіп, тканьдердің ісінуін арттыра түседі. Бас сақина-сына байланысты бас ауруының пайда болуында, қан тамырларының кеңеюімен қатар, нейрогендік қабьшуға қатысты биологиялық белсеңді затгар алмасуының бүзылуымен қосарлана үшкіл нерв талшықтарының қозуы да маңызды роль атқарады. Оның себебі - үшкіл нерв мидың қатты қабығынан ауырсыну импульсін өткізетін негізгі афференттік жол болып саналады.

    Жіктемесі мен клиникасы

    Бас ауыруы жөніндегі халықаралық қоғам ұсынған жіктемеге сәйкес ауру аурасыз (жабайы бас сақинасы) және ауралы (классикалық, ассоциацияланған бас сақинасы) болып ажыратылады.

    Аура типіне байланысты ауралы бас сақинасы бірнеше түрге бөлінеді:

    1) кәдімгі ауралы бас сақинасы (бұрынғы классикалық, офтальмиялық түрі);

    2) ұзақ әсерлі аурамен білінетін бас сақинасы;

    3) отбасылық гемиплегиялы;

    4) базиллярлық;

    5) бас ауыруынсыз өтетін ауралы бас сақинасы;

    6) кенеттен басталатын ауралы бас сақинасы;

    7) офтальмоплегиялық;

    8) ретинальдық;

    9) балаларда бас сақинасының пайда болуына себепші немесе онымен қосарлана оқтын-оқтын білінетін синдромдар;

    10) балалардағы қатерсіз ұстамалы бас айналу;

    11) балалардағы альтернирленген гемиплегия;

    12) бас сақинасының асқынулары (бас сақинасы ұстамасы, бас сақинасынан болатын инсульт);

    13) жоғарыда келтірілген критерийлерге қатыссыз бас сақинасы аурулары.

    Аталмыш жіктемеде бас сақинасының диагностикалық критерийлері баяндалды. Олар төменде келтірілген клиникалық критерийлермен сипатталады:

    1) бас ауыруының бір жақтан білінуі;

    2) солқылдата ауыру;

    3) аурудың белсенділігін төмендететін және бір қалыпты дене еңбегімен айналысқанда, жүргенде асқынатын ауырсыну қарқыны;

    4) лоқсу, құсу, жарық пен дыбысты жақтырмау тәрізді симптомдардың ең болмағанда бірінің білінуі;

    5) ұстаманың 4-тен 72 сағатқа дейін созылуы;

    6) аталмыш категорияларға сәйкес сұхбат кезінде анықталатын кем дегенде 5 ұстама болуы.

    Ауралы бас сақинасында жоғарыда келтірілгендермен қатар, мына төмендегі белгілер міндетті түрде білінуге тиісті:

    1) аураның бір де симптомының 60 минуттан артық созылмауы;

    2) фокальдық церебралдық дисфункцияны білдіретін аураның бір немесе бірнеше симптомдарының түгелімен жойылуы;

    3) аура мен бас ауыруы басталуының арасы 60 минуттан аз уақытқа созылуы.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта