Главная страница
Навигация по странице:

  • Атипиялық (жай, жабайы) бас сақинасының

  • (офтальмоплегиялық бас сақинасы)

  • (мишықтық бас сақинасы)

  • Емдеу

  • Шашыранқы склероздың анықтамасы, этиопатогенезі, клиникалық ағымына байланысты жіктелуі, диагностикасы және емі.

  • Этиологиясы мен патогенезі

  • Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


    Скачать 228.75 Kb.
    НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
    Дата02.02.2020
    Размер228.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8990945.docx
    ТипДокументы
    #106782
    страница7 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


    Классикалық (кәдімгі, офтальмиялык) бас сақинасы бас ауыруы ұстамаларымен сипатталады. Олардың алдында әдетте міндетті түрде көру бұзылымдарымен (фотопсиялар, өткінші, көбінесе көзі жьтылық-тататын гемианопсиялық скотома) білінетін аура кезеңі байқалады. Кейде аура кезінде гемипарестезиялар, дисфазиялар, физлексиялар, назар аудару мен ойлау қиындауы мүмкін. Аура 5—30 минутқа созылады. Ұзақтығы 30—40 минут үдемелі бас ауыруы пайда болады (гемикрания). Бастың ауыруы күшейген кезде науқас жиі құсады. Құсқаннан кейін бастың ауыруы біртіндеп басылады. Ұстама 2—6 сағатқа созылады. Жүктілік кезеңінде ұстамалар әдетте жиілейді.

    Атипиялық (жай, жабайы) бас сақинасының аурасы ұстама алдында байқалатын психоэмоционалдық бұзылулар (депрессия, масаттану) мен әр түрлі вегетативтік реакциялар (ашығу, шөлдеу, есінеу, лоқсу, тоңғақтық, т.б.) түрінде білінуі мүмкін.

    Мұндай жағдайда кенеттен маңдай-самай аймағында басым ауырсынулар пайда болады. Олар көз аумағына таралады. Ауырсынулар солқылдатып, бұрай сырқырап, уақыт өте келе іштен кернеп, сыздайды. Гемикрания жағында көздің дәнекер қабындағы қан тамырлар білінеді, көз айналасы ісінеді, көз саңылауы тарылады. Науқастар жарық жақ-тырмайды, мұрны бітіп қала береді, лоқсу, жалпы гиперестезия жиі байқалады, кейде дене қызуы көтеріледі (субфебрилитет).

    Ұстама 16—18 сағатқа, кейде тәуліктерге және одан да ұзаққа созылады. Жекелеген жағдайларда ол бірнеше тәулікке созылатын бас сақинасы сипатына ие болады. Ұстама әдетте құсқаннан кейін аяқталады. Ауырсыну біртіндеп басылады. Науқастардың ұйқысы келеді. Ұйқыдан оянған сәтте жалпы әлсіздік байқалады. Жүктілік кезінде жабайы бас сақинасы ұстамалары әдетте тыйылады.

    Жай бас сақинасының варианты түріндегі ассоциацияланған бас сақинасы ұстамалары кезінде әр түрлі ошақты неврологиялық симптоматика анықталады. Бірақ науқастардың әрқайсысына тән бас сақинасы ұстамасының стереотипі болады. Мұндайда көздің сыртқы бұлшық еттерінің парезі және осыған байланысты өткінші дигоюпиямен қабаттасу (офтальмоплегиялық бас сақинасы), кейде пирамидтық кемшілік белгілері {гемиплегиялық бас сақинасы), ым бұлшық еттерінің парезі (прозоплегиялық бас сақинасы) және атаксиялар (мишықтық бас сақинасы), бас айналу (вестибулярлық бас сақинасы) байқалуы мүмкін. Ұстамалар құрсақ маңайының ауырсынуларымен (абдоминалдық бас сақинасы), аландаушылық, қорқыныш, депрессия және т.б.

    түріндегі психоэмоционалдық бұзылыстармен (психикалық немесе дисфрениялық бас сақинасы) қосарлануы ықтимал.

    Бас сақинасының қайсы болмасын әдетте созылмалы түрде өтеді, Оның клиникалнқ көріністері науқастың тұрмыс жағдайы мен гормондық балансына тікелей байланысты оқтын-оқтын қайтадануымен ерекшеледі.

    Емдеу

    Бас сақинасын емдеу бас ауыру ұстамаларын басу мен алдын алуга бағытталған. Патогенездік дәрі-дәрмектердің бірден-бірі ретінде, ауырсыну импульстерін тоқтатып, простогландиндер пайда болуын тежейтін, сонымен қатар серотонин мен гистаминге және кининге қарсы әсері бар ацетилсалицил қышқылын қолданған жөн. Ацетилсалицил қышқылы мен оның туындыларының микроциркуляцияны реттейтін актиагреганттық әсері дс маңызды роль атқарады.

    Жеңіл білінетін ұстамалар кезінде ацетилсалицил қышқылы көпіршікті ерітінді (еритін аспирин) түрінде ұстама басталғаннан 10-15 минуттан ксшіктірмей тағайындалады. Ұстама құсумен қосарланған жағдайда білте (свеча) (20 мг метаклопрамид) қолданған тиімдірек. Ауырырақ байқалатын ұстамаларда тәулігіне 1000 мг

    нан немесе аспирин фортені (500 мг ацетилсалицил қышқылы және 0;5 г кофеин) қолданған жөн.

    Седальгинді (оның құрамында 0,2 г ацетилсалицил қышқылы, 0,05 г кофеин, 0,01 г кофеин фосфаты және 0,025 г фенобарбитал бар). пенталгинді, спазмовералгинді және солпадеинді (әр табдеткасында 500 мг парацетамол, 8 мг кофеин фосфаты, 50 мг кофеин бар) қолдану аркылы тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

    Аталмыш прспараттарды пайдаланған кезде ұлтабар-ішек аурулары (әсіресе, ойық жаралы ауру), қан ағуға. бейімділік, салицилаттар мен аллергияға жоғары сезімділік болмауы керек, өйткені олар ацетилсалицил қышқылын тағайындауға қарсы көрсеткіш болып есептеледі.

    Бас сақинасы ұстамасының алғашқы сағаттарында қан тамырларын ширықтыратын спорыпья (қара күйе) препараттарын тағайындаған тиімды. Осы мақсатта эрготамин гидротартратының 1% ерітіндісін 15— 20 тамшыдан немесе 1 -2 мг таблеткалы түрін, ригетаминді (құрамында 0,001 г эрготамин гидротартраты бар) 1 таблеткадан тіл астына, 1-2 сагаттан ксйін қайтадан, бірақ тәулігіне 3 таблеткадан аз тағайындалады,

    Соңғы жылдары серотонин қатарындағы препараттардың (сулеатриптан-имигран, золмитриптан, авитриптан, ризотриптан, нейротриптан, елетриптан) тиімділігі дәлелденді. Сулеатриптанды әдетте 100 немесе 50 мг-нан (тәулігіне 3 таблеткадан асырмай) ішкізеді немесе 6 мг-нан тері астына жібереді. Препаратты балалар мен 60 жастан асқандарға, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, гипертониямен ауыратындарға қолдануға болмайды.

    Золмитриптан немесе зомиг (2,5 мг, 5 мг) бас сақинасы ұстамасы кезінде кеңейген қан тамырларын тарылтып, үшкіл нерв афференттері деңгейінде ауырсыну импульсациясын тежейді, ми бағаны нейронаралықтарына орталықтан ықпал жасайды.

    Ауыр ұстамаларды тыю үшін (бас сақинасы жағдайы) седативтік және дегидратациялайтын дәрі-дәрмектермен бірге антидепрессанттар тағайындайды. Әдетте препараттар қоспасы пайдаланылады. 2-ден 4 мг-ге дейін седуксеннің 0,5 % ерітіндісін 20 мл глюкозаның 40 % ерітіндісіне қосып, венаға баяу жібереді және ішуге 0,025 г мелинпрамин немесе оның 1,25% ерітіндісі (2 мл), сонымен бірге 2 мл лазикстің 1 % ерітіндісі бұлшық етке жіберіледі.

    Тоқтаусыз құсқан жағдайда, антигистаминдік препараттармен қатар, галоперидолдың (1-2 мл) 0,5 % ерітіндісін немесе трифлуперидолдың (триседилдің) 0,25 % ерітіндісін не трифтазиннің 0,2 % ерітіндісін қолдануға болады.

    Простогландиндер мен кининдер дисбалансы бар менструальдық бас сақинасын емдеу кезінде стероидсыз қабынуға қарсы дәрілер (индо-метацин, метиндол 0,025 г-нан 2-3 рет) немесе бромкриптин (тәулігіне 0,25-5 мг) тағайындалады. Етеккір келуінен 5-7 күн бұрын және циклдың алғашқы күндерінде олардың тиімділігі жоғары болады.

    Ауралы бас сақинасын емдеу комплексіне микроциркуляцияны жақсартатын вазоактивтік препараттарды (ноотроптар, трентал, сермион, т.б.) енгізу қажет.

    Антидепрессантар (0,025 г амитриптилин, 0,002 г клоназепам, 0,001 г антелепсин) астения мен қорқынышты-депрессивтік бұзылулар кезінде тағайындалады.

    Бас сақинасы ұстамалары жиі болған жағдайларда олардың алдын алу үшін көбінесе (айына бір рет) серотонинға қарсы препараттарды (метилсергид немесе дизетил ретард) таблетка түрінде тәулігіне 0,25 мг-нан (0,75 мг-нан біртіндеп 3 мг-ға дейін) тағайындау қажет. Осы мақсатта дигидроэрготамин (0,2 % ерітіндісін күніне 20 тамшыдан) пайдаланылады. Профилактикалық ем 3 айдан кем жүргізілмеуі керек, ол көбінесе 4—6 айға дейін созылады.

    15.3. Вестибулярлы-вегетативтік синдромдар

    Вестибулярлық аппарат рецепторларының шектен тыс қозуынан парасимпатикалық бағытта басым білінетін айқын вегетативтік бұзылулар пайда болады. Оның себебі — вестибулярлық жүйенің вегетативтік, әсіресе парасимпатикалық жүйеге қатысты құрылымдармен байланысты болуы.

    Ұзақ тербеліс, әткеншектер тебу, центрфугада айналу, т.б, әсерінен бас айналу, нистагммен қатар, жалпы әлсіздену, терлегіштік, лоқсу, құсумен, кейде диарреяға дейінгі перистальтиканың күшеюімен білінетін кезбе нерв вегетативтік ядросының шектен тыс қозуына мүмкіндік жасайды. Бұл белгілер көбінесе артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия және тері жамылғыларының қуқылданумен қосарланады, пайда болу себептеріне байланысты оларды теңіз немесе әуе ауруы деп белгілейді,

    Вестибулярлы-вегетативтік синдромның ерекше түрі - Меньер ауруы. Оның клиникасында кенеттен ең алдымен тепе-теңдікті сақтау қабілеті жойылумен қосарлана қайталанатын өте айқын бас айналу ұстамасы білінеді, Соңғысы құлақ шуылы, есту қабілетінің төмендеуі, бірнеше рет құсу, терлегіштік, жалпы әлсіздік және жоғарыда келтірілген парасимпатикалық нерв жүйесінің шектен тыс қозу белгілерімен қосарланады. Ұстама кезінде әдетте көлденең, кейде ротаторлы нистагм пайда болады,

    Ұстама бірнеше минуттан бірнеше тәулікке, көбінесе 2-8 сағатқа дейін созылады. Ұстама соңында науқастар ұйықтап кетеді, алоянысымен біраз уақыт жалпы әлсіздік пен дімкәстікті сезінеді жөне 8—24 сағат ішінде олардың жұмыс қабілеті төмендейді.

    Ұстамалардың қайталануына қатты дыбыстар, иістер, инфекция, шаршау жәие психоэмоционалдық зорлану әсер етеді. Ұстамалар арасы бірнеше сағаттан бірнеше жылға дейін созылады. Әрбір ұстамадан кейін есту қабілеті үдемелі төмендеуі мүмкін. Мұндайда құлақтың дыбыс қабылдайтын аппаратының зақымдануына байланысты ол жоғары жиіліктегі үнге басымырақ білінеді, уақыт өте келе ауырған жағындағы құлағы мүлдем естімей қалуы мүмкін,

    Емдеу холинолитиктер (атропин, платифиллин, скополамин және олардың туындылары - аэрон, дедалон, т.б,), антигистаминді препараттар (димедрол, пинольфен, тавегил, т.б.), седативтік дәрілер мен транквилизаторлар (седуксен, феназепам, т.б.) және В тобындағы витаминдерді пайдалану арқылы жүргізіледі.Кейбір нейролептиктер (аминазин, этаперазин, галоперидол, дроперидол, триэтилперазин) күшті вестибулоплегиялық және құсуға қарсы әсерге ие 0,5 мг мөлшерінде таблетка, балауыз шам тәрізді дәрі және ампула түрінде шығарылатын триэтилперазиннің (торекан) вестибулярлық аппаратқа арнайы әсері болғандықтан, оның шектен тыс қозуы кезінде қолданылады.

    Меньер ауруы кезінде ішкі қүлақ қан тамырларының вегетативтік нервтері бұзылуынан лабиринт шемені шұғыл пайда болуына байланысты дегредатациялайтын емдік шаралар тиімді әсер етеді.

    Қан тамырларын кеңейтуге ықпал жасайтын дәрі-дәрмектер, биостимуляторлар және вестибулярлық аппаратты ширықтыруға бағытгалған емдік гимнастиканы қолданған тиімді.


    1. Шашыранқы склероздың анықтамасы, этиопатогенезі, клиникалық ағымына байланысты жіктелуі, диагностикасы және емі.

    Шашыранды склерозды тұңғыш рет 1868 жылы француз неврологы Шарко дербес нозологиялық түр ретіңде сипаттап, оның патоморфологиялықөзгерістері мен даму ерекшеліктерін толық суреттеген. Шашыранды склероз нерв жүйесі органикалық ауруларының 5—8 %-ын құрайды, көбінесе ауа райы суық елдерде кездеседі, ал тропикалық және субтропикалық аймақтарда сирек ұшырасады.

    Этиологиясы мен патогенезі. Осы күнгі ұғым бойынша шашыранды склероз әр түрлі инфекциялы уытты әсерлерге (егу кезінде организмнің өзіне жат белоктармен қайта кездесуі, қайталанған вирустық аурулар — қызылша, коклюш, грипп, т.б.) туындайтын нейро-аллергиялық ауру ретінде белгілі. Аллергизацияның шашыранды склероздың пайда болуы мен дамуындағы ролін қазіргі заманда көпшілік мойындаған. А. Д. Адо мен А. X. Канчуриннің құтыртатын вирустан болатын аурудың нерв тканін кішкентай теңіз тышқанына қайталап кіргізу арқылы аллергиялық энцефалиттің моделін жасауы сәтті аяқталды. Шашыранды склерозбен ауырғандардың біраз бөлігінің қанынан шұғыл энцефало-миелиттің вирусын бейтараптайтын антидене анықталды (М. С. Маргулис, В. Д. Соловьева, 1943). Кейіннен шашыранды склерозбен ауырғандардың ми-жұлын сұйығынан қызылша, шешек вирустарына қарсы антиденелер табылды.

    Шашыранды склероздың патогенезі ошақтық миелинсіздену (склероздық түйіндақтар) түрінде нерв тканінде арнаулы реакциялардың пайда болуына байланысты. Инфекциялы-аллергиялық көріністер (баспа, тонзилиттер, ревматизм, вазомоторлық ринит, есекжем, демікпе, Квинке ісінуі, дәріден болатын дерматиттер) шашыранды склерозбен ауыратындарда жиі кездесетіндігі ескерілуі керек. Сонымен бірге осы күнге дейін шашыранды склерозға тән патоморфологиялық өзгерістер туғызатын нақты агент табылған жоқ.

    Патоморфологиялық өзгерістер пирамидтық және мишықтық өткізгіштердің миелинсізденуі мен склероздық түйіндақтар (сұр жене қызғылт-сұр түсті тығыз құрылымдар) пайда болуымен сипатталады. Олардың айналасында тамырлы-қабыну реакциялы микронекроздер ошағы байқалады. Түйіндақтар микроскопиялықтан көзге көріну

    деңгейіне дейінгі мөлшерде білінеді. Олар жұлынның бүйірлік бағанында, ми бағанасында және мишықта басым орнығады. Түйін-дақтар аймағында миелинді талшықтардың ыдырауы байқалады да, біліктік цидиндр көбіне зақымданбайды немесе аз зардап шегеді (периаксиалдық үрдіс).

    Шұғыл үрдіс басылғаннан кейін нерв талшықтарының аздаған ремиелизациясы байқалады да, білікті цилиндр арқылы өткізгіштік жеңілдейді. Ол бұрын жойылған функциялардың жартылай қалпына келуіне сәйкес болуы мүмкін.

    Сонымен, шашыранды склерозға байланысты мембрананың миелиндеуші функциясы бұзылып, миелинді ыдырататын күрделі үрдіс пайда болады. Ыдыраған миелин талшықтарының орнында талшықты тыртықтар байқалады.

    Клиникасы. Шашыранды склероздың клиникалық көрінісі пирамидтық және мишықтық бүлінулердің бірігуімен сипатталады. Аурудың алғашқы симптомдарына аяқтың шаршағыштығы, вестибулярлық бұзылымдар (бас айналу, лоқсу), парестезиялар, ауырсыну немесе көру қабілетінің уақытша төмендеуі, сонымен қоса құрсақ рефлекстерінің аса айқын білінбейтіндігі жатады. Шашыранды склеро-дың өршіген кезеңінде аяқтың парезі, патологиялық рефлекстер. атаксиялы жүріс. адиадохокинез, интенционды діріл байқалады. Патологиялық рефлекстер екіжақтан бірдей, сирек бір жақтан білінеді.

    Шашыранды склероздың әдеттегі жағдайларында Шарко үштігі (нистагм, буын-буындарға бөліп, мәнерлеп сөйлеу, арнайы қимылдар кезінде пайда болып, тыныштықта білінбейтін интенционды діріл) анықталады.

    Бас сүйек-ми нервтерінен көбінесе әкеткіш және көз қозғайтын нервтер зақымданады. Олардың зақымдану симптомдары көздің алдына қос көріну немесе көз қарас (назар) парезі (көздің ассоциациялық қимылдарының бұзылуы) түрінде өткінші сипатта болады. Кезбе нервтің қимылдатқыш ядросы зақымданғанда жұмсақ таңдай мен дыбыс байламдарының салдануы пайда болып, жұтыну бұзылады, сөзі мыңқылдақ, бір сазды болып шығады.

    Патогномдық симптомдарының біріне құрсақтық рефлекстердің жойылуы жатады. Әдетте құрсақтық рефлекстер екі жағынан бірдей жойылады немесе олардың кейбіреуі білінбейді, тез әлсірейтіндігі байқалады. Сезімділік бұзылымдар тұрақсыз болғанымен, кейде үстірт және тереңдік сезімділіктің бұзылуы ықтимал. Жамбас қуысы ағзалары функцияларының бұзылуы (зәр шықпай қалу немесе оны ұстай алмау, еріксіз зәр шығару) аурудың алғашқы белгісі болып саналады.Шашыранды склерозбен ауырғандарда көру қабілетінің бұзылуы әр қилы. Кейде көргіштік төмендеу, скотома пайда болу, көз аясы тарылу түрінде білінетін ретробулбарлық неврит тез дамиды. Көру нерві үрпісі самай бөлігінің қуқылдануы жиі байқалады. Көру қабілетінің өзгеруі аурудың алғашқы белгілеріне жататындығын ескерген жөн.

    Шашыранды склерозбен ауыратындарда психикалық бұзылыстар байқалады. Олар ашуланшақ, жылауық болады, есте сақтау қабілеті мен өз жағдайын бағалауы төмендейді.

    Шашыранды склероздың клиникалық белгілерінде өзгеше диссоциациялар (ыдыраушы бұзылыстар) байқалады. Олар: 1) парездің аздап білінуі мен пирамидалық симптомдардың өте айқындығы; 2) тізе рефлексінің солғындығы мен аяқ ұшының ырғақты қимылдауы, патологиялық рефлекстер және бұлшық ет гипотониясы.

    Ми-жұлын сұйығы өзгермейді немесе онда аса айқын білінбейтін өзгерістер байқалуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда аурудьщ өршіген кезінде белок (0,45—0,66 %) пен клеткалардың аздап көбейгендігі байқалады, яғни ми-жұлын сұйығындағы өзгерістер патологиялық үрдістің белсенділік деңгейін көрсетеді.

    Шашыранды склероздың барлық түрлерінің 60—70 %-ын құрайтын церебралды-жұлындық түрінен басқа, оның өзге де түрлері кездеседі.

    1. Қыртыстық түрі психика бүлінуі мен эпилепсиялық ұстамалармен білінеді. Ол өте сирек кездеседі.

    2. Гемиплегиялық түрі сәуле тәжіне, ішкі капсулаға немесе көру төмпешігі аймағына түйіндақтардың орнығуына байланысты. Ол, аурудың басқа түрлеріне қарағанда, шұғылырақ басталады, кейде тіпті инсультте болатын апоплексиялық сипат береді.

    3. Мишықтық түрі қимыл үйлесімінің бүлінуі, мас адамша жүру, мүлт кетумен сипатталады. Бұл түрде Шарко үштігі жиі кездеседі.

    4. Жұлындық түрі, әсіресе шашыранды склероздың алғашқы кезеңінде жиі кездеседі. Оның клиникасы аяқтағы үстірт сезімділіктің аздап бұзылуы мен жамбас қуысы ағзаларының аса білінбейтін бұзылымдарынан аяқтағы үдемелі парездер арқылы сипатталады.

    5. Көздік түрі көру нервінің ретробулбарлық невриті, көру қабілетінің бұзылуы (көргіштіктің төмендеуі және парацентралдық скотома), қос көрінумен айғақталады. Ол түйіндақтардьщ көру нервіне (ретробулбарлы), көз қозғайтын нервтерге орнығуына байланысты. Бүл симптомдар жиынтығы аурудың алғашқы кезеңіңде жиі байқалады.

    Шашыранды склероздьщ диагностикасында Шарко үштігін, көру нерві үрпісі самай бөлігінің қуқылдануын, құрсақ рефлекстерінің білінбейтіндігін және Д. А. Марковтың секстадасын (көру бұзылымдары, вестибулярлық ауытқулар, көз қозғайтын нервтер зақымдануы симптомдарының тұрақсыздығы, пирамидалық жүйенің алғашқы зақымдануы, вибрациялық сезімділіктің оқшау төмендеуі, ми-жұлын сұйығындағы коллолдты-белок диссоциациясы), сонымен бірге олардың ұзақ дамып, анда-санда қайталануын ескеру керек.

    Емдеу. Шашыранды склерозды емдеу кезінде ауыр дене қимылдарьш қажет ететін жұмыстар істемеу, жеткілікті демалыс пен ұйқы, мезгілінде дұрыс тамақтану оңтайлы нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді.

    Шашыранды склероздың инфекциялы-аллергиялық аурулар тобына жататындығын еске ала отырып, аурулар гормондық препараттарды

    (0,3-0,4 мг преднизолон, 0,15—0,2 мг триамцинолон, 0,03—0,04 мг

    дексаметазон) дозаларын біртіндеп төмендете отырьш, бір дүркін қолданған жөн, шұғыл жағдайларда біркеше дүркін инфекцияға қарсы терапияны (уротропин, антибиотиктер) жүргізу керек.

    Жалпы денсаулықты нығайтатын емдік шаралар (витаминдер, дуплекс), аз мөлшерде — 100,0—150,0 мл қан құю жақсы нәтиже береді. Ескі патологиялық ошақтарды таратуға ықпал жасайтын дәрі-дәрмектерді (бийохинол, йодтық препаратгар, лидаза) қолданған да пайдалы.

    Реактивтікке әсер ету мен қайта қалпына келтіру үрдістерін қарқындату мақсатында пирогеналды 25 МПД-дан біртіндеп 300 МПД-ге дейін көбейтіп, бұлшық етке жіберуді (бір дүркінде 10-15 рет) ұсынуға болады. Осы мақсатпен пропермилді де пайдалануға болады.

    Бұлшық еттердің сіреспелік құбылыстарын азайту үшін бір дүркін қылқан ваннасын, сонымен бірге циклодол (0,002 мг), мидокалм (0,05 мг) тағайындауға болады, Дезоксирибонуклеазаны да қолдануға болады. Ол ДНК-лы вирустардың өсіп-өнуін тежейді. Аурудың алғашқы кезеңінде интерферонның оңтайлы әсер ететіні жөнінде мәліметтер бар. Оның вирустарға қарсы-кең көлемде ықпалы болатындығы белгілі.

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


    написать администратору сайта