Главная страница
Навигация по странице:

  • Вернике зонасы)

  • Маңдай бөлігі – тітіркені синдромдары

  • 53. Самай бөлігі зақымдалу синдромдары

  • Төбе бөлігі зақымдалу синдромдары

  • Шүйде бөлігі зақымдалу синдромдары Шүйде бөлік симптомдары

  • 56. Сана бұзылысы деңгейлері. Комалық жағдайлар 1

  • 2 саты (орташа саты) бұл кезде де сананың бұлыңғырт болуы, сіңір рефлекстері күрт төмендеген,көз фоторецепторы әлсіреген,жамбас ағзалардың қызметі бұзылған, патологиялық дем алу байқалады.

  • 3 саты (атониялық кома) сананың толықтай жоғалуы, рефлекстердің мүлдем болмауы, патологиялық дем алу болады.

  • Бульбарный синдром ( бульбарный паралич )

  • 58

  • 59. Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері.

  • Негізгі (базиллярлық) артерия

  • 60. Нерв жүйесі ауруларын диагностикалаудағы параклиникалық аспаптық зерттеудің (РКТ, МРТ, церебральді тамырларды УДЗ, церебральді ангиография, ЭЭГ)маңызы.

  • Зақымдалу деңгейіне байланысты сезімнің бұзылу типтерінің симптомдары (перифериялық, жұлындық, милық) .

  • Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


    Скачать 228.75 Kb.
    НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
    Дата02.02.2020
    Размер228.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8990945.docx
    ТипДокументы
    #106782
    страница3 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді.Науқас сөйлеуді шу ретінде немесе өзіне түсініксіз тілде сөйлеп тұрғандай сезінеді. Науқас көп және тез сөйлейді (логорея), бірақ сөйлеуі басқаларға түсініксіз. Сөйлем мағынасыз, қажетсіз, түсініксіз дыбыстардан (сөздік окрошка) тұратын сөйлеудің бұзылуы. Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамиды.

    52. Маңдай бөлігі зақымдалу синдромдары

    • Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық  параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)

    • Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)

    • Паркинсонизм, сирек гиперкинездер Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені

    • Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)

    • Моторлы афазия (Брок зонасы)

    • «Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)

    • Апатико-абулиялық синдром, маңдай  юморы (мория) эйфория

    Маңдай бөлігі – тітіркені синдромдары

    • Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)

    • Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)

    • Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )

    • Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім).

    • Кіші эпилепсиялық ұстамалар – лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама.



    53. Самай бөлігі зақымдалу синдромдары

    • Есту агнозиясы

    • Жүйелі бас айналу ұстамасы

    • Контралатеральды астазия-абазия

    • Жоғарыквадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде

    • Сенсорлы афазия

    • Амнестикалық афазия

    Самай бөлік – тітіркену симптомдары

    Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге: Иіс сезу (Гешле иірімі) Дәм сезу (аралша бөлігі) есту (жоғарғы самай иірімі) вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері висцеральды (медиобазальды бөлім)

    Түс көрген тәрізді жағдай– ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген

    Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.


    1. Төбе бөлігі зақымдалу синдромдары

      • Анестезия

      • Астереогноз

      • Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті

      • Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау

      • Төменгіквадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде

      • Псевдополимелия

      • Анозогнозия

    Төбе бөлік – тітіркену симптомдары: Соматосенсорлы джексон ұстамасы

    1. Шүйде бөлігі зақымдалу синдромдары

    Шүйде бөлік симптомдары

    -Жоғары квадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)

    -Төменгі квадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)

    -Көру агнозия (сыртқы бөлімі)

    - Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында

    -Акалькулия (санаудың бұзылу)

    -Контралатеральды атаксия

    - Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қ1абылдау– микропсия, макропсия)

    Шүйде бөлік тітіркену синдромы

    - Фотомдар – шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі

    -Кинофильмдер, мультиктер, кадрлар – шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі
    56. Сана бұзылысы деңгейлері. Комалық жағдайлар

    1 Ашық сана

    2 Бұлыңғыр сана науқас сұраққа дұрыс жауап бергенімен, қоршаған айналасын анықтай алмайды.

    3 Ступор (stupor) науқас қоршаған ортасын түсіне бермейді, сұраққа салбырт жауап береді.

    4 Сопор (sopor) науқас үнемі жатады да, тек қатты дыбыстан не айғалағанда ғана жауап береді.

    5 Кома (koma) науқастың ес түссіз, санасыз күйі, кейде рефлекстер мулдем жоғалады.

    Команың сатылары :

    1 саты (жеңіл түрі) бұл кезде естің болмауы, жарық пен дауысқа реакциясы жоқ, бірақ ауырсыну мен нашатырьға реакция бар. Көздің фотореакциясы әлсіз,бұлшық ет тонусы бұзылған,жұтынуы қиын,еріксіз қимылдар байқалады.

    2 саты (орташа саты) бұл кезде де сананың бұлыңғырт болуы, сіңір рефлекстері күрт төмендеген,көз фоторецепторы әлсіреген,жамбас ағзалардың қызметі бұзылған, патологиялық дем алу байқалады.

    3 саты (атониялық кома) сананың толықтай жоғалуы, рефлекстердің мүлдем болмауы, патологиялық дем алу болады.

    4 саты (асқынған кома) өздігінен дем алу бұзылған, бас миының биоэлектрлік белсенділігі бұзылғанына байланысты жүрек қантамыр қызметі де бұзылған.
    57 Бульбарный синдром (бульбарный параличсиндром поражения черепных нервов (языкоглоточного, блуждающего иподъязычного), ядра которых располагаются в продолговатом мозге.

    Бульбарный паралич возникает при двустороннем и, в менее выраженной степени, при одностороннем поражении ядер черепных нервов каудальной группы (IX, X и XII нервов), заложенных в продолговатом мозге, а также их корешков и стволов как внутри, так и вне полости черепа. В связи с близостью расположения анатомических структур продолговатого мозга, изолированные нуклеарные (связанные с поражением ядер) параличи встречаются крайне редко.

    При бульбарном синдроме отмечается дизартрия (нарушение речи, за счёт поражения отвечающих за артикуляцию нервов) и дисфагия (нарушение глотания, за счёт периферического паралича или пареза мышц языкамягкого нёбаглоткинадгортанникагортани). Больные обычно поперхиваются жидкой пищей, иногда не в состоянии произвести глотательное движение. В связи с этим слюна у таких больных нередко вытекает из углов рта. При бульбарном параличе наступает атрофиямышц языка и выпадают глоточный и нёбный рефлексы (вследствие поражения ядер IX и X нервов, которые являются частью рефлекторных дуг вышеуказанных рефлексов). При бульбарной дизартрии голос больных становится слабым, глухим, истощающимся вплоть до полной афонии. Одним из основных принципиальных различий между псевдобульбарным и бульбарным параличом служит то обстоятельство, что парализованные мышцы при псевдобульбарном параличе не становятся атрофированными (признак периферического паралича), в отличие от бульбарного.

    58 Псевдобульбарный синдром — неврологический синдром, обусловленный двусторонним прерыванием корково-ядерных путей. По клинической картине весьма схож с бульбарным синдромом (откуда и название), однако возникает вследствие поражения иных структур мозга и имеет ряд особенностей.

    Для псевдобульбарного синдрома характерна та же триада симптомов, что и для бульбарного синдрома — дизартрия, дисфония, дисфагия. Как и при бульбарном параличе, причиной этих проявлений является нарушение иннервации мышц глотки, мягкого нёба, языка, а также голосовых связок.

    При псевдобульбарном синдроме отмечается более равномерная, чем при бульбарном синдроме, выраженность пареза мышц, иннервация которых обеспечивается черепными нервами каудальной (бульбарной) группы. Парез носит центральный (спастический) характер. При этом тонус мышц повышается, и особенно выраженным бывает расстройство дифференцированных произвольных движений. Атрофии мышц губ и выпадения глоточного и нёбного рефлексов, дуги которых замыкаются впродолговатом мозге, не отмечается. Вместе с тем, при псевдобульбарном синдроме обычно повышается рефлекс с нижней челюсти и появляются рефлексы орального автоматизма.

    Для псевдобульбарного паралича характерно наличие насильственного плача, реже смеха. Больные при этом могут плакать или смеяться по любому поводу. Непроизвольный плач у больного с псевдобульбарным параличом может наступать при оскаливании зубов, при проведении бумажкой по губам и т.п. При псевдобульбарном параличе, в отличие от бульбарного, не наблюдается расстройств дыхательной и сердечно-сосудистых систем, так как патологический процесс не затрагивает витальные центры, развиваясь выше продолговатого мозга.

    59. Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері.

    Ми қан тамырлары зақымдануының клиникалық белгілерін түсіну үшін мидың қанмең қамтамасыз етілу ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Ми қан айналысы екі артериялык жүйе : ішкі ұйқы және омыртқа артерияларымен қамтамасыз етіледі.

    Омыртқа артериялары бұғана асты артериясынан бастальш, мойын омыртқасы көлденең өсінділерінің каналына кіреді де, 1-мойын омыртқасы деңгейінде одан шығады. Соңынан үлкен шүйде тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіріп, сопақша ми астына (табанына) орналасады. Сопақша ми мен варолиев көпірі аралығында негізгі артерияның жалпы бағанасымен қосылады. Әрбір омыртқа артериясынан екі тармақ шығып, төмен қарай жұлынға бағытталады. Олар бірігіп алдыңғы жұлын артериясын құрайды. Сонымен, сопақша ми астында "Захарченконың артериялық шеңберінің" ромбысы қалыптасады, оның жоғаргы бұрышы - негізгі артерияның, ал төменгісі — алдыңғы жұлын артериясының басталған тұсы.

    Ішкі ұйқы артериясы — жалпы ұйқы артериясының тармағы, ол сол жақта — тікелей аортадан (қолқадан), ал оң жақта — оң бұғанаасты артериясынан шығады. Аталмыш артерия бас сүйек қуысына ; үлкен шүйде тесігі арқылы кіріп, одан түрік ершігінің және көру нервтері қилысының екі жағынан шығады. Ішкі ұйқы артериясының тікелей жалғасы — орталық ми артериясы мидың төбе, мандай және самай бөліктерінің арасында сильвиев қыртысы бойымен жүреді. Ішкі ұйқы артериясы ми астында алға қарай тік бұрыш жасап, алдыңғы ми артериясына ұласады. Екі алдыңғы ми артериясы алдыңғы біріктіруші артерия арқылы анастомоз жасайды. Екі артериялық жүйенің (каротидтік пен вертебралдық) байланысы виллизиев артериялық шеңбері арқылы іске асады.

    Негізгі (базиллярлық) артерия екі жақтағы омыртқа артерияларының қосылуы арқылы пайда болып, варолиев көпірінің алдыңғы қырында тағы да екіге бөлінеді де, артқы ми артерияларына айналады, оның әрқайсысы артқы біріктіруші артерия арқылы ішкі ұйқы артериясымен анастомоз жасайды.

    Сонымен, вилизиев шеңбері негізгі (базиллярлық) артерия, артқы ми артериясы, артқы біріктіруші, ішкі ұйқы (орталық ми), алдыңғы ми және алдыңғы біріктіруші артериялардан пайда болады.

    Сонымен, ми қан тамырлары жүйесі құрылымының өзгешелігі қанды бір артерия алабынан (бассейнінен) басқа артериялар алаптарына ауыстыруға мүмкіндік береді.

    60. Нерв жүйесі ауруларын диагностикалаудағы параклиникалық аспаптық зерттеудің (РКТ, МРТ, церебральді тамырларды УДЗ, церебральді ангиография, ЭЭГ)маңызы.

    Электроэнцефалография (ЭЭГ) — мидың электрлік қуатын басының зақымданбаған сыртқы қабаты арқылы жазып зерттеу (тіркеу). Жалаңаштанылған мидың биопотенциалдарын жазып тіркеуді электрокортикография деп атайды.

    ЭЭГ ми құрылымдарындағы патологиялық өзгерістердің мөлшерін, оның қызметі бұзылуының қаншалықты асқынғандығын, сондай-ақ мидың әр бөлігінде және тұтас алғанда электрлік белсенділігінің сипатын анықтауға көмектеседі. Эпилепсия және басқа да эпилепсиялық талмалар, мидағы ісіктер, қан-айналым бұзылуы, түрлі жарақаттар мен қабыну процесі кезінде ЭЭГ әдісі арқылы алынған деректер ми ауруларын анықтау барысында ерекше орын алады.

    Компьютерлі томография – рентгенологиялық зерттеулердің ерекше түрі. Компьютерлі томография кабинетіне кірген кезде, емделушіге жайлы және кең киім кию ұсынылады. Бұл тексеріс кезінде киімнің шешілу қажеттілігі туындағанда қолайлы

    • Талмалары бар науқастарға

    • Жиі бас аурулары бар науқастарға

    • Сөйлеу бұзылыстары бар науқастарға

    • Жұтыну бұзылыстары бар науқастарға

    • Бет ,қарашық ассиметриясы бар науқастарға

    • Ұстамалары бар науқастарға

    • Емдеудін эффектілігін бағалау үшін

    Компьютерлі томографияға қарсы көрсеткіштер

    Компьютерлі томографияға негізінен, қатаң түрдегі қарсы көрсеткіштер жоқ. Тексеріс аз мөлшердегі сәулелік қуатпен байланысты болғандықтан, жүкті әйелдер мен кішкентай балаларға жүргізу кезінде, әрбір нақты жағдайларға баса көңіл аударған жөн.

    МРТ -Магниттік-резонансты томографияның практикалық медицинада қолданылатын магнитті өрісінің қуаттылық диапазоны емделуші үшін ешқандай зияны жоқ. Сондықтан, диагностикамен қатар, ауруды емдеу барысында динамикалық бақылау үшін де жиі қолданылады

    МРТ әдістерінің артықшылықтары және мүмкіндіктері

    МРТ – бас және жұлын миы, омыртқа, буындар, іш қуысы (асқазан және ішекті қоспағанда) және кіші жамбас бөлігі ауруларын диагностикалауда ең тиімді әдістердің бірі. МРТ көп жағдайда, диагностиканың нақтылау әдістері ретінде қолданылады.

    МРТ-ның басты артықшылығы – жоғары деңгейлі жұмсақ тінді контрасттың болуы (қарама-қарсы заттардың енгізілуінсіз түрлі жұмсақ тіндердің сапалы медициналық суреттерін алуға жағдай жасайтын) және сәулелік қуаттың болмауы. Алайда, МРТ өкпе, асқазан, ішек және сүйекті түсіруде қолданылмайды.

    2-деңгей сұрақтары

    1. Зақымдалу деңгейіне байланысты сезімнің бұзылу типтерінің симптомдары (перифериялық, жұлындық, милық). Перифериялық: 1. Мононевриттік синдром - сыртқы нервтің жекеленген біреуінін зақымдануы. Зақымданған нерв бағанасына байланысты аймақта сезімталдықтың барлық түрі жойылады немесе бәсеңдейді. Ол тұста ауырсыну және басқа да жайсыздық сезіну жиі кездеседі. 2. Полиневриттік синдром - сыртқы нервтердің ең тысқары үштарының зақымдануы нәтижесінде қол мен аяқтың төменгі тұста. Сезімділіктің сыртқы нерв жүйесі зақымдануына байланысты бұзылу типі. Аяқ пен қолдың төменгі жақтарында «шұлық», «ұйық», «қолғап» тәрізді гиперестезия не-месе анестезия пайда болады.3. Өрімдік синдром — нерв өрімдерінің зақымдануына байла-нысты сезімталдықтың бұзылуы. Зақымданған нерв өрімдерінің құрамына кіретін нервтерге қатысты аймақта сезім деңгейі бұзы-лып гиперестезия, гипестезия немесе анестезия болуы мүмкін.4. Түбірлік синдром — жұлынның артқы түбіршіктерінің зақымдануы арқылы сезімталдықтың бұзылуы. Ауырсыну деңгейі денені белдеулей қоршайды, қол-аяқты ұзына бойлап алған тәрізді сезініледі, анестезия, гипестезия немесе гиперестезия белгілері де осылайша бейнеленеді. Жұлындық:. 1. Сегменттгік артқы муйіз синдромы - жұлынның сұр заты-ның артқы мүйізі зақымдануына байланысты сезімталдықтың бұзы-луы. Мұндайда тиісті дерматомаларда ауырсыну және ыстық-суық-ты сезіну жойылады да жанасу және терең сезімталдық сақталады, яғни сезімділіктің бөлініп ыдырауы (диссоциация) байқалады. Егер жұлынның мойын немесе жоғарғы кеуде тұсындағы сегменттерінің артқы мүйізі бір жағынан зақымданса,ауырсыну мен ыстық-суық-ты сезінбеу «жартылай күрте» тәрізді болып келеді. 2. Коммиссуральдық-сегменттік синдром - жүлын сұр заты-ның тұтасқан жерінің аддыңғы жағы, яғни ауырсыну мен ыстық-суық сезімталдығын өткізетін жолдың көру төмпешігіне дейінгі аралығының айқасқан тұсы зақымдануы. Осыған байланысты дерматомалардың екі жағынан симметриялы түрде ауырсыну мен ыстық-суык сезілмейді де жанасу және терең сезімталдык сақталады. 3. Өткізгіштік жұлын синдромы - жұлынның көлденеңінен немесе бүйір және артқы бағаналары зақымданғанда кездесетін сезімталдықтың бұзылуы. Жұлынның зақымданған тұсының төменті аймақтарында анестезия немесе гипестезия. Жұлынның артқы бағаналары зақынданғанда терең сезіну қабілеті (бұлшық ет-буын, діріл, шаншу, басу, салмақ) сол тұстан төмен қарай жоғалады. Алайда ауырсыну және ыстық-суықты сезіну қабі-леті сақталады. Мұны жұлынның артқы бағана синдромы деп атайды. 4. Броун-Секар синдромы - жұлынның көлденеңінен жартылай зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы. Дененің терең сезім қабілеті жұлынның зақымданған жағындағы тұсында жойылады да қарама-қарсы жағында үстірт сезіну қабілеті тежеледі. Жұлынның зақымданған тұсынан жоғары миға қарай се-зімталдықты өткізу қабілеті жойылады. Милық: - мидың әр түрлі құрылымдарының зақымдануынан пайда болатын сезімталдықтың бұзылуы. 1. Ми бағаны синдромы - ми бағаны зақымданғанда кездесетін сезімталдық бұзылуы. Әдетте сезімталдықтың бұзылуы гемиане-тезия немесе гемигипестезия деңгейінде дененің зақымданған жаққа қарама-қарсы бөлігін қамтиды.Сопақша ми зақымданған жағдайда үшкіл нервтің төмен қарай бағытталған түбірі мен сезімталдық өткізгішінің жұлын мен көру төмпешігі аралығы бұзылады. Сондықтан ауырсыну және ыстық-суықты айыру сезімі мидың зақымданған жағына сәйкес бетте және қарама-қарсы денеде, қол-аяқта жоғалады (алмасушылық синдромы).2. Көру төмпешігі синдромы — көру төмпешігі зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы. Көру төмпешігінің зақымданған жағына қарама-қарсы дене бөлшектерінде сезімталдықтың барлық түрлері бұзылады. Әсіресе сезімталдықтың терең түрлері, ги-перпатия құбылысы байқалады. Дене мүшелері оқыс қақсап, күйіп-жанады, мұздайды, кейде аса жайсыз «кеміреді», гемигипестезия және сенситивтік гемиатаксия белгілері қоса пайда болады.З.Капсулдық синдром — мидың ішкі капсуласының артқы бәлі-мінің зақымдануы кезінде кездесетін сезімталдық өзгерістері. Сезімділіктің барлық түрлері мидың зақымданған жағына қарама-қарсы гемигипестезия немесе гемианестезия. Олар көпшілік жағдайда гемипарез немесе гемиплегия қосарлана кездеседі. 4. Ми қыртысы синдромы - ми жарты шары қыртысындағы арт-қы сара ирелеңмен жоғары төбе бөлігі зақымданған кезде пайда болатын сезімталдықтың ауытқуы. Ми қыртысы артқы сара ирелеңі әдетте тегісінен зақымданбайды. Сол себепті зақымданған жаққа қарама-қарсы аяқта немесе қолда сезіну бәсендейді (моногипе-стезия) немесе жойылады (моноанестезия). Әсіресе.. сезімталдықтьщ терең немесе күрделі түрлері бұзылады. Сезімталдыктың бұзылу сипаттары аяқ пен қолдың ұшында басымырақ (айғағырақ) болады.Ми қыртысының артқы сара ирелеңі тітіркенуі дененін қарама-қарсы жағында кенеттен парестезия құбылысын қоздырады. Дене бөлігі күйіп-жанып, сұққыланып, жайсызданып ұйып қалады. Егер-де тітіркеніс сара ирелеңнің алдыңғы жағына таралатын болса, дененің қарама-қарсы жағында тырыспалы қимыл әрекеттері (Джек-сон разряды) көрініс береді.



    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта