Главная страница
Навигация по странице:

  • Топикалық ошақтың локализациясын анықтаңыз. (под вопросом) Қолда-бүгу, аяқта-жазу.Науқаста сезімталдық бұзылысының қай типі анықталған

  • Зерттеу әдісін өткізіңіз.

  • Экстензорлық немесе жазылу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері

  • Топикалық диагнозын анықтаңыз. Жұлынның бел буылт. деңг. зақымдСалдану түрін және сезімталдық бұзылысының типін анықтаңыз.

  • Топикалық ошақтың орналасуын анықтаңыз .Жұлынның кеуде сегм. деңг.Салданудың түрін анықтаңыз

  • Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі.

  • Зақымдану деңгейін анықтаңыз. Шеткі нерв зақымд. Кіші жіліншік нервінің зақымд. Салданудың түрін анықтаңыз

  • Арука невро. Повреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы (иы нервіні компрессиясы)


    Скачать 0.89 Mb.
    НазваниеПовреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы (иы нервіні компрессиясы)
    Дата08.02.2022
    Размер0.89 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАрука невро.docx
    ТипДокументы
    #354812
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Есеп №5

    Науқасты қарап тексергенде анықталғаны: сол аяқ-қолында белсенді қимылдардың толық болмауы, бұлшық ет тонусы сол аяқтың жазу бұлшық еттерінде және сол қолдың бүгу бұлшық еттерінде жоғарылаған. Терең рефлекстер сол жақта жоғарылаған, сол аяқ басының клонусы анықталады, патологиялық Бабинский симптомы сол жақта оң, бұлшық ет күші сол аяқ-қолында 0 балл, бұлшық ет атрофиясы жоқ. Беткей сезімталдық денесінің сол жағында және сол аяқ-қолында төмендеген.

    Топикалық ошақтың локализациясын анықтаңыз.

    Науқаста сезімталдық бұзылысының қай типі анықталған?

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Топикалық ошақтың локализациясын анықтаңыз.

    (под вопросом) Қолда-бүгу, аяқта-жазу.

    Науқаста сезімталдық бұзылысының қай типі анықталған?

    (под вопросом) Церебральді тип, ішкі капсула зақымд(оң жақта)

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезектілікпен, коммуникативті компетен цияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі

    Мысалы науқас қолын бүгіп тұрады. Қолын дәрігердің ашуына қарсылық білдіреді. Дәрігер күшпен қолын жазу арқылы күшін анықтайды.

    6 баллмен өлшенеді

    0сал болып қалу

    1 әзер пайда болатын қимылдар

    2 ептеп қимылдау, бірақ аяқ қолын көтере алмау

    3аяқ қолын көтеру

    4бұлшықет күші азайғанмен қимылы толық

    5қалыпты

    Қол ұшы саусақтарын динамометрмен өлшейді.

    Экстензорлы патологиялық рефлекстерді зерттеу әдістемесі

    Экстензорлық немесе жазылу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – теріні аяқтың әр тұсынан тітіркендіргенде бас бақай жазылуы, басқа бақайлардың бір-бірінен алшақтауы.

    Бабинский рефлексі-Табан астын үшкір затпен сызғанда пайда болады.

    Оппенгейм рефлексі- Бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.

    Гордон рефлексі- Науқастың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді

    Шеффер рефлексі- Өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы көрініс береді

    Карпорадиальды рефлексті зерттеу әдістемесі

    Карпорадиальный рефлекс (периостальный) – легкое сгибание руки в локтевом суставе и пронация кисти при ударе по шиловидному отростку лучевой кости. При исследовании рефлекса руки исследуемого согнуты в локтевых суставах под слегка тупым углом и свободно располагаются на его бедрах или врач удерживает левой рукой кисть исследуемого, а другой наносит удар молоточком. Дуга рефлекса: C5 – С8 сегменты.

    Буын-бұлшық ет сезімталдығын зерттеу әдістемесі

    Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.

    Аяқ басы және тізе тостағаншасының клонусын зерттеу әдістемесі

    Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.

    Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.

    Есеп №6

    Науқастың аяқтарында қимыл жоқ.

    Объективті: аяқтарында сіңір рефлекстері анықталмайды, аяқ бұлшық еттерінің атрофиясы, шап қатпары деңгейінен төмен сезімталдықтың барлық түрлері төмендеген.

    Топикалық диагнозын анықтаңыз.

    Салдану түрін және сезімталдық бұзылысының типін анықтаңыз.

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Топикалық диагнозын анықтаңыз.

    Жұлынның бел буылт. деңг. зақымд

    Салдану түрін және сезімталдық бұзылысының типін анықтаңыз.

    Аяқтарында шеткі парапарез, сыртқы нерв зақымдану типі.

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Күрделі сезімталдықты зерттеу әдістемесі



    Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

    Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.

    Ахиллов рефлексті зерттеу әдістемесі

    Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы


    Иықтың екі басты бұлшық еті рефлексін зерттеу әдістемесі

    Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.

    Беткей сезімталдықтың зерттеу әдістемесі

    Сезімталдықтың барлық түрлерін тексеру кезінде науқастың көзі жұмулы болуы керек!

    Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді. Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия; Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия; Жанасуды сезінбеу – анестезия

    Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.

    Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.

    Есеп №7

    Науқас клиникаға аяқтарының салдануымен жеткізілді.

    Қарап тексеру кезінде: аяқтарында белсенді қимылдар жоқ, аяқтарында бұлшық ет тонусы жоғарылаған, тізе және ахилл рефлекстері күшейген, бұлшық ет атрофиясы жоқ. Екі жақты аяқ басы клонусы анықталады және патологиялық Бабинский симптомы екі жақты оң.

    Топикалық ошақтың орналасуын анықтаңыз.

    Жұлынның кеуде сегм. деңг.

    Салданудың түрін анықтаңыз

    Орталық парапарез

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компетен цияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Флексорлы патологиялық рефлекстерді зерттеу әдістемесі

    Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі.

    Россолимо рефлексі- ІІ-V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы көрініс береді.

    Бехтерев І рефлексі- Аяқ ұшының үстін ІV бақай тұсында неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

    Бехтерев ІІ рефлексі- Өкшені немесе бас бармақ томпағын неврологиялық балғамен соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.

    Жуковский-Корнилов рефлексі- Табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

    Терең сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.

    Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанна әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25г дейін айырмашылық байқалады.

    Кинестикалық сезімталдылық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажаырата алуы керек.

    Діріл сезімталдылығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін сұрайды. Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия. Камертонның дірілін сезбеу-апаллестезия.

    Батыру – сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр д.а. аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қ.ж. батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.

    Иықтың екі басты бұлшық етінің рефлексін зерттеу әдістемесі

    Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.

    Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.

    Аяқ басы клонусын зерттеу әдістемесі

    Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.

    Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.

    Есеп №8

    Науқас келіп түскенде оң аяқ басының әлсіздігіне, жүрісінің қиындауына, балтыр бұлшық еттерінің арықтауына шағымданады.

    Қарап тексергенде: оң аяқ басы салбыраған, жүрісі «степпаж», науқас аяқ басын жаза алмайды, бірақ бүге алады. Оң аяқтың өкшесімен тұра алмайды. Оң аяғында перонеальды бұлшық ет топтарының гипотрофияланғаны анықталады.

    Зақымдану деңгейін анықтаңыз.

    Шеткі нерв зақымд. Кіші жіліншік нервінің зақымд.

    Салданудың түрін анықтаңыз.

    Шеткі монопарез.

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Ахиллов рефлексін зерттеу әдістемесі

    Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы

    Төртбасты бұлшық ет рефлексін зерттеу әдістемесі

    Тізе рефлексі – тізені тізе тобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.

    Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

    Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.

    Беткей сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Сезімталдықтың барлық түрлерін тексеру кезінде науқастың көзі жұмулы болуы керек! Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді. Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия; Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия; Жанасуды сезінбеу – анестезия

    Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.

    Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.



    Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі

    Мысалы науқас қолын бүгіп тұрады. Қолын дәрігердің ашуына қарсылық білдіреді. Дәрігер күшпен қолын жазу арқылы күшін анықтайды.

    6 баллмен өлшенеді

    0сал болып қалу

    1 әзер пайда болатын қимылдар

    2 ептеп қимылдау, бірақ аяқ қолын көтере алмау

    3аяқ қолын көтеру

    4бұлшықет күші азайғанмен қимылы толық

    5қалыпты

    Қол ұшы саусақтарын динамометрмен өлшейді.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта