Есеп №15
Науқас клоникалық тырысу ұстамаларына шағымданады, оң аяқ басының тартылуынан басталады, кейін оң қолға және беттің оң жағына таралады. Ұстама 1-2 минутқа созылады.
Зақымдану ошағын анықтаңыз?
Алдыңғы ортаңғы ирелең. Гагарин Джексон
Науқасқа қандай қосымша зерттеу әдістерін өткізуге болады?
ЭЭГ, МРТ
Зерттеу әдісін өткізіңіз.
Ахилл рефлексін зерттеу әдістемесі
| Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы
|
| Қорғаныш рефлекстерін зерттеу әдістемесі
| Шартсыз рефлекстерге туа біткен және іс әрекеттердің белгілі бір түріне ғана лайықты рефлекстер жатады.Олар жабайы(қорғаныс рефлекстері ) және аса күрделі (инстинкт, автоматты түрдегі қимыл әрекеттер ) болуы мүмкін.
Үстірт рефлекстер теріні , көздің мөлдір қабығын немесе кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді. Олар:
Көздің мөлдір қабығының рефлексі - көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.
Көз шырышты қабығы рефлексі - көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.
Жұмсақ таңдай рефлексі - қалақшамен немесе түтікше оралған қағаздың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырғанда оның өзінің және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.
Жұтқыншақ рефлексі- қалақшамен жұтқыншаққа жанастыру кезінде жөтел немесе құсу әрекеттері қимылы пайда болу.
Қорғаныс рефлекстері бақайларды шымшып ,шаншып, шұғыл бүктеп қалу арқылы білінеді.
Егер аяқ сал болып қалса жамбас, тізе және жіліншік буындары тегіс бүгіліп қалады(қысқару реакциясы). Сол мезетте бүгілу тұрған екінші аяқ түзеліп кетеді(ұзару реакциясы) – Мари –Фуа-Бехтерев рефлексі.
|
| Патологиялық флексорлы рефлекстерді зерттеу әдістемесі
| Россолимо рефлексі- ІІ-V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы көрініс береді.
Бехтерев І рефлексі- Аяқ ұшының үстін ІV бақай тұсында неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
Бехтерев ІІ рефлексі- Өкшені немесе бас бармақ томпағын неврологиялық балғамен соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.
Жуковский-Корнилов рефлексі- Табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
|
| Экспрессивті сөйлеуді зерттеу әдістемесі
| Экспрессивті сөйлеу
• Спонтанды сөйлеу. Науқасқа өзінің ауруы, жұмысы немесе отбасы туралы егжей-тегжейлі баяндауды ұсынады. Егер ол осы тапсырманы орындай алмаса, тексеру диалог арқылы жүргізіледі: науқас оның ауруына, жұмысына немесе отбасына қатысты нақты сұраққа қысқаша жауап беруі тиіс.
* Қайталанған сөйлеу. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірден, жұбымен қайталау. Бұл ретте орнына немесе айтылу тәсіліне ұқсас дыбыстарды таңдау қажет, мысалы: "б", "п", "г", "к" – қатаң, "ш", "з", "щ", "х" – саңылау, "т", "д", "н", "л" – алдыңғы тілді, "м", "п", "б" – еріндік. "Б-п", "т-д", "г-к", "л-л", "л-к", "м-н", "л-н"қайталау үшін үнсіз дыбыстардың жұптары. Дауыссыз буындардың жұптары: "ба-па", "да-та", "та-ка", "то-до", "ра-ла", "да-та-ла", "да-та-ла". Қарапайым (мысалы, "изба", "лес", "холод" және т.б.) және артикуляцияға қиын сөздерді қайталау (мысалы, «полковник», «половник», «портной», «кораблекрушение»). Тіркестерді (мысалы, «По небу летит самолет») және жаңылтпаштарды қайталау («На дворе трава, на траве дрова»).
* Автоматтандырылған сөйлеу • Есептеу, апта, ай күндерін айту (тікелей және кері тәртіппен).
* Көрсетілген заттарды олардың бейнелері бар суреттер бойынша атау, суреттердегі іс-әрекеттерді атау.
|
| Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі
| Қол бұлшық етінің күшін зерттеу әдістемесі
Дәрігер бұлшық еттердің белсенді қимыл мөлшерін анықтау кезінде олардың жиырылу күшін көрсетеді. Сырқат адам қимыл әрекеттерін белгілі бір бағытта өзгертіп , мысалы қолын бүгіп немесе жазып , жұдырығын түйіп т.б. отырады да сол қалпында бар күшімен дәрігердің осы қозғалысты күшпен өзгертуіне қарсылық білдіреді. Айталық , шынтақтан бүгілген қолдың қарсылығын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап , күшпен жазуға тырысады.
Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді. Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В). Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Вендерович сыны. Сырқат шынашағын қозғалтуға әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды. 9.Аяқ бұлшық етінің күшін зерттеу әдістемесі
Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.
Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.
|
| Есеп №16
Науқас ауыр жүк көтергеннен кейін пайда болған бел аймағындағы және оң жақ аяғындағы, әсіресе оң аяғының алдыңғы бетінің ауырсынуына шағымданады, емделмеген, соңғы кезде оң аяғында әлсіздік байқалып, қозғалыс кезінде ауырсыну күшейген.
Объективті тексеру: бел аймағында бұлшықет дефансы, анталгиялық қалып анықталды, оң аяғында санның алдыңғы сыртқы бетінде терең және үстірт сезімталдық төмендеген және 3 баллға дейін әлсіздік, сан бұлшықеттерінің гипотрофиясы анықталды, оң жақта тізе рефлексі шақырылмайды, оң жақта Мацкевич және Вассерман созу симптомдары оң.
Қозғалыс қызметі мен сезімталдықтың бұзылу типін анықтаңыз? Перифериялық (гипотрофияға және арефлексияға байланысты) монопарез (тек оң аяқта) Түбіршектік тип (терең және үстірт сезімталдық төмендеген)
Топикалық диагнозды анықтаңыз? 3-4ші бел түбіршіктерінің комрессиясы
Төменде көрсетілген кесте бойынша зерттеу әдістемесін жүргізіңіз
Тәжірибелік манипуляциялар
| Манипуляцияны орындау кезектілікпен, коммуникативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады
| Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі
| Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
| Буын-бұлшық еттік сезімді зерттеу әдістемесі
| Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады. Қай саусақты , қай буынды істеп отырмын деп сұрау қажет
| Тізе рефлексін зерттеу әдістемесі
| Тізе рефлексі – тізені тізе тобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады
| Мацкевич жане Вассерман симптоидарын зерттеу адистемелери
| Мацкевич –Ишинен жаткызысын да тизе буынында буккенде санынын алдынгы бетинде ауыруы
Вассерман ишинен жаткызып тик турган аякты козгалтканда саннын алдынгы бети ауыруы
| Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі
| Дәрігер бұлшық еттердің белсенді қимыл мөлшерін анықтау кезінде олардың жиырылу күшін көрсетеді. Сырқат адам қимыл әрекеттерін белгілі бір бағытта өзгертіп , мысалы қолын бүгіп немесе жазып , жұдырығын түйіп т.б. отырады да сол қалпында бар күшімен дәрігердің осы қозғалысты күшпен өзгертуіне қарсылық білдіреді. Айталық , шынтақтан бүгілген қолдың қарсылығын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап , күшпен жазуға тырысады.
Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді. Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В). Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Вендерович сыны. Сырқат шынашағын қозғалтуға әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды.
Төменгі Барре сынамасында
Сырқат көзін жұмып шалқасынан жатқызылады да екі аяғын 60° шамасында созып, еңісте (Е) немесе ол етпетінен жатып аяқтарын тізеден бүгіп-ұстап тұруға (F)тырысады. Осындай жағдайларда сырқат әлсіреген аяғын сол қалпында ұстап тұра алмайды.
| ЕСЕП 17
Науқас бұрын спортсмен болған, яғни армрестлингпен айналысқан, оң қолында біртіндеп пайда болған әлсіздікке, әсіресе 4 және 5 саусақтарында ұю сезімі мен ауырсынуға шағымданады.
Объективті тексеру: оң жақ қолында 4 және 5 саусақтарда сезімталдықтың барлық түрлері мен бұлшықет күшінің төмендеуі байқалады, жұдырықты түйгенде, 4-ші және 5-ші саусақтары бүгілмейді, алақаны гипотрофияланған, қолы «когтистая».
Сезімталдықтың бұзылу типін көрсетіңіз? Мононевриттик(тек шынтақ нерві), перифриялык тип(шеткі нерв)
Қай нерв зақымдалған? Шынтақ нерві зақымдалуы
Қарау кезінде науқаста қандай синдром анықталды: Шынтақтық тунельді синдром (ұю сезімі)
Төмендегі кесте бойынша зерттеу әдістемесін жүргізіңіз.
Тәжірибелік манипуляциялар
| Манипуляцияны орындау кезектілікпен, коммуникативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады
| Температуралық сезімталдықты зерттеу әдістемесі
| Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.
| Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі
| Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
| Буын-бұлшық еттік сезімді зерттеу әдістемесі
| Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады. Қай саусақты , қай буынды істеп отырмын деп сұрау қажет
| Кинестетикалық сезимталдыкты зерттеу әдістемесі
| Кинестетикалык деген ауру адамнын терисин устап ары бери жылжытасын кози жумулы турганда сосын сурайсын кай багытта козгап турмын деп ол билуи керек жогарыга томенге деген сиякты
| Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі
| Қол бұлшық етінің күшін зерттеу әдістемесі
Дәрігер бұлшық еттердің белсенді қимыл мөлшерін анықтау кезінде олардың жиырылу күшін көрсетеді. Сырқат адам қимыл әрекеттерін белгілі бір бағытта өзгертіп , мысалы қолын бүгіп немесе жазып , жұдырығын түйіп т.б. отырады да сол қалпында бар күшімен дәрігердің осы қозғалысты күшпен өзгертуіне қарсылық білдіреді. Айталық , шынтақтан бүгілген қолдың қарсылығын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап , күшпен жазуға тырысады.
Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді. Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В). Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Вендерович сыны. Сырқат шынашағын қозғалтуға әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды.
| Есеп №18
Науқас тағам қабылдаған кезде жұтынуының бұзылуына, дауысының қарлығуына, жүрісінің бұзылуына шағымданады.
Объективті қарап тексеру кезінде: бетінің оң жағында және денесінің сол жағында беткей сезімталдықтың төмендеуі (температуралық және ауырсыну) анықталады. Терең сезімталдық сақталған; гипофония, жұмсақ таңдай қозғалысының шектелуі, оң жақта жұтқыншақ рефлексінің болмауы анықталды.
Сезімталдықтың бұзылу типін көрсетіңіз?
Церебральдық тип. Ми бағаны синдромы. Сопақша ми бұзылысы.
Науқасты қарап тексергенде анықталған синдромды атаңыз?
Алмасушылық синдромы - температуралық және ауырсыну сезімі мидың зақымданған жағында бетте және қарама-қарсы денеде, қол-аяқта жоғалады.
Зерттеу әдісін өткізіңіз.
Критерилер
| 15 балл
| Тәжірибелік манипуляциялар
| Манипуляцияны орындау кезектілікпен, коммуникативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады
| Температуралық сезімталдықты зерттеу әдістемесі
| Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.
| Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі
| Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
| Буын-бұлшық еттік сезімді зерттеу әдістемесі
| Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады. Қай саусақты , қай буынды істеп отырмын деп сұрау қажет
| Жұтыну рефлексін зерттеу әдістемесі
| Ширатылған қағаз түтікті немесе шпатель арқылы көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ таңдайға тигізіп , жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл жағдайда жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі, жұтқыншақ бұлшықеттері жиырылады.
| Салмақ сезімталдығын зерттеу әдістемесі
| Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанна әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25г дейін айырмашылық байқалады.
| Барлығы
|
| |