Главная страница
Навигация по странице:

  • Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, І V және V бақайларының бүгілуі.

  • Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру

  • Кинестикалық сезімталдылық.

  • Көру аясын зерттеу әдістемесі

  • 36. Көру аясын сүлгімен зерттеу әдістемесі

  • . Импрессивті сөйлеуді зерттеу

  • Ортаңғы құрсақ аймағы рефлекстері

  • Ромберг кейпінде тепе теңдікті тексеру

  • Арука невро. Повреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы (иы нервіні компрессиясы)


    Скачать 0.89 Mb.
    НазваниеПовреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы (иы нервіні компрессиясы)
    Дата08.02.2022
    Размер0.89 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАрука невро.docx
    ТипДокументы
    #354812
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Есеп №9

    Науқас ауруханаға оң аяқ-қолының әлсіздігіне, жүрісінің бұзылуына шағымданып келді.

    Қарап тексергенде анықталды: оң аяқ-қолында күш екі баллға дейін төмендеген, терең рефлекстері жоғарылаған, аяқ бұлшық еттері қалыпты, оң жақта патологиялық рефлекстер және аяқ басы клонусы анықталады. Беткей сезімталдық оң аяқ-қолында төмендеген. Гемианопсия анықталады.

    Зақымдану деңгейін анықтаңыз. Сол жақтық ішкі капсула зақымд.

    Сезімталдық бұзылысының типін анықтаңыз. Церебральді тип

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компетен цияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

    .Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

    Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.

    Екі басты бұлшық ет рефлексін зерттеу әдістемесі

    Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.

    Флексорлы патологиялық рефлекстерді зерттеу әдістемесі

    Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі.

    Россолимо рефлексі- ІІ-V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы көрініс береді.

    Бехтерев І рефлексі- Аяқ ұшының үстін ІV бақай тұсында неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

    Бехтерев ІІ рефлексі- Өкшені немесе бас бармақ томпағын неврологиялық балғамен соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.

    Жуковский-Корнилов рефлексі- Табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

    Терең сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Терең сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.

    Салмақты сезіну.Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанна әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25г дейін айырмашылық байқалады.

    Кинестикалық сезімталдылық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажаырата алуы керек.

    Діріл сезімталдылығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін сұрайды. Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия. Камертонның дірілін сезбеу-апаллестезия.

    Батыру – сығуды сезіну.Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр д.а. аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қ.ж. батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.

    Көру алаңдарын зерттеу әдістемесі

    Көру аясын зерттеу әдістемесі

    Әрбір көздің аясы периметр көмегімен жеке-жеке тексеріледі. Периметрге жарық жақсы түсіп тұруы керек. Сырқат жарыққа арқасын беріп отырады. Көру аясын тексеру кезінде көз қозғалмау керек. Ол үшін сырқат көзін аспаптың ортасындағы ақ нүктеге қадап отырады. Дәрігер периметрдің әр жағына сырқатқа бетін қаратып, оның көз алмасының ауытқымауын қадағалай отырып, ұшы аққа боялған арнайы таяқшаның көмегімен әрбір көздің көру аясының сыртқы, ішкі және жоғарғы, төменгі көру аясын анықтайды.

    Көру аясын тексеру нәтижесін сырқат шежіресіне былайша жазады.

    Оң көз Сол көз

    60 60
    90 + 60 60 + 90
    70 70

    Төмектен тұра алмайтын сырқаттардың көру аясы шамамен анықталады. Ол үшін дәрігер сырқаттың қарсы алдына отырып, өзінің көзіне тура қарауды ұсынады да сұқ саусағын оның көзіне таяп, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқаттың саусақтың қозғалу аясын қаншалықты айырып тұрғанын байқайды. Егер дәрігер өзінің саусағын сырқаттан бұрын көретін болса, сырқаттың көру аясы тарылғаны.
    36. Көру аясын сүлгімен зерттеу әдістемесі

    Ол үшін дәрігер сырқаттың қарсы алдына отырып, өзінің көзіне тура қарауды ұсынады да, науқас бір көзін жауып тұрады, дәрігер сүлгіні екі шетінен ұстап тұрады. Науқас сүлгінің тура ортасын тауып, қолымен көрсетеді. Қалыптыда ортасын тура тауып, сүлгіні екі жағын беттестіріп бүктегенде, сүлгінің екі шеті бір-бірімен беттеседі.

    Есеп №10

    Науқас шұғыл түрде ауруханаға «жедел жәрдем» бригадасымен оң аяқ-қолының жансыздануына және әлсіздігіне, АҚ жоғарылауына, сөйлеуінің бұзылуына шағымданып жеткізілді.

    Неврологиялық статусында: АҚ=190/90 мм с.б.б. Дизартрия. Оң жақ аяқ-қолында күші екі баллға дейін төмендеген, терең рефлекстер жоғарылаған, аяқ бұлшық еттері қалыпты, оң жақтан патологиялық рефлекстер және аяқ басы клонусы анықталады. Оң жағында гемигипестезия.

    Зақымдану деңгейін анықтаңыз. Сол жақ жарты шарға қан құйылу

    Салданудың түрін анықтаңыз. Оң жақтық гемипарез.

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады.Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.

    Үшбасты бұлшық ет рефлексін зерттеу әдістемесі

    Шынтақ жазылу рефлексі – неврологиялық балғамен үш басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан жазылуы

    Қол басы патологиялық рефлекстерін зерттеу әдістемесі




    Аяқ басы клонусын зерттеу әдістемесі

    Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.

    Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.

    Импрессивті сөйлеуді зерттеу әдістемесі

    . Импрессивті сөйлеуді зерттеу

    • Фонематикалық есту. Науқасқа ажырату үшін алдын ала нұсқаулықпен жақын фонемалар беріледі: "ба-па", "да-та", "са-за", егер науқаста экспрессивті сөйлеу бұзылса, оларды қайталау керек, ал сөйлеу моторикасы бұзылса оң қолын "ба", да", "за" (сыңғыр) буындарына көтеру керек.

    * Сөздердің мағынасын түсіну. Науқасқа дәрігер атаған суреттерді немесе дененің бөліктерін (мұрын, көз, құлақ) бір–бірден немесе жұп (бәліш–телефон, құлақ-мұрын) көрсетуді ұсынады. "Гусеница", "заусеница", "бочка", "почка", "дочка" сияқты сөздердің мағынасын түсіндіру тапсырмасы беріледі.

    * Күрделі логикалық-грамматикалық конструкциялардың мағынасын түсіну: салыстырмалы («Оля темнее Сони, но светлее Кати. Кто самый светлый?»), қайтарымды возвратных («Земля освещается Солнцем или Солнце освещается Землей?») атрибутті («Отец брата и брат отца – одно и то же?»).

    * Қарапайым және күрделі нұсқаулықтарды түсіну және орындау • ("Үстел бойынша 3 рет ұстаңыз, қарындаштың астына қойыңыз, сол құлақтың оң қолының көрсеткіш саусағымен түртіңіз" және т.б.).


    Есеп №11

    Ауруханаға келіп түскен науқаста тетрапарез анықталды. Науқас өзін күте алмайды. Қол және иық белдеуі бұлшық еттері арықтаған, қолдарында терең рефлекстер шақырылмайды, бұлшық ет тонусы төмендеген. Аяқ бұлшық еттері қалыпты. Аяқта терең рефлекстері жоғары, екі жақтан да патологиялық рефлекстер шақырылады: Бабинский симптомы, Россолимо және аяқ басы клонусы анықталады. Құрсақ рефлекстері анықталмайды.

    Зақымдану ошағын анықтаңыз. Жұлынның мойын буылтығы деңг. зақымд.

    Парездің түрін анықтаңыз. Қолда-шеткі, аяқта-орталық.

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компетен цияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Беткей сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Үстірт сезімталдықты зерттеу әдістемесі

    Сезімталдықтың барлық түрлерін тексеру кезінде науқастың көзі жұмулы болуы керек! Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді. Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия;Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия;Жанасуды сезінбеу – анестезия

    Құрсақ рефлекстерін зерттеу әдістемесі

    Ортаңғы құрсақ аймағы рефлекстері теріні кіндіктің екі жағынан тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің жиырылуы.

    Төменгі құрсақ аймағы рефлекстері шапты тітіркендіру арқылы құрсақтың төменгі

    жағындағы бұлшық еттердің жиырылуы.

    вызываются штриховым раздражением кожи живота ниже реберной дуги, параллельно ей - верхний брюшной рефлекс

    Үш басты бұлшық ет рефлексін зерттеу әдістемесі

    Шынтақ жазылу рефлексі – неврологиялық балғамен үш басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан жазылуы

    Барре сынамасын зерттеу әдістемесі

    Жоғарғы Барре сынамасында бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі

    Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды.
    6.Төменгі Барре сынамасында бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі

    Сырқат көзін жұмып шалқасынан жатқызылады да екі аяғын 60° шамасында созып, еңісте (Е) немесе ол етпетінен жатып аяқтарын тізеден бүгіп-ұстап тұруға (F)тырысады. Осындай жағдайларда сырқат әлсіреген аяғын сол қалпында ұстап тұра алмайды.

    Аяқ басы және тізе табақшасы конусын зерттеу әдістемесі

    Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.

    Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.

    Тізе рефлексі – тобықты неврологиялық балғамен с оққанда төрт басты бұлшық еттің ширығуына байланысты аяқтың тізеден жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның 3-4 бел сегменттерінде тоғысады.


    Есеп №12

    Науқастың неврологиялық көрінісінде атаксия, интенционды діріл, нистагм, адиадохокинез, Бабинский асинергиясы, мәнерлеп сөйлеу, атаксиялық жүріс анықталады.
    Зақымдану деңгейін анықтаңыз. Мишықтың ортасындағы табаны зақ.

    Атаксияның түрін атаңыз. 2Динамикалық атаксия (дене шайқала береді).

    Зерттеу әдісін өткізіңіз.

    Критерилер

    15 балл

    Тәжірибелік манипуляциялар

    Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады

    Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

    .Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

    Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.

    «Стюарт-Холмс» қарсы соққысын зерттеу әдістемесі

    Кері жұлқынуы (созылуы) болмайтын симптом (Стюарт-Холмс симптомы). Сырқат көлденеңінен бұрылған қолын бар күшімен шынтақ буынынан бүгеді (білек пен қол ұшы пронация күйінде, жұдырығы түюлі), дәрігер оның білезінен жазуға тырысады. Дәрігердің қарсылығы кенеттен тоқтаған сәтте тексерілуші кеудесін қолымен қатты соғып алады. Сау адамда мұндай құбылыс

    болмайды, өйткені антагонистер тез қарсылық жасап соғылудың болмауын қамтамасыз етеді.

    Ромберг қалпын зерттеу әдістемесі

    Ромберг кейпінде тепе теңдікті тексеру. Сырқат табандарын қатарластырып, екі қолын алдына алақанымен төмен созып, екі аяғынан әуелі көзін ашып, одан кейін жұмып тік тұрады.

    Ромберг тәсілінің күрделі түрін тексеру үшін : a) сырқат бір табанын екінші табанының алдына бір сызық бойымен әуелі көзін ашып, одан кейінжұмып тұра қояды. B) басын кезекпен екі жағына, алға, артқа бұрып, екі табанын бір біріне қатар тиістіріп, көзін ашып, одан кейін жұмып тұрады.б) аяғының ұшымен тұрады. Г) бір аяғын көтеріп, көзін ашып, одан кейін жұмып тұрады.

    Егер мишықтың жарты шарының біреуі зақымданса сырқат сол зақымданған жаққа қарай теңселеді немесе құлап кетеді. Мишықтың табаны зақымданған болса кез келген жаққа , көбіне шалқалап құлайды. Көзбен бақылау атаксия құбылысына айтарлықтай әсер етпейді.

    Саусақ-мұрын сынамасын зерттеу әдістемесі

    больному предлагают дотронуться указательным пальцем до кончика носа с открытыми глазами, затем с закрытыми. На стороне поражения наблюдаются следующие симптомы: промахивание, интенционный тремор, гипо или гиперметрия

    Диадохокинезді зерттеу әдістемесі

    Диадохокинез сынамасы (әдісі) Сырқат екі қолын алға созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданса бұл қимылдар бытырыңқы, баяу, қолайсыз болып білінеді.(адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында аталған құбылыстар басым болады.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта