Главная страница
Навигация по странице:

  • 29. Болжам және оның түрлері.

  • 30.Тәуелсіз тұжырымдалған зерттеу тақырыбына сәйкес, оның тұжырымдамалық аппаратын қалыптастыру

  • 31.Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.

  • 33.Экспериментке дейінгі және квазизксперименталды жоспарлар

  • 35.Негізгі жиынтық және таңдау.

  • Эксперименталдыпсихологияпрактикумыкурсыныңпәніменміндеттері. Экс псих РК1. Практикум Эксперименталдыпсихологияпрактикумыкурсыныпніменміндеттері


    Скачать 89.87 Kb.
    НазваниеПрактикум Эксперименталдыпсихологияпрактикумыкурсыныпніменміндеттері
    АнкорЭксперименталдыпсихологияпрактикумыкурсыныңпәніменміндеттер
    Дата11.11.2021
    Размер89.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЭкс псих РК1.docx
    ТипПрактикум
    #268937
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    Эксперимент әдісі.

    Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

    Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

    Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық  эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның  психикалық  ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы  (гипотеза)  болуы тиіс.Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

    Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.

     29. Болжам және оның түрлері.

    Болжам дегеніміз-белгілі бір объектінің болашақтағы, жай күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зертеп дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау қоғам өмірінің барлық саласында теорамен практиканы байланыстырып тұратын өте манызды түйін болып саналады.

    1. Болжау – грек тілінен аударғанда «алдын-ала білу» дегенді білдіреді. Өзінің зерттейтін обьектісінің сипатына қарай болжаудың түрлері де көп, енді соларға тоқталайық:

    1) Әлеуметтік –экономикалық болжам халықтың өмір сүру деңгейінің динамикасын, табысын, халықтың азық-түлік өнімдері мен өндірістік емес товарларды тұтынуын, әлеуметтік инфраструктура салаларының дамуын, демография, халықты еңбекпен қамту, жалпы әлеуметтік салаға қатыстының барлығын зерттейді.

    2) Әлеуметтік –саяси болжам елдің саяси даму бағытын, қоғамды демократияландыру процесін, оған кең халық қабатының қатысу мәселелерін, ірі саяси проблемаларды қоғамның кең қабатының мүдделерін есепке ала отырып шешілу жағдайларын зерттейді.

    3) Әлеуметтік-мәдени болжам әлеуметтік мәні бар құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен ережелерін, идея, сенім мен әдет-ғұрыптар жүйесін зерттейді.

    4) Экономикалық болжам халық шаруашылығының даму перспективасын, оның салаларын, өндірістің орналасуын, өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, оның жаңа түрлерін игеруді, өндірісті қаржыландыру мәселелерін зерттейді.

    5) Ғылыми-техникалық болжамдар ғылыми-техника прогресс жетістіктерін, зерртеудің, техника мен технологияның жаңа түрлерінің дамуы мен қолданылуын, ҒТП салдарын қарастырады.

    30.Тәуелсіз тұжырымдалған зерттеу тақырыбына сәйкес, оның тұжырымдамалық аппаратын қалыптастыру: зерттеудің өзектілігі, оның мақсаты мен міндеттері, мәселе, нысаны, пән, гипотеза, әдістері

    Зерттеуші, өз зерттеуін ұйымдастырып және жүргізе отырып, екі негізгі функцияны орындайды, біріншіден, адамзат жинақтаған білімді жүйелейді, жинақтайды, екіншіден, ғылымды толықтыратын, байытатын жаңа белгісізді үйренеді. Бұл функциялар әрдайым сақталады, тек қоғамдық өмірде, зерттелген мәселелерде, әдістерде өзгерістер болған кезде олардың мазмұны ғана өзгеретін жұмыс.

    Зерттеудің ғылыми аппаратының компоненттерін түсіну үшін алдымен не екенін анықтау керек.

    «Ғылыми зерттеу» және «ғылыми зерттеу аппараты». Ғылыми зерттеу - бұл танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі, жаңа білімді дамыту процесі; объективтілігімен, репродуктивтілігімен, дәлдігімен сипатталады; екі деңгейге ие - эмпирикалық және теориялық.
    Ғылыми зерттеу аппаратының негізгі компоненттері: 1. Зерттеудің өзектілігі. 2. Зерттеу қайшылығы. 3. Зерттеу проблемасы. 4. Зерттеу нысаны. 5. Зерттеу пәні. 6. Зерттеудің мақсаты. 7. Зерттеу гипотезасы. 8. Зерттеудің мақсаттары. 9. Зерттеу әдістері.

    Зерттеудің өзектілігі - оның дәрежесі қазіргі кезде және осы жағдайда осы мәселелерді шешу үшін сұрақ немесе тапсырма .
    Зерттеу пәні ең маңызды болып табылады зерттеу объектісінің қасиеттері мен қатынастары, олардың білімі мәселені шешу үшін ерекше маңызды .

    Зерттеудің мақсаты - көзделген мақсат зерттеу нәтижесі.
    Зерттеу гипотезасы ғылыми негізделген зерттеу пәнінің құрылымы туралы, оның элементтерінің табиғаты және олардың байланыстары туралы, қызмет ету және даму механизмі туралы болжам.

    Зерттеудің мақсаттары - бұл тәсілдер мен құралдарды таңдау болжамға сәйкес мақсатқа жету. Тапсырмаларды тұжырымдау зерттеу мақсатын кіші мақсаттарға бөлуге негізделген.

    31.Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.

    Бақылау деп – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған объектінің

    жүріс - тұрысының бақылап тіркеуге алуын айтамыз ғылыми эмперикалық

    әдіс ретінде бақылау әдісі XIX ғасырдың соңынын бері

    клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық даму психологиясында, ол XX

    ғасырдың басынана бастап еңбек психалогиясында адамның табиғи жүріс-

    тұрыстын бақылауды қажет ететін барлық орындарда қолданыла батады.

    Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі

    бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші

    сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде

    оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

    Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі.

    Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен

    қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты

    зерттеуші тіркеуге алып отырады.

    Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы

    бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады.

    Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды.

    Мысалы: агрессивтілік.

    Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы:

    аудио-видио аппаратура т.б.

    Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті

    болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол

    этикалық нормаға жатады.

    32.Эксперимент жүргізудің этикасы.

    Бүгінде тесттер – психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақтесттерінің объективті және субъективті әдістерінің арасында сыналатындардың өзесептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тестерді орындауда тестіденөткізудің нәтижесіне, әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса, саналынемесе сансыз әсер ете алады. Алайда объективті тестер де бар. Оларға жобалаутестерді жатқызуға болады.Тестің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажетемес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді.

    Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оныңэмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған суретберіледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтиджесінде сыналушыныңпсихикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тестер психологтың кәсібидайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын, сыналушының интеллектуалдыдамуының жоғары болуын талап етеді. Қазір тест әдісі психологияда басқа әдістермен қатар қолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, беліглі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық

    деңгейін анықтауға қолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы – негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тестер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып мектеп оқушыларының жетістіктерін, интеллектуалдық дамуын көптеген басқа да

    қалыптасқан сапалардың деңгейін тест арқылы өлшеу оқу-тәрбие тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады. тест әдісі психологияда да, педагогикада да кеңінен қолданылады. Кей жағдайда педагогикалық тестті психологиялық тестілеуден ажырату Егер тесттің педагогикалық астары туралы айтатын болсақ, ең алдымен үлгерім тестін қолдануды көрсетуге болады: оқу, жазу, арифметикалық амалдар сияқты қарапайым ептілік тесті кең қолданылады. Тест зертеу әдісі ретінде күнделікті үлгерімді практикалық тестілеумен білім деңгейін анықтап, оқу материалын меңгерцдің сапасын

    Тәжірибеде тестілік тапсырмалардың көптеген түрлері қолданылады: Америкада тестологиялық өндіріс саласы ерекше дамыған. Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қоданылады. Адамдардың белгілі бір қызмет түрлеріне жарамдылығына ол емтихан болып табылады. қазір электронды есептеу

    машиналарының “адам-машина” жүйесінде компьютерлік бағдарламалар кең көлемде дамып келеді. Оқушылардың үлгерімін анықтау тесті, адамдардың кәсіби жарамдылығы мен бейімділігін анықтайтын тест жиі қолданылады.

    33.Экспериментке дейінгі және квазизксперименталды жоспарлар

    Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар арасында айырмашылықтар бар. Экспериментке деінгі жоспарлар психологиялық ғылымның бұрынғы рудименттері болып табылады. Ал квазиэкспериментальды жоспарлар бүгінгі күннің және көптеген зерттеушілердің ойынша ертеңгі күннің атрибуты. Экспериментке дейінгі жоспарлар бұл классикалық зерттеуге қойылатын талаптарды қабылдамайтын және белгілі схемамен жүргізілетін зерттеу. Себеп – бұл талаптарды білмеу.

    Квазиэкпериментальды жоспарлар эмпирикалық зерттеулер жүргізудегі өмір шындықтарын тіркеу амалы. өмір шарттары және экспериментатордың практикалық тапсырмалары көбіне «шынайы эксперимент» жоспарларын және сыртқы айнымалықтарды бақылау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейді.

    Квазиэксперимент тек қолданбалы проблемаларды ғана шешуге емес сонымен қатар ғылыми зерттеуді жүргізуде қолданылады. Классикалық еңбектің авторлары Кокс пен Кэмпбелл квазиэкпериментальды жоспарлаудың негізгі теоритикалық принциптерін қалыптастырды. Квазиэкспериментальды жоспар одан да артық жоспар қолдануға болмайтын кезде қолданылады. Экспериментке дейінгі жоспарлар иллюстрациялар ретінде қолданылады. Ғылыми зерттеулер практикасында мүмкіндік болғанша оларды қолданбаған жөн.

    34.Бақылаудың өтілу барысы мен техникасы.

    Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақсаяхатлабораториядағышеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларкестелерфотосуреттерсұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл Бақылаудың мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап Бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Машиналы бағдарламалап Бақылау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады. Техника құралдар оқушылардың білімін тексеру, Бақылау және өзін-өзі Бақылауда қолданылады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі Бақылауы өте қажет. Өзін-өзі Бақылау олардың игерген оқу бағдарламасы, материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі Бақылау арқылы оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Оқыту процесінде Бақылаудың жаппай, топтық және дербес формалары бар. Жаппай Бақылауда барлық оқушыларға мазмұны бірдей сұрақтар немесе тапсырмалар беріледі, орындалған жұмыстарды олар тексеріп, іске асырады. Топтық Бақылауда зерттелетін оқушылардың белгілі бір тобы тапсырмалар орындайды. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын анықтайды. Дербес Бақылау бағдарламалап және дифференциялап оқыту барысында жақсы нәтиже береді.[

    35.Негізгі жиынтық және таңдау.

     Таңдау әдісі — зерттеу объеқтісі өдетте саны жағынан ондаған мың немесе одан да көп адамдардан тұратын болған жағдайда қолданылады. Әлеуметтік мәселелерді зерттеуде колданылатын талдау әдісін дұрыс түсіну үшін бірқагар түсітік-терминмен таныскан жөн: зерттеу объеқтісін толығымен алғанда оны негізгі жиынтық (генеральная совокупность) деп атады- Ол жиынтықтың тандау бірлігі (жікжарғысы, белгісі), зерттелетін белгілі бір көкейтесті мәселеге байланысты анықталады және ол белгінің мазмүны әркашандада әлеумепік ортаньщ өзінде болады. Зерттелетін мәселеге қагысы бар әлеуметтік топтың үзын саны — зерттелетін мәселеге байланысты өтетін зерттеудің объеқтісі (негізгі жиынтығы) болын есептеледі. Зерттеу уақытында ондаған, жүздеген мың адамнан түратын негізгі жиынтықты толык сұрап шығу мүмкін емес. Сондықтан, олардың ішінен 1 — 2 мыңдай ғана адамды таңдап алу керек. Бұл таңдалған топ (жиынтық) негізгі жиынтықтың басты ерекшеліқтерінің кішірейтілген үлгісі (микроүлгісі) сияқты болуы керек. Кейбір жағдайларда тандау бірлігі ретінде жеке адам ғана емес, жеке өндіріс орындары, мекемелер, жанұялар кіруі мүмкін. Тандаудың түрлері: 1) ықтималдық тандау; 2) мақсаттынық тандау. Тандаудың ықтималды түрі әлеуметтік ғылымдардың тұрлі салаларында қолданынатын ықтималдылықпен байланысты.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта