Эксперименталдыпсихологияпрактикумыкурсыныңпәніменміндеттері. Экс псих РК1. Практикум Эксперименталдыпсихологияпрактикумыкурсыныпніменміндеттері
Скачать 89.87 Kb.
|
10.Эксперименталды психологияның міндеттері. Эксперименталды психологияның мақсаты- студенттерді эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады. «Эксперименталды психология» курсыныңміндеттері: психология дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқада эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту; психологиялық экспериментті жоспарлап, және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту; эксперименталды зертеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі; ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау. «Эксперименталды психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет: эксперименталды психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек; эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек; психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымда\рды білуі керек; теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек; психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек. «Эксперименталды психология» пәнін оқыту нәтижесінде студентмеңгеруі қажет: практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек; түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек; психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек; зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек. 11. Психологиялық теорияның құрылымы. Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған неіздер; негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; табиғи құбылстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Қазіргі таңда психология өзінің ғылым екендігін дәлелдеді. Сондықтан ғылым болғаннан психологиялық әдістер ғылыми әдістер болып табылады. Ғылым – ақиқатты анықтайтын, нәтижесі жаңа білім беретін адам іс - әрекетінің жетістігі. Ғылыми білімнің пайдалылығы, тиімділігі, тәжірибелілігі оның ақиқаттығының жетістігінен туындайды. Ғалым немесе ғылыми қызметкер – ақиқатты анықтау, шындыққа көз жеткізу критериімен өзінің іс - әрекетін қалыптастыратын маман болып есептеледі. Сондай – ақ «ғылым» сөзі қазіргі таңда ғылыми әдістерді қолдану нәтижесінде алынған білімнің жиынтығы болып табылады. Ғылыми іс- әрекеттің нәтижесі құбылыстар мен процестерді түсіндіру шындықты сипаттау болып табылады. Ғылыми ізденістің идеалды формасы заңдылықты ашу оны теориялық түсіндіру. Ғылым білім жүйесі және адам іс - әрекетінің нәтижесі ретінде толықтылығымен, жүйелілігімен, сенімділігімен сипатталады және әдістерімен сипатталады. Бұл әдіс рационалды болуы керек. Ғылыми бірлестіктің мүшесі болған адам бұл ғылыми іс - әрекеттің құндылығы ғана болып қарамай, ғылыми әдісті жалғыз тәсіл деп қолдануы керек. Зерттеудің нормасы дегеніміз не? Бұл сұраққа Т. Кунның «қалыпты ғылым» түсінігін қолдана отырып жауап беруге болады. Ол ғылымның екі қалпын революциондық фаза және қалыпты ғылым фазасын бөліп көрсетеді. Қалыпты ғылым бұрынғы ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеудің түрі. Қазіргі таңда сирек болса да оқулықтардың алғашқы формасында кездеседі. Қалыпты ғылым «парадигма» түсінігімен байланысты. Парадигма заң, теория әдіс және оны тәжірибеде қолдану нәтижесінде жалпы қабылданған ғылыми зерттеу үлгісі. Парадигманың өмір сүруінің белгісі болып табылады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыпттары В. Вупдттын жұмыстары мен оның ғылыми мектептерінде кездеседі. Ғылыми зерттеу процесі мынадай құрылымда болады. 1. Болжамды қою. 2. Зерттеуді жоспарлау 3. Зерттеуді өткізу 4. Зерттеудің интерпретациясы 5. Болжамды растау немесе терістеу 6. Болжамның терістелуі нәтижесінде жаңа болжамның пайда болуы. Жаңа ғылым ғылыми қағиданы немесе болжам қою нәтижесінде туындайды, ол индуктивті немесе шығармашылық түрінде дүниеге келеді. Ол эксперимент нәтижесінде дәлелденеді. Жаңа білім басқа жолмен де, эмпирикалық яғни байқау әдісі арқылы және теоретикалық индуктивті ойды рационалды зерттеу арқылы пайда болады. Ғылыми зерттеудің талаптары: 1. Ғылыми зерттеу мәселесінің актуальдылығы (көкейкестілігі) зерттеу үшін оны таңдауға негізгі аргумент болып табылады. Зерттеудің актуальдылығы дәл қазіргі уақытта, өз уақытында, сол күнгі қажеттілікке мәселені шешу міндеттілігін білдіреді. 2. Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы мәселенің өзіне қатысты емес ұсынылған шешімге қатысты сипаттама. Зерттеудің жаңашылдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құрылады. 3. Ғылыми зерттеудің практикалық мәні дегеніміз – мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс-жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады. Психологияда эксперимент теориялық мәліметті анықтау үшін жүргізіледі. Теория білім жүйесінде ақиқаттың қайшылықсыз жолы болып табылады. Теорияның элементтері бір – бірімен логикалық байланыста болып келеді. Оның мазмұны белгілі бір ереже бойынша көптеген пікрлермен түсініктер негізінде құралады. Теоретикалық білімнің бірқатар түрлері кездеседі: Болжамдар, заңдылықтар, модельдер, классификациялармен типологиялар, әрбір теорияның мынандай негізгі компоненттері бар: 1. Эмприкалық негіздер (фактілер, эмпирикалық заңдылықтар) 2. Базис – теорияның идеялды обьектісін сипаттайды (аксиома, постулат, болжамдар) 3. Теорияның логикасы-логикалық қорытынды ережесі. 4. Теориялық білімдер. Теориялық білімнің компоненттері әртүрлі жолмен дүниеге келеді. Теорияның эмпирикалық негіздері эксперимент пен бақылаудың нәтижесінен алынады. Постулаттар мен қағидалар интуиция нәтижесінде туған ойдың рационалды дәлелдейді. Құрылымы бойынша теориялар аксиомалы және гипотетика – индуктивтік болып бөлінеді. Аксиомалық теориялар дәлелдеуді қажет ететін аксиомалар жүйесінен құрылады. Гипотетика – дедуктивтік, индуктивтік негіздегі эмперикалық негіздегі қағидалардан құралады. Теориялар сапалық математикалық аппаратсыз, формализацияланған, формальды болып бөлінеді. Сапалық теорияларға сапалық теорияларға психологтар А.Маслоудың мотивация концепциясын Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясын, Дж.Гипсонның қабылдаудың экологиялық концепциясын жатқызады. Формализацияланған теориялар математикалық аппарат қолданылатын – Д.Хоманстың когнитивтік баланс теориясы Ж.Пиаженің интеллект К.Левиннің мотивация теориясын формальды теория кездеседі. Д.Раштың тестің стохостикалық теориясы (IRT-пункті таңдау теориясы) ол психологиялық-педагогикалық тестілеудің нәтижесін шкалалауда қолданылады. Теория шындықты сипаттау үшін ғана емес шындықты қандай құбылысын айта алады және бұл болжам қандай мөлшерде дәл келеді, сол үшін де құрылады. Белгілі бір уақытта эксперименталды зерттеудің нәтижесін түсіндіретін екі немесе бірнеше теориялар қатар өмір сүреді. Мыс. жеке адам психологиясында тұлғаны сатысын көрсететін бірнеше теория бар. Айзенктің, Кеттелдің факторлы моделі және «үлкен бестік» моделі (большая пятерка). 12. «Фасад», «Плацебо» эффектілері тәжирибеде қолдана алу Бүгінде тесттер – психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттерінің объективті және субъективті әдістерінің арасында сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тестерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне, әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса, саналы немесе сансыз әсер ете алады. Алайда объективті тестер де бар. Оларға жобалау тестерді жатқызуға болады. Тестің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтиджесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тестер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын, сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді. Қазір тест әдісі психологияда басқа әдістермен қатар қолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, беліглі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық деңгейін анықтауға қолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы – негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тесттер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып айқындай алмайды. Мектеп оқушыларының жетістіктерін, интеллектуалдық дамуын көптеген басқа да қалыптасқан сапалардың деңгейін тест арқылы өлшеу оқу-тәрбие тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады. тест әдісі психологияда да, педагогикада да кеңінен қолданылады. Кей жағдайда педагогикалық тестті психологиялық тестілеуден ажырату мүмкін емес. Егер тесттің педагогикалық астары туралы айтатын болсақ, ең алдымен үлгерім тестін қолдануды көрсетуге болады: оқу, жазу, арифметикалық амалдар сияқты қарапайым ептілік тесті кең қолданылады. Тест зертеу әдісі ретінде күнделікті үлгерімді практикалық тестілеумен білім деңгейін анықтап, оқу материалын меңгерцдің сапасын тексереді. Тәжірибеде тестілік тапсырмалардың көптеген түрлері қолданылады: Америкада тестологиялық өндіріс саласы ерекше дамыған. Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қоданылады. Адамдардың белгілі бір қызмет түрлеріне жарамдылығына ол емтихан болып табылады. қазір электронды есептеу машиналарының “адам-машина” жүйесінде компьютерлік бағдарламалар кең көлемде дамып келеді. Оқушылардың үлгерімін анықтау тесті, адамдардың кәсіби жарамдылығы мен бейімділігін анықтайтын тест жиі қолданылады. Психологиялық әдістердің бірі - модельдеу.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қодану қиындығында ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелігі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан, оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын. Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзарар байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қоданылады. Техникалық моделдеуде зертеудегі елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық модельдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық модельдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негілген. Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды модельдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданылатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көщге елестетуге және сипаттауға болады. Сұхбаттасу әдісі. Танымның кеңінен таралған құралдарының түріне психологияда сұхбаттасу әдісі жатады. Сұхбаттың мақсаты – жауап берушінің сөзінен объективтік және субъективтік деректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады: 1. “Бетпе-бет” – сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты; 2. Сырттай сұхбат – анкета. Ол өз бетінше толтырылады. Ауызша сұхбат психологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі әдіс болып табылады. оны әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдаланып келеді. Бірақ сұхбаттасуға алғашқы ақпаратты жинау әдісі ретінде біршама шектеулік тән. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан-жақты: - зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу мәселесі бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады; - сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс. Қалыпты сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар және олардың бірізділігі алдын ала анықталып, барлық жауап берушілерге мазмұны бірдей болады. Зерттеушіге кейбір сұрақтардың мазмұнын өзгертуге немесе жаңа сұрақтар енгізуге, сұрақ беру тәртібін өзгертуге болмайды. Қалыптан тыс сұхбаттың әдістемесі керісінше, толық икемді, кейбір өзгерістерді енгізуге болатындығымен сипатталады. Зертеуші сұхбаттың жалпы жоспарын басшылыққа алады, нақты жағдайларға сәйкес сұрақтың атын, сұрақтың қойылу тәртібін өзгертуге құқы бар. Әңгімелесу – сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте, әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қоданғаннан зертеу тиімді болатынын ескерген жөн. Анкета әдісі – арнайы жасалынған сұрақтардың көмегімен жаппай материал жинау әдісі. Соңғы кезде психологияда бұл әдіске ерекше мән беріліп, тез арада респонденттерді жаппай сұрауға мүмкіншілік туды, әдістемесі тиімді және жиналған материалды автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Анкета-мәселені шешу үшін арнайы сұрақтар дайындалатын эмпирикалық әлеуметтік психологиялық әдіс. Анкетаны дайындау үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Мұнда 30 - 40 минуттан артық уақыт берілмейді. Ол жазбаша, ауызша, жеке және топтық түрде жүргізіледі. Анкета әдісінің (сырттай сауал жүргізу) өзінің ерекшеліктері бар. Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталастарын туғызатын мәселелерге олардың қатынасын анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп адамға жаппай сұрау жүргізу қажет болғанда ғана анкета әдісі қолданылады. Анкета қалыпты сұхбаттасуға қарағанда көп жағдайда құпиялылығына толоықтай кепілдік береді, сондықтан да сұралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз жауап береді. Бірақ анкетаны белгілі бір жұмыс гипотезасынсыз жүргізуге болмайды. Сауалнама – зерттелгендерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшіліктері де бар. Сауалнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты. Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың. Еркін сауал – жазбаша және ауызша сауалнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әр түрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзөгеріп отырады. Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама мәселелеріне тірелдік. Бр жағынан, бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты. Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: “Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады?” Психологияның қалыптасуы және дамуы барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталады. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет? Американдық ғылыми әдебиеттерде “Архивтік әдіс” термині қолданылады. Онда сыналушының іс-әрекетін бақыламай, оның күнделік жазбаларына, еңбек нәтижелеріне, оқу және шығармашылық іс-әрекетінің жазбаларына көңіл бөледі. Ал Отандық психологияда ол іс-әрекет нәтижесін талдау немесе праксиометриялық әдіс деген терминмен қолданылады. Бұл әдіс әр түрлі мақсатпен қолданылады. Мұнда биографиялық әдіс кеңінен таралған. Адамның өмір жолы зерттеледі. (оның жазбалары бойынша). Сондай-ақ контент – анализ әдісі де кеңінен таралған бұл әдісті талдауда көп кездесетін тақырып, сөз, термин, пікір немесе аяқталған кейбір, басқада көп кездесетін мәліметтерге көңіл бөлінуі сондай-ақ жобалау әдістері де осы топқа кіреді. 13. Әдіснама, әдіс және әдістеме. Ғылымның алдына қоятын негізгі мақсаты –өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсатты орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады. Ондай амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атайды. Тіл білімінің зерттеу әдістеріне айтылғанда әдіс (метод), әдістеме (методика), әдіснама (методология) және тәсіл (прием) деген терминдері қолданылады. Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жалпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы –әдіснама да, ал нақтылысы –әдіс термині. Әдіснама (методология) –жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстардың зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы: бұрынғы Кеңес Одағындағы мұндай әдіснамалық принцип –тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталынған. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есептелінді. Ал әдіс (метод) дегеніз –әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол –әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы: биология ғылымында –биологиялық әдіс, тіл ғылымында –структуралық әдіс деген сияқты. Әдіс, белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Әдіснама дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып-білудің жалпы ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады. Тәсіл (прием) –ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі майдарақ, одан гөрі нақтылау келеген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызетін атқарады. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін таңдау –зерттеушінің өз еркіндегі нәрсе емес, ол –жұмыстың тақырыбына және алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай айқындалатын нәрсе. Әрбір ғылыда біренеше әдіс болуы мүкін. Мәселен, тәл білімінде мынадай әдістер бар: сипаттамалық әдіс, салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, салғастырмалы әдіс, структуралық әдіс, статистикалық немесе сандық әдіс т.б. |