метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Скачать 2.41 Mb.
|
Бөлікті бірліктердің белгілері үшін бірліктердің Халықаралық жүйе кеңесі (СИ) белгілеген қосымшалар
Қосымшалардың қолдануының ережелері Қосымшаларды бірліктің атымен қосып немесе белгісімен сәйкесінше жазу керек. Екі немесе одан да көп қосымшаларды қатар қолдануға рұқсат етілмейді (мысалы, микромиллифарад). Бастапқы бірліктің еселі және бөлікті бірліктерінің белгілері, дәрежелері, бастапқы бірліктің еселі немесе бөлікті бірлігі дәреженің тиісті көрсеткішінің қосымшаларымен құрастырылады және көрсеткіш (қосымшамен біргемен ) еселі немесе бөлікті бірлік дәрежеге келтіріледі. Мысал: 1 км2 = (103 м)2 =106 м2 (а не 103 м2). Мұндай бірліктердің аттарын бастапқы бірліктің атына қосымшаны қоса құрастырады: квадрат километрі (квадрат метрі - кило емес). - Егер бірлік туынды немесе қатынасты бірліктерден тұрса, онда қосымшаны немесе оның белгісін, бірінші бірліктің атауына немесе белгісіне қосып жазады: кПа с/м (килопаскаль секунд метрге). Туындының екінші көбейткішіне немесе бөліміне қосымшаны қосу тек қана қисынды жағдайларда рұқсат етіледі. Қосымшалардың қолданылуы СИ жүйесі бойынша массаның бірлігі - килограмм «кило» қосымшасынан тұруына байланысты, массаның еселі және бөлікті бірліктерінің құру үшін массаның енші бірліктерін қолданады - грамм (0, 001 кг). Қосымшалар уақыт бірліктерімен алақанның аясындай қолданылады: еселі қосымшалар (ешкім килосекундты пай- даланбайды, тыйым салынбағанымен) олармен бөлікті қосым- шалар тіпті бір жерден шықпайды миллисекунд, микросекунд және тағы басқалар тек қана секундтерге қосады. 417-2002 МЕМСТ-не сәйкес, келесі бірліктердің атауын және белгіленуін қосымшалармен қолдануға рұқсат етілмейді: минут, сағат, тәулік (уақыт бірліктері), градус, минут, секунд (жазық бұрыштың бірлігі), астрономиялық бірлік, диоптрия және атом массасының бірлігі. Іс жүзінде еселі метрлерімен тек қана кило қосымшалары қолданылады, мегаметрдің, гигаметрдің (Гм) және тағы бас- қалардың орнына мың шақырым, миллион шақырым деп жаза- ды, және квадратты мегаметрдің (Мм2) орнына миллион квад- ратты шақырым деп жазады. Сыйымдылық конденсаторларын миллифарад немесе нано- фарадтармен емес (60 нФ емес, 60 000 пФ деп жазады, 2 мФ емес, 2 000 мкФ деп жазады) микрофарадтармен және пикофарадтар- мен дәстүр бойынша өлшейді. Дәреже көрсеткіштеріне тиісті 3-ке бөлінбейтін (гекто-, дека, деци-, санти-) қосымшаларды қолдануға рұқсат етілмейді. Тек қана сантиметр және децибел кең қолданылады (СГС жүйесінде негізгі бірлік болатын), кіші дәрежелерде - дециметр, сонымен бірге гектар. Кейбір елдерде шарапты декалитрмен өлшейді. Өлшеу туралы ұғым, өлшеудің классификациясы, негізгі кезеңдері және өлшеу операциясы. Өлшеу әдістері Өлшеу - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжі- рибелік жолмен физикалық шама мәнін табу. Өлшенетін шама бірнеше рет бақыланады, одан алынған нәтижелер математика- лық жолмен өңделеді және ең соңында өлшеудің жүйелік қателіктерін шығарып тастап, шаманың ақырғы мәні алынады. Қандайда бір қасиетті өлшеу деп өлшенетін шаманы бірлікпен, жаңғырту өлшемімен немесе құралмен салыстыру арқылы осы қасиеттің бағасын алуды айтады. Физикалық шаманы (ФШ) өлшеу - ФШ бірлігін сақтайтын, өлшенетін шама мен оның бірлігінің қатынасын (анық немесе анық емес) табуды және бұл шаманың мәнін алуды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды қолдану операцияларының жиынтығы. Жоғарыда айтылғандай, физикалық шама - сапалық тұрғыдан көптеген физикалық нысандар үшін ортақ, ал сандық қатынаста әрқайсысына жеке болатын физикалық нысанның (физикалық жүйенің, құбылыстың немесе үдерістің) сипаттамасы. Жекелік деп қасиеттің бір нысан үшін басқаға қарағанда артығырақ не кемірек болуы деп түсіндіріледі. Тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну көрсеткіші және т.б. физикалық шамаларға мысал бола алады. Өлшеудің мақсаты - физикалық шаманың шын мәнін пайдалануға ең ыңғайлы формада алу. Физикалық шаманы өлшеудің негізгі теңдеуін төмендегідей жазуға болады: Q = Nq, (9) мұндағы, Q - өлшенетін физикалық шама; q - физикалық шаманың бірлігі; N - физикалық шаманың (өлшенетін шама мен өлшеуде пайдаланылған бірліктердің қатынасы) сандық мәні. Кез келген өлшеудің негізі физикалық шаманы бірлік ретінде қабылданған ұқсас шамамен салыстыру екені теңдікте көрсетілген. Өлшеудің мәні ФШ-ның сандық мәнін анықтау бо- лып табылады. Өлшенетін ФШ-ның табылған санмен байла- Өлшеу нысаны |