Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұзбайтын бақылау әдістері мен түрлерініңклассификациясы

  • 12 және 13-кестелерде берілген.

  • Енетін заттармен бұзбайтын бақылау

  • Бақылау түрі

  • бойынша

  • Бақылаудың әдістері мен құралдарының стандартталуы

  • Бұзбайтын бақылау құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі және өнімнің сапасын арттыру

  • Салыстырып тексеру әдістері.

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница16 из 58
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
    Бұзбайтын бақылау әдістері

    Бұзбайтын бақылау әдістері өнімнің сапасын арттыру және бақылау үрдістерінің өндірістілігін жоғарылатумен байланыс- ты әртүрлі тапсырмаларды шешеді. Бұл әдістер жоғарғы сезімталдыққа ие, агрегаттар мен конструкциялар жұмысының қауіпсіздігі мен апатсыздығын қамтамасыз етеді. ББ әдістерін пайдалану бұйым мен конструкцияның сенімділігі мен ұзақ істейтіндігіне себепкер болады.

    ББ әдістерін материалдарды, бұйымдарды және конструк- цияларды оларды қолданғанға дейін, яғни конструкциялар- да, сонымен қатар конструкция мен техниканы пайдалану үде- рісі кезінде ақаулы бөлшектерді пайдаланудың алдын алатын- дай етіп пайдаланады. Бұл бақылауды өндіріс үдеріс кезінде немесе бұйымды жөндеу кезінде жүзеге асыруға болады. ББ әдістердің маңызды ерекшелігі сапа көрсеткіштерін бұзусыз, өзгертусіз ішкі ақаулар мен конструкцияда жинақталған ке- дергіні, ақаулардың координаталары мен өлшемдерін анықтау болып табылады. Одан басқа, бақылау нәтижелері физикалық құбылыстардың негізін түсінуге қажетті, ақаулардың пайда болуына әкеліп және дер кезінде технологиялық үдеріске эсер етіп, ақауды жоюға мүмкіндік беретін себеп-салдарлы байланыс тарды ашады.

    Бұзбайтын бақылау - өнімнің сапасын, оның тұтастығын бұзбай бақылау деген сөз. Бұл бақылаудың негізіде физикалық өрістердің (сәулеленулер) немесе бақыланатын өнім мен заттар арасындағы және басқа да физикалық-химиялық үдерістердің арасындағы өзара әрекеттесу нәтижелерінің тіркелуі мен бақылауының әдістері тұр.

    ББ әдістерін пайдалану мыналарды қамтамасыз етеді:

    • Өндірістің жасырын (ішкі) ақауларын анықтауды;

    • Сынау және пайдалану кезіндегі қабылдамау себептерін және қабылдамау сипаттамаларын анықтауды;

    • Техникалық қамтамасыз ету кезінде бақылаудың дұрыстығы мен сенімділігінің артуын;

    • Сапаны динамикалық режімде, соның ішінде жылдамдатылған сынауларда бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    Бұзбайтын бақылаудың аса кең таралған аспаптары:

    • Дефектоскоптар, бұйымдардағы ішкі ақауларды анықтайтын құралдар;

    • Структуроскоптар, электр, магнитті және акустикалық құрылымы бар материалдар және олардың физикалық-химиялық құрылымдарының арасындағы корреляцияны пайдаланушы құралдар;

    • Қалыңдық өлшеуіштер, бұйымның, жабынның және т.с.с. қалыңдығын анықтаушы құралдар;

    • Заттың физикалық-химиялық құрылымдарын бақылайтын құралдар;

    • Материалдардағы ылғалдылықты анықтайтын ылғалдық өлшегіштер.

    Бұзбайтын бақылау әдістері мен түрлерінің
    классификациясы


    Бұзбайтын бақылау әдістерінің классификациясының негізіне физикалық өріс әрекеттерінің физикалық үдерістері және бақылау нысаны бар зат алынады. Физикалық құбылыстар тұрғысынан қарағанда, олар ББ-ның 9 түріне ерекшеленеді:

    1. Магнитті;

    2. Электрлі;

    3. Құйынды тоқты;

    4. Радитолқынды;

    5. Жылу;

    6. Оптикалық;

    7. Радиационды;

    8. Акустикалық;

    9. Енетін заттармен.

    Бақылаудың әрбір түрі үш белгі бойынша классифи- кацияланады:

    1. Өрістің немесе заттың бақыланатын нысанмен әрекеттесу сипатына қарай. Нысанның бақыланатын белгісі өрістің немесе зат күйінің белгілі бір анықталған өзгерісін тудыруы керек.

    Мысалы, тұтассыздықтың болуы ол арқылы өткен сәуленің немесе оған сыналатын заттың енуінде өзгеріс тудырды.

    1. Алғашқы ақпараттық өлшем үшін бұл өрістің немесе заттың (өріс амплитудасы, оның таралу уақыты, заттың мөлшері және т.б.) нақты өлшемі, олардың өзгерісін бақыланатын нысандардың сипаттамасы үшін қолданады.

    Мысалы, тұтассыздықтың болуы ол арқылы өтетін сәу- леленудің амплитудасын арттырады немесе кемітеді.

    1. Алғашқы ақпаратты алу әдістері бұл датчиктің немесе заттың нақты түрі, оны аталып өткен ақпараттық өлшемді өлшеу және қатыру үшін пайдаланады.

    Бұзбайтын бақылау түрлерінің классификациясы мен әдіс- тері нормативті құжаттар бойынша 12 және 13-кестелерде берілген. Қысқаша бұзбайтын бақылау түрлері мен әдістерін қарастырайық.

    Магнитті ББ түрі бақыланатын нысан мен магнитті өрістің арасындағы әрекеттесудің сараптамасына негізделген. Оны ережедегідей ферромагнитті материалдан жасалған нысандарды бақылау үшін қолданады. Нысанның физикалық өріспен әрекеттесуі кезінде бұл түр дифференцияланбайды: барлық жағдайда нысанның магниттенбеуін пайдаланады және магнитті әдістермен бақылау кезінде қолданылатын өлшемдерді өлшейді.

    Электрлі ББ түрі бақыланатын нысанмен (өзіндік электр әдісі) әрекеттесуші электр өрісінің өлшемдерінің тіркелуіне немес бақыланатын нысанда сыртқы әсерлерден (термоэлектрлі, трибоэлектрлі әдістер) туындайтын өріске негізделген. Алғашқы ақпараттық өлшемдер: электр сыйымдылығы мен потенциал.

    Құйынды токты ББ түрі бақыланатын нысанға бағытталған құйынды токты өңдеуші электромагинтті өрістің құйынды токты электромагнитті өріс арасындағы әрекеттердің сараптамасына негізделген. Ол тек ток өткізетін материалдан жасалған бұйымдарды бақылау үшін қолданылады.

    Радиотолқынды ББ түрі бақыланатын нысанмен әрекеттесетін радиопазонның электромагнитті толқындар өлшемдерін өзгертуіне негізделген.

    Әдетте, 1-100 мм ұзындықты СВЧ сәулелерін және радиотолқындар аса қатты материалдарды: диэлектриктерді, магнитодиэлектриктерді (ферриттер), жартылайөткізгіштерді, жұқа сүйекті металл нысандарды бақылайды.

    Бақылау нысаны әрекеттесу сипаттамасына қарай өткен, шағыстырылған, шашыраңқы сәулелену және резонансты деп бөледі. Алғашқы ақпараттық өлшемдерге жиілік, фаза, амплитуда, поляризация, екінші реттік толқындардың таралу уақыты және т.б. жатады.

    Жылу ББ түрі бақыланатын нысанның жылу немесе тем- пературалық өзгерістерін тіркеуге негізделген.

    Ол кез келген материалдан жасалған кез келген нысан үшін қолданыла береді.

    Бақылау нысаны (БН) мен өрістің арасындағы әрекеттесудің сипаттамасы бойынша келесі әдістер ажыратылады: пассивті немесе өзіндік сәулеленетін (БН сыртқы көздер эсер етпейді) және белсенді (БН-ын сыртқы көз қыздырады немес суытады. Өлшенетін ақпараттық өлшем болып температура немесе жылу ағыны саналады.

    Оптикалық ББ түрі - оптикалық сәуле шығару өлшемдерін тіркеуге негізделген сәулелену ағынының тығыздығы.

    Акустикалық ББ түрі бақыланатын нысанда пайда болатын немесе қозатын қатты толқындар өлшемдерін тіркеуіне не- гізделген.

    Бақылаудың бұл түрі жиі жағдайда барлық материалдарға қолданыла береді, тек акустикалық толқындарды жақсы өткізсе болды: металдар, пластмассалар, бетон, керамика және т.б. Жиі жағдайда ультадыбысты диапазонның қатты толқындары қолданылады (20кГц жоғары тербеліс жиілігімен), бұл әдіс ультрадыбысты деп аталады.

    БН әрекеттесу сипаттамасына қарай пассивті және белсенді бақылау әдістері деп ажыратылады.

    Енетін заттармен бұзбайтын бақылау бақыланатын ны- санның ақау аймағына сынақ заттарын енгізуге негізделеді.

    Оны қылтүтікті және ағын іздеуші әдістер деп бөледі. Қылтүтікті әдістер БН ақау аймағына нысан материалын, жақсы ылғалдандырушы қылтүтікті индикатор сұйықтығын енгізуге негізделген. Ағын іздеуші әдістерді тек тесіп өтетін ақауларды анықтау үшін пайдаланады.


    Бақылау түрі

    1-белгі бойынша

    2-белгі бойынша

    З-белгі бойынша

    магнитті

    магнитті

    Коэрцитивті, магнитті өтімділіктің индукция магнитсіздігіне, кернеуіне күші, Баркгазен әсері

    Магнитті үптақты. индукциялық, феррозондты. Холл эсері, магнитографикалық, пондеромоторлы, магниторезист

    электрлі

    Электрлі,

    Трибоэлектрлі,

    термоэлектрлі

    Э л ектропотенциалды, электр сыйымдылықты

    Э л ектр о статистикалы қ, ұнтақтық, электропараметр, электрүшқынды, рекомбинационды сәулеленудің, экзоэлектронды эмиссияның, әлеуеттері піулы контактілі әртүрлілігі

    құйынды тоқты

    Сәулеленуден өткен, сәулеленуді шағылыстырған

    Амплитудалы, фазалы, жиілікті, спектралды, көпжиілікті

    Транс форматорлы, өлшемді

    Радиотол- қынды

    Сәулеленуден өткен, сәулеленуді шағылыстырған, резонансты

    Амплитудалы, фазалы, жиіліктік, уақытша, поляризационды, геометриялық

    Детекторлы (диодты) болометрикалық термисторлы, интерференционды, голографиялық, суйық кристаллдардың, термоқағаздардың, термолюминофорлардың, фотобасқарушы жартылайөткізгіш пластиналардың, калориметрический








    Бақылау түрі

    1-белгі бойынша

    2-белгі бойынша

    З-белгі бойынша

    жылулық

    Жылу жанасу конвективті, өзідігінен сәулеленетін

    Термом етрикалық, жылуметрикалық

    Пирометрикалық, сұйық кристаллдардың, термобояғыштардың, термоқағаздрдың,

    термолюминофорлардың, термотэуелді өлшемдердің, оптичкалық интерференционды, калометрикалық

    Оптикалық

    Сәулеленуден өткен, сәулеленуді шағылыстырған, сәулеленуді шашыратқан, сәулеленуді индуцирлеген

    Амплитудалық, фазалы, жиіліктік, уақытша, поляризационды, геометриялық, спектралды

    Интерференционды, нефелометрикалық, голографиялық, рефрактометрикалық, рефлексометрикалық, көру -оптикалық

    радиационды

    Сәулеленуден өткен, сәулеленуді шашыратқан, белсенді сәулелену сипаттамалық сәулелену, автоэмиссионды сәулелену

    Энергия ағынының тығыздығына, спектралды

    Сцинтилляционды, ионизационды, екінші реттік электрондардың, радиографикалық, радиоскопия

    акустикалық

    Сәулеленуден өткен, сәулеленуді шағылыстырған, (эхоәдіс), резонансты, импледансты, еркін тербелістердің, акустико- эмиссионды

    Амплитудалық, фазалық, жиіліктік, уақытша, спектралды

    Пьезоэлектрлі, электромагнитті- акустикалық, микрофонды, ұнтақтық






    Бұзбай бақылау әдістерінің мұндай әртүрлілігі жалпы ортақ метрологиялық сипаттамалар кешенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сол себепті, әр әдістің метрологиялық сипаттамасы нормаланады. Бұзбай бақылаудың кейбір құралдар мен әдістердің ортақ көрсеткіштерін ерекшелеуге болады:

    • Сезімталдық;

    • Тұрақтылық;

    • Қателік;

    • Сенімділік;

    • Тасымалданушылық;

    • Дірілге төзімділік;

    Қателіктері бойынша бұл құралдар төрт топқа бөлінеді:

    1. Қателігі 1%-ден кем;

    2. Қателігі 1-ден 2.5%-ға дейін;

    3. Қателігі 2.5-на 4% -ға дейін;

    4. Қателігі 4% артық.

    Бақылаудың әдістері мен құралдарының стандартталуы

    Біздің елімізде барлық бағыттағы, яғни әзірлеу тәртібі, рәсімдеу, келістіру, стандарттарды барлық категорияларда бекіту және енгізу және де олардың орындалуын кадағалау стандарттаудың тапсырмалары мен мақсаттарын анықтайтын өзара байланысты ережелер мен нормалар стандартта көрсетілген және жұмыс істейді.

    Ондағы стандарттау - белгілі бір салада реттеудің ұтымды дәрежесіне жету үшін ғылым, техника және экономикадағы қайталанатын тапсырмаларды шешуді бекітетін қызмет.

    Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен құралдарына тікелей қатынасы бар стандарттаудың негізгі бағытына мыналар жатады:

    • Өндірісті басқаруды жақсарту;

    • Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттыру;

    • Өндірістің тиімділігін арттыру;

    • Өнім сапасы көрсеткіштерінің ұтымды номенклатурасын орнату;

    • Қорларды дұрыс рационалды және тиімді пайдалану.

    Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен құралдарының жүйесінің стандарттарын құрған кезде, стандарттау нысандарына қо- йылатын көрсеткіштердің, нормалар мен талаптардың үйле- сімділігін қамтамасыз ететін жиынтық стандарттаудың қағи- далары қолданылады.

    Бұзбайтын бақылаудың барлық түрінің кұралдарының сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасы нормативті құ- жаттарда келтірілген, бұлар:

    • техникалық тиімділіктің көрсеткіштерін, сыртқы ортаның әсеріне конструкциялық ерекшеліктерін және төзімділігін та- ғайындау;

    • Сенімділік (қауіпсіздік, ұзақ мерзімділік, жарамдылық);

    • Экономикалық көрсеткіштер (салмақ, қолданылатын қуат, өзіндік құны және т.б.);

    • Эргономикалық көрсеткіштер (шу деңгейі және т.б.);

    • Эстетикалық көрсеткіштер;

    • Технологиялылық;

    • Тасымалдылық (сілкімеге тұрақтылық)

    • Патенттік-кұқықтық.

    Бұзбайтын бақылаудың әр түріне метрологиялық мінездемені нормалау сенімді ықтималдықпен өлшеудің қателігін бағалау және бақылау үдерістерінің нәтижелерін қайта қолдануды қамтамасыз ету мүмкіндігімен бекіту қажет.

    ББҚ-ға қажет негізде алынған негізгі метрологиялық қамтамасыз ету тапсырмалары нормативті құжаттар анықталған:

    Барлық ББҚ-ның метрологиялық мінездемелерін бекіту және негіздеу;

    • ББҚ-ның тиімді номенклатурасын бекіту;

    • Стандартты терминдер мен анықтамаларды қолдану;

    • Стандартты үлгілерді әзірлеу;

    • Бақылаудың үдерістеріне эсер ететін шектік өлшемдерді бекіту;

    • ББҚ-ның үлгілік және шығыс құралдарының болуы;

    • Өнімнің сапасын бағалауды өлшемдердің өзгеруінің тура дәлдік пен шынайылығымен жұмыс істеу.

    ББҚ-ның бақылау әдістері мен тексеру құралдарының өте көптеген стандарттары бар, олардың тізімі №1 қосымшада келтірілген.

    1. Бұзбайтын бақылау құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі және өнімнің сапасын арттыру

    Өнімнің сапасын арттыру метрологиялық қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты. ББҚ-ның метрологиялық қамтамасыз етудің сапасын арттыру үшін ең алдымен ББҚ-ны тұрақты тек- серу қажет. Сол әдіс қана сыналып жатқан өнімнің бақыланатын өлшемдерді туралы дәл ақпаратты қамтамасыз етеді.

    Салыстырып тексеруде ең алдымен ББҚ метрологиялық және техникалық мінездемелерінің стандарт немесе әдістемелік нұсқаулық түріндегі НҚ талаптарына сай келуі анықталады. Жалпыға қолдануға арналған ББҚ салыстырып тексеруде нор­матив™ құжаттар болып салыстырып тексеру әдістері бойын- ша мемлекеттік стандарттар немесе салыстырып тексеру бойынша мемстандарты нұсқамалары болып табылады. НҚ болмаған жағдайда ведомства мен өндіріс орындары ББҚ бойынша өзінің салыстырып тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулығын қолдануға болады. ББҚ салыстырып тексеру бо­йынша ведомствалық нұсқаулықтар мемлекеттік стандарттар немесе РФ Меместандарт нұсқаулықтары бар жағдайда да, мемлекеттік НҚ бекітілген негізгі талаптарды сақтау шартымен қолданыла алады.

    Бір кәсіпорында дайындалған және қолданылатын стандарт- ты емес ББҚ-ны тексеру үшін кәсіпорында әзірленген салысты­рып тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар қолданылады.

    Егер тексерілетін ББҚ салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілген болса, кез келген деңгейдегі салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлейді.

    Салыстырып тексеру әдістері және салыстырып тексеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бойынша әрекет ететін мемлекеттік стандарттарды қарастыру және жаңа стандарттарды әзірлеуді стандарттау және метрология орталықтары және техникалық реттеу және метрология комитеті, сондай-ақ, ББҚ әзірлеуші ұйымдар немесе негізгі министрлік қызметінің метрологиялық ұйымдары жүзеге асыра алады.

    Метрологиялық институттардың салыстырып тексеру бо- йынша әдістемелік нұсқаулықтарын мемлекеттік қабылдау сынауларына ББҚ-ны таныстыратын ұйымдар әзірлейді. Кә- сіпорынның және ведомствалардың салыстырып тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарын ББҚ әзірлеуші ұйым- дар немесе елге келетін ББҚ-ға жауапты негізгі министірлік қызметінің метрологиялық ұйымдары әзірлейді.

    Кез-келген деңгейдегі салыстырып тексеру нормативтік құжаттарына сәйкес келуі керек. Әзірлеу, үйлестіру, рәсімдеу, тіркеу және салыстырып тексеру бойынша ведомстволық әдістемелік нұсқаулықтарды басып шығару тәртібін министр- ліктер бекітеді.

    1. Салыстырып тексеру әдістері.
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58


    написать администратору сайта