Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен тәсілдерін сертификаттау

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница18 из 58
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58

    8-сурет. а) тұрақты тоқ көпірі; б) айнымалы тоқ көпірі

    Ауыспалы қуат көпірі сыйымдылық пен индуктивтілікті анықтауда қолданылады. Өлшеу құралы ретінде лампалық неме- се түзеу құралдар қолданылады. Бұл көпірде көпірдің сабасына түсуі белсенді қарсылык пен фаза бойынша жүзеге асады. Ауыспалы қуат көпірінің нақты дәрежесі: 0,1; 0,2; 0,5; 1,2; 1,5. Бұл көпірлер сонымен қоса tg8 өлшеуде қолданылады.

    Өлшеу генераторлары. Өлшеу генераторының қызметі әртүрлі пішіндегі амплитуданың, жиіліктің белгілерін жасау. Зерттеу уақыты пайдаланудың аналогиялық уақытына сай болуы керек. Белгі өлшемдері анық болуы тиіс.

    Жиілік диапазонына қатысты генератор төмен жиілікті (20гц- 200кГц), жоғары жиілікті (30кГц-300мГц), аса жоғары жиілікті (30мГц-10ГГц) және импульсты деп бөлінеді.

    Үйлесімділік тербеліс генераторлары синусоидалы форма белгісін шығарады. Импульс генераторлары ұзақтығы аздаған наносекундтан ондаған миллисекунд импульстарды шығарады.

    Сонымен қоса шуыл дабылының генераторлары, арнайы форма генераторы және радиотехникалық құралдардың мі- нездемесін зерттейтін. Тербелген жиілік генераторлары (свип- генераторлар) болады.

    Төмен жиілікті генератордың сұлбасы 9-суретте берілген. Синусоидальды тербелістің қайнар көзі - RC генератор. Келісілген құралдар мен аттенюатор шығатын қарсылықтың орын алуын реттейді 600, 50 немесе 5 Ом генератордың толқындық қарсылықтармен өрбуіне қосылатын кабель. Қысым аттенюатормен реттеледі. Келесі генераторлар қолданылады: ГЗ- 33; ГЗ-109; ГЗ-7А; ГЗ-118.






    9-сурет. Төмен жиілікті генератор сұлбасы



    10-сурет. Сыртқы модулятор ретіндегі төмен жиілікті тербеліс геператорыпыц сызбасы
    Жогары жиілікті тербеліс генераторы берілген LC генераторынан, резонансты күшейткіштен, жоғары жиілікті аттенюатордан, сыртқы және ішкі модулятордан тұрады. Сыртқы модулятор ретінде төмен жиілікті тербеліс генераторы пайдаланылады. Сызбасы 5-суретте берілген.

    Ультрадыбыстық дефектоскоптың электронды жүйесін тексеруде Г4-102 және Г4-158 генераторы қолданылады.

    Тік бұрышты импульстар генераторы әртүрлі радиотехникалық құрылғыларды тексеруге және мінездемесін жөндеуде қолданылады. Олар сытқы, ішкі қосылу тәртібінде жұмыс жасайды. Олар ультрадыбыстық дефектоскопты тексеруде қолданылады. Г5-54; Г5-26 генераторлар қолданылады.

    Электронды-сәулелі осциллографтар көріп-бақылауға немесе электрлік үдерістің өлшемдерін анықтауда пайдаланылады. Олармен қысым, импульс ұзақтығы, жиілік, фаза, уақыт аралығы, т.б. тексеріледі. Осциллографтар әмбебап, жылдам, стробоскикалық және еске сақтаушы деп бөлінеді. Олар бір, екі және көпсәулелі болуы мүмкін. Осциллограф УЗ-дефектоскопты (С1-65А, С1-70, С1-114) тексеруде қолданылады.

    Акустикалық дефектоскопты тексергенде, кіші жиілікті осциллографтар С1-76 қолданылады.

    Магнитті ұнтақтық дефектоскопты тексеруде амплитуда импульсын өлшеу С8-9А, С8-12 осциллографымен жүзеге асады.

    Электронды-есепті жиілік өлшегіштер жиілікті анықтауға, кезең, импульстің және уақыт аралығының ұзақтығын, импульстардың санын анықтауға мүмкіндік береді. Олар УЗ құралдарды (43-34А) тексеруге арналған.

    Фазометрлер фазаның қозғалысын өлшеуге арналған. Олар құйынқуаттық және ультрадыбыстық құралдарды тексеруде қолданылады. Ф2-13, Ф2-16 фаза өлшегіштер пайдаланылады.

    Магниттік шамаларды өлшеуші құралдар. СНК-ны сынау кезінде магнит өрісінің магнит ағынын, манит индукциясын және кернеулікті өлшеу талап етіледі. Магнит ағынын өлшеуге 3,5*10-5 0,35* 10-5 Вб/ бөл. баға бөлігіндегі баллистикалық гальванометрлер М197/1, М197/2 қолданылады. Сонымен қатар, М119, М1119 веберметрлері және Ф-190 фотокомпенсационды микровеберметрлер пайданылады. Магниттік және электромагниттік өрістің индукциясы мен кернеулігін өлшеуге тесламетрлер қолданылады.

    1. Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен тәсілдерін сертификаттау

    Еркін сипаттамаға ие және метрологиялық нормалар мен ережелерге куәландырылған өлшеу құралдарын сертификаттау жүйесі құрылған. Жүйені ұйымдастыруда ИСО, МЭК, ИЛАК сияқты халықаралық ұйымдардың нормативтік құжаттары, сертификаттау жүйесі мен МОЗМ сертификаттар жүйесі есепке алынды.

    Жүйеге кіреді:

    • ҚР-ның метрологиясын басқару - жүйенің орталық органы;

    • Үйлестіру кеңесі;

    • Апелляциялық кеңес;

    • ВНИИМС оқу әдістемелік орталығы;

    • Сертификаттау органдары;

    • Өлшеу құралдарының сынау зертханалары (орталықтары);

    Жүйенің орталық органдары келесі қызметтерді орындайды:

    • Жүйені сертификаттау бойынша әдістемелік басшылықты жоспарлайды, үйлестіреді, жүзеге асырады;

    Жүйеде сертификаттау ережелері мен негізгі ұстанымдарын бекітеді;

    • Сертификаттауға жататын өлшеу құралдарының номен- клатурасын анықтайды;

    • Сертификаттау бойынша органдарды және сынау зерт- ханаларын аккредиттейді;

    • Сертификаттау органдарының қызметін орындайды;

    • тіркелген сертификаттау жөніндегі органдар оның және сынақ зертханаларының қызметіне инспекциялық бақылауды ұйымдастырады;

    • сертификаттау сұрақтары бойынша халықаралық және ше- тел ұйымдарымен өзара әрекет етеді;

    • басқа елдер, шетел сертификаттары және сәйкестік белгілері мен сынақ зертханалары, сонымен қатар өлшем құралдарын сынаудың нәтижелері туралы құжаттардың мойындалуы туралы сұрақты шешеді.

    Жүйенің оқу-әдістемелік орталығы:

    • қағидаларды, ережелер мен құрылымдарды өндейді;

    • сертификаттау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

    • сертификатталған өлшеу құралдарын, сертификаттау жө- ніндегі органдар, сынақ зертханасы және нормативтік құжаттарды тіркейді;

    • жүйенің тізімін жүргізеді;

    • мәліметтер банкін қалыптастырады және жүйені ақпаратпен қамтамасыз етумен шұғылданады.

    Үйлестіру кеңесінің құрамына қоғамдар, тұтынушылар, сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханасы, метрологиялық ҒЗИ қоғамы, техникалық реттеу және метрология комитетінің аймақтық органдары және мүдделі ұйымдардың басқа да ұйымдары кіреді.

    Өлшеу құралдарын сертификаттау жүйесі ескереді:

    • өлшеулердің кез келген түрлері бойынша метрологиялық нормалар және ережелерге сәйкес өлшеу құралдарын ерікті сертификаттауды;

    • өлшеу құралдарына арналған метрологиялық ережелер және нормаларды бекітетін құжаттарды әзірлеу, енгізуді;

    • өлшем құралдарын сертификаттау мақсаты үшін сынау бағдарламасын әзірлеу, енгізу және көкейлестілеуді;

    • Сертификатталған өлшеу құралдарының көмегімен өлшеуді орындау әдістемелерінің аттестаттауды;

    • өлшеу құралдарын сертификаттау және өлшеу құралдары- ның нақты топтарының сынақ зертханалары бойынша сер­тификаттау жөніндегі органдардың өлшеулерінің түрлеріне арналған тармақты желісін құруды;

    • сертификаттау жөніндегі органдар, зертханалар, сәйкестік сертификаттары, сәйкестік белгілерін мойындау бойынша ұлт- тық метрологиялық қызметтермен іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруды.

    Жүйенің негізгі мақсаттары:

    • өлшем бірлігін қамтамасыз ету;

    • экспортқа көмектесу және өлшеу құрал-жабдықтары- ның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

    Жүйенің негізгі міндеттері:

    • нормативтік құжаттарға сәйкес бекітілген метрологиялық нормалар және талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестігін растау және тексеру;

    • Қазақстанда бекітілген мемстандарты эталонынан өл- шемдерді беру үшін калибрлеудің сертификатталған өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуін тексеру;

    • Өтініш берушіге көрсетілген қосымша талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестігін тексеру.

    Өлшеу құралдарын сертификаттауды тіркелген сынақ зерт- ханасында өткізілген сынаулардың нәтижелерін есепке ала отырып, аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар жү- зеге асырады. Сәйкестік сертификаты жүйенің Орталық органы мәлімдеушіге береді. Аккредиттеу бойынша жұмыс тәртібі МИ 2277-93- МИ 2279-93-да келтірілген. Ол:

    • сертификаттаудың өткізілуі туралы өтінішті Орталық ор- ганның өтініш берушілеріне ұсынудан;

    • өтінішті қарастыру және оны қабылдау туралы шешімнен;

    • сынауларды өткізуден;

    • өндірісті сертификаттау немесе сапа жүйесінен;

    • сертификатты беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау, талдау және алынған нәтижелерді талдаудан;

    • сынаулардың материалдарын тіркеу және сәйкестік сер­тификатам беруден;
    • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58


    написать администратору сайта