|
метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттар
СИ салыстырып тексеру әдісі бойынша физикалық шаманың бірлігінің өлшемін беру түсінігі жоғары тұрған өлшеу құралдарын салыстырып тексеру стандарттарға сәйкес келуі керек.
ББҚ салыстырып тексеру кезінде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
Тікелей бірігу әдісі (салыстыру құралдарын қолданусыз) салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден (яғни, шара мен шараның немесе өлшеу құралымен) Тікелей бірігу әдісі салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден компаратордың көмегімен (яғни салыстыру құралдары көмегімен) Үлгілік шамамен ұдайы өндірілетін салыстырып тексеріліп жатқан ББҚ өлшеуін тікелей әдісі; Шаманы салыстырып тексеруге түсетін ұдайы өңделетін шаманы үлгілік өлшеу құралымен тура өлшеу әдісі; Тура өлшеуге түсетін шама мен осы ізделіп отырған шама негізінде белгілі тәуелділік кезінегі жанама өлшеу әдісі; Тәуелсіз салыстырып тексеру әдісі, яғни өлшеу шамалары бірліктерінде градуирленген эталон немесе үлгілік өлшеу құралдарымен өлшеу бірліктерін талап етпейтін қатысты ша- маларды өлшеу құралын салыстырып тексеру
ББҚ салыстырып тексерген кезде біртұтас ретінде қарас- тырылады және қателік те тұтас бағаланады. Кей кезде ББҚ- ның қолдану жарамдылығына эсер ететін элементтік салыс- тырып тексеруді жекелеген бөліктердің өлшемдерін анықтап жүргізеді.
Стандарт бойынша нормативті құжаттарда ББҚ салыстырып тексеру әдістерінде мынадай бөлімдер бар:
Кіру бөлімі; Салыстырып тексеру үдерісі; Салыстырып тексеру құралдары; Қауіпсіздік талаптары; Салыстырып тексеру шарттары; Салыстырып тексеруге дайындалу; Салыстырып тексеруді өткізу; Тексеру нәтижелерін рәсімдеу.
Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарға салыстырып тексерудің әдістері мен құралдары енуі тиіс. Соған сәйкес, ерекше назар барынша қолдануға НҚ-дың салыстырып тексерілетін құралдардың жарамдылығы туралы сұрақты шешу үшін метрологиялық мінездемеге аударылуы тиіс.
«Салыстырып тексеру үдерісі» бөлімінде барынша жүзеге асырылатын нәрсе мақсатты түрде кезекпен тізімде болады.
Салыстырып тексеру құралдары. Нормативтік құжаттарда салыстырып тексеруге қажет үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдарының тізімі болады. Үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдары үшін осы құралдардың негізгі техникалық және метрологиялық немесе мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларының разряды техникалық талаптарды регламенттейтін нормативтік кұжаттарының нөмірі көрсетіледі.
Салыстырып тексеруді өткізу шарттары. ББҚ-ны салыстырып тексеру өткізген кезінде салыстырып тексеру әдістерінің нормативтік құжаттарында айтылатын барлық қалыпты шарттар орындалуы тиіс:
293 К-да салыстырып тексеру жүретін қоршаған ортаның температурасы (200С); Ауаның ылғалдылығы 60%; 760 мм/сын.бағ. атмосфералық қысым (101,3 кПа); 50 Гц кернеуді қамтамасыз ететін жиілік, 220 В кернеу.
Егер осы шарттар орындалмаса, онда басқа түзетулер алу
керек.
Тексерісті дайындау және жүргізу
Тексерісті жүргізудің алдында әдетте дайындық жұмыстарын жүргізеді:
Тексерілетін ББҚ және тексеріс құралдарын орнатады және дайындайды; әсері бар өлшемдер әрекет ететін жағдайда тексерілетін ББҚ-ын ұстайды; стандартты үлгілерден майлауды алып тастайды; экрандауды жүргізеді (қажет болған жағдайда); түйісетін байланыстарды тексереді; температура, ылғалдылық және т.б. мәндерін тексереді; ББҚ және тексеріс құралдарын жерге қосады; Түйістіретін кұрылғыларды іске қосады; ББҚ-ын кернеу астында қыздырады; ҚТ бойынша керекті іс-шараларды жүргізеді.
ББҚ тексерісі сыртқы тексеруден, сыннан өткізуден және олардың метрологиялық сипаттамаларын анықтаудан тұрады.
Сыртқы тексеріс кезінде келесілер тексеріледі:
Кешенді тізім сәйкестігі; әрбір ауыстырып қосқыштың тағайындалуы туралы жазбалардың болуы; дәлдік сапасын және физикалық өлшемді құрал шкаласында белгілеу; есеп беру құрылғыларының бөліну бағасы; техникалық шарттар бойынша олардың бар болуы қол- данысқа жіберілмейтін ББҚ элементтерінің ақауларын және олардың жабындысын белгілейді; тауарлық белгі немесе өндіруші-кәсіпорын атауы; түрі; реттік нөмері; шығарылған жылы.
ББҚ сынауын сыртқы тексерістен кейін жүргізеді. Бұл жұмыс НҚ-ға сәйкес жүргізіледі. Сынау кезінде әдетте стандартты үлгілер пайдаланылады. Сонымен қоса, үлгілі өлшеу құралдары мен қосымша тексеріс құралдары пайдаланылуы мүмкін.
ББҚ сынауы мынадай тексеріске негізделеді:
басқару, реттеу және жөнге келтіру органдарының іс- әрекеттері; тоқ көзін қосу және өшіру кезіндегі құрал көрсеткіштерінің нөлге орнатылуы;
жеке элементтердің еркін орын ауыстырулары және бел- гіленулері немесе өзара әрекеттесулері; Басқару органдарының іс-әрекеттеріне құралдардың әсер- лері; Жеке элементтердің жансыз жүрісі мен люфты; Олардың жұмысқа қабілеттілігі.
ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау рұқсат етіл- ген шектердегі олардың атаулы мәндерінің сәйкестігін орнату үшін жүргізіледі. Стандарттарда немесе НҚ-да тексеріске әр- дайым ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау тәсілдерін және тексеріс операцияларын жүргізу әдістерін орнатады. Тексерістің әрбір операциясы үшін төмендегілер анықталады:
Тексеріс әдістерінің сипаттамасы; Тексеріс құралдары туралы нұсқаулық; Қосылу сұлбалары мен сызбалар; Операцияны орындау реті туралы нұсқаулықтар; Метрологиялық сипаттамаларды анықтау нәтижелерін өңдеу тәсілдері.
Тексеріс нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу НҚ бойынша тексеріске кейіннен ББҚ-на таңба орнатуына, тексеріс туралы куәлік берілуіне, ББҚ-ын тексеріліп жатқанның төлқұжаттарын- дағы жазбаларға және тексеріс мерзімін белгілеуге негізделеді. Егер тексеріс нәтижесі теріс болса, онда таңба өшіріледі, куәлік күшін жояды, ал төлқұжатқа ББҚ-ның жарамсыздығы туралы жазба жасалады.
Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру
Метрологиялық тексеріс бөлімшелері кәсіпорындардың, ірі бірлестіктердің метрологиялық қызметінің құрамында құрылады. Соның барысында осындай қызметті құрудың немесе керекті тексеріске құқығы бар баска ұйымдар тексеріс қызметін пайдалануының егжей-тегжейлі техника-экономикалық мақсатқа лайықтылық бағасы жүргізіледі. Кәсіпорында метрологиялық қызметті ұйымдастыру білікті мамандар штатын ғана емес, сонымен қатар арнайы орындарды, тексеріс құралдарына қоса үлгілі өлшеу құралдарының болуын талап етеді. Бұның қомақты қаржы шығындарын талап ететін сөзсіз, алайда ББҚ-ның тексеріс орнына жеткізілуі болмайтыны есебінен тексеріс жылдамдығы пен сенімділігін тездетіледі.
Тексеріс бөлімшелері құрғақ, таза бөлмелерде орналасқан орындарда немесе арнайы ғимаратта, басқа өндірістік аймақ- тардан оқшауланып, 90 Дб-ден жоғары шу көздерінен, электро және радиокедергілерден, күшті электрлік, жоғарыжиілікті және магниттік өрістерден, шаңнан, зиянды газдар мен булар- дан алыстатылып орналасуы қажет. Бұл орындар арқылы бу- газ өткізгіштері өтпеуі тиіс. Бөлме терезелерінің солтүстікке қарай орналасуы және перделер арқылы күннің тікелей түсуінен қорғануы жақсырақ болар еді. Күн көзі шашыраңқы және көлең- ке түсірмеуі қажет. Тексерушінің жұмыс үстелі бетіндегі табиғи жарықтанудың коэффициенті 1.00-1.500 шегінде болуы керек. Жасанды жарықтану люминесцентті, шашыраңқы болуы керек. Жұмыс деңгейіндегі жарықтану 300 лк-тан кем болмауы шарт.
Бөлме қабырғасы биіктігінің % бөлігі ашық майлы бояумен, ал қалған бөлігі, үстел және төбесі шаңнан тазартуға шыдай алатын тығыз ақ бояумен сырлану қажет. Еденді линолеуммен немесе пластикпен жабу керек.
Бөлме жерлендірумен жабдықталуы шарт. Бөлмеде қалыпты жағдайлар қамтамасыз етілуі қажет:
293±3 К температурасы; Ылғалдылық 60±15%.
ББҚ-ның тексеріске сақтаумен, тазалаумен және т.б. байланысты дайындығын жеке оқшауланған орындарда жүргізу ұсынылады.
Қызметкерлердің саны тексеріліп жатқан ББҚ санына, тексерістің аралық кезеңіне және әртүрлі типті ББҚ-ның тексерісіне керекті уақыт нормаларына сәйкес анықталады.
ББҚ тексерісінің кейбір ерекшеліктері
Қылтүтік дефектоскоптар үшін тексеріс барысында мыналар бақыланады:
Техникалық шарттары бойынша пайдаланылатын пене_ транттардың сапасы; Штативтердің рұқсат етілген ауытқуларының тексерілуі; Жарықтанудың анықталуы; УФ сәулеленудің анықталуы.
Тексеріс кезінде жасанды ақаулары бар стандартты үлгілер қолданылады.
Магнит ұнтақты ақаулардың тексерісі. Бұл дефектоскоптың тексерісі кезінде жинақтылық тексерісінен, сыртқы тексеру
сынауынан басқа, бақылаудың нәтижелері тәуелді болып келетін дефектоскоптардың өлшемдерін анықтау қажет:
Суспензиядағы ферромагнитті ұнтақтың концентрациясын; Ферромагнитті ұнтақтың сапасын (бытыраңқылық және магнитті қасиетін); Соленоидтағы немесе магнит полюстары арасындағы магнит өрісі кернеуінің анықталуын; Айналмалы магниттеу кезіндегі токтың максималды мәнін; Бұйым бетінің жарықтылығын.
Коэрцитиметрлердің тексерісі. Тексеріс жалпы
операциялардан басқа келесілерді анықтайтын нормативті құжат бойынша жүргізіледі:
Тоқтың магнитсізденуінің өзгеруіне феррозондтың сезімталдығы; Магнитсіздену тоғының абцисса осіне қарай түзудің иілу бұрышының тангенсі; Миллиамперметрлердің қателігі; Магниттеу тоғы.
Магнитті калыңдык өлшеуіштердің тексерісі қарастырады:
Сыртқы бақылауды; Жинақылық тексерісін; Сынауды;
Ультрадыбыстық бақылау құралдарының тексерісі. Сонымен қатар, дефектоскоптың жұмыс істеп тұрған жиілігін, тереңдік және фронт бойынша қабілеттілігін шешетін бақылаудың максималды және минималды тереңдігін, дефектоскоптың се- зімталдығын тексеру қажет. Жұмыс істеп тұрған жиілік 10%-дан аспайтын қателік бойынша нормаланады.
Бақылаудың минималды тереңдігі - эхоимпульстық әдіске тән өлі аймақ (бұйымның бақыланбайтын аймақтары). Ол да нормаланады. Өлі аймақ көлемі дефектоскоптың электронды блогы пъезотүрлендіргіштік құрылғы жүйесімен анықталады.
Тереңдік бойынша рұқсат етілген қабілеттілік бір тік сызық бойында орналасқан, УЗК-ның таралу бағытымен сәйкес келетін екі бөлек анықталған ақаулар арасындағы минималды арақашықтықпен анықталады. Ол зондтайтын импулсьтің ұзақтығына және дефектоскоп жазудың жылдамдығына тәуелді болып келеді.
(25) Дг (1,5 - 2) X
Фронтальды рұқсат етілген қабілеттілік Д1 (екі ақаудың көлденең тік бойымен рұқсаты) келесі формула бойынша бағаланады:
Д1= ҺА, / D (26)
мұндағы, һ - ақаудың орналасуы; А, - толқын ұзындығы; D - пъезотүрлендіргіштің диаметрі.
УЗК-ның көлбеу енуі кезінде бұйымның УКЗ-ның ену бұрышын анықтайды.
Дефектоскоптың сезімталдығы эталондық үлгілер немесе стандартты үлгілер арқылы тексеріледі. Қажет болған жағдайда, нормативті құжаттама бойынша ультрадыбыстық дефектоскопты толығымен тексереді:
Номиналды жиіліктерді; Дефектоскоп сезімталдығын; Аттенюатор қателігін; Импульстардың ілесу жиілігінің қателігін; Түрлендіргіштер сипаттамасын; Номиналды амплитуда тексерісін; Бақылау аймағындағы негізгі абсолютті қателіктің анық- талуын.
Нормативті құжаттарға сәйкес ультрадыбыстық эхоим- пульстік дефектоскопқа келесілер жүргізіледі:
Сыртқы тексеріс (жинақылыққа сәйкес құжаттаманың болуы, электронды блок түрлендіргішінің таңбалауының болуы, механикалық бұзылудың болмауы, кабелдердің тұтастығы және т.б.); Дефектоскоптың жұмысқа қабілеттілігін анықтауын сынау; Амплитуда және оның номиналды мәннен ауытқуының, ұзақтықтың, импульстар жиілігінің тексерісі; Кіріс белгісі амплитудасы өлшеуінің негізгі абсолютті қателігін анықтау; Тереңдік өлшеуіштің негізгі қателігін анықтау; Үлгілі өлшемдер мен стандартты үлгілер бойынша тексеріс. КМД 4-0; КСО-2; КМД 18.0; Шартты сезімталдықтың анықталуы; Ұзақтық пен фронт бойынша рұқсат етілетін қабілеттіліктің анықталуы.
Тексеріс кезінде ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуіштер үшін жүргізіледі:
Сыртқы тексеріс; Сыннан өткізу; Амплитуда және қоздыру импульсінің бет жағының ұзақтығының тексерісі; өлшенетін қалыңдықтың аралығын анықтау; қалыңдықты өлшеу кезіндегі қалыңдық өлшеуіштің негіз- гі қателігін анықтау; УЗК-ның таралу жылдамдығына байланысты, қалыңдық өлшегіштің негізгі қателігін анықтау; өнімнің радиус қисықтығына және бетінің бұлдырлығы нәтижесіне байланысты қалыңдық өлшегіштің қосымша қателігін анықтау; Параллель келмейтін нұсқалардағы қалыңдық өлшегіштің қателігін анықтау.
Тексеріс кезінде стандартты КУСОТ-180 немесе КМТ-176- 1 аспаптар жиынтығы қолданылады. КУСОТ-180 аспабының құрамы:
ГСО-2217-81 қателігі 0,3-0,7 % жуандығына сәйкес; ГСО-2218-81 ± 20 % бұйым бетінің бұдырлығына
байланысты;
ГСО-2219-81 ± 0,1 мм қисықтық радиусына байланысты; ГСО-2220-81 ± 15-90 мкм параллельдікке байланысты; КМТ-176-1 комплект 0,3-0,7 % жуандыққа байланысты.
Импедантты дефектоскоптарды тексеру кезінде ескеріледі:
қозғаушы генератордың жиілігі; генератор амплитудасының қалыптылығы және көлемі; дефектоскоп күшейткішіне және генераторға қосқандағы пьезоэлементтердің арасындағы тоқ қуаты фазаларының әртүрлілігі; күшейткіштің сезгіштігі және талдағыштығы; эталон бойынша тексеріс.
Ерікті тербеліске негізделген дефектоскоптар АД-50У, АД- 60С-ты, тексеру:
импульстің амплитудасы мен ұзақтығы бойынша; импульстардың кезектілік жиілігі бойынша; қалыптылығы мен сезгіштігі бойынша жүргізіледі.
Құйынтоқты дефектоскоптарды тексеру мыналар бойынша
жүзеге асады: 100
Сыртқы тексеру; Стандартты үлгілердің орын алуы; Қолданып көру; Қойылған генератордың жиілігі мен қалыптылығына бай- ланысты; Генератордың шығаратын қуаты (қателік 10 % аспауы ке- рек); Қозғаушы қуат күшіне.
Құйынтоқты жиындар нормативті құжат бойынша тексеріледі және мынаны жүзеге асырады:
Сыртқы тексеріс; Қолданып көру; Шығатын қуатты анықтау; Жиілікті анықтау; Қалыптан тыс жағдайды анықтау; Күштің коэффициентін анықтау; Сезгіштікті анықтау; Өткізу жолақтарын; Кіріс қарсылығын және сыйымдылығын құралдарды жөндеп шығарғаннан кейін анықтайды.
1-ден 20000 мкм-ге дейін құйынтоқ және магниттік қалыңдық өлшегіштерді тексеру нормативті құжаттарға сәйкес орындалады.
Сыртқы тексеріс; Қолданып көру; Нормативті құжаттарға сәйкес қалыңдық өлшегіштің негізгі қателігін және өлшеу құралдарын анықтау.
Тыйым салынбаған бақылау құралдарын тексеру кезінде қолданылатын өлшеу құралдары
ББҚ-ын тексеру кезінде өлшеудің әртүрлі құралдары пайдаланылады: амперметрлер, вольтметрлер, көпір, әртүрлі ге- нераторлар, осциллографтар, фаза айналдырғыш, фаза өлше- гіштер, жиілік өлшегіштер, сызықсыз қажалуларды және амплитуд алық-жиіліктік мінездеулерді өлшегіштер, спектр анализоторы, аттенюаторлар, веберметрлер, тесламетрлер, стандартты үлгілер, күшейткіштер.
Қуат пен қысымды өлшейтін құралдар.
Амперметрлер мен вольтметрлер магнитоэлектрикалық, электромагниттік, электродинамикалық, индукциялық және ло- гометрлік деп бөлінеді. Үздіксіз қуаттың қысымын электрондық құралдармен өлшейді, ал жоғары қысымды өлшеуді үздіксіз тоқ компенсаторы көмегімен өлшейді.
Әрекет ұстанымы электромагниттік құралдардың қызметі ферромагнитті жүрекшелі қуаты бар магнитті кеңістіктік кон- турының қарым-қатынасына байланысты. Электромагнитті құ- ралдар ауыспалы және орнықты қуат көздерін өлшеуде қолданылады. Дәлдік дәрежесі 0,5. Құрал кемшіліктері: шкаланың өзгермелілігі, өзіндік қуатын көп жұмсауы, сыртқы магнитті кеңістікке тәуелділігі. Жақсы жақтары: құрылысының тамашалығы, 15 кА-дан 450 кв-ға дейін қуатқа төзімділігі, жоғарғы сенімділігі.
Магнитоэлектрикалық құралдардың ұстанымы қуат өлшеу мен кысымы қуат өтетін магнитті кеңістік контурының қарым- катынасына негізделеді. Бұл құралдың жақсы жақтарына: өлшеудің жоғары нақтылығы (0,05 дәрежесіне дейін), шкаланың нақтылығы, жоғары сезгіштік, электр қуатын жұмсауы. Кемшіліктеріне: құрылысының қиындығы, орнықты қуатты ғана өлшеуі, жүк ауырлығына сезімталдық.
Электродинамикалық құрылғылардың негізгі ұстанымы қуат өтетін екі катушканың магнитті қарым-қатынасына не- гізделеді. Электродинамикалық құралдар қозғалмалы және қозғалмайтын катушкалардан тұрады. Қозғалмалы катушка қозғалмайтын катушканың осінде орналасып, ішінде қозғалады. Бұл құралдармен қуатты, ауыспалы және орнықты қуат тізбегі 20-100 кГц болғандағы қысым мен күшті өлшейді. Олардың нақтылық дәрежені 0,1; 0,2; 0,5. Нақтылық дәрежесі 0,1 және 0,2 болатын құралдар тексеруде қолданылады. Құралдардың жақсы қасиеттеріне уақытты қалыпты көрсетуі жатады. Кемшіліктеріне төмен сезгіштік, көп энергия кетіріп, кіріспеге сезгізтігі.
Электронды вольтметрлер орнықты және ауыспалы кысымды жиіліктің кең диапозонында анықтайды. Олар кірісте ауыспалы және орнықты куат күшейткіштеріне ие.
Көпір тізбегі Кейбір ББҚ (құйынқуаттық) тексерісінде бел- сенді және толық қарсылықты, индуктивтікті, сыйымдылықты, катушкалардың мықтылығы мен контурлардың тербелісін толық тексеріледі. Бұл суреттеулер амперметр мен вольтметр, көпірлік және резонансты тәсілімен анықталады.
10-6 - ден 1016 Ом қазылумен ± 1,5%, қарсылық 10-6-10-5 Ом, қарсылық 10-2-1010 қазылуымен ± 0,05%-ды олардың тепе-теңдігін өлшеуде үздіксіз қуат көпірлері пайда болды. Қалыпты көпірде көрсететін құрылғы нөлді көрсетіп тұрғанда нәтиже анықталады, ал қалыпты емес көпірде нәтиже құрылғы шкаласына қарай шығады. Көпір сызбасы қарапайым (8-сурет).
|
|
|