Главная страница

метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


Скачать 2.41 Mb.
НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Анкорметрология
Дата17.02.2023
Размер2.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
ТипДокументы
#942565
страница20 из 58
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58

11-сурет. НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымы




Одан басқа қызметкер этикасының нормаларын бағдарлау есепке алынады. НБ бойынша сертификаты бар әрбір маман қызметі адам мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу қамын ойлауы тиіс. Білім мен практикалық тәжірибе техникалық норма мен ережелерге сай қолдануы қажет. Ол сертификат алған деңгейіне сай жауапкершілік алуға тиіс.

Сертификаттаудың негізгі ережелері келесі құжаттарда көрсетілуі тиіс:

  • ПНК.02 «НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесі. Қызметкерді сертификаттауды өткізу реті».

  • ПНК.03 «НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесі. Уәкілетті органның бекіту реті».

  • ПНК.04 «НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесі. Қызметкер мен уәкілетті органды сертификаттау жөніндегі орталық органның жағдайы».

Бұдан басқа нормативтік құжаттама қолданылады:

  • мемлекеттік және салалық стандарттар;

  • халықаралық және аймақтық стандарттар;

  • сертификаттау жүйесінің құжаттар кешені;

  • қажет анықтамалық құжаттама.

Бақылау сұрақтары:

  1. Теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология бөлім- дерінің сипаттамасы.

  2. Метрологиядағы физикалық шамалардың өлшем бірліктері.

  3. Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі.

  4. Өлшеудің классификациясы, өлшеу әдістері.

  5. Сынау және бақылау, өлшемдердің шекті мүмкіндіктері.

  6. Бұзбайтын бақылау әдістері мен түрлерінің классификациясы.\

  7. Бұзбайтын бақылау құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі.

  8. Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру.

  9. Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен тәсілдерін сертификаттау.

  10. Бұзбайтын бақылау зертханаларын аттестаттау (аккредиттеу).

  1. - Б Ө ЛІМ.

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

    1. Өлшеу құралдары туралы ұғым, классификация.

Қарапайым және кешенді өлшеу құралдары

Өлшеу техникасы құралдары (өлшеу техникасы) - өлшеуге арналған техникалық құралдарды қамтитын жалпы түсінік. Өлшеу техникасы құралдарына өлшеу құралдары және олардың жиынтықтары (өлшеу жүйелері, өлшеу қондырғылары), өлшеу заттары, өлшеу құрылғылары жатады.

Өлшеу ақпаратын алу және өзгертуге қатысатын өлшеу техникасының құралдарына өлшеу құралдары жатады.

Өлшеу құралы - анықталған уақыт аралығында өлшемі тұрақты болатын, физикалық шама бірлігін өндіруші және сақтаушы метрологиялық нормаланған сипаттамалары бар өлшеулерге арналған техникалық құрал.

Атқаратын қызметі мен конструктивті орындауына бай- ланысты өлшеу құралдарын келесідей жіктейді: шамалар, өлшеуші өзгерткіштер, өлшеуші заттар, индикаторлар, өл- шеуші құрылғылар, өлшеуші жүйелері, өшеуші-есептеуіш ке- шендер.

Өлшеу құралдарында, біріншіден, нормаланған метроло- гиялық сипаттамалары болуы керек. Нормаланған метроло- гиялық сипаттамалар - нормативтік құжаттармен белгіле- нетін белгілі типті өлшеу құралдарының метрологиялық сипат- тамаларының жиынтығы.

Екіншіден, өлшеу құралы шама бірлігін сақтайды және жаңғыртады. Үшіншіден, сақталатын шама бірлігінің өлшемі болмайды.

Бұл факторлар өлшемдердің орындауға мүмкіндік жасайды, яғни техникалық құралды өлшеу құралдарына айналдырады.

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне эсер ететін өлшем құралдарының қасиеттерінің бірінің сипаттамасы.

Өлшем құралдарының нормаланған метрологиялық си­паттамасы - нормативтік құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.

Тәжірибелік түрде анықталатын метрологиялық сипаттама- лар өлшем құралдарының шынайы метрологиялық сипат- тамасы деп аталады.

Әдетте, өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары өлшем құралдарын пайдаланудың қалыпты және жұмыстық жағдайлары үшін нормаланады.

Өлшеудің қалыпты жағдайлары - өлшеу нәтижелерінің өзгерісі өте аздығынан болғандықтан, әсерін ескермеуге бола- тын эсер етуші шамалар мәндерінің жиынтығымен сипатта- латын өлшем шарттары.

Эсер етуші шаманың мәндер облысы - өлшем құралдары- ның көрсеткіштерінің өзгерістері мен қосымша қателіктерін нормалайтын эсер етуші шамалар мәндерінің облысы болып табылады.

Өлшеулердің жұмыстық жағдайлары - эсер етуші ша- малардың мәндері жұмыстық облыстар шегінде жататын өлшемдер жағдайы.

Өлшемдердің шекті жағдайлары - өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары бұзылу мен нашарлаусыз бо- латын өлшенетін шаманың экстремалды мәндері мен эсер ету- ші шамалардың экстремалды мәндерімен сипатталады. Шекті жағдайларда өлшем құралдары ұзақ уақыт бойы бола алмайды.

Өлшем құралдарының метрологиялық қасиеттері мен клас­сификациям 12-суретте көрсетілген.

Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған өлшеу құралдары деп бөлінеді.

Стандартталған өлшеу құралдары - стандарттар талабына сай жасалған және қолданылатын өлшеу құралдары.

Стандартталмаған өлшеу құралдары - оларға қатысты талаптарды стандарттау жөнсіз болып табылатын өлшеу құ- ралдары.

Әрекет ету ұстанымы бойынша өлшеу құралдары келесідей бөлінеді:

  • Механикалық; -

  • Физикалық-химиялық;

-Электрлік;

-Оптикалық.

Түрлері бойынша өлшеу құралдары былай бөлінеді:

  • өлшемдер;

  • өлшеу құралдары;

  • өлшеу қондырғылары;

  • өлшеу машиналары;

  • өлшеу жүйелері;

  • өлшеу түрлендіргіштері;

- стандартты үлгілер.

Өлшеу құралдары - өлшеуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдар.








12-сурет. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары, түрлері және классификациясы

Электрлік

Оптикалық

Дәлдігі бойынша

І
Ең қарапайым ӨҚ өлшем болып табылады. Өлшемнің негізгі ерекшелігі ӨҚ-ның өлшеу ақпаратына ешқандай түрлендірулер жасамауы. Физикалық шама өлшемі (шама өлшемі; өлшем) - мәндері бекітілген бірліктермен өрнектелген және қажетті дәлдікпен белгілі бір немесе бірнеше берілген өлшемдердің физикалық шамасын жаңғырту және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ. Өлшемдер бір өлшемнің физикалық шамасын көрсететін бір мәнді және әртүрлі өлшемдердің физикалық шамасын көрсететін көп мәнді деп бөлінеді. Бір мәнді өлшемдердің мысалы ретінде ұзындықтың жазық параллельдік ұштық өлшемін, бұрыштықты (тік бұрыш өлшемі), ал геометриялық шамаларға жатпайтындарға гірді (масса өлшемі) жатқызуға болады. Көп мәнді өлшемдерге өлшеу сызғышын, бірнеше жұмыс бұрыштары бар бұрыштық ұштық өлшемді, транспортирді жатқызуға болады. Өлшемдер жинақталып берілуі немесе «дүкендерге» топтастырылуы мүмкін.

Өлшем - бұл мәндері бекітілген бірліктермен өрнектелген және қажетті дәлдікпен берілген белгілі бір немесе бірнеше өлшемдердің физикалық шамасын жаңғырту және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ.

Өлшемдер жинағы - жеке немесе әртүрлі үйлесімде тә- жірибеде қолдануға арналған (мысалы, ұштық ұзындық өлшем- дерінің жинағы, бұрыштық ұштық өлшемдер, түрлі салмақтар жинағы) физикалық шаманың әртүрлі мөлшердегі өлшемдер кешені.

Өлшемдер дүкені - құрылымында өлшемдерді әртүрлі ком- бинацияда (мысалы, электрлік кедергі дүкені) қосуға арналған құралдары бар бір құрылғыға конструктивті түрде біріктіріл- ген өлшемдер жинағы.

Өлшегіш құрылғы деп өлшенетін физикалық щаманың мәндерін белгілі бір диапазонда алуға арналған өлшеу құралын айтады.

Өлшегіш құрылғылар индикация деңгейі бойынша көрсе- тетін және тіркейтін, әрекеті бойынша интеграциялаушы және қосушы (сомалаушы) деп бөлінеді. Бұған қоса өлшегіш құрылғылары тікелей әрекет ету құрылғылары, салыстыру құрылғылары, аналогтік құрылғылары, сандық құрылғылары, өздігінен жазатын және баспа құрылғылары деп бөлінеді. Өлшегіш қондырғы бір жерде жұмыс істеу түрінде біріктірілген өлшемдер, өлшегіш құрылғылар, өлшеу түрлендіргіштері және басқа да құрылғылардың жиынтығы болып табылады және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған. Өлшегіш машина - бұйым сипатталатын физикалық шамалар­ды дәл өлшеуге арналған үлкен көлемдегі өлшеу қондырғысы (күш өлшегіш машина, бөлгіш машина, үлкен ұзындықтарды өлшеуге арналған машина).

Өлшеу жүйесі бақыланатын нысанның әртүрлі нүктелерінде орналастырылған, осы кеңістікке тән бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу және әртүрлі мақсатта өлшеу белгілерін алу мақсатында жұмыс істеуге біріктірілген өлшемдер, өлшеу құрылғылары, ЭЕМ және басқа да техникалық құралдар болып табылады. Өлшеу жүйелері арналған мақсатына қарай өлшегіш-ақпараттық, өлшегіш-бақылаушы, өлшегіш-басқарушы жүйелер және басқалар болып бөлінеді. Өлшеу мақсатына қарай реттелетін өлшеу жүйелері икемді өлшеу жүйелері деп аталады.

Өлшеу түрлендіргіші - нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу белгісіне түрлендіруге, өңдеуге, сақтауға, одан арғы түрлендірулерге, индикация немесе беруге арналған ыңғайлы техникалық құрал. Өлшеу түрлендіргіштерінің мысалы - винт

Кіріс және шығыс белгілерінің сипаты бойынша аналогтік және сандық түрлендіргіштер, өлшеу тізбегінде алатын орнына байланысты біріншілік және аралық деп бөлінеді. Өлшеу аппаратының белгісін тепе-тең түрлендіретін түрлендіргіштерді масштабтық деп атайды.

Біріншілік өлшеу түрлендіргіші - өлшенетін шама тікелей эсер ететін өлшеу түрлендіргіші. Бір ӨҚ-да бірнеше біріншілік түрлендіргіш болуы мүмкін, мысалы, тоңазытқыш ыдыстың әр- түрлі нүктелеріндегі температураны өлшеуге арналған өлшеу қондырғысының термопарлары.

Датчик - өлшеу белгілерін шығаратын контруктивті түрде жекешеленген біріншілік түрлендіргіш.

Өлшеу құрылғысы (құрылғы) - өлшенетін физикалық шаманың мәнін берілген диапазонда алуға арналған өлшеу құралы. Өлшеу құралы өлшенетін физикалық шамадан өлшеу ақпаратын алуға, оны түрлендіруге және оператор тікелей қабылдай алатындай пішінде беруге арналған. Құрылғының құрылымына бір немесе бірнеше өлшеу түрлендіргіштері және оларға қосылған нұсқаушы шкала, нұсқаушы диаграммалық қағаз, сандық табло типіндегі өлшеу ақпаратын көрсететін құрылғы кіреді. Ақпаратты беру жүйесіне байланысты көрсетуші немесе тіркеуші кұрылғылар деп ажыратылады. Тіркеуші құрылғылар жазба немесе баспа құрылғылары деп бөлінеді. Шығыс белгісінің пішініне қарай аналогтік немесе дискреттік шығысы бар құрылғыларды ажыратады («дискретті» қүрылғыларды «сандық» деп жиі атайды).

Құрылғыларды тікелей әрекет ететін және салыстыру құрылғылары деп бөледі. Салыстыру құрылғыларын компаратор деп те атайды.

Компаратор - біртекті шамалардың өлшемдерін салыстыруға арналған салыстыру құрылғысы. Компаратордың мысалы - иінтірек таразы.

Индикатор - белгілі бір физикалық шаманың бар екендігін анықтау немесе оның мәнінің шегінен шығуын анықтауға арналған техникалық құрал немесе зат (химиялық). Химиялық реакциялар кезінде индикатор ретінде лакмус қағазын қолданады. Иондаушы сәулеленулерді өлшеу саласында индикатор радиация деңгейінің шегінен асып кеткендігі туралы жарық және (немесе) дыбыс белгісін береді. Кей жағдайларда индикатор ретінде өлшеу құрылғылары ппйдаланылуы мүмкін (көретін және дыбыстық белгілері бар шекті электрконтактілі өлшеу түрлендіргіші электр тізбегіндегі үзіліс омметр кезінде қолданылады).

Өлшеулердің күрделі құралын сызба ретінде көрсетуге бола- ды. Ол үшін сызбаның негізі ретінде өлшеу тізбегін алады. Тізбектің құрылымына біріншілік және аралық өлшеу түрлен- діргіштері, сонымен қатар өлшеу ақпаратын көрсетуші құрылғы кіреді. Өлшеу құрылғысының құрылымдық сызбасының мысалы 13-суретте көрсетілген.


Біріншілік

өлшеу




Аралық

өлшеу




Аралық

өлшеу




Өлшеуіш

ақпаратты

түрлендіргіші




түрлендіргіші




түрлендіргіші




бейнелейтін

қүрылғы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58


написать администратору сайта