Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұзбайтын бақылау бойынша тұлғаны сертификаттау жүйесі

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница19 из 58
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58

    сертификаттау нәтижелері туралы ақпараттан тұрады. Бұзбайтын бақылау зертханаларын аттестаттау (аккредиттеу)

    Зертханаларды аттестаттау НК немесе диагностика орындауға арналған зертханалардың ұйымды-техникалық дайындығы мен техникалық кұзыреттілігін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Аттестаттауды техникалық реттеу және метрология комитетінің лицензиясы бар аттестаттау жөніндегі органдар өткізеді. Зертхана аттестаттау туралы куәлік немесе ҰСО (Ұлттық Сарапау Орталығы) тізімінде үш жылға тіркелген аттестат береді.

    Аттестаттауды жүргізу реті келесідей:

    • аттестаттауға өтінішті мына құжаттармен беру (сарапшылық комиссиясын қабылдау туралы келісімшарт, жағдай жарғысының көшірмесі, зертхананың төлқұжаты, қызметтің түрлері);

    • өтінішті тіркеу және шарт жасау;

    • құжаттардың сараптамасы;

    • сарапшылық комиссияны құру;

    • зертхананың тексеруі, комиссияның есебі;

    • аттестаттау нәтижелерін қарастыру;

    • тізімді ресімдеу, тіркеу және (аттестат ) куәліктің беру.

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің органдары

    аттестатталған зертханалардың қызметін тұрақты қадағалауды жүзеге асырады. Аттестаттау жағдайлары бұзылған ретте зертхана куәлігі жойылуымен тізімнен шығаруы және аттестаттау құқығынан айыруы мүмкін.

    Соңғы кезде аттестаттау аккредиттеумен алмастырылып жатыр және техникалық реттеу және метрология комитетінің органдарымен Қазақстандық жүйе бойынша жүргізіліп жатыр.

    1. Бұзбайтын бақылау бойынша тұлғаны сертификаттау жүйесі

    НК-ны қамтамасыз етуге арналған тұлғаны сертификаттау бойынша негіз болатын құжатты Қазақстанның техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітілген.

    Бұл құжат НК саласында тұлғаны сертификаттау жүйесінің ережесін және құрылымның негізгі қағидаларын орнатады. Бұл жүйе халықаралық нормалар және стандарттардың не- гізінде құрастырылған және келесі негізгі терминдер және анықтамаларды қолданады:

    Сәйкестік - өнімге немесе қызметке (ИСО/МЭК2) қойыла- тын барлық талаптарды сақтау немесе орындалу қойылған талаптарды (ИСО9000 ) орындау.

    Сертификаттау жүйесі - (ИСО/МЭК2) сәйкестік сертифи- кациясын өткізуге арналған іс-шаралар мен басқарудың мен- шікті ережелері орналасқан жүйе.

    Біліктілік - әзірлеудің бар болуы, кәсіби білімдер, шеберлік және тәжірибе (EN473-92 ).

    Уәкілетті орган - емтихандарға әзірлікті өткізуге және ем- тиханды жүзеге асыруға және (EN473-92 ) тұлғаның біліктілік деңгейін анықтауға құзырлы тәуелсіз орган.

    Емтихан орталығы - (EN473-92 ) мамандыққа қатысты емтихандар жүргізілетін заңдастырылған уәкілетті орган немесе басқа сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган бекіткен орталық.

    Емтихан алушы - тәуелсіз сертификаттау жөніндегі орган- ның өткізген әдісі бойынша емтихан жүргізуші, емтихан ба- қылаушы, НК (EN473-92 ) бойынша біліктілік деңгейін анық- таушы, біліктіліктің 3-ші деңгейінің маманы.

    Сарапшы - тұлғаны сертификаттау саласында белгілі бір жұмыстар түрлерін өткізуі үшін сертификаттау жөніндегі орган құзыретті деп таныған тұлға.

    Қол қоюға құқылы тұлға - сертификаттау (ИСО/МЭК2) құжаттарына қол қоюы үшін аккредиттеу бойынша орган құзыретті деп таныған тұлға.

    Кандидат - сертификаттау (ИСО9172-92, EN473-92) бойынша органнан біліктілік сертификатын алуға ұмтылушы тұлға.

    Сапа жүйесі - сапа басшылығын жүзеге асыруға міндетті ұйымдық құрылым, әдістер, үдерістер мен қорлар жиынтығы.

    Үйымдык құрылым - қызметкерлер (ИСО9000) арасындағы өкілеттіктер, қарым-қатынас және жауапкершілікті үлестіру.

    Мамандыққа қатысты емтихан - тәуелсіз сертификаттау жөніндегі органмен немесе уәкілетті органмен жүргізілетін жә- не кандидаттың ортақ, арнайы және нақты білімдерін көрсететін емтихан.

    Өндірістік сектор - арнайы білімді, құрал шеберлігін, өнімді бақылауға дайындықты талап ететін, арнайы техникалық құралдар қолданылатын өндірістің немесе технологияның нақты бір саласы.

    Бұзбайтын бақылау облысында тұлғаны сертификаттау жү- йесінің мақсаты

    Жүйенің басты мақсаты НК-ны жүргізуші тұлға біліктілігі- нің баға сәйкестігі арқылы тексерілетін өнімнің күйі туралы нақты ақпаратты алу шартын қамтамасыз ету болып табылады.

    Жүйе қызметінің түрлері келесідей:

    • НК саласында тұлғаны сертификаттау;

    • уәкілетті органмен бекіту;

    • емтихандық орталықтарды бекіту;

    • сертификатталған тұлғаны инспекциялық бақылау.

    Жүйенің негізгі ережелері үш деңгей бойынша НК саласында

    тұлға сертификаттауын қарастырады және еркін сипаттамаға ие.

    Біліктілігі І деңгейдегі мамандар білуі тиіс:

    • анықтауға тиіс ақаулар түрін, және бақылаудың нақты нысандарындағы олардың ықтимал болу аймақтарын;

    • НБ-дың қағидалары мен тәсілдері туралы негізгі мәлімет- терді;

    • жұмыс қағидалары, маман жұмыс істейтін басқару органдары мен құрылғыны реттеу ретін;

    • әдістеменің негізгі жағдайлары (іс-шара) мен бақылау бо­йынша нормативтің құжаттар, сонымен қатар, ақаулардың дәлдігін анықтауға және оны арттыруға эсер ететін тәсілдерді;

    • Бақылаудың нәтижелерін рәсімдеу реті;

    • еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережесін.

    Олар істей алуы тиіс:

    • нысанды бақылауға дайындауды және құрылғыны норма­тив™ құжаттарға сәйкес реттеуді;

    • бақылау бойынша барлық операцияларды орындауды;

    • нысанда бақылау мен сәйкес құжаттамада ақау аймағын белгілеуді.

    Бірінші деңгейдегі мамандар қорытынды бере алмайды. Бірінші топтағы мамандарға келесі талаптар қойылады: орта білім және арнайы дайындық курстарынан өту.

    Біліктілігі ІІ деңгейдегі мамандар білуі тиіс:

    • сапа және өнім сапасы мен ақауды бақылау, олардың бі- ліктілігі түсінігін анықтауды;

    • конструиктівтік ерекшеліктер, дайындаудың технологиясы, бақылау нысанының тасымалдануы мен жөнделуі, ақаулардың түрлері, олардың мүмкін болатын қауіптілігі және әрекет етіп тұрған жүктемелерді ескергендегі мүмкін аймақтарды;

    • бұзбайтын бақылаудың әдістерінің физикалық негіздерін;

    • бақылаудың арнайы әдісі үшін құрылғының құрылымы мен жұмыс істеу сұлбасының қағидаларын;

    • бақылаудың нәтижесінің дәлдігін анықтайтын құрылғы мен әдістің негізгі өлшемдерін және оларды өлшеу мен метрологиялық қамтамасыз етуді;

    • өлшенетін мінездемелер мен анықталған ақаулардың си- патын;

    • берілген әдістеме бойынша нақты нысандарды бақылау технологиясы (нысанды дайындауды, негізгі өлшемдерді таңдауды, құрылғыны реттеуді, бақылау жүргізуді);

    • бақылау нәтижелерін рәсімдеу реті мен құжаттаманы сақ- тауды;

    • стандарттар және берілген әдіспен нысанның нақты түрін бақылау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды;

    • еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережесін;

    • берілген түрдегі нысандарды бақылаудың басқа да әдістерін;

    • нақты нысандарды бақылау кезінде телімдер мен жұмыс орындарын ұйымдастыру ретін;

    • дефектоскопиялық құрылғының негізгі ақаулары мен олар- дың өндіріс шарттарында бақылау жүргізілетін мүмкін жою жолдарын.

    Олар істей алуы тиіс:

    • құрылғының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру мен оны қажетті өлшемдерге параметрлерге реттей алу;

    • анықталған түрдегі нысандардың нақты әдістермен бақылау бойынша операцияларды басқару және олардың нәтижелерін түсіндіріп беру;

    • сапаны бағалау және бақыланған нысанның сапасы жайлы қорытынды беру;

    • бақылаудың нәтижесін рәсімдеу және сәйкес қорытынды беру;

    • нормативтік және техникалық құжаттарға сәйкес, нақты бұйымдарды бақылаудың технологиялық карталарын жасап шығару;

    • инспекциялық бақылау қажет кездегі біліктілігі I деңгейдегі мамандар тексерген нысандардың сапасы туралы қорытынды беру.

    Біліктілігі II деңгейдегі мамандарға қойылатын талаптар келесідей: орта, орта техникалық және жоғары білімді, соны- мен қатар, арнайы курстардан өткен. Олар аттестациялық комиссияға қатыса алады, инспекциялық бақылау жүргізе алады, нысандарды таңбалай және маркілей алады, сонымен қатар, басқарушы құжаттарды әзірлей алады.

    Біліктілігі III деңгейдегі мамандар білуі тиіс:

    • бұзбайтын бақылаудың негізгі сұрақтары;

    • конструиктівтік ерекшеліктер, дайындаудың технологиясы, бақылау нысанының тасымалдануы мен жөнделуі, ақаулардың түрлері, олардың мүмкін болатын қауіптілігі және әрекет етіп тұрған жүктемелер мен басқа факторларды ескергендегі мүмкін аймақтар;

    • бақылау тәсілдерінің физикалық негіздері;

    • анықталған түрдегі нысандарды тексеру үшін қолданатын бақылау жүйесі;

    • құрылым қағидалары, жұмыс істеу сұлбалары және бақы- лаудың берілген әдісі үшін құрылғыны тасымалдау ережесі;

    • бақылаудың нәтижесінің дәлдігін анықтайтын әдіс пен құрылғының негізгі өлшемдері, оларды есептеу тәсілдері және номиналды мәндерден ауытқуға рұқсатнамалар;

    • бақылау кезінде кедергі жасайтын факторлардан арылу әдіс- тері және бақылаудың нәтижесін бағалау үшін қажет ақпаратты анықтау және көрсету әдістері;

    • бақылаудың нақты әдісіне арналған метрологиялық қам- тамасыз ету;

    • ақауларды дәрежеге және түрлерге бөлу үшін өлшенетін мінездемелер мен ұқсастыру белгілер;

    • берілген әдіс бойынша әртүрлі өнімнің бақылау техно- логиясын;

    • нысандарды бақылау үшін нормативтік және техникалық құжаттарды әзірлеу реті;

    • құрылғыны қолдану мен бақылау әдісі бойынша стандартты және басқа да нормативтік құжаттар;

    • бақылау нәтижелерін рәсімдеу және құжаттарды сақтау реті;

    • еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережесі;

    • бақылаудың берілген әдісі мен зиянды экологиялық факторлар және олардың қоршаған орта мен адамға әрекетінің алдын алу әдістері;

    • НБ бөліну жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау қағи- далары;

    • берілген НБ түрінің қазіргі жағдайы мен даму болашақтары.

    Біліктілігі ІІІ деңгейдегі мамандар істей алуы тиіс:

    • құрылғының жұмыс қабілетін тексеру және оған берілген өлшемдерді реттей білу;

    • бақылау операцияларын орындау және бақылау нәтижелерін түсіндіру;

    • бір немесе бірнеше әдіс бойынша бақылаудың нәтижелерімен сапаны бағалау және бақыланған нысанның сапасы туралы қорытынды беру;

    • бақылаудың нәтижесін рәсімдеу және сәйкес қорытынды беру;

    • нақты нысандардың жасалуы, тасымалдануы және жөнделуі кезінде НБ-дың тиімді әдістері мен жүйелерін таңдау;

    • нормативтік және техникалық құжаттарға сәйкес, нақты бұйымдарды бақылаудың технологиялық карталарын жасап шығару;

    • инспекциялық бақылау қажет кездегі біліктілігі I және ІІ деңгейдегі мамандар тексерген нысандардың сапасы туралы қорытынды беру.

    ІІІ деңгейдегі мамандар І және ІІ деңгейдегі мамандарды басқарады, әдістемелік және ғылыми еңбектері бар, НБ әдістемесін әзірлейді, аттестациялық комиссияға қатыса алады, инспекциялық бақылау жүргізе алады.

    Біліктілігі Ш деңгейдегі мамандарға қойылатын талаптар келесідей: арнайы жоғары білімді және жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес.

    Тігінен НБ мамандарын сертификаттау және аттестаттау жүйесі келесі түрде болады:

    ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті

    4

    Ұлттық аттестациялық орталығы (ҰАО)

    Аттестациалық бекеттер (АБ)

    Бұзбайтын бақылау саласындағы қызметкерді сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымы 6-суретте келтірілген.

    Сертификаттау жүйесін бақылауды сертификаттау бойынша ұлттық орган (ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті) жүзеге асырады.

    НБ саласында қызметкерді сертификаттау сертификаттау бойынша жетекші органмен және уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

    Жетекші орган жалпы шұғыл басшылықты жүзеге асырады және жүйенің тізімін басқарады. Оның атқарушы органы, жоғары біліктіліктегі қызметкер бюросы, ақпараттық қызмет көрсету бюросы, тізім және ғылыми-әдістемелік комитеті бар.

    Баскаруты кеңес жүйеге ғылыми және әдістемелік бас- шылықты және жүйе қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Ол ҚР-ның техникалық метрология және метрология комитетінің өкілдері, өндіріс секторлары мен сертификат беруге жауапкер- шілік артатын бұзбайтын бақылаудың Қазақстан қоғамының арнайы бақылауының органы.

    Уәкілетті орган Сертификаттаудың практикалық іс-шарала- рын жүргізу жөніндегі қызметтерді орындауды қамтамасыз етеді және сертификат беруге жауапты.

    Емтихандық орталықтар бұзбайтын бақылаудың барлық түрі бойынша емтихандарды ұйымдастырады және өткізеді.

    Қызметкерді аттестаттау үшін керек құжаттар:

    • білімі туралы дипломның көшірмесі;

    • арнайы дайындық туралы анықтама;

    • жұмыс тәжірибесі туралы анықтама;

    • медициналық анықтама;

    • емтихандарды тапсырғаны туралы хаттама(теориялық, практикалық, арнайы).



    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58


    написать администратору сайта