жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды
Скачать 1.84 Mb.
|
ші дәрiс. ЖЭС өздік мұқтаждықтарын жабдықтау сұлбаларын жобалауДәрiстiң мазмұны: ЖЭС өздік мұқтаждықтарын жабдықтау сұлбаларын жобалау. Дәрiстiң мақсаты: ЖЭС өздік мұқтаждықтарын жабдықтау сұлбаларын жобалау қағидаларымен танысу. Блокты ЖЭО және КЭС өздік мұқтаждықтарын жабдықтау сұлбаларын жобалауӘрбір блоктың ТҚ-ларын станцияларында генератордан бөлінген жұмыстық ТӨМ арқылы байланыстырады. Бұл 13.1 суретте көрсетілген. а) генераторлы ажыратқышсіз; б) генераторлы ажыратқышпен сурет – блокты ЖЭС-тің ө.м. сұлбалары Блоктың ө.м. тұтынушылары берілген ТҚ дан қоректенеді, ал ортақ станцияларға арналған тұтынушылар блоктың ТҚ арасында бөлінеді. Әр түрлі блоктардың ө.м. ТҚ арасындағы электр байланыстарды резервті қоректену үшін орнатады. 6-10 кВ ТҚ құрама шиналарды бiр секцияланған жүйемен орындайды. Әрбiр блоктiң меншiктi мұқтаждықтары екi немесе оданда көп секциялармен қоректенедi. 6-10 кВ секцияларға 200 кВт ірі қуатты қозғалтқыштарды 6 және 4 кВ кернеуді қолданып қосады, ал 400 кВт жіне одан жоғары болса, 10 және 0,66 кВ кенеулерді қосады. Бұған екінші баспалдақты трансформаторлар жалғанады: 6/0,4 немесе 10/0,66 кВ. суретте өздік мұқтаждықтардың жұмыс қорек көзінің тізбектерін орындау нұсқалары келтірілген. а – екі орамды бір трансформатор; б – жарты қуатты екі орамды трансформаторлар; в – ТК орамасы екіге бөлінген трансформатор; г – ТК орамасы үшке бөлінген трансформатор; д - ТК орамасы екіге бөлінген екі трансформаторлар сурет - Өздік мұқтаждықтардың жұмыс қорек көзінің тізбектерін орындау нұсқалары Резервті трансформаторлардың жалғану орындары: а) ТК ТҚ жиынтық шиналары (110 – 200 кВ); б) Үш орамды автотрансформатор арасындағы жоғары және орташа ТҚ кернеулерінің байланысы; в) генераторлы сөндіргіші бар блоктан бөлінген генератор кернеуі. суретте кернеуі 0,4 (0,66) кВ ө.м. қоректендіру өзіне тән сұлбасы көрсетілген сурет – кернеуі 0,4 (0,66) ө.м. қоректену сұлбасы Екінші баспалдақты трансформаторларды электр қабылдағыштардың берілген топтарының жанындағы жақын аумаққа орналастырады. Резервті трансформаторларды басқа блоктың 6(10) кВ секцияларына байланыстырады (берілген жағдайда 2 блок). Аса жауапты электр қабылдағыштар үшін – 1НА2 және 1НБ2 секциялары таңдалған. Бұл секциялар резервті трансформатордан және дизель генераторынан резервті қорек алады. Жұмыс трансформаторларының электр қабылдағыштарының қорек көздерінің топтарын мынадай жолмен таңдау кезінде, 0,4-0,66 кВ жағында номиналды қуат ҚТ токтарымен шектелген шарттан асып кетпеуі керек: 0,4—0,66 кВ (для 0,4 кВ—1000 кВ∙А, uк =8% және uк =5,5% кезінде 630 кВ∙А, uк =8% кезінде 0,66 кВ— 1600 кВ∙А. |