Главная страница

жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды


Скачать 1.84 Mb.
НазваниеСтанцияларды
Анкоржылу жуйелерин жобалау
Дата21.12.2022
Размер1.84 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖылу жүйелерін жобалау.docx
ТипДокументы
#856728
страница21 из 25
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

13.2 Көлденең байланыстары бар ЖЭО өздік мұқтаждықтарын электрмен жабдықтау сұлбаларын жобалау



Технологиялық және электрлік бөліктерде қарсы байланыстары бар ЖЭТ үшін блоктік принциппен тұрғызылған ө.м. сұлбалары қолданылуы мүмкін емес. ҚТ 6-10 кВ генератордағы кернеуге ө.м. трансформаторы (реакторы) әртүрлі секциямен қосылады.

ЖЭО өзіндік мұқтаждықтардың электрқабылдағыштарды коректендіру үшін әдеттегідей 6 және 0,4 кВ кернеуді қолданады (13.4 сурет). Желгілікті жүктеме генераторлық шинадан коректенетінге байланысты 10/6 кВ ө.м. трансформаторларда РПН қолдабаса да болады, өйткене бұл шиналарда кернеу стабилды шарт түрде байқалады. 6 кВ ө.м. жинақ шиналарда секцияландыру қазандықтардың санына байланысты орындалады. Әр қазандыққа бір секция арналады. Ал ө.м. электрқабылдағыштар өзінің бір секциядан коректенеді. Өнімділігі 420 т/ч және одан жоғары ірі қазандықтар екі жартылай секциядан коректенеді. Турбина механизмнің электрқозғалтқыштары екі түрлі секциядан тоғыспалы тамақтану қағидасы арқылы коректенеді. Жалпы станциялық ө.м. бірге немесе бөлек секциялардан

коректенеді. Бұл кезде қосымша негіздеу қажет.




    1. сурет – 0,4 (0,66) кВ кернеуде жұмыс істейтін ө.м. қоректенуінің сұлбасы ТӨМ жұмысшылары ЖЭО барлық режимдерінде ө.м. қамтамасыз етеді.

ТӨМ жұмысшыларының біреуі бұзылған кезде және ремонт кезінде резервті қоректендіру қажет болады. Сондықтан ТӨМ жұмысшысының қуаты тәрізді резервті трансформаторды таңдау керек. ТӨМ жұмысшыларының НТП саны 6 дан артық болса, екі резервті трансформатор орнату ұсынылады. Резервті трансформатор қосылу орны ТӨМ жұмысшыларының қосылу орнынан тәуелсіз болуы қажет. Егер ГТҚ секцияларының барлығына ТӨМ жұмысшылары жалғанған болса, резервті трансформаторды байланыс трансформаторының ажыраған жеріне немесе сөндіргіштер арқылы ГТҚ екі секциясына жалғайды.

13.3 АЭС электрмен жабдықтау жүйесінің ерекшеліктері


АЭС ө.м. тұтынушылары 4 топқа бөлінеді. Бірінші топтың ЭТ қоректенудің үзілуіне жол бермейді (реакторды басқару және қорғау жүйелерінің, реактор бақылау және өлшеу жүйелерінің, радиоактивті сәулеленуді дозиметрлік бақылау жүйелерін, реттеу жүйелерінің авариялы май үрлегіш ЭҚ электр тұтынушылары).

Екінші топтың ЭТ қоректенуді 1-3 минутқа үзуге мүмкіндік береді, сол кезде тәуелсіз қорек көзінен АВР орындалады (бірінші радиоактивті контурды және оның көмекші құрылғыларының үрлегіш ЭҚ, өрттен қорғану, авариялық жарықтандыру және т.б. қосымша жүйелердің ЭТ). Тұтынушылардың І және ІІ топтарын электржабдықтау үшін арнайы желілер мен берік қорек көздері

орындалады, олардың бар болуы АЭС ө.м. спецификалық ерекшелігі. Үшінші топтың ЭТ сумен және сұйық металлмен толтырылған реакторларды газды жылу тасымалдағышпен газды үрлеу үшін арналған басты циркуляциялы насостар (БЦН).

Төртінші топтың тұтынушылары ЖЭС-ке ұқсас. Осы топтың ЭҚ электрмен жабдықтау сұлбалары КЭС сұлбаларына ұқсас етіп жасалады.

Қалыпты режимде барлық ЭТ ө.м. қоректендіру кезінде энергия жүйесімен параллель жұмыс істейтін басты генераторлардың қуатын таңдап алады.

Егер апат алшақтығы турбогенератордың жүрісін пайдалануды қажет етпесе, онда жұмыс ТӨМ тармақталуын ЖЭС-тегідей орындайды: генератор ток сымына, егер генератор сөндіргіштері жоқ болса, немесе сөндіргіш пен блок трансформаторы арасында ВГ сөндіргіштері бар болса. (13.5 б,в,г- суреттерінде).



    1. сурет ө.м. жұмыс трансформаторларының АЭС-те жалғану нұсқалары.


Егер апат алшақтығы турбогенератор жүрісін пайдалану қажет болса, онда генератор мен сөндіргіш арасына жұмысшы ТӨМ жалғайды. Онда ЖК жағындағы сөндіргіштер мен трансформатор бұзылуы кезінде, және де, ТҚ ЖК кернеуінің жоғалуы кезінде генератор ВГ сөндіргішімен ажыратылады. ТӨМ арқылы энергия жүрісі реактордың авариялық алшақтығына қолданылады. Екі генератор сөндіргіштер және олардың ортасына жұмысшы ТСН тізбектей жалғанса (13.4 г сурет), бұл кемшіліктен құтылуға мүмкіндік береді және авария алшақтығы үшін турбогенератор жүрісін қолдануға мүмкіндік сақтайды.
  1. 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


написать администратору сайта