Главная страница

жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды


Скачать 1.84 Mb.
НазваниеСтанцияларды
Анкоржылу жуйелерин жобалау
Дата21.12.2022
Размер1.84 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖылу жүйелерін жобалау.docx
ТипДокументы
#856728
страница24 из 25
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Ашық тарату құрылғыларын жобалау



АТҚ ошиновкасын болатты алюминий сымдарымен (әдетте АСҰ маркасы) созылмалы, ілінетін изоляторлармен немесе қатты алюминий құбарлармен орындайды. Иілгіш сымдарды бекіту үшін тұрғы және орындық түріндегі тіректерді қолданады. Барлық тірек конструкцияларды темір бетонды элементтерден дайындайды.

АТҚ беріктікке тексергенде әр түрлі фазалардың ток жүргізетін бөліктері арасындағы Аф,ф қашықтықты және жерге тұйықталған бөліктер мен

ток жүргізетін бөліктер арасындағы қашықтықты Аф,з. ескереді. Көлденең жазықтықта орналасқан иілгіш шиналар арасындағы қашықтықты тапқанда.

АТҚ –да минималды қашықтықты 1,06 – 1,38 етіп таңдайды (220 кВ үшін үлкен мәні, 35 кВ үшін кіші мәні). Қызмет ету қауіпсіздігі үшін ток жүргізетін бөліктерді бір-бірінен үлкен қашықтықта және биіктікте орналастырады, бұл кезде олардың механизм габариттарына және автотранспортқа дейінгі қашықтықты ескереді. Май жайылуы мен өрт тарауын тоқтату үшін, тас төгіндісі бар май қабылдағыштарын орнатады. АТҚ басқа территориядан шектеу үшін биіктігі 1,6 м торлы немесе тұтас дуалдармен қоршайды.

АТҚ компоновкасында сөндiргiштердiң орналастыруының қатарларының саны, шиналардың ярустарының орналасу саны, ажыратқыштар саны мңызды рөл атқарады. Ярустар саны көбейген сайын, ошиновкаға негіз болатын порталдар саны өседі де ТҚ беріктілігі төмендейді.

    1. Жедел басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын таңдау. Басқару посттары



Құрылымдық басқарудың үш формасы бар: цехті, блокті (цехсіз) және орталықтандырылған. Цехті құрылым қызмет етілетін объектіні оперативті бөліктерге бөлуді қарастырады, ол топтар бір типті күштік құрылғы принципі бойынша байланыстырылады. Блокті құрылымда оперативті бөлікке бір немесе екі энергетикалық блоктардың құрылғылары кіреді. Толық станцияны екі жағдайда да оперативті басқаруды жүйе диспетчері кезекшісінің қоластында болатын ауысым (смена) бастығы жүзеге асырады. Орталықтандырылған басқару жүйесінің құрылымы барлық объектіні басқару бөліктерге бөлінбеген орталықтандырылған бір бригадамен басқарылатынын білдіреді.

Блоктік электр станциялардағы (КЭС, АЭС) негізгі жабдықтар үшін жедел басқарудың блоктік құрылымын қолданады, ал жалпы станциялық тағайындау жабдықтарға қамтамасыз ету үшін цехтік құрылымын қолданады.

Қиысып байланысқан ЖЭС оперативті басқаруын жобалауды цехті принциппен жүргізеді. 250 МВт артық қуатты ЖЭС негізгі цехтарына байланысты оперативті қызмет етудің бес бөлігін құрайды, олар: жылулық- транспортты, турбиналы, химиялық, жылулық автоматика. Қиысып байланысқан ЖЭС басқаруының үш түрі болады: генераторларды, трансформаторларды, ауа және кабельді желілерді, шинааралық байланыстарды басқару үшін арналған басқарудың басты щиттары (ББЩ); қазандықтар мен турбиналарды басқару үшін арналған басқарудың топтық агрегатты щиттары (БТЩ); көмекші цехтар мен ортақ станциялы қондырғыларды басқарудың жергілікті щиттары (БЖЩ).

Басқару щитін осы щитпен басқарылатын объект орналасқан бөліктің центріне орналастыруға тырысады. Басқару щиттарын басты ғимараттағы орналасқан (мысалы, БТЩ) оқшауланған бөлмелерде, оның қосымша

ғимараттарында, көмекші цехтар мен орнатулар ғимараттарында (ЖБЩ), ГРУ ғимаратының қосымшасында (ББЩ), немесе бөлек тұрған ғимартта орналастырады.

БЩ құралдары мен аппаратураларында элементтердің екі тобы бар. Бір топ басқарушы құрылғыда орналасқан. Оларға тетік, өлшеу трансформаторлары, коммітациялық аппараттар, орындаушы механизмдер жатады. Екінші топқа БЩ сай негізделген. Оларға өлшеуіш (екінші ретті) аспаптар; ақпаратты көрсету құралдары, индикаторлар, шамдар, табло, электрлік дыбыстар ме нсигналдар; басқару аспаптары мен аппаратуралары – кілттер, батырмалар; қорғаудың және автоматты құрылғылар релелері мен аспаптары және т.б.

Басқару аппараттарын басқару пульттарында, ал қалған аспаптар мен аппараттарды панельде монтаждайды.

БЩ ғимараттары операторларға еңбекке қолайлы (комфортты) және аппараттар мен аспаптарды функциялауға жағдайы жақсы болуы қажет.

Панельдер мен пульттардың орналасуы қызмет көрсетуге қолайлы және максималды көрнекіліктерге ие болуы шарт. Ол үшін щиттардың оперативті және оперативті емес бөліктерін ажыратады. Оперативті контурда басқару операцияларын орындайтын және жұмыстың негізгі көрсеткіштерін бақылайтын, құрамында сигналды құрылғылар және аппараттар бар панельдер мен пульттарды орналастырады. Оперативті емес бөлікте: а) периодты түрде бақылау үшін арналған реттейтін және көрсететін панельдер, және екінші ретті операцияларды орындайтын басқару аппараттары; б) әртүрлі бағыттағы электронды реттегіші, қорғау аспаптары және сигнилдары бар панельдер орналасады.

Оперативті контурдың панельдері мен пульттарын құрастыру кезінде бақылауға қолайлы болуын, ал басқарудың басты элементтері қолмен басқарылу қажеттілігін ескереді. Ашық құрастыру кезінде (15.2а суретте) рояльды типті басқару пульті мен оперативті панель бір-бірінен алшақ орналасқан. Пультта басқарудың негізгі аппараттары 1, ал оперативті панельде негізгі көрсеткіш құралдары 2 және сигналды құралғылар 3 монтаждалған. Біріктірілген құрастыруда пульт панельмен байланысқан. Сигналды құрылғылар панель пультында (15.2б сурет) немесе оперативті емес контурдың панельдерінің жоғарғы жағында (15.2в сурет) орналастырылған.

Басқару щиті өзіндік сұлбасы болуы қажет. Щит панельдері заводтан шығарылған бірдей өлшемді типті ұяшықтардан тұруы қажет, олар: басқару ұяшықтары, сигнализация ұяшықтары, көмекші құрылғылар ұяшықтары және т.б.

Басқарылатын объектіге бұзылулар жайындағы ақпаратты жарық және дыбыс сигналдары түрінде жеткізу үшін басқару щитін сигнализациямен қамтамасыз етеді. Ақпарат персоналдың көңілін өзіне аудару, қызмет ету уақытының бітуін түсіндіру қажет.

Централды басқару пункттарында сигнализацияны келесі көлемде орындайды: басқарушы объектінің активті элементтерінің жарықтық

сигнализациясын; жарық дыбысты авариялы сигнализациясын: авариялы технология сигнализациясын, сөндіргіштердің авариялы қосылуы мен өшірілуін; электрлі және технологиялық қорғаныс сигнализациясын.


а – рояль типті пультпен жабық құрастыру; б – пульт – панель қолданылатын біріктірілген құрастыру; в - пульт – панельмен біріктірілген құрастыру:

1 басқарудың негізгі аппараттары; 2 негізгі көрсеткіш құралдар;

3 – сигналды құрылғылар; 4 – көрсетуші көмекші құралдар; 5 – тіркеуші құралдар.


    1. сурет басқару щитінің пульттары мен панельдерін құрастыру және орындау

ББЩ орналасуын таңдау кезінде, екі негізгі нұсқалар қаралады: а) басты корпус ішінде (бункерді-деэторлық) этажеркада; б) басты корпусқа машина залы жағынан қосылып тұрған ғимаратта.

Бірінші нұсқада этажерка ауданы қолданылады, ал кабельді байланыстар 15-20 % аз болуы қажет. ББЩ басты корпустан бөлек орналастырғанда, вентиляция және вибрация мен шудан қорғаныс тез қамтамасыз етіледі, өрт қауіпсіздігі мен табиғатты жарықтандыруды қолдану мүмкіндігіне тең.

Екі энергоблокты АСУ ТП барлық құрылғыларын орналастыру үшін, ортақ аудан, блоктардың қуатына байланысты. Бұл аудан ББЩ жанында немесе басқа қабаттарда болуы мүмкін.

Басқарудың орталық посттарынан станцияның электротехникалық бөлігін элементтерімен басқару орындалады. Бұл посттарды электротехникалық құрылғыларының жанына орналастырған қолайлы. Бірақ бұл кезде басқа жағдайларды ескеру қажет: технологиялық бөліктің элементтерімен басқару, постта кезекші инженердің болуы.

Блокты жылулық және атомдық станцияларды басқару ТҚ жоғарғы және орташа кернеулі сөндіргіштермен басқарылады, 6 -10 кв секциялар үшін өздік қажеттілік резерфті қоректену жүйесінің сөндіргіштерімен, резерфті ЭҚ сөндіргіштерімен. Бұдан басқа, БЩО мен басқаруды кейбір технологиялық элементтерімен, мысалы үрлегіштермен жүргізеді. ББЩмен жұмысты бақылау, ал БЩО олардың жұмысы жайлы кейбір мағлұматтарды қараайды:

Генератор сөндіргіштерінің орналасу сигнализациясы, генератордың активті және реактивті қуаттарын өлшеу.

    1. суретте панельдерді басқарудың орталық посттарында құрастыру сұлбалары келтірілген..




а – тігінен; б – Г үлгідегі сынған түзу; в - П үлгідегі сынған түзу; г – доғамен; д – эллипспен; 1 – оперативтік контурдың пульт – панельдері; 2 – оперативті емес контур панельдері; 3 – қорғау, автоматтандыру, тіркеуші құралдардың панельдері; 4 кезекшінің үстелі

    1. сурет - Панельдерді басқарудың орталық посттарында құрастыру Үлкен емес электр құрылғыларының орталық посттарында панельдерді

тігінен немесе Г және П үлгісінде орналастырады.

Қуатты электр станцияларының көптеген пульттары мен панельдерін жарты дөңгелек доғасы немесе эллипс бойынша орналастырады. Панельдерді қисықсызықты құрастыру басқару щиттарының қымбаттауына әкеледі, бірақ олардың шолуын жақсартады.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


написать администратору сайта