жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды
Скачать 1.84 Mb.
|
ші дәрiс. Тарату құрылғыларын жобалауДәрiстiңмазмұны:тарату құрылғыларын жобалаудағы негiзгi есептер. Дәрiстiң мақсаты: тарату құрылғыларын жобалада негiзгi қағидаларды үйрену. Жабық тарату құрылғыларын жобалауТҚ құрылымдық орындалуы бойынша төрт типке бөледі, олар: құрылымдық жабылуы (ЖТҚ), құрылымдық ашылуы (АТҚ), ішкі орнату құрылымы үшін комплекті (КТҚ), сыртқы орнату құрылымы үшін комплекті (СКТҚ). 6 – 10 кВ кернеу кезінде электр аппараттарының габариттерi үлкен емес болғанда ЖТҚ қолданылады. 35 кВ тан жоғары кернеуде АТҚ қолданылады, бірақ аудан кіші болғанда немесе ортаның ауыр шарттарында ЖТҚ немесе жинақтық ТҚ қолданылады. Қазіргі уақытта жабық тарату құрылғылары үшін ЖТҚ типтерінің шешімдері жеткілікті. Олар: 6-10кВ бір этажды, бір жүйелі генератор ТҚ; 6- 10кВ шиналардың екі этажды, екі жүйелі жиынтық генератор ТҚ; 6-10кВ каркассыз ғимаратта ГРУ сұлбасында қолданылатын үлкен өлшемді ГРУ. 35- 220кВ ЖТҚ типтік проекттері сыртқа орнатуға арналған. Бөгеттелген ғимаратта құрылғының орналасуы ұяшық қадамдарын азайтуға мүмкіндік береді. 110кВ кернеуде ЖТҚ ұяшық қадамы 6м 9м-ге қарсы АТҚ-ға арналған. 35-220 кВ ЖТҚ үшін 1 және 2 этажды ғимараттарды қолданады. Жиынтық ТҚ қолдану арқылы монтажды жұмыстардың максималды дамуына жетеді. Қазіргі уақытта 6-35кВ кернеуде ауа изоляциясымен КТҚ және 110 және 220кВ кернеулі КТҚ және одан да көп кВ элегазды оқшаулағышымен КТҚ-лар дайындалады. Дайындаушы заводтар әртүрлі байланыстарға арналған КТҚ-ның әрбір сериясы үшін шкафтардың толық жиынтығын шығарады. Компоновка ыңғайлы болу үшін бір серияның барлық шкафтары бірдей габариттерден тұрады. ЖТҚ беріктігі: ток жүргізетін бөліктердің әр түрлі фазалары арасындағы Аф,ф, жерге тұйықталған бөліктермен ток жүргізуші бөліктер арасындағы Аф,з, әртүрлі Г байланыстардың қоршалмаған ток жүргізетін бөліктер арасындағы ауаизоляциясы қашықтықтармен анықталады. Фазалар арасындағы минималды қашықтық, жерге тұйықталған бөліктерге дейінгі қашықтықтардан 1,06 – 1,14 артық болады. Аф,ф = (1,06 – 1,14) Аф,з. Монтаж шарттары бойынша Аф,ф және Аф,з арасындағы қашықтық қалыпты мәндерден 1,5 – 4 артық етіп қабылдайды. Ток жүргізетін бөліктердің жанындағы құрылыс құрылғылары индукциялы токтармен қызуы мүмкін. Персоналды ЖТҚ жобалау жерінде күйіп қалудан қорғау мынандай жолмен жүргізіледі, құрылыс құрылғыларына жанасқанда мүмкін болатын температура +50 0С аз болуы қажет. Дәліздер құрылғыны қарауға негізделген. Дәліздің минималды ені құрылғының орналасуына байланысты. Шығу мөлшерін шығатын жер дәлізге дейінгі қашықтық 30 м кем болмайтындай етіп алынады. Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін майсыз немесе құрамындағы май шектелген көлемде кездесетін құрылғы қолданылады. Қабаттар аралығында ашық жерлер болмауы керек. Баспалдақтар және шығатын жерлер персоналды сенімді қауіпсіздікпен қамтамасыз етілуі қажет. Айналадағылардың қауіпсіздігі үшін, есіктерде өздігінен жабылатын құлыптар болуы қажет. ТҚ ғимаратына сырттан кіретін есіктер қауіпсіз болуы керек. Әрбір ЖТҚ үшін толтыру сұлбасы құрылады, ол сұлба электр сұлбасымен ТҚ құрылымымен байланыстырады. Бұдан басқа 15.1-суретте көрсетілгендей, құрылғының орналасу жобасы орындалады. сурет – екі разрядты 1этажды ГРУ 6-10кВ жобасы 2 және 3 этажды құрылымдар үшін этажды жобалар құрастырады. Бұл жобалар ТҚ ғимараттарының габариттарын, шығу орындарын, баспалдақтарды, дәліздерді және өтетін жерлерді көрсетеді. |