жылу жуйелерин жобалау. Жылу жүйелерін жобалау. Станцияларды
Скачать 1.84 Mb.
|
ші дәрiс. Өздік мұқтаждықтарды электрмен жабдықтау сұлбаларын жобалау және электр қозғағыштарының өздiгiнен iске қосылуыДәрiстiңмазмұны:өздік мұқтаждықтарды электрмен жабдықтау сұлбаларын жобалау және электр қозғағыштарының өздiгiнен iске қосылуы. Дәрiстiңмақсаты:электр қозғағыштарының өздiгiнен iске қосылу процессiн зерттеу. 1 СЭС өздік мұқтаждықтарын электрмен жабдықтау сұлбаларыҮлкен қуатты гидроагрегаттардың өздік мұқтаждықтары тек кіші қуатты ЭҚ үшін болады. Оларды электрмен жабдықтауды 14.1 суреттегідей 0,4 кВ кернеуде орындайды. Сурет – бір кернеудегі агрегатты және жалпы станциялы ГЭС ө.м. қоректендіруінің біріктірілген сұлбасы Жалпы станцияларға арналған электр қабылдағыштар құрамы бойынша әртүрлі: аздаған қуатты электр қозғалтқыштар, электр шамдар, электр қыздырғыш құрылғылар мен электр қабылдағыштар өздік мұқтаждықтары СЭС барлық аумағына таралады және оның шегінен шыға алады (шлюздар, поселок, гидротораптың бастапқы ғимараттары және т.б.). Сондықтан орташа және үлкен қуатты СЭС кернеулерінің екі баспалдақты қажеттілігі туады: 6-10 кВ – алыстатылған жүктемелі және СЭС құрылысында орналасқан қуатты ЭТ ө.м. электрмен жабдықтау үшін; 380/220 В – агрегатты және жалпы станциялы аздаған қуаттағы ЭТ үшін. Осындай сұлба 14.2 суретінде көрсетілген. Сурет – екі кернеудегі агрегатты және жалпы станциялы ГЭС ө.м. қоректендіруінің біріктірілген сұлбасы ГЭС ЭТ ө.м. арасында аса жауапты тұтынушылар жоқ. Сондықтан ГЭС ө.м. үшін энергияның автономды қорек көздері таңдалынады. Сол үшін қоректенудің ө.м. тізбектерінің жалғануы орындалған кезде, кернеу энергия жүйелерінен қамтамасыз етіліп отыруы қажет. Электр қозғағыштарының ө.м. өздiгiнен iске қосылуға тексеруӨздiгiнен iске қосылуды бағалау үшін электрмен жабдықтау кезіндегі үзіліс уақытын білу қажет, ол уақыт қысқа тұйықталу орнынан тәуелді (14.3 суретте көрсетілген). Ө.м. желідегі үшфазалы қ.т. кезінде (К1 нүктесі). Ө.м. шиналарында кернеу нөлге дейін түседі. РҚ – токты бөлік жұмыс істеп, В1 сөндіргішін ажыратады. Қоректену үзілісінің уақыты: tп,п = tз+, tв.отк =0,1+0;12=0,22 с. ЭҚ өздігінен жақсы қосылса, энергоблок жүктемемен тұрады. жұмыс қоректену тізбегінің қ.т. кезінде (К2 нүктесі). РҚ – В2, В4 сөндіргіштерін ажыратады, АВР tАВPәсер ету уақытымен ө.м. қоректенуін резервті трансформаторға ауыстырады (В3 пен В5 автоматты қосылады). Негізгі қорғаныстар (мысалы газды) жұмыс істеген кезде қоректену үзілісінің уақыты: tп,п=tз+,tв.отк+tАВP=0,1+0,12+(0,4-0,6)=0,62—0,82с. Негізгі қорғаныс кері әсер бергенде және резервті МТЗ әсер еткенде үзіліс уақыты tп,п=(1—1,5)+0,12+(0,4—0,6)=1,52—2,22сдейін өседі. сурет – ЭҚ ӨМ қоректенуінің үзіліс уақытын анықтауға арналған сұлба Энергоблок авариялы тоқтатылуы қажет. Қауіпсіз тоқтатылуы үшін түтін сорғыштардың, циркуляционды және конденсатты үрлегіштердің және 0,4кВ кейбір қозғалтқыштардың өздігінен қосылуын қамтамасыз ету қажет. Ішкі желідегі қ.т. кезінде (К3 нүктесі) ө.м. шиналарында (0,7-0,8) Uномтөмен кернеу терең орнатылады. В6 ажыратылғаннан кейін кернеу қалпына келеді. Ө.м. ЭҚ өздігінен қосылуы кезінде энергоблок жүктемемен қалады. Егер негізгі қорғаныс 0,1-0,3 с әсер етпегенде қ.т. өшу уақытымен ө.м. қалыпты қоректену бұзылуының уақытын анықтауға болады. Желідегі қ.т. және В6 сызықты сөндіргішінің кері әсері кезінде, сөндіргіштердің резервті кері әсерінің құрылғысы (СРКӘҚ) жұмыс істейді және tуровуақытқа тоқтағанда құрама шиналардың барлық байланыстарын ажыратады, энерго блокпен бірге. Егер энерго блок бос жүрісте жұмыс істей алса, онда ө.м. қозғалтқыштарының өздігінен қосылуы ө.м. жұмыс трансформаторы арқылы жүзеге асады, қалыпты қоректену үзілісінің уақыты: tп,п=tуров+,tв.отк=(0,3-0,4) +0,08=0,38- 0,48с. Блоктың бос жүріс режимі мүмкін емес болса, В4 ажыратылғанда энергоблок тоқтатылады. В2 сөндіргіші де ажыратылады, ал АРВ құрылғысы ө.м. шиналарына резервтік трасформаторды қосады. Онда: tп,п = tуров +, tв.отк +tАВP=(0.З- 0,4) +0,12+(0,4-0,6) =0,89-1,12с. Жалғастырылатын жұмыстарды қажет етпейтін технологиялық бөлікте кері әсер кезінде, технологиялық қорғаныстар жұмыс істейді, және турбиналардың жабылуында В2 және В4 ажыратылуына импульстар құрылады. АВР жұмыс істейді. Ө.м. қоректенуінің үзіліс уақыты: t n,n t в,отк t АВР 0,52 0,72с. Ө.м. ЭҚ өздігінен қосылуы табысты болса, қазандықтарды еріту режиміне өтуге мүмкіндік береді, осыдан зақымдалудың жойылуынан кейін блоктың қалыпты жұмыс істеуі үшін қалпына келтіріледі. Ө.м. қоректенуінің қате немесе өздігінен ажыратылуы (В2 ажыратылуы ). АВР жұмыс істейді және ө.м. қоректенуін ТР резервіне ауыстырады. Қоректену үзілісі АВР жұмыс істеу уақытына тең (0,4- 0,6 сек). Ө.м. ЭҚ кері бұрылысы блоктың жүктемемен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қозғалтқыштардың өздігінен қосылуы табысты немесе табысты емес болу мүмкін. Өздігінен қосылу табысты болады егерде, қозғалтқыштарды қыздыру және электр станцияның технологиялық режимінің сақталу шарттары бойынша ЭҚ уақыт ішінде қалыпты айналу жиілігіне жетсе. Орта қысымды ЖЭС үшін қозғалтқыштардың өздігінен қосылу уақыты – 35с артық болмауы керек және ЭҚ қыздыруымен анықталады. Жұппен байланысқан қиыстырылған ЖЭС үшін – 25с (аз аккумуляторлық қабілеті бар жоғары қысымды қазандықтардың тұрақтылық режимімен анықталады). 150МВт қуаттан артық блокты ЖЭС үшін – 20с (блоктің технологиялық режимінің тұрақтылық шартымен анықталады). Аз инерциялы ГЦН бар АЭС үшін өздігінен қосылу ұзақтығы 1-2 с аспауы керек. Өздігінен қосылу процессінің ұзақтығы анықталады: энергиямен қалыпты жабдықтау уақытымен, қоректену тізбектері элементтерінің параметрлерімен, өздігінен қосылатын ЭҚ топтарының құрамы және сипатымен. Ө.м. электрмен жабдықтау үзілісінің уақытының шегі: жұмыс қорек көзінің ажыратылуында негізгі қорғаныс әсері кезінде 0,7 с, жұмыс қорек көзінің ажыратылуында резервті қорғаныс әсері кезінде 1,5 с, және жұмыс ТСН ажыратылуында ВН жағындағы резервті қорғаныс әсері кезінде 2,0 с аспауы қажет. ЭҚ шиналарының қоректену кернеуінің қысқа мерзімді төмендеуі немесе жоғалу салдарынан болған электрмеханикалық өтпелі процесс екі сипаттамалы кезеңнен тұрады: топтық жүріс және топтық бұрылыс (өздігінен қосылу) ЭҚ. Бұл процессті есептеуде: дифференциалды теңдеулерді шешу арқылы қатаң есептеудің аналитикалық әдісі, тізбектелген аралықтардың сызба - аналитикалық әдісі және қозғалтқыш топтарының бастапқы кернеуінің жуықталған әдісі қолданылады. ҚатаңесептеуәдісіЭВМ көмегімен ғана мүмкін. Тізбектелген аралықтардың сызба-аналитикалықәдісіменесептегенде: жұмыс машиналары Mc=f(n) және ЭҚ механикалық сипаттамалары Мд=f(n), айналу жиілігіне байланысты кедергілердің өзгеру қисықтары zд=f(n)ескеріледі. Өтпелі процессті уақыттың ∆t. кіші интервалдарына бөледі. Сурет – ө.м. ЭҚ өздігінен қосылуын есептеуде орын ауыстыру сұлбасы. Әрбір интервалда ауыспалы өлшемдер (Мд және Мc моменттер, zд кедергілері, Uш қоректену шиналарындағы кернеу) алынады, олар интервал басында болған мәндерге жуық болады және өзгермейді. Шиналардағы кернеуді 14.4 суреттегі орын ауыстыру сұлбаларынан анықтайды. Uш zд,э Ес jx св zд,э Ес 1 jxсв zд,э Қозғалыс теңдеулерін қолдана отырып әр қозғалтқышқа ∆t уақыт ішіндегі п жиіліктің мәнін алады: п t M T j д 2 M U ш с Өздігінен қосылудың табыстылығын бағалауда жұпталғанәдіс, өздігінен қосылуға қатысатын ЭҚ топтарының бастапқы кернеулерін анықтайды, және оны Uш0≥Uдопсалыстырады. |