Науқас К. 39 жас.іштің жоғары бөлімінде, белдемелі, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық – омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?:
Созылмалы панкреатит, өршу
Созылмалы белсенді гепатит, өршу
Созылмалы калькулезді холецистит, өршу
Созылмалы аутоиммуннды гепатит, өршу
созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу
Науқас 46 жас, анамнезінде екі апта бойына ішімдік пайдаланған. Соңғы қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң – жүрегі айну, қайта-қайта жеңілдік әкелмейтін құсу, эпигастрийдегі дискомфорт, күрт әлсіздік. Қарап тексерген кезде – жағдайы ауыр, аузынан ішімдік иісі, есеңгіреген, өңі бозарған. АҚ 50/20 мм сын. бағ., ЖЖЖ мин 63. Іш пальпацияда ауырсынады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Панкреонекроз
экзотоксикалықшок
миокард инфарктының абдоминальды формасы
тағамдық токсикоинфекция
алкоголь суррогаттарымен улану
Науқас М.53 жас. адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жиі көп мөлшерде нәжістің болуымен стационарға түсті. Ауырсыну белдемелі сипатта. Анамнезінен: жақын арада қонақта көп тамақ жеп, ішімдік көп мөлшерде ішкен. Капрология: қорытылмаған көп мөлшерде бұлшық ет талшықтары, көптеген бейтарап майлары, крахмал. Сіздің диагнозыңыз:
созылмалы панкреатит
созылмалы энтероколит
созылмалы гастрит
созылмалы холецистит
іштің тітіркену синдромы
Науқас К.55 жас. ішінің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді ауырсынуына, жүрек айнуына, ішінің кебуіне, үлкен дәретінің ботқа тәрізді, тәулігіне 4- 5 рет майлы жылтыр болуына стационарға шағымданып түсті. Объективті: тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іші кепкен, Шоффара зонасында, Мейо-Робсан нүктесінде аздап ауырсынады. Копрология: стеаторея, креаторея, амилорея. УДЗ: өт қабының қабырғалары қалыңдаған, ұйқы безінің денесі мен басы үлкейген, эхоструктурасы біртекті емес. Мына терапия тізбегі тиімді:
креон+омепразол+урсосан
омепразол+линекс+церукал
фестал+омепразол+но-шпа
креон+квамател+но-шпа
омепразол+аллохол+но-шпа
Науқас Н. 31 жас, диетаны бұзуына байланысты эпигастрий аймағындағы тұйық ауырсынуға, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Жалпы қарағанда: іші терісінде «рубинді дақтар». Мейо-Робсон, Грей-Тернер симптомдары оң. ЖҚА: лейкоциттер- 9,2х 109/л, ЭТЖ-29 мм/сағ. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы барынша тиімді:
париет+ креон+ амоксициллин
креон+одестон+ но-шпа
сандостатин + морфин+ораза
промедол+мезим-форте+ грандаксин
ацедин-пепсин+панзинорм+витаминдер
Науқас Ю. 52 жас. маскүнемдікке салынған 3 жыл бойы іштің жоғарғы бөлігінде және кіндік аймағында ауырсынулар, жүрек айнуы, қуырылған тамақты көтере алмау мазалайды. Соңғы жылы диареяға байланысты 6 кг салмақ тастаған. Науқастың жағдайы диета сақтағанда және майлы тағамды доғарғанда жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылған. Креонның дозасын таңдауда деректі зерттеу әдісін таңдаңыз:
копрограмма
ЭФГДС
Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
глюкозаға төзімділікке сынама
сутегілік тест
Науқас Ж. 44 жас. әйел сол қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы, арқаға берілетін ауру сезіміне, ауамен кекіруне шағымданып қабылдау бөліміне тусті. Жағдайының нашарлауын майлы және ащы тағам қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас мәжбүрлі қалыпта. УДЗ: ұйқы безі басы- 6 см; денесі -3 см; құйрығы -4 см; эхотығыздығы жоғарылаған, контуры анық емес.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
созылмалы панкреатит, өршу сатысы
созылмалы гастрит, өршу сатысы
жедел панкреатит
созылмалы холецистит, өршу сатысы
өттас ауруы
Науқас А. 67 жас. әйел шағымданады: эпигастрий аймағында үнемі мазалайтын тамақтануға қатысы жоқ тұйық ауру сезіміне, жүрек айну, салмақ жоғалту, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік. Соңғы екі айда 12 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: тамақтанудың төмендеуі, терісі бозғылт, склерасы субиктерияланған.ЖҚА: Hb- 110 г/л, лейкоциттер 13,5х 109/л, ЭТЖ – 46 мм/с, билирубин 49 ммоль/л. Копрограммада: стеаторея, креаторея. Іш қуысының УДЗ зерттеуінде ұйқы безінің басының ұлғаюы. Мына диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
созылмалы панкреатиттің ауырсынулық формасы
фатеров емізігініңрагы
ұйқы безінің рагы
созылмалыкалькулезды холецистит
созылмалы панкреатиттің латентті ағымы
Науқас С. 50 жас. ер адам созылмалы алкоголизммен ауырады. Соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі, метеоризм, нәжістің бұзылысы дамыған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 7 кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс:
Копрограмма
ЭРХПГ
ЭФГДС
глюкозаға толеранттылық сынамасы
УДЗ
Науқас Т. артық салмақты, терапевттің қабылдауында, майлы тамақ қабылдағаннан кейін пайда болған сол жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін кезеңді түрдегі құсуға шағым айтады. Объективті қарағанда: «қызыл тамшы» симптомы оң, Мейо-Робсон оң мәнді. Қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы. Сіздің диагнозыңыз?
созылмалы панкреатит, өршуі
созылмалы холецистит, өршуі
асқазан жара ауруы
өт жолдарының дискинезиясы
гастроэзофагеальды рефлюксті ауру
52 жас. ер адам, алкогольді ішімдікке бейім, тамақтан кейін күшейетін ішінің жоғарғы бөліміндегі ауырсынуға, жүрек айнуына, ішінің кебуіне, сұйық нәжіске, арықтауға шағымданады. Зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс:
эластазалық сынама
рН-метрия
уреазды сынама
дуоденалды зондтау
глюкозотолерантты сынама
Науқас И. 48 жаста, эпигастрий және сол қабырға астындағы майлы қуырылған тамақ ішкеннен кейін күшейетін белдемелі ауру сезіміне шағымданады. Метеоризм, көп мөлшерлі қиын жуылатын үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауырсыну сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея. Науқасқа неғұрлым тиімді препарат:
креон
фестал
ксеникал
силимарин
ацидин-пепсин
Науқас Р. 46 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы, алға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауырсыну сезіміне шағымданады.
Әсіресе майлы тағамнан 1 сағ. кейін басталады. Сонымен қатар қыжыл, кекіру, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық, терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Губергриц-Скульский аймағында, Мейо-Робсона нүктесінде ауырсыну сезімі бар. Науқасқа жүргізілуі қажет лабораториялық тексеру:
амилаза және липаза деңгейі
липидті профиль
ГГТП және сілтілі фосфатаза деңгейі
гликемиялық профиль
алкогольдегидрогенеза деңгейі
Науқас 45 жаста эпигастрий аймағындағы арқаға берілетін белдемелі сипаттағы ұзақ ауырсынуға, оң қабырға доғасы астындағы керіліп тұрғандай сезімге. УДЗ: ұйқы безіндегі диффузды өзгерістер және созылмалы холецистит белгілері. Осы патологияда неғұрлым ақпаратты зертханалық көрсеткіштер:
қандағы және зәрдегі амилаза деңгейі
қандағы трансаминазалар деңгейі
гипергликемия
қандағы сілтілі фосфатаза деңгейі
лейкоцитоз
48 жасар ер адамды тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуы, қыжыл, жеген тамақты кекіру, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. ФГДС: төменгі өңештің сфинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар. Бұл жағдайда мына дәрмектердің комбинациясы тиімді
домперидон + рабепразол
маалокс + ампициллин
омепразол + смекта
омепразол + маалокс
омепразол + но-шпа
Ер адам, 53 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің бірі диагностикадағы келесі қадам болады
ЭФГДС
ЭхоКС
асқазан рентгенографиясы
кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
спирография
Ер адам, 53 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың пиктік жылдамдығының төмендеуі анықталды. Ең мүмкін диагноз:
ГЭРА
cозылмалы гастрит
ЖИА. Күштемелі стенокардия
бронхиальді астма
ӨСОА
Науқас 25 жаста, тамақтан кейін көп ұзамай эпигастриядағы кебу сезіміне; жүрек қағу, ауаның жетіспеу сезімі, ентігу, ауамен кекіруден кейін азаятын тамақтан кейінгі жүрек аймағында күйдіру сезіміне, жиі ықылыққа шағымданады. Рентгенографияда: диафрагманың жоғары тұрғаны анықталады, асқазанның үлкен иінінде газ көпіршігі көп жиналғаны көрінеді.
Ұзаққа созылған жоғарыда сипатталған симптоматика осы патологияның дамуына әкелуі мүмкін
диафрагма өңеш тесігінің жарығы
созылмалы гастрит
жара ауруы
диафрагма жарылуы
эмфиземалар
Ер адам 52 жаста көп ретті пайда болатын сұйық және қатты тағамды жұтыну қиындығына, лоқсуға, эмоциялық күштемеде және түнгі уақытта пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қандай диагноз неғұрлым дұрыс?
кардия ахалазиясы
өңештің дискинезиясы
өңештің дивертикулі
өңештің пептикалық жарасы
гастроэзофагеальды-рефлюксті ауру
59 ж. науқаста соңғы 5 жыл ішінде ФГДС кезінде өңештің дистальды бөлімінің шырышты қабатының 50% - ға дейінгі беткейін алатын біріккен эрозиялар анықталды. Терапияның ең дұрыс схемасын таңдаңыз
протонды помпа ингибиторлары + прокинетиктер +мукоцитопротекторлар
прокинетиктер + гельді антацидтер
прокинетиктер
хирургиялық емдеу (Ниссен бойынша фундоапликация)
қыжылда гельді антацидтер
ГЭРА даму механизмі қандай
төменгі өңештік сфинктердің қорғаныштық кызметінің бұзылысы
хеликобактер пилоридің әсepi
асказанның перистальтикалық қызметінің бузылысы
одди сфинктерiнің спазмы
жоғарғы өңештік сфинктердің қорғаныштық кызметінің бузылысы
58 жастағы ер адам алға қарай еңкейгенде, қысып тұратын белдеме кигенде, тамақтан сон байқалатын төс артындағы ауырсынуға және кыжылға шағымданады. ЭФГДС-да: өңештің дистальды бөлімі шырышты қабатында біріккен эрозиялар 75% дейінгі аумақты қамтығаны, кардиальды сфинутердің жеткіліксіздігі аныкталды. Антисекреторлы терапиянын негізгі және демеуші емдік курсының тиімді ұзақтығы қандай болуы тиіс
ППИ стандартты мөлшерде ұзактығы 8 апта
ППИ стандартты мөлшерде ұзактығы 4 апта
ППИ стандартты мөлшерде ұзактығы 1 апта
ППИ стандартты мөлшерде ұзактығы 3 апта
ППИ стандартты мөлшерде ұзақтығы 2 апта
28 жас, әйел созылмалы панкреатитпен ауырады, төс артындағы күйдіру сезіміне шағымданады. ФГДС-да өңештің дистальды бөлімінің шырышты қабаты ақшыл, қалың, қатпарлардың жоғарғы жағының айналасы гиперемияланған тығыз бекітілген сызықтық ақшыл жабындылар анықталды, кардия ашық. Қай ауруды ең ықтимал деп болжауға болады.
1 дәрежелі рефлюкс-эзофагит
2 дәрежелі рефлюкс-эзофагит
3 дәрежелі рефлюкс-эзофагит
герпетикалық эзофагит
дәрілік эзофагит
Өңештің қандай ауруында негізгі клиникалық көрінісі парадоксалды дисфагия болып табылады
кардия ахалазиясы
өңеш карциномасы
гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы
өңеш стриктурасы
Баррет өңеші
49 жастағы науқас, бір жыл бойы ішімдік, цитрус және кофе қабылдаған кезде кеуде тұсының ауыруына шағымданады. Аталған дәрілік препараттың қайсысы тағайындалуы неғұрлым орынды?
итоприд
висмут сульфаты
алюминий сульфаты
омепразол
рабепрозол
58 жас, әйел адам ас қабылдағаннан кейін, алға еңкейгенде, жатқан қалыпта күшейетін төс артындағы ауырсыну және күйдіру сезіміне; үнемі төс артындағы «түйілген» тәрізді сезімге шағымданады. ЭФГДС да өңештің төменгі үштен бір бөлігінің кілегей қабатының қабынуы мен эрозиясы, жанасқанда аздап қанталауы, ретрофлексия кезінде артқы кеуде аралыққа ығысқан асқазан бөлігі, қасындағы өңеш қуысы байқалады. Қандай диагноз қоясыз?
Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
ГЭРА
кардия ахалазиясы
өңеш рагі
өңеш жарасы
Берілген дәрілік зат дофаминолитиктерге жатады, және де өңештің төменгі сфинкерінің тонусын, асқазан және ішектің жиырылуын жоғарылатады. Жүрек айнуды және құсудың алдын алу үшін қолданады. Сипаттама қандай дәріге сәйкес?
метоклопрамид
лансопразол
магния сульфат
лоперамид
фенолфталеин
Ер адам 45 жаста жұтынудың бұзылуына және эпигастрии аймағының ауырсынуына шағымданады. Өңешті рентгенологиялық зерттеу барысында асқазан бөлігінің кеуде қусына ығысуы, өңеш саңылауына бекітілгені, өңештің артқы абдоминальды қабырғасында барий қоспасы сіңген дөңгелек, шеттері ригидті үңгір анықталады. Берілген рентгенологиялық көрініс өңештің қандай патологиясына сәйкес келеді?
өңеш жарасы
өңеш ахалазиясы
өңештің обыры
өңештің химиялық күйігі
өңештің тыртықты деформациясы
Науқас, 65 жаста, 14 жасынан темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың пиктік жылдамдығының төмендеуі анықталды. Ең мүмкін диагноз:
ГЭРА
cозылмалы гастрит
ЖИА. Күштемелі стенокардия
бронхиальді астма
ӨСОА
Науқас Л., 55 жаста көп ретті пайда болатын сұйық және қатты тағамды жұтыну қиындығына, лоқсуға, дене жүктемесіне байланысты емес төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл құбылыстар эмоциялық күштемеде және түнгі уақытта пайда болады. Қандай диагноз неғұрлым дұрыс?
кардия ахалазиясы
өңештің дивертикулі
өңештің дискинезиясы
өңештің пептикалық жарасы
гастроэзофагеальды-рефлюксті ауру
45 ж., науқаста соңғы 2 жыл бойы ФГДС кезінде өңештің дистальды бөлімінің шырышты қабатының 50% - ға дейінгі беткейін алатын біріккен эрозиялар анықталды. Терапияның ең дұрыс схемасын таңдаңыз:
протонды помпа ингибиторлары + прокинетиктер +мукоцитопротекторлар
хирургиялық емдеу (Ниссен бойынша фундоапликация)
прокинетиктер + гельді антацидтер
прокинетиктер
қыжылда гельді антацидтер
Баррет өңешінің диагностикасының негізгі әдісі-бұл
гистологиялық зерттеу
рентгенологиялық зерттеу
манометрия
сцинтиография
pH-метрия
Науқас М. 58 жаста, тамақ ішкеннен соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі кезінде, еңкейгендекүшейетін жүрек аймағына таралумен семсер тәрізді өсіндінің басында күйдіретін ауырсынуларға шағымданады. Алмагелмен толықтай басылмайды. Сондай-ақ ауамен кекіру, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексеру кезінде – контрасты массаның асқазаннан өңешке рефлюксі. Мүмкін болатын диагноз:
рефлюкс-эзофагит
кардия ахалазиясы
өңеш обыры
бронх демікпесі
созылмалы гастрит
|