ГЭРА жетекші симптомы:
қыжылдау (төс артындағы күйдіру сезімі)
жүрек айнуы
құсу
оң жақ қабырға астындағы ауырсыну
шіріген иіспен кекіру
58 жас, ер адам ас қабылдағаннан кейін, алға еңкейгенде, жатқан қалыпта күшейетін төс артындағы ауырсыну, қыжылдау және үнемі болатын «түйілген» тәрізді сезімге шағымданады. ЭФГДСда өңештің төменгі үштен бір бөлігінің кілегей қабатының қабынуы мен эрозиясы, жанасқанда аздап қанталауы, ретрофлексия кезінде артқы кеуде аралыққа ығысқан асқазан бөлігі, қасындағы өңеш қуысы байқалады. Қандай емдеу тактикасын таңдау барынша дұрыс?
хирургиялық емді
дәрі- дәрмекпен емдеу
санаторлы-курортты ем
физиотерапевтикалық шаралар
өмір сүру мен тамақтану тәртібін өзгерту
28 жастағы, науқас созылмалы панкреатитпен ауырады, төс артындағы күйдірген ауру сезіміне шағымданады. ФГДС-да өңештің дистальды бөлімінің шырышты қабаты ақшыл, қалың, қатпардың жоғарғы жағының айналасы гиперемияланған, тығыз бекітілген сызықтық ақшыл жабындылар анықталды, кардия ашық. Қай ауруды ең ықтимал деп болжауға болады.
1 дәрежелі рефлюкс-эзофагит
2 дәрежелі рефлюкс-эзофагит
герпетикалық эзофагит
3 дәрежелі рефлюкс-эзофагит
дәрілік эзофагит
49 ж. науқаста соңғы 3 жыл ішінде ФГДС кезінде өңештің дистальды бөлімінің шырышты қабатының 50% - ға дейінгі беткейін алатын біріккен эрозиялар анықталды. Терапияның ең дұрыс схемасын таңдаңыз:
протонды помпа ингибиторлары + прокинетиктер +мукоцитопротекторлар
прокинетиктер + гельді антацидтер
прокинетиктер
висмут сульфаты
алюминий сульфаты
28 жастағы науқас, сол жақ мықынының толғақ тәрізді ауырсынуына, шырыш және қан аралас сұйық нәжістің тәулігіне 5-7 рет, 8 кг салмақ тастауға, ұзақ уақыт бойы субфебрилитет болуына шағымданады. Анамнезінен: екі жыл көлемінде ауырады. Қарағанда: тері жамылғылары және кілегей қабығы бозғылт, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Ішті палпациялағанда сол жақ мықын аймағында ауырсынады. ЖҚА: Нв-89 г/л, лейкоцит-31x109/л, ЭТЖ-26мм/ч, Б/х: белок-35 г/л. Копрология: нәжіс ботқа тәрізді, шырыш және қан көп мөлшерде. Колоноскопия: гиперемия, түйіршікті, қатпарлықтың жоғалуы, сигма тәрізді ішектe көптеген жаралар, саңылауда ірің және қан. Сіздің диагнозыңыз:
бейспецификалық жаралы колит
крон ауруы
ішектің тітіркену синдромы
ішектің дивертикулы
сигма тәрізді ішектің рагі
26 жас. науқас, сол жақ мықын аймағының ауырсынуына, шырыш және қан аралас сұйық нәжістің тәулігіне 5-6 рет, 8 кг салмақ тастауға, ұзақ уақыт бойы субфебрилитет болуына шағымданады. Анамнезінен: екі жыл көлемінде ауырады. Объективті: тері жамылғылары, шырышты қабаты бозғылт, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Ішті палпациялағанда сол жақ мықын аймағында ауырсынады.
Копрология: нәжіс ботқа тәрізді, шырыш және қан көп мөлшерде. Колоноскопия: гиперемия, түйіршікті, қатпарларының тегістелуі жоғалуы, сигма тәрізді ішектe көптеген жаралар,саңылауда ірің және қан. Мына дәрмектердің комбинациясын пайдаланған тиімді:
преднизолон+сульфасалазин
сульфасалазин+омепразол
но-шпа+смекта
преднизолон+азатиоприн
церукал+сульфасалазин
55 жастағы ер адам кіндік аймағының ауырсынуына, дефекациядан кейін басылатын, ішінің кебуіне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына шағымданып стационарға түсті. 2 жыл көлемінде ауырады. Стрестан кейін екі ай көлемінде жағдайы нашарлаған. Объективті: тері жабындылары таза, қалыпты түсті, іші жұмсақ тоқ ішек бойымен ауырсынады, сигма тәрізді ішек түйілген. Копрология: көп мөлшерде шырыш. Колоноскопия: тоқ ішектің шырышты қабаты біршама гиперемияланған, эрозиялар және жаралар жоқ, дискенезия белгілер бар.
Ем тағайындаңыз:
грандаксин+имодиум
креон+де-нол
интетрикс+хилак-форте
интетрикс+креон
интетрикс+но-шпа
Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, гиповитаминоз бен ісіну белгілер кешені, жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер осы синдромға тән:
мальабсорбция синдромы
темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы
ішектің тітіркену синдромы
демпинг-синдром
мальдигестия синдромы
Н.pylori асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының эпителий жасушаларына осы арқылы адгезияланады:
ақуыз-адгезиндер арқылы
кірпікшелер арқылы
присоскалар арқылы
муциназа арқылы
ерекше жабысқақ ақуыз табиғатты заттар арқылы
Науқас Б., 38 жас., тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді іштің ауру сезімі, 4 күн бойына іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопияда науқас айқын аурсынуды сезді, жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың барынша болуы мүмкін:
іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы
крон ауруы
жуан ішектің қатерлі ісігі
іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы
шамадан тыс микробты контаминация синдромы
20 жастағы науқас ұн мен жарма тағамдарынан кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді жиі (күніне 9 ретке дейін) нәжіске; әлсіздікке, жүдеуге шағымданады. Объективті: шашының түсуі, тырнақтың қатпарлануы мен сынғыштығы, полигиповитаминоз белгілері. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс:
d-ксилозамен сынама
глюкозотолеранттық тест
ацидотест
нәжісті бактериологиялық зерттеу
Нelicobacter pylori анықтау
Науқас Н 35 жаста, іштің оң жақ жартысының сыздап ауырсынуына, тәулігіне 6-7 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ жоғалтуына, ірі буындардағы ауырсынуға, дене қызуының 37,80С дейін көтерілуіне шағымданады. Тексергенде: іші жұмсақ, оң мықын аймағында ауырсынады. Колоноскопияда: илеоцекалдық аймақта афтылар анықталды. Тоқ ішек шырышты қабатының биопсиясы: гранулематоздық қабыну. Неғұрлым мүмкін диагноз:
крон ауруы
ащы ішектің лимфомасы
спецификалық емес жаралы колит
целиакия
уиппл ауруы
48 жастағы, науқас кіндік аймағының ауырсынуына, дефекациядан кейін басылатын, ішінің кебуіне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына /диарефға/ шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Стрестан кейін екі айапта көлемінде жағдайы нашарлаған. Іші пальпацияда жұмсақ, тоқ ішек бойымен ауырсынады, сигма тәрізді ішек түйілген. Копрология: көп мөлшерде шырыш. Колоноскопия: тоқ ішектің шырышты қабаты біршама гиперемияланған, эрозиялар және жаралар жоқ, дискенезия белгілері бар. Ем тағайындаңыз:
грандаксин+имодиум
креон+ имодиум
имодиум +хилак-форте
имодиум + метранидазол
имодиум + но-шпа
Асқазан денесінің ойық жара ауруының дамуындағы басты патогенетикалық буыны болып табылады:
асқазанның шырышты қабатының қорғаныс факторларының әлсіреуі
айқын қышқылды-пептикалық фактор
өт рефлюксі
асқазан ішек жолдарының моторикалық қызметінің бұзылысы
иммунологиялық факторлар
Науқас Д., 36 жаста, тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді іштің ауру сезімі, 4 күн бойына іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопияда науқас айқын аурсынуды сезді, жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың барынша болуы мүмкін:
іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы
крон ауруы
жуан ішектің қатерлі ісігі
іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы
шамадан тыс микробты контаминация синдромы
Крон ауруының дифференциалды диагностикасы мына аурулармен жасалады:
аппендицит; туберкулезді мезоаденит
тік ішектің қатерлі ісігі, созылмалы энтерит;
аппендицит,вирусты энтерит;
тітіркенген тоқ ішек синдромы, созылмалы гастритпен;
жедел гастрит, вирусты энтеритпен.
Гипомоторлы дискенезия мен қосарланған тітіркенген ішек синдромы
бидай кебегі + форлакс;
бидай кебегі+дицител;
бидай кебегі+ лоперамид;
мотилиум;
смекта.
Пациент, 40 ж., эпигастрий аймағында пайда болатын тамақтанудан 30-40 мин кейінгі ауру сезімініе, жүрек айну және кекіруге шағымданады. "Деформацияланатын остеоартроз" диагнозымен диспансерлік есепте тұр, жиі тоңазиды, ұзақ уақыт ем алады. Қандай препараттар асқазанның шырышты қабығының жаралы зақымдалуын тудыруы мүмкін?
диклофенак
эритромицин
алюминий сульфаттары
метронидазол
амоксициллин
Тітіркенген ішек синдромын күдіктендіретін симптомды атаңыз:
диарея таңертең тамақтан кейін болатын, «таңертеңгі құйын синдромы»
қызба
жалған нәжіске бару (тенезмдер)
ішектік бұзылыстар ұйқыны бұзады
себепсіз арықтау
35 ж., әйел түнде аш қарында пайда болатын эпигастри аймағының түйіліп ауырсынуына, тамақтанғаннан кейін ауырсынудың басылуына шағымданып стационарға түсті. Анамнезінен: 5 жыл бойы ойық- жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның шырышты қабаты қызарған, қатпарлар гипертрофияланған, 12 елі ішектің пиязшығының алдынғы қабырғасында d - 0,5х 0,7см. ойық жара.
Мына дәрмектердің комбинациясын пайдаланған тиімді:
кларитромицин+флемоксин+париет
омепразол+де-нол+маалокс
метронидазол+де-нол+алмагель
тетрациклин+омепразол+квамател
кларитрамицин+флемоксин+гастроципин
Тітіркенген ішек синдромы диагностикасында жасалады:
колоноскопия прицельді биопсиямен
тік ішекті саусақпен қарау
ФГДС
дуоденальды зондтау
асқазан шырышты қабатының биопсиясы
Тітіркенген ішек синдромы кезінде имодиум тағайындауға көрсеткіш:
диарея
іш қатулар
метеоризм
ауыру синдромы
бас ауруы
Бейспецификалық жаралы колитте терінің сарғаюы, қышу, холестаз маркерлерінің жоғарылауы пайда болған кезде ең алдымен ненің дамуы туралы ойлау қажет:
алғашқы склерозды холангит
С вирусты гепатиті
дәрілік гепатит
алғашқы билиарлық цирроз
В вирусты гепатиті
Крон ауруы кезінде асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығында қабыну-деструктивті процесс жиі кездеседі:
аймақтық (сегменттік) колит және илеит
дистальды колит
сол жақты колит
тотальды колит
оң жақты колит
Бейспецификалық жаралы колиттің кез келген формасының жоғары белсенділік кезіндегі негізгі ем:
парентеральды преднизолонды 60 мг дозада енгізу, 5 күнге әсер болмаған жағдайда – цитостатиктерге немесе колэктомияға көшу
гармондармен пульс-терапияны тағайындау
жедел емдеу
5-АСК препараттарының пероральді және жергілікті формаларының комбинациясы
антибактериалды емдеу
Бейспецификалық жаралы колит үшін тән болып табылады:
міндетті түрде тік ішекте қабыну процесінің болуы
АІЖ барлық бөлімдерінің қабынуы
трансмуральды қабынуы
фистуланың құрылуы
ішкі жыланкөздер
Бейспецификалық жаралы колит кезінде сол жақ колиттін жеңіл сатысында емдеу үшін таңдау препараты болып табылады:
сульфасалазин
лактейд
азатиоприн
бедонофальк
имодиум
Тамақтанудан кейін шамамен бір сағаттан соң пайда болатын айқын, ауырсыну синдромы, қыжыл, эпигастральды аймақта тамақтан кейін толу және кернеу сезімі. Жараның қайда орналасуына тән:
жараның асқазанның кіші және үлкен иіндерінде орналасуы
кардиалды және субкардиалды жаралар
жараның пилорикалық арнада орналасуы
өңеш жарасы
12 елі ішек жарасы
Он екі елі ішектің ойық жарасының басты этиологиялық факторы болып саналады:
Н. рylori (НР)
ішімдікті қолдану
ішек таяқшасы
темекі шегу
тұқымқуалаушылық фактор
Наукас 53 жас, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді жоғарылауы шағымданды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара, кратер жиектері биік, төмпешік тәрізді. Жоғарыда айтылған жағдайдың мүмкін болатын себебі :
ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы
ойық жара перфорациясы
перитонит
ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы
ойық жарадан қан кету
67 жас, ер адам эпигастриядағы ауырлық сезіміне, ауырсынуға, ауыздағы жағымсыз дәмге, жүрек айнуына, тәбеттің төмендеуіне, ауамен кекіруге, тұрақсыз үлкен дәретке шағымданады. ФГДС-да: асқазанның денесі және антрум бозғылт, шырышты қабаты тегістелген, жұқарған, қан тамырларының көрінісінің айқындалуы, жоғары жаралану, гипотония, гипокинезия, өт рефлюксі. Жоғарыда сипатталған көрініс қандай патологияға тән?
созылмалы атрофиялық гастрит
антральды атрофиялық емес гастрит
жара ауруы
ойық жаралы колит
асқазанның рагы
Науқас У., 36 жас. қыжылға, іштің ауырсынуы, іш қатуына шағымданады. ФГДС-да гиперемия, шырышты қабаттың ісінуі, асқазанның антральды бөлімінің ұсақ нүктелі қан құйылулары байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
В типті созылмалы гастрит
А типті созылмалы гастрит
асқазанның ойық жарасы
жедел панкреатит
созылмалы холецистит
Науқас С., 37 жаста эпигастрияда тамақ ішкеннен кейін 45 минуттан кейін пайда болатын ауырсыну; қышқылмен кекіру, тәбеттің болмауы, әлсіздік, шаршағыштық мазалайды. ЖҚА-де әлсіз гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иіні бойында-үлкен қатпарлар. Аталған препараттардың қайсысын тағайындау ең тиімді:
пантопразол
метронидазол
антибиотиктер
ацидин-пепсин
висмут препараттары
Науқас Ш., 53 жас, тамақтан жарты сағаттан соң немесе алкоголь ішкен кезде ауырсынуға, сода ішкеннен кейін азаятын күшті қыжылға шағымданады. 3 жыл бойы ауырып, емделмеген. ЭФГДС-да: асқазан шырышты қабатында гиперемия, ісіну, антральды бөлімде - аздаған қан құйылулар.
Қандай препаратты тағайындау ең тиімді және неге?
пантопразол, өйткені тұз қышқылының синтезі мен экскрециясының соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейді
фамотидин, себебі Н2 рецепторларын тежейді
метронидазол, себебі антигеликобактериялық әсері бар
витаминдер + орынбасушы терапия
метацин, себебі спазмолитикалық әсері бар
51 жастағы ер адамды рентгенологиялық зерттегенде өлшемі 2,0 см асқазан ойық жарасы анықталды. Мына белгі оның қатерсіз сипаттамасын көрсетеді:
ойық жара маңындағы асқазан қатпарының конвергенциясын анықтау
соңғы 3 ай ішінде дене массасының 6 кг төмендеуі
ойық жараның болуына қарамастан эпигастрии аймағында ауру сезімінің болмауы
ойық жараның асқазанның кіші иінінде орналасуы
РҺ – метрияда асқазан сөлінде тұз қышқылының болуы
Қандай жағдайларда ракты жоққа шығару үшін міндетті динамикалық ЭГДС көрсетілген:
үлкен мөлшердегі асқазанның жарасы
атрофиялық гастрит
А типті созылмалы гастрит
12-елі ішек жара ауруы
эрозивті гастродуодени
|