Ер адам., 71 жаста. Майлы тағам жегеннен соң оң қабырға астының интенcивті ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен: 5 жыл бойы ауырады. Объективті: дене қызуы 38,4 өт қабы ауырсынады, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-19 мм/сағ. Өтті зерттегенде В-порциясында- шырыш және лейкоциттер.
созылмалы калькулезсыз холецистит өршу фазасында
12 елі ішік ойық -жара ауруы өршу фазасында
созылмалы дуоденит өршу фазасында
созылмалы панкреатит өршу фазасында
созылмалы гепатит өршу фазасында
33 жастагы науқас майлы тамақтан кейін оң қабырға астындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, кезеңді – іштің кебуіне, үлкен дәреттің тұрақсыздығына шағымданады. Фракциялық дуоденалды зондтаудың нәтижелері: ІІ фракция ұзақтығы - 4 мин, ІІІ фракция - 5 мин, IV фракция- 17 мин. Өт қабын УД зерттеу: өт қабының өлшемі 5х3 см, қабырғасының қалыңдығы 3,7 см. Неғұрлым мүмкін диагноз:
Өт қабының гипертониялық типті дискинезиясы
Өт қабының нормокинетикалық типті дискинезиясы
Өт қабының гипокинетикалық типті дискинезиясы
Өт қабының гиперкинетикалық типті дискинезиясы
Өт қабының гипотониялық типті дискинезиясы
Холециститте ең жиі кездесетін ауырсыну локализациясы:
оң жақ қабырғаастында
Эпигастрий маңайында
сол жақ қабырғаастында
бел аймағында
кіндіктің түбі
Өт айдайтын дәрі – дәрмектер тобына жатады:
аллахол;
но – шпа;
анальгин;
верошпирон;
ампициллин
Науқас, 60 жаста, майлы тағамдардан кейін пайда болатын оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсынуға, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. УДЗ: өт өзектері кеңеймеген, өтімді, өт қабында конкременттер анықталады диаметрі 6-9 мм, 1/3 бөлігін алып жатыр. Диагноз қойыңыз, консервативті ем тағайындаңыз:
өт-тасауруы, екінші сатысы, ауырсыну формасы, өршу сатысы. Өт қабындағы тастар, холецистолитиаз. Урсофальк өт тастарын еріту, жаңa тастардың түзілуін болдырмау үшін
өт-тас ауруы, екінші сатысы, ауырсыну формасы, өршу сатысы. Өтқабында тастар. Ем дәмді бұзуын ескере отырып, микробқа қарсы әсері бар метронидазол тағайындау
өт-тас ауруы, екінші сатысы, бауырлық колика, өтқабындағы тас, жіті холангит.
өт-тасауруы, екінші сатысы, тастасымалдаушы, өтқабындағы жалғыз тас.
өт-тас ауруы, екінші сатысы, бауырлық колика, өт қабындағы тас, жіті холангит.
Ер адам., 33 жаста, майлы, ащы тағамдардан кейін пайда болатын оң қабырға асты аймағында ауырсынудың пайда болуына, үлкен дәреті тұрақсыздығына, іш ауруы мазалаған соң аймақтық терапевтке келген. Қолында зерттеу нәтижелері бар: ЖҚА, копрология қалыпты. Холецистограмма: өзгеріссіз. Дуоденальды зондтауда патология анықталмады. Осы жағдай тән:
өт жолдарының дискинезиясы
созылмалы холецистит
ішектің тітіркену синдромы
нейроциркуляторлы дистония
одди сфинктерінің дисфункциясы
Өт ұстамасында шұғыл жәрдемде қолданылады:
Атропин
прозерин
клофибрат
контрикал
фестал
51 жас ер адам, стационарға оң қабырға астының түйіліп тұратын ауырсынуға шағымданып түсті. Зерттегенде: Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфебрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.Осы жағдай тән:
созылмалы холецистит, өршу
созылмалы панкреатит, өршу
асқазан ойық жарасы, өршу
созылмалы гепатит, өршу
одди сфинктерінің дисфункциясы
созылмалы және жедел холециститте қолдануға болмайды
морфин
антибиотиктер
но-шпы
атропин сульфаты
спазмалгон, Баралгин және спазгана
Холециститтің дамуына ықпал ететін фактор:
өттің іркілуі
суықтию
шылымшегу
орталық нерв жүйесініңкүйзелісі
басқа жүйелерінің аурулары
Асқынбаған калькулезді холецистит диагнозы анықталған науқастарға жиі тағайындалады:
лапароскопиялық холецистэктомия
холецистостомия
УЗИ бақылауымен холецистомия
су түбінен холецистэктомия
холедохты холецистэктомия
Өт-тас ауруы үщін шұғыл операция:
перфоративті холецистит
қуық ағынының окклюзиясы
холецисто-панкреатит
механикалық сарғаю
бауыр шаншуы
Әйел адам, 64 жаста ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 4-5 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының існуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда ең адекватты емдеу кестесін таңдаңыз:
ферменттер + протонды помпаның ингибиторлары+урсодезоксихолий қышқылы
ұйқы бездерінің ферменттері
ұйқы бездерінің ферменттері + протиолитикалы ферменттердің ингибиторлары
протонды помпаның ингибиторлары +урсодезоксихолий қышқылы
протонды помпаның ингибиторлары + дисбиоз корректорлары
ӨТА асқынуы болуы мүмкін емес :
бауыр циррозының дамуы
өт қабының қатерлі ісігі
панкреатит
деструктивті холециститтің дамуы
механикалық сарғаю
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі мен Холелитиаз бар механикалық сарғаюды кезеңді аз инвазивті емдеу қамтиды
холецистэктомия, холедохолитотомия
УЗИ бақылауымен микрохомецистостомия
бауыр жетіспеушілігін емдеу
эритотрипсиямен және литоэкстракциямен эндоскопиялық папиллосфинктеротомия
лапароскопиялық холецистэктомия
Нақас 40 жас , қуырылған тамақтан кейін пайда болатын, оң жақ жауырынға, иыққа берілетін оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсынуға шағымданады. Неғұрлым тән:
созылмалы холециститке
асқазан жарасына
12-елі ішектің жарасына
созылмалы панкреатитке
гастроэзофагальды рефлюксті ауруға
Әйел 34жаста, 5 жыл бұрын холецистэктомия жасаған. Ауырсыну операциядан кейін 3-4 айдан кейін қайта пайда болды. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, тері мен склерасы иктерилді. Ауруды диагностикалаудың ең сенімді әдісі?
ЭРХПГ
қан, зәр, нәжіс билирубинін зерттеу
қан ферменттерін зерттеу
бауыр биопсиясы бар лапароскопия
фистулография.
Созылмалы холециститтің этиологиялық принциптері:
бактериялар
лямблия;
вирустар;
қоршаған орта;
барлық аталғандар.
Науқас С,. 40 жас. Қабылдау бөліміне ішінің жоғары бөлігінде қатты ауырсыну мен сарғаюға байланысты шағымданып түсті, анамнезінен науқас көп жылдар бойы гастроэнтеролог бақылауында, периодты түрде емделеді, соңғы нашарлауын диета ұстаудағы қателіктерімен және ауыр физикалық еңбекпен байланыстырады.БҚА тікелей фракция әсерінен болған гипербилирубинемия анықталған, УДЗ :өт қабы қуысындағы конкременттер және жалпы өт жолының кеңеюі. Науқасқа қандай қосымша зерттеу жасау керек, науқасты жүргізудің тактикасы?
эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография, стационарлы емдеу
пероральды холецистография, гастроэнтерологта ары қарай бақылауда болу
мр-томография, диетаны тузеу.
іштің және жамбас мүшелерінің компьютерлі томографиясы, осы күйге әкелген этиологиялық факторларды жою
биллиарлырадиоизотоптыгепатография, амбулаторлы емдеу.
Науқас С. 48 жаста, оң қолға берілетін оң қабырға доғасы астындағы ауырсынуға, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: жоғары нәрлі, склерасы субиктерлі, оң қабырға доғасы астында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті зерттеу- барлық үш порцияда да - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда - лямблия. Этиотропты ем тағайындаңыз:
фуразолидон
атропин тері астына
аллохол
лиобил
эритромицин
Созылмалы калькулезді холециститті емдеуде таңдау әдісі:
холецистэктомия;
конкременттерді литолитикалық препараттармен еріту;
орташа көмірсулы диета ;
физикалық құбылыстар;
кешенді консервативті терапия.
Әйел 58 жаста, майлы тамақ ішкеннен кейін бірнеше уақыттан соң оң жауырынға берілетін оң қабырға астындағы ауыру сезімі пайда болды, өт аралас жеген тамағын құсты (1 рет). Объективті: науқас аяғын бүгіп, оң жақ бүйірімен мәжбүрлі қалыпта жатыр. Оң қабырға астын пальпациялағанда қатты ауырсынады. Науқасқа шақырылған участкелік дәрігер гепабене берді. Дәрігердің шешімін бағалаңыз:
дұрыс емес бұл науқастың жағдайын нашарлатады
дұрыс, бұл ауру сезімін басады
дұрыс, холестаз синдромын басады
дұрыс, бірақ спазмолитик те керек
дұрыс емес, бірақ қауіп жоқ
Қабылдау бөліміне 49 жас. ер адам, эпигастрий аймағындағы белдемелі ауру сезіміне, желінген тағамымен кекіруге, тұрақсыз нәжіске шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары сарғайған, тамақтануы төмендеген, Дежарден нүктесі ауру сезімді. Копрология: қорытылмаған жасунық (клетчатка), стеаторея, креаторея. Гликозамилаземиялық сынама: амилаза 35 % жоғарлауы. Қай диагноз сәйкес келеді?
созылмалы панкреатит
Крон ауруы
Уиппл ауруы
ұйқы безінің рагы
он екі елі ішектің ойық жарасы
Науқас 56 жаста майлы, қуырылған, ащы тағам және алкоголь қабылдағаннан кейін пайда болатын сол қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, іш кебуіне, көп ретті күлкен дәретке шағымданады. Глюкозаға толеранттылығы төмендеген. Копрологияда стеаторея және креаторея анықталды. Науқасқа қандай ем тағайындаймыз?
Креон
смекта
бифиформ
силимарин
фамотидин
Әйел, 52 жаста, оң қолға берілетін оң қабырға доғасы астындағы ауырсынуға, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: тамақтануы жоғары, склерасы субиктерлі, оң қабырға доғасы астында ауырсыну, бауыры үлкеймеген, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейк-15 мың, ЭТЖ-29 мм/сағ. Өтті зерттеу- барлық үш порцияда да - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда - лямблия. Этиотропты ем тағайындаңыз:
фуразолидон
но-шпа
фестал
гепарин
кларитромицин
61 жасар әйел, стационарға оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 29 мл/сағ.Болжам диагнозы қандай?
созылмалы холецистит, өршу
созылмалы панкреатит, өршу
асқазан ойық жарасы, өршу
созылмалы гепатит, өршу
одди сфинктерінің дисфункциясы
Артық дене салмақтан зардап шегетін 44 жастағы әйел адам соңғы 3 жылда төмен калориялы диета ұстау арқасында 10 кг арықтаған., қазір 80 кг. Науқастың оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. УДЗ суретінде: ірі конкременттер түзілім диаметрі 2 см. Науқасқа урсодезоксихол қышқылымен ем тағайындалды.
1000 мг түнде және таңға дейін тамақтанбайды
2 рет 250 мг тамаққа дейін
Күніне 3 рет 250 мг тамақ дейін
күніне 3 рет 500 мг тамақтану кезінде
түнде 500 мг ішу
35 жас. Әйел адам эпигастрий аймағындағы ауру сезімінің омыртқаға берілуіне, ауамен кекіруге, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Анамнезінен: гинекологтың тағайындауымен 2,5 ай эстроген қабылдаған. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ішінде «рубинді тамшылар», эпигастрий аймағы аса тітіркенгіш. УДЗ: ұйқыбезі басында эхогенділігі жоғары- 7 см; денесі -3,1 см; құйрығы -4,4 см; контуры анық емес. Мына препараттардың қайсысы тиімдірек?
липаза
бифидумбактерин
лактулоза
фамотидин
адеметионин
52 жастағы ер адам созылмалы алкоголизммен ауырады. Соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі, метеоризм, нәжістің бұзылысы дамыған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 7 кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс:
Копрограмма
ЭРХПГ
ЭФГДС
глюкозаға толеранттылық сынамасы
УДЗ
Терапевттің қабылдауында, артық салмақты науқас, майлы тамақ қабылдағаннан кейін пайда болған сол жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін кезеңді түрдегі құсуға шағым айтады. Объективті қарағанда: «қызыл тамшы» симптомы оң, Мейо-Робсон оң мәнді. Қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы. Сіздің диагнозыңыз?
созылмалы панкреатит, өршуі
созылмалы холецистит, өршуі
асқазан жара ауруы
өт жолдарының дискинезиясы
гастроэзофагеальды рефлюксті ауру
Әйел 47 жаста, майлы қуырылған тамақ ішкеннен кейін күшейетін эпигастрий және сол қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады, кейбір кездері белдемелі ауырсынады. Метеоризм, көп мөлшерлі қиын жуылатын үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және оң қабырға астындағы ауырсыну сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея. Науқасқа неғұрлым тиімді препарат:
креон
фестал
ксеникал
силимарин
ацидин-пепсин
Науқас 50 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Әсіресе майлы тағамнан 1 сағ. кейін басталады. Сонымен қатар қыжыл, кекіру, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық, терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауырсыну сезімі бар. Науқасқа жүргізілуі қажет лабораториялық тексеру:
амилаза және липаза деңгейі
липидті профиль
ГГТП және сілтілі фосфатаза деңгейі
гликемиялық профиль
алкогольдегидрогенеза деңгейі
51 жасар. ер адам эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы, тамақтанғаннан 1 сағ. өткеннен кейін басталатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Әсіресе қуырылған тамақтан кейін, алкоголь қабылдағаннан кейін болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіру, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Науқас арық, қолдарының дірілі, гепатомегалия. Науқаста берілген патологияның дамуының мүмкін болатын себебі?
алкогольмен әуестену
өттас ауруы
В және С вирусты гепатит
аутоиммунды патология
тұқымқуалаушылық
Гинеколог қабылдауына 69 жас. әйел аралық аймағындағы қышу сезіміне шағымданып келді. Созылмалы панкреатитпен 8 жыл бойы ауырады. Дене салмағы 102 кг, бойы 158 см. Мықын лимфа түйіндері 0,8 см пальпацияланады. Терісінде қасыған іздер. Қандағы қант 7,8 мммоль/л. Қандай дәрілік тобын тағайындау ең тиімді?
Бигуанидтер
сульфанил мочевиналар
инсулинотерапия
тиазалидиндиондар
альфа –глюкозидазаның ингибиторлары
Ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауыратын 55-жас. науқаст А, ем дәмді бұзғаннан кейін қатты белдемелі ауырсыну, іштің кебуі, құсу, склераның иктериялығы пайда болды. Хирургия бөліміне «Жедел холецистит» диагнозымен жатқызылды. 2 күннен кейін диагноз жоққа шығарылып, науқас терапия бөліміне созылмалы панкреатиттің өршуімен ауыстырылды. Ауырсыну синдромын басу үшін осы жағдайда қолдануға болмайды:
морфин
баралгин
новокаин
пантопон
платифиллин
Ер адам 45 жаста эпигастрий аймағындағы арқаға берілетін белдемелі сипаттағы ұзақ ауырсынуға, оң қабырға доғасы астындағы керіліп тұрғандай сезімге шағымданады. УДЗ: ұйқы безіндегі диффузды өзгерістер және созылмалы холецистит белгілері. Осы патологияда неғұрлым ақпаратты зертханалық көрсеткіштер:
қандағы сілтілі фосфатаза деңгейі
гипергликемия
қандағы трансаминазалар деңгейі
қандағы және зәрдегі амилаза деңгейі
лейкоцитоз
|