|
Фгдс. Гинекология база 2020. Тахипноэ, тахикардия
Осы патологияның дамуында ерекше орынды не алады?
патологиялық лактостаз және емізіктердегі тілінулер
босану әрекетінің әлсіздігі
қағанақ суының ерте кетуі
босануды қоздыру
сұйықтықты көп ішу
24 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 4-тәулікте дене қызуы t =40C, ішінің төмен жағында бірден ауырсыну, іштің кебуі, үлкен дәретке отыру ауырсынулы, іш пердесінің тітіркену симптомы оң нәтижелігі анықталды. Жатыр(түбі кіндіктен 1 елі төмен) ұлғайған, ауырсынулы, пішіні анықталмайды, қимылы шектелген. Артқы күмбез салбырап тұр.
Болжам диагноз:
Пельвиоперитонит
Жедел оофорит
Эндометрит
Параметрит
Метрит
25 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 10-тәулікте жыныс жолдарынан бөлінділер қанды, іріңді, жағымсыз иісті, пальпацияда жатыр ауырсынулы, t =38C, тамыр соғысы 100 рет мин. Тері қабаттары қызарған, құрғақ.
Болжам диагноз:
Эндометрит
Жедел оофорит
Жедел сальпингит
Параметрит
Метрит
30 жастағы босанаған әйелде босанғаннан кейінгі 8 тәулікте, қалтырап жатыр, t =40 C. Ішінің төменгі жағында ауырсыну, ішектері кепкен. Жатыры ұлғайған, оң жаққа қарай ығысқан, жұмсақ. Қынаптық тексерген кезде сол жақ қосалқылары аймағында жедел ауырсынулы инфльтр анықталады.
Болжам диагноз:
Жедел сальпингоофорит
Пельвиоперитонит
Эндометрит
Параметрит
Миометрит
Босанғаннан кейінгі 12-ші тәулік, t =38,2 C. Сүт бездеріндегі ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғысы 86 рет мин. Сүт бездері едәуір ұлғайған, қатайған, пальпацияда ауырсынулы.
Осы жағдайда ... дұрыс болып табылады.
көкіректі сығу арқылы сүттен босату
сұйықтық ішуді азайту
көкіректі сығып байлау
сүт бездеріне компрессия
антибиотиктер тағайындау
Қайта босанушы әйел, 26 жаста, босанғаннан кейінгі 12-ші тәулікте t =39 C, қалтырау, ұйқысы бұзылған, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Сүт бездерін тексерген кезде: оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы аймағында қызару анықталды. Терінің өзгерген аймағында тығыз, аз қимылдайтын инфильтрат анықталды.
Осы жағдайда ... дұрыс болып табылады.
хирургиялық ем
сүт бездерін сығу арқылы босату
симптоматикалық ем
инфузионды терапия
зақымдалған аймаққа компресс
32 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5 тәулікте қалтырау, t =39 C. Қынаптық тексеруде жатыр денесі ұлғайған, ауырсынады, әсіресе қабырғалары аймағында. Бөлінділер қанды (қара-қызыл түсті) ірің аралас, сасық иісті.
Осы жағдайда ... амал дұрыс болып табылады.
жатыр қуысын босату
жатыр аймағына мұз қою
инфузионды терапия
симптоматикалық терапия
гистерэктомия
22 жастағы босанған әйел босанғаннан кейінгі 1-ші тәуліктен кейін қасаға аймағындағы ауырсынуға, аяғымен қимылдағанда ауырсынудың күшеюіне шағымданады. Объективті: қасаға аймағында ісіну, ауырсыну және жылжыған бұрыштарында тереңдену анықталады. Анамнезінен: бірінші босануы уақтылы, салмағы 4300 г. тірі, жетілген нәресте туылған.
Жүргізу амалы:
төсектік қалып, жамбас аймағында қиылысты таңу
белсенді қалып және антибактериалды терапия
физиоем- сәулеліем
гипсті таңу салу
жамбас аймағына массаж
Босағаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 10-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t =39 C, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы.
Дұрыс амал:
хирургиялық ем
сүт бездерін сығу арқылы босату
симптоматикалық терапия
инфузионды терапия
зақымдалған аймаққа компресс
Босағаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 10-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t =39 C, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы.
Лактацияны басуға нәтижелі болып ... табылады.
парлодел
бромкамфора
гипотиазид
фуросемид
токоферол
Науқас А., 33 жаста, сол үлкен жыныс ерні аймағындағы ауырсынуларға, жыныстық қатынас кезінде жағымсыз сезімге, жалпы дімкәстікке шағымданып келді. Қарау кезінде сол үклен жыныс ерні маңында түзіліс анықталды, пальпацияда ауырсынады, тіндердің ісінуі. 2016 жылғы 9 маусым №14 "Шап аралықтың, вульваның, қынаптың қабыну аурулары" диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сай осы науқасқа қынап пен вульва беткейінің бактериоскопиялық зерттеуінен басқа қандай зертханалық тексеру жүргізу керек?
қанның жалпы анализі
қанның биохимиялық анализі
ПТР
ИФА
бактериологиялық (культуралдық) зерттеу
22 жастағы әйел ішінің төменгі жағы ауыратынына, кіші дәретке жиі шығатынына, кіші дәретке шыққанда ашитынына шағымданады. Симптомдар сақтанбай жыныстық қатынасқа түскен соң пайда болған. Объективті: үрпінің қызаруы, ісінгені байқалады, көп мөлшерде іріңді шығынды бөлінеді, кіші дәретке шыққанда ашып ауырады, жатыр мойнағының іншектік бөлігі қызарған, цервикальдық каналдан көп мөлшерде іріңді шығынды бөлінеді. Болжамды диагноз:
гонорея (соз)
хламидиоз
кандидоз
трихомониаз
гарднереллез
6 жастағы қыз сыртқы жыныстық ағзалары аймағы қышитынына, кіші дәретке шыққан соң ашитынына шағымданады. Тексеріп қарағанда сарпайдың кіші жапсары кейбір тұстарында сұр немесе ақ жұқа пленкамен жабысқан. Ем жүргізілмесе бұл аурудан қандай асқыну туындауы мүмкін. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
жыныстық ағзалар гигиенасы
антибактериялық терапия
вирусқа қарсы терапия
иммунитетті модуляциялайтын терапия
гормондық терапия
2017 жылғы 27 желтоқсан №36 "Босанудан кейінгі эндометрит" диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сай организмнің адаптациялық-компенсаторлы айқындылық дәрежесіне байланысты мына өзгерістер эндометриттің қай формасына сай: 3 күннен аспайтын қысқа уақыттық, резорбтивті қызбамен, жатырдың субинволюциясы жоқ, жатыр құрамының рН жоғарлауы мен макрофагтар көлемінің жоғарлауы.
субкомпенсирленген эндометрит
компенсирленген эндометрит
декомпенсирленген эндометрит
терминальды эндометрит
ошақты эндометрит
42 жастағы әйел сыртқы жыныстық ағзалары аймағының қышитынына, ашитынына, түнде төсекте жатып, тіпті ұйқтап жатып та қасынатынына, жыныстық қатынасқа түскенде ауыратынына, жыныстық жолдарынан иісі жағымсыз шығынды бөлінетініне шағымданады. Сыртқы жыныстық ағзаларын тексергенде қасыған із, терісі мен сілемейі сызат түсіп, жарақаттанып, қанап тұр, тері жамылғысы ақ атрофияланған, паптрос қағазына ұқсас, сілемейлі қабықта ақшыл түсті түйіндақтар байқалады. Сарпайдың кіші жапсары бүріскен. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жүргізген дұрыс:
вульвоскопия
гистероскопия
кіші жамбас ағзаларын УДЗ
жатыр қуысын диагностикалық қырнау
кіші жамбас ағзаларын МРТ
43 жастағы әйел сыртқы жыныстық ағзаларының ауыратынына, қышитынына, ашу немесе тітіркену сезіміне, шап лимфатүйіндерінің үлкейгеніне, кіші дәретке ауырсынып шығатынына, шамалы қан аралас шығынды бөлінетініне шағымданады. Сыртқы жыныстық ағзаларын тексергенде сарпайдың үлкен жапсары аймағында ісік тәрізді түзілім анықталды, қара қоңыр түсті, жара болған бөліктер бар, қанап тұр. Шап лимфатүйіндері үлкейген. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:
гистологиялық тексеру
тазалық дәрежесін анықтау үшін сүртінді алу
кіші жамбас ағзаларын УДЗ
кольпоскопия
АПВ анықтау үшін қан ИФА
Профилактикалық тексеру кезінде 40 жастағы пациенттің жатыр мойнағында седеп түсті өңезді бөлік анықталды. Жатыр мойнағы лейкоплакиясы диагнозы қойылды. Кольпоскопия жасалды. Онкоцитологияға сүртінді алынды. Диагноз расталды. Барынша негізделген емдеу тәсілі:
криодеструкция
химиялық коагуляция
тіндерді хирургиялық кесу
электрокоагуляция
лазерлік коагуляция
17 жастағы қыз ішінің төменгі жағының ұстама тәрізді ауыратынына, басы ауыратынына, құсатынына, әлсіздікке шағымданады. Ауырсыну 2 күн бұрын басталған, бүгін етеккірі келген. Анамнезінен: соматикалық патология жоқ. Етеккірі 15 жасынан бастап келген, жарты жыл бұрын реттелген, тұрақты, 3-4 күн келеді, ауырсындырады. Ауырсыну етеккір басталардан 2 күн бұрын басталады және 3-4 күннен кейін басылады. Объективті: нормостениялық дене бітімі. Екіншілік(вторичный) жыныстық белгілер жасына сәйкес дамыған. Аяқтары мен қолдары ісінген. Т 36,5С. АҚ 110/70 мм с.б. Ps минутына 90. Іші ісінген, төменгі бөліктері ауырады. Іншек арқылы тексеру және кіші жамбас ағзаларын УДЗ патология анықталмады. Қандай емдеу тәсілін қолданған дұрыс:
бейстероид қабынуға қарсы препараттар
антибактериялық препараттар
емдәм және физикалық жүктеме
сыртқы жыныстық ағзалар гигиенасы
хирургиялық ем
Берілген клиникалық симптомдар кездесетін ауруды атаңыз: етеккірі және жүктілік жоқ, аналық без тінінде көптеген премордиалдық фолликулалар (гистологиялық зерттеуде), көптеген әйелдерде прогестерон сынағы оң, қан плазмасында ФСГ және ЛГ деңгейлері жоғары
тұрақты аналық без синдромы
поликистозды аналық без синдромы
эндометриоз
адрегногенителдық синдром
семіп қалған аналық без синдромы
33 жастағы әйел серозды сипаттағы аздаған бөліндіге, ЕАС (етеккір алдындағы синдром) кезінде күшейетініне шағымданады. Акушерия-гинекологиялық анамнез: соңғы 2 жүктілігі 8-9 апталық ерте кезеңде түсік түсумен аяқталған. Диагноз қою үшін берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған дұрыс?
полимеразды тізбекті реакция
иммунофлуоресценция реакциясы
иммобилизация реакциясы
микроскопия
қанның жалпы талдамасы
Перзентханадан шыққаннан кейін кесар тілігі операциясымен босанған әйелде 10 тәулікте перитонит және нәрестесінде омфалит анықталды. Ауруханаішілік инфекцияны төмендетудегі басты шара:
қолды тазалап жуу және бір ретті сүлгіні қолдану
қызметкерлер мен келушілердің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру
мекемені циклді дезинфекциялау және желдендіру
бөлмелерді кварцтау және дезерітінділермен өңдеу
маскалы тәртіпті сақтау және палаталарды кварцтау
23 жастағы, науқас, 3-тәулік бойы 38,6 C дене қызуына шағымданады. Соматикалық дені сау. Қынаптық тексеруде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр аздап ұлғайған, жұмсарған, оң жақ қосалқылар аймағында жұмсақ, ауырсынулы құрылым анықталады, жатыр мойнына қарай қимылдатқанда ауырсыну сезіледі.
Болжам диагноз:
Пиовар
Дамып жатқан түтіктік жүктілік
Апоплексия
Созылмалы аднекситтің қозуы
Аналық без кистасы
24 жастағы, науқастың сыртқы гинекологиялық зерттеуде: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типті, кіші ернеуінде ауырсынулы сұр-сары жабындымен жабылған жара анықталады.
Болжам диагноз :
Генитальды герпес
Біріншілік сифилис
Карбункул
Крауроз
Фурункул
35 жастағы науқас, ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға, ауырсынудың тік ішекке және бұтаралыққа берілуіне шағымданып келді. Ауырсыну етеккір кезінде күшейеді. Қынаптық тексергенде: жатырдың арт жағында екі жақтанда тығыздылығы қатты элластикалық d=3 см, жатырмен жабысқан құрылым анықталады. Пальпацияда жатыр ауырсынулы.
Болжам диагноз:
аналық бездерінің эндометриозы
пиосальпинкс
аналық бездерінің апоплексиясы
аналық бездерінің параовариальды кистасы
пиовар
35 жастағы науқас, ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға, ауырсынудың тік ішекке және бұтаралыққа берілуіне шағымданып келді. Ауырсыну етеккір кезінде күшейеді. Қынаптық тексергенде: жатырдың арт жағында екі жақтанда тығыздылығы қатты элластикалық d=3 см, жатырмен жабысқан құрылым анықталады. Пальпацияда жатыр ауырсынулы.
Жүргізу амалы:
гормонотерапия
жатыр қосалқыларын алып тастау
физиоем
жатырды қосалқыларымен ампутация
жатырды қосалқыларымен экстирпация
Менструальдық қан ағудың механизмі ... байланысты.
некроздар түзілүімен жүретін артериялардың спазымына
эндометрий қанағыштығының жоғарылауына
протеолитикалық ферментердің жоғарылауына
жатырдың өсуіне
эндометрийдің пролиферациясына
Аналық бездерінің мезгілінен бұрын әлсіреу синдромының негізгі симптомдары:
екіншілік аменорея, бедеулік
іштің төменгі жағындағы ауыру сезімі
біріншілік аменорея
ыстықтың құйылуы
олигоаменорея
26 жастағы науқас, етеккірі 17 жастан аз мөлшерде, сирек. Осы науқаста етеккір бұзылысының түрі:
гипоопсоменорея
меноррагия
метроррагия
альгодисменорея
менометроррагия
32 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге молынан келетін, ұзаққа созылатын жүйесіз етеккірге шағымданып қаралды. Жатыр қуысына диагностикалық бөлінген қырнау өткізілді. Гистологиялық талдау- эндометрияда безді- кистозды гиперплазия. ҚР ДСМ 04.07.14жылғы “Етеккір циклінің бұзылысы” № 10 хаттамасына сәйкес осы себептер қандай жіктемелік категорияға жатады?
Жатырдан аномальды қан кету- M
Жатырдан аномальды қан кету- P
Жатырдан аномальды қан кету- E
Жатырдан аномальды қан кету- L
Жатырдан аномальды қан кету- I
Әйел 48 жаста. Анемия мазалайды, сол үшін тұрақты түрде темір препараттарын қабылдайды. Menses жүйелі, 5 күннен, 28 күн сайын, бірақ ұйындылармен және молынан келеді, етеккіраралық қан кетулер жоқ. Кіші жамбас ағзаларын УДЗ-де: алдыңғы қабырғада интерстициалдық миоматозды түйін, өлшемі 21мм, артқы қабырғасында субмукозды түйін өлшемі 10мм. УДЗ бойынша динамикада соңғы екі жылды миома белсенді түрде өспеген. ҚР ДСМ 09.06.16 жылғы “Жатыр миомасы” №9 хаттамасына сәйкес сіздің іс-әрекетіңіз?
улипристал ацетат 5 мг тәулігіне 3 айдай – 1 курс
миоматозды түйінді гистероскопиялық резекциялау
левоноргестрелмен ЖІС
лапароскопиялық гистерэктомия
консервативті миомэктомия
Науқас Ж, 28 жаста, 3 айдан бері етеккірінің кідіруінен кейін болған ұзаққа созылған жатырдан қан кетуге шағымданып қаралған. Анамнезінде: 4 жылдан бері біріншілікті бедеулік. Гинекологиялық қарау – ерекшеліктерсіз. Гистероскопияны бақылай отырып жатыр қуысына диагностикалық қырнау өткізілген. Гистологиялық талдау: эндометрияның безді гиперплазиясы. Етеккір циклін реттеу үшін осы жағдайда нені тағайындауға болады:
таза гестагендер
құрама оральды контацепция
таза эстрогендер
фитотерапия
андрогендер
Науқас К, 34 жаста, 3 күннен бері болып жатқан қан кетуге шағымданады. Босану паритеті: Ж-3,Б-2,Т-1. Анамнезінде: медикаментозды түсік 2 ай бұрын. Етеккір қызметі 13 жастан бастап жүйелі. Соңғы етеккір циклі 2 апта бұрын болған, 3 күннен бері етеккірден кейін жағылмалы бөлінді келуде. Қынаптық тексеру ерекшеліктерсіз. Қанды бөліну өте көп. Кіші жамбас ағзаларын УДЗде: Жатыр қуысында гиперэхогенді түзілістер жатыр түбі аймағында өлшемі 1,7см, ТДК(ЦДК) тәртіпте нақты карталанады. Сіздің әрі қарайғы әрекетіңіз:
|
|
|