Главная страница

Фгдс. Гинекология база 2020. Тахипноэ, тахикардия


Скачать 431.06 Kb.
НазваниеТахипноэ, тахикардия
Дата14.06.2021
Размер431.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГинекология база 2020.docx
ТипДокументы
#217153
страница10 из 14
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

патологиялық учаскеден биопсия жасаумен гистероскопия

МРТ

гормональды гемостаз

жатыр қуысын бөлінген диагностикалық қырнау

бақылау және циклдің 5-7 күндері қайталап УДЗ

ҚР ДСМ 04.07.14 “Етеккір циклінің бұзылысы” №10 хаттамаға сәйкес L репродукциялық кезең, гемоглобин 88г/л, эритр 2,9*10*12г/л, гемодинамикасы тұрақты ЖАҚ(АМК) кезінде гемостаздың негізгі әдісі қандай?

улипристал ацетат

дицинон, тренаксам қышқылы

“Мирена” жатырішілік спиралы

жатыр қуысының және цервикальды каналды фракциялық қырнау

КОК

42 жастағы әйел дәрігерге ішінің төменгі жағының ауырлығына, етеккірінің көп мөлшерде келетініне шағымданып келді. Анамнезінде бастапқы бедеулік. PV: жатыры жүктіліктің 9-10 аптасындағыдай үлкейген, контурлары тегіс емес, тығыз консистенциялы, жылжымалы, ауырсындырмайды. Қосалқылары көрінбейді, күмбез терең, бос. ҚЖТ Hb 98 г/л. Бірінші кезекте қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?

кіші жамбасты УДЗ

гистеросонография

гистероскопия

кіші жамбасты МРТ

кіші жамбасты КТ

46 жастағы пациент емханаға ішінің төменгіжағындағы ауыру сезіміне, жиі зәр шығару, етеккір мерзімінде көп қанды бөлінділердің болуына шағымданып түсті. 3 жыл бойы жатыр миомасы бойынша бақылауда тұрады. 3 ай бұрын жатыр қуысын қыру жүргізілген. Гистологиялық зерттеудің нәтижесі – эндометрияның безді – кистозды гиперплазиясы. Айнада: жатыр мойны гипертрофияланған, жараланған. Бөлінділер қанды, көп мөлшерде.

ҚЗ: жатыр мойны гипертрофияланған, консистенциясы әдетегідей. Жатыр 14-15 апталық ісікке айналған, бүдірлі, қозғалмайды, ауыру сезімі жоқ. Қосалқылар жағы өзгермеген.

Диагноз:

Симптомды жатыр миомасы, жатыр мойнының эрозиясы

Жатырдың симптомды лейомиомасы, цервицит

Аналық без кистомасы, жатыр мойының лейкоплакиясы

Ұрық көпіршігі, жатыр мойының эритроплакиясы

Жатыр саркомасы, эндоцервицит

46 жастағы К. 10 күн бойы жыныс мүшелерінен қанды бөлінулер болғанына шағымданып емханаға келді. Ең сонғы етеккірі 2 ай бұрын болған

Айнада: жатыр мойны таза, бөліндісі қанды.

ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, қозғалмалы. Қосалқылар анықталмайды.

Диагноз:

Дисфункционалды жатырдан қан кету

Аналық безінің гормон шығарушы ісігі

Эндометрия обыры

Жатырлық жүктілік, түсік

Аналық бездер қызметінің тұрақтылық синдромы

46 жастағы К. 10 күн бойы жыныс мүшелерінен қанды бөлінулер болғанына шағымданып емханаға келді. Ең сонғы етеккірі 2 ай бұрын болған

Айнада: жатыр мойны таза, бөліндісі қанды.

ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, қозғалмалы. Қосалқылар анықталмайды. Диагноз: Дисфункционалды жатырдан қан кету. Кейінгі емдік шаралар:

бөлек диагностикалық қыру

қабынуға қарсы терапия

симптоматикалық терапия

физиотерапия жүргізу

гормонотерапия тағайындау

45 жастағы пациент жыныс жолдарынан орташа қаңды бөлінулерге (бұл келесі етеккірдің 1,5 ай кідіруінен кейін пайда болған) шағымданып емхананың дәрігеріне келді. ҚЗ: жатыр мойнында эрозия жоқ, «қарашық» симптомы (2плюс); жатыр үлкеймегең, тығыз, қозғалмалы,ауырмайды; қосалқылары өзгермеген,күмбездері терең.

Диагноз:

Перименопаузальды кезеңдегі ДЖҚ

Жатырдаң тыс жүктілік

Жатырдың шырыш асты миомасы

Жатыр денесінің ішкі эндометриозы

Жатыр денесінің обыры

28 жастағы пациент етеккір алдында және етеккір кезінде іштің төменгі жағындағы тартып ауыратын ауыру сезімге және 5 жыл бойы жүктіліктің болмауына шағымданды. Өзін 3 жыл бойы аурумын деп санайды. Анамнезінен: жүктіліктің 5-6 аптасында өздігінен түсік болған. 20 жасында аналық безінің кистасы жарылып, оған оң жақ аналық безіне резекция жасалған. Алынған тіндердің гистологиялық зерттеуінің нәтижесін ауру білмейді. ҚЗ: жатыр мойны таза. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалысы шектелген, мөлшері қалыпты, ауырмайды; жатырдың оң жағында және артында консистенциясы қатты эластикалық, қозғалысы шектелген, артқы бүйіріне жабысқан, мөлшері 8х8 см, ауыратын құрылым анықталады, сол қосалқылары үлкеймеген, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты.

Диагноз:

Оң аналық безінің эндометриоидты кистасы

Жатыр миомасы

Оң аналық безінің абсцессы

Дисгерминома

Аденомиоз

28 жастағы пациент етеккір алдында және етеккір кезінде іштің төменгі жағындағы тартып ауыратын ауыру сезімге және 5 жыл бойы жүктіліктің болмауына шағымданды. Өзін 3 жыл бойы аурумын деп санайды. Анамнезінен: жүктіліктің 5-6 аптасында өздігінен түсік болған. 20 жасында аналық безінің кистасы жарылып, оған оң жақ аналық безіне резекция жасалған. Алынған тіндердің гистологиялық зерттеуінің нәтижесін ауру білмейді. ҚЗ: жатыр мойны таза. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалысы шектелген, мөлшері қалыпты, ауырмайды; жатырдың оң жағында және артында консистенциясы қатты эластикалық, қозғалысы шектелген, артқы бүйіріне жабысқан, мөлшері 8х8 см, ауыратын құрылым анықталады, сол қосалқылары үлкеймеген, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты.

Диагноз: Оң аналық безінің эндометриоидты кистасы. Тиімді емдеу тәсілі:

цистэктомия, гормонотерапия

қабынуға қарсыем,бақылау

физиоем, тарау терапиясы

витаминотерапия, пункция

овариоэктомия, бақылау

Аналық безінің эндометриоидты кисталары бар ауруларды емханада оталық емдеуге жолдайды.Онтайлы емдеу тактикасы:

оң аналық безінің резекциясы, содан кейін гормональды терапия

антибактериальды терапия

консервативті миомэктомия

релизинг-гормонның агонистерін қолдану

жатырдың оң қосалқыларын алу

46 жастағы әйелге етеккірінің ретсіз келуіне және қанағуына байланысты жатыр қуысының қабырғаларын және жатыр мойнының каналының шырышты қабығын даралап диагностикалық қыру жүргізілген. Қазіргі клиникалық жағдайда эндометрияда өзгерістер:

безді кистозды гиперплазия

полипоз

атипиялық гиперплазия

эндометрияның атрофиясы

жатыр мойнының обыры

40 жастағы ауру жыныс жолдарынан тұрақты шырышты-іріңді бөлінділерге және жыныстық қатынастан кейін қанды бөлінділерге щағымданып гинекологқа келді. Анамнезінде екі босану және 3 медициналық түсік.

ҚЗ: жатыр мойны эрозияланған, гипертрофияланған, босанғаннан кейінгі жыртылудан деформацияға үшыраған, сыртқы ернеу үңірейген, жатыр және қосалқылар өзгермеген, параметриялары бос. Кең кольпоскопия кезінде ауысу зонасы кең, көп мөлшерде ашық, және жабық бездер кездеседі, алдынғы ерінінде эктопия учаскесі көрінеді, лейкоплакиялар 12 сағат тұсында. Қажетті қосымша зерттеу әдістер:

цитологиялық

бактериологиялық

гистологиялық

иммунологиялық

цервикоскопиялық

46 жастағы Р. ауру емханың гинеколог-дәрігерге көрінгенде бірінші рет «Пременопаузальды кезеңдегі ДЖҚ» деген диагноз қойылған. Диагнозды дәлеледеу үшін қосымша әдістер:

бөлек диагностикалық қыру мен гистероскопия жасау

гистеросальпингографияны

кіші жамбас мүшелерінің УДЗ

лапароскопия

кульдоскопияны

Эндометрий гиперплазиясының негізгі клиникалық көріністері болып табылады:

жатырдан қан кету

аменорея

симптомсыз ағымы

ауру сезімі

альгодисменорея

52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі тасуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашуланшақтық жағдай, қорқыныш, үрей сезімінің болуына, тітіркенгіштіктің жоғырылауына, шағымданғыштықтың болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған.

Диагноз:

Климактерикалық синдром

Климактерикалық кезең

Перименопаузалды период

Постракционды синдром

Постменопаузалды кезең

28 жастағы науқас гинекология бөліміне соңғы 2 жылдан бері жүктіліктің 7-8 апталарында инфицирленген түсіктен кейін пайда болған жыныс жолдарынан бөлінетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Медициналық көмекке қаралған, жүктілік болмаған.

Диагноз:

Репродуктивті кезеңдегі ановуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету

Репродуктивті кезеңдегі овуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету

Перименопаузалды кезеңдегі қан кету

Қынаптың варикозды кеңейген тамырынан қан кету

Постменопаузалды кезең

29 жастағы науқас келесі етеккірдің 3 ай кешігіп келуінен кейінгі жатырдан қан кетуге шағымданып келді. ХГ тест теріс. Бимануалды тексерген кезде және айнамен қараған кезде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Гистероскоп бақылауымен бірге жатыр қуысын диагостикалық-емдік қыру жасалынды. Гистологиялық тексеру нәтижесі: эндометридің жәй гиперплазиясы.

Диагноз:

Дисфункционалды жатырдан қан кету

Үзілген жүктілік

Эндометриоз

Жатыр миомасы

Көпіршік ауруы

25 жастағы науқаста 6 жыл бұрын бірден етеккірі тоқтаған, бірде – бір рет жүктілік болмаған. Фенотипі әйелдіңкі. Қан сарысуындағы ФСГ концентрациясы 0.3 МЕ/мл (қалыптыда 2-20), пролактин – 16 нг/мл (қалыптыда 2-25). Гестагенмен және эстрогенмен сынама теріс.

Диагноз:

екіншілік гипогонадотропты аменорея

аналық бездерінің біріншілік поликистозы

біріншілік гонадотропты аменорея

Шихан синдромы

климактерикалық синдром

18 жастағы, науқаста ешқашан етеккірі болмаған. Бойының ұзындығы 140 см. сүт бездері дұрыс дамымаған, жатыры кішкентай және сыртқы жыныс мүшелері гипоплазиялы, жынстық түктену жоқ. ЛГ – 105 МЕ /мл (қалыптыда 2-15), ФСГ -120 МЕ/мл (қалыптыда 2-20), ТТГ- 1,8 мк/мл (қалыптыда 0,1-4,5). Диагнозы: Біріншілік гонадотропты аменорея. Гонадалар дисгенезиясы. Шершевский-Тернер синдромы?

Осы кездегі аменореяның дұрыс түрі:

аналық бездерінің жеткіліксіздігі

гипофизарлы-гипоталамикалық жеткіліксіздік

гипофиз аденомасы

гиперпролактинемия

бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі

52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі тасуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашуланшақтық жағдай, қорқыныш, үрей сезімінің болуына, тітіркенгіштіктің жоғырылауына, шағымданғыштықтың болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған. Әйелдер кеңес орнында: климактерикалық синдром деген диагноз қойылған. Осы кезде ... нәтижелі болып келеді.

орын басушы гормональді терапия

емдік дене шынықтыру

гомеопатикалық дәрілер

диета және су процедуралары

қосарланған оральді контрацептивтер

38 жастағы науқас гинекология бөліміне етеккірмен байланыссыз жыныс жолдарынан бөлінетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Медициналық көмекке қаралған, жүктілік болмаған. Диагноз: Репродуктивті жастағы дисфункционалды жатырдан қан кету. Емді ... бастау қажет.

жатыр қуысын қырудан

гемостатикалық терапиядан

симтоматикалық шаралардан

орын басушы гормональді терапиядан

антибактериальді терапиядан

16 жастағы пациент емхананың гинеколог дәрігеріне етеккірдің болмауына, бетінде безеулердің болуцына шағымдалып келді. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі еркек типті, сүт бездерінің гипоплазиясы. Гинекологиялық қарауда: псевдогермафродитизм белгілері, шүртінің гипертрофиясы анықталды. Диагноз: Адреногенитальды синдромы, типті түрі деген диагноз қойылды. Коррекциялайтын емді... бастау қажет.

диагноз қойылған сәттен

етеккір қызметі қалпына келгеннен кейін

жүктілік жоспарланғаннан кейін

босанғаннан кейін

науқастың талғамынан кейін

14 жастағы Л. деген науқаста 6-8 апта сайын, 8-10 күннен көп мөлшерде іртік-іртік қанды бөліндімен жүретін, ауырсынусыз етеккір. Әлсіздікке, басының айналуына шағымданады. Анамнезінен қан кету кішкентай жасынан бастап. Гинекологиялық статусында: сыртқы жаныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типті, қыздық перде бүтін. Тік ішекті- қынаптық тексергенде жатыры қалыпты пішінді, ауырсынусыз, жатыр қосалқылары екі жақтанда ұлғаймаған, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, көп мөлшерде. Диагноз: Ювенильді жатырдан қан кету, қайталамалы ағым. Басқа шаралар көмектеспегенде ... керек.

жатыр қуысын қыру

гормональді гемостаз

аминокапрон қышқылын қабылдау

жатыр мойнының электростимуляциясы

лапаротомия, екі жақты овариоэктомия

25 жастағы ауру, оң жақ үлкен жыныс ернінің ауруына, дене температурасының 39 С дейін жоғарылауына, жүрген кездегі ауру сезімге шағымданады. Объективті: оң жақ үлкен жыныс ерні ісінген, аурулы, қызарған, пальпация кезінде жұмсарған аймақ анықталады.

Диагноз:

Бартолин безінің абсцессі

Бартолинит

Бартолин безінің кистасы

Вагинит

Вульвит

Б., емхана гинеколог дәрігеріне жыныс мүшелерінен көп мөлшерде бөлінулерге, ашу, сыртқы жыныс мүшелері маңында қышуларға шағымданып келді. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты, ісінген, қызарған, қасығаннан қалған іздер бар. Айналарда: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабаттары қызарған, бөлінулер іріңді. Бимануалды құрсақтық-қынаптық тексеру: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Қосалқылары екі жағынын да анықталмайды. Күмбездері бос, ауырсынусыз.

Диагноз:

Вульвовагинит

Вульвит

Эндоцервицит

Бактериальный вагиноз

Кольпит

Ауру Б., гинекологқа жыныс мүшелерінен көп мөлшерде көпіршікті, жағымсыз иісті бөлінулерге шағымданып келді. Ашу, сыртқы жыныс мүшелері маңында қышулары бір апта бойы.2 апта бұрын кездейсоқ жыныстық қатынас болғанын айтады.

Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты.

Айналармен қарағанда: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабаттары қызарған, бөлінулер көп мөлшерде, көбікті.Бимануалды құрсақтық-қынаптық тексеру: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Қосалқылары екі жағынын да анықталмайды. Күмбездері бос, ауысынусыз.

Диагноз:

Трихомонадты кольпит

Бактериалды вагиноз

Эндоцервицит

Вульвит

Вульвовагинит

Жатыр миомасы кезіндегі бала көтеру қабілетін сақтайтын операция:

консервативті миомэктомия

қосалқыларсыз тоталды гистерэктомия

қосалқылармен субтоталды гистерэктомия

қосалқыларсыз субтоталды гистерэктомия

қосалқылармен тоталды гистерэктомия

Миоматозды түйіндердің ... орналасуына байланысты зәр шығару бұзылыстары байқалады:

жатырдың алдыңғы қабырғасында

жатырдың түбінде

жатыр мойнының қынаптық бөлігінде

кең байлам жапырақшалары арасында

жатырдың артқы қабырғасында

Жатыр миомасын анықтаудың негізгі диагностикалық әдісі:

УДЗ

гистеросальпингография

қан сарысуының гормондарға анализі

цитологиялық

эндометрий қырындысының гисталогиялық қырындысы

Миоматозды түйдерінің орналасуына байланысты жатыр миомасының жіктелуі:

субмукозды, субсерозды, интерстационалды

субэпителиалд, ретрохориалды

мойынартындағы, дуглас кеңістігіндегі

интрамуралды, интерстициалды

фимбриалды, перитонеалды

Жатыр миомасы кезіндегі етеккір бұзылыстарының негізгі түрлері:

мено-метроррагия

метроррагия

алигеменорея

альгодисменорея

пройоменорея

Жатыр миомасында кездесетін ациклды қан кетулердің себебі:

эндометрийдің гиперпластикалық процесі

қалқанша без ісігі

миоматозды түйіннің малигинизациясы

эндометрия қатерлі ісігі

түйіннің интерстициалды орналасуы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


написать администратору сайта