Главная страница

Фгдс. Гинекология база 2020. Тахипноэ, тахикардия


Скачать 431.06 Kb.
НазваниеТахипноэ, тахикардия
Дата14.06.2021
Размер431.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГинекология база 2020.docx
ТипДокументы
#217153
страница12 из 14
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Цервикалды өзектің атрезиясы

Аменореяның жатырлық түрі

Эндометрит

Аменореяның орталық генезі

Аналық бездік аменорея

В., 25 жаста емханадағы акушер-гинеколог дәрігерге етеккірінің болмауына, жалпы әлсіздігіне шағымданып келді. Бір жыл бұрын бала тұған, босанғаннан кейінгі кезеңде шомбалды қан ағу болған, қарқынды ем алған, гемотрансфузия жасалған. Босанғаннан кейін сүт шығуы мардымсыз болған, оған қарсы жүргізілген емге қарамастан, лактация толығымен жоғалған.

Объективті: әйелде дене салмағының тапшылығы, сүт бездері босансыраған, қолтық асты ойықта және қасағада түктенуі мардымсыз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияға ұшыраған, пигменттері жоқ. ҚЗ: қынап іші кең, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі қалыптыдан кіші, қосалқылар аймағында ештеңе байқалмайды. Диагноз:

Шихан синдромы

Бабинский – Фейлих синдромы

Моррис синдромы (тестикулярлық феминизация)

Шерешевский – Тернер синдромы

Галакторея- аменорея синдромы

В., 25 жаста емханадағы акушер-гинеколог дәрігерге етеккірінің болмауына, жалпы әлсіздігіне шағымданып келді. Бір жыл бұрын бала тұған, босанғаннан кейінгі кезеңде шомбалды қан ағу болған, қарқынды ем алған, гемотрансфузия жасалған. Босанғаннан кейін сүт шығуы мардымсыз болған, оған қарсы жүргізілген емге қарамастан, лактация толығымен жоғалған.

Объективті: әйелде дене салмағының тапшылығы, сүт бездері босансыраған, қолтық асты ойықта және қасағада түктенуі мардымсыз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияға ұшыраған, пигменттері жоқ. ҚЗ: қынап іші кең, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі қалыптыдан кіші, қосалқылар аймағында ештеңе байқалмайды. Шихан синдромы деген диагноз қойылды. Диагнозды негіздейтін тәсіл:

қанда гормондар деңгейін анықтау

қанның биохимиялық анализі

С өзегінен бактериологиялық егу

қанды зарарсыздыққа алу

қанның коагулограммасы

В., 25 жаста емханадағы акушер-гинеколог дәрігерге етеккірінің болмауына, жалпы әлсіздігіне шағымданып келді. Бір жыл бұрын бала тұған, босанғаннан кейінгі кезеңде шомбалды қан ағу болған, қарқынды ем алған, гемотрансфузия жасалған. Босанғаннан кейін сүт шығуы мардымсыз болған, оған қарсы жүргізілген емге қарамастан, лактация толығымен жоғалған.

Объективті: әйелде дене салмағының тапшылығы, сүт бездері босансыраған, қолтық асты ойықта және қасағада түктенуі мардымсыз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияға ұшыраған, пигменттері жоқ. ҚЗ: қынап іші кең, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі қалыптыдан кіші, қосалқылар аймағында ештеңе байқалмайды. Шихан синдромы деген диагноз қойылды. Емінің негізгі түрі:

орын басушы гормонотерапия

қабынуға қарсы ем

антибактериалды терапия

антианемиялық ем

физиотерапия

Г. 28 жаста емханаға сирек етеккірі және жүктіліктің болмауына шағымданып келды. Анамнезінен: бала шағында қызылша, паротит, жиі баспамен ауырған. Менархесі 13 жастан, осы күнге дейін тұрақтамаған, ретсіз келеді – 30-45-65 күндерден кейін, ұзақтығы 1-2 күн, мардымсыз ауырмайды. 4 жылдай тұрмыста тұрады, жыныстық қатынасы ретті. Күйеуі зерттелген – сау.

Объективті: бойы 160 см, дене салмағы – 70 кг, иегінде, емізік аймағында, іштің ақ сызығында жүндер шыққан. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан.

Айнада: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығы таза.

ҚЗ: жатыр мойнының пішіні конус тәрізді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі дұрыс орналасқан, кішкентай. Қосалқылар аймағында екі жақтан өлшемдері 5,0*3,5*3,5 және 4,5*2,0*2,0 см қатты құрылымдар анықталады. Болжам диагноз:

аналық бездерінің поликистозы

сары дене кисталары

менструальдық циклдың бұзылыстары

созылмалы сальпингоофорит

аналық бездердің кисталары

Г. 28 жаста емханаға сирек етеккірі және жүктіліктің болмауына шағымданып келды. Анамнезінен: бала шағында қызылша, паротит, жиі баспамен ауырған. Менархесі 13 жастан, осы күнге дейін тұрақтамаған, ретсіз келеді – 30-45-65 күндерден кейін, ұзақтығы 1-2 күн, мардымсыз ауырмайды. 4 жылдай тұрмыста тұрады, жыныстық қатынасы ретті. Күйеуі зерттелген – сау.

Объективті: бойы 160 см, дене салмағы – 70 кг, иегінде, емізік аймағында, іштің ақ сызығында жүндер шыққан. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан.

Айнада: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығы таза.

ҚЗ: жатыр мойнының пішіні конус тәрізді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі дұрыс орналасқан, кішкентай. Қосалқылар аймағында екі жақтан өлшемдері 5,0*3,5*3,5 және 4,5*2,0*2,0 см қатты құрылымдар анықталады. Диагнозды негіздейтін әдіс:

ультрадыбыстық зерттеу

қандағы пролактин деңгейі

қанның коагулограммасы

кольпоскопия

гистероскопия

Г. 28 жаста емханаға сирек етеккірі және жүктіліктің болмауына шағымданып келды. Анамнезінен: бала шағында қызылша, паротит, жиі баспамен ауырған. Менархесі 13 жастан, осы күнге дейін тұрақтамаған, ретсіз келеді – 30-45-65 күндерден кейін, ұзақтығы 1-2 күн, мардымсыз ауырмайды. 4 жылдай тұрмыста тұрады, жыныстық қатынасы ретті. Күйеуі зерттелген – сау. Қарау және тексеруден кейін Аналық бездердің слерополикистозды синдромы деген диагноз қойылды. Бұл синдромға тән ЕМЕС симптом:

дене салмағын жоғалту

біріншілік бедеулік

олигоаменорея

аналық бездердің ұлғаюы

гипертрихоз

42 жастағы пациент емханаға іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауыру сезіміне, көп кететін етеккірге шағымданып түсті.

Айнада: жатыр мойны қысқарған, цервикальды каналда- қып-қызыл түсті құрылым. Қан ағу өте көп.

ҚЗ: жатыр мойны қысқарған, ернеуде мөлшері 5*5 см, консистенциясы жұмсақ құрылым анықталады. Жатыр 8-9 аптаға үлкейген, қабырғасы тегіс. Қосалқылар жағы өзгермеген.

Диагноз:

Туылып жатқан миоматозды түйін

Жолдағы түсік

Жатыр мойнының обыры

Мойын миомасы

Толық емес аборт

42 жастағы пациент емханаға іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауыру сезіміне, көп кететін етеккірге шағымданып түсті.

Айнада: жатыр мойны қысқарған, цервикальды каналда- қып-қызыл түсті құрылым. Қан ағу өте көп.

ҚЗ: жатыр мойны қысқарған, ернеуде мөлшері 5*5 см, консистенциясы жұмсақ құрылым анықталады. Жатыр 8-9 аптаға үлкейген, қабырғасы тегіс. Қосалқылар жағы өзгермеген. Диагноз: Туылып жатқан миоматозды түйін. Тактика:

түйінді бұрап алу

миомэктомия

түйінді клеммирлеу

түйіннің артериясын байлау

лазерлі вапоризация

35 жастағы пациентте профосмотр кезінде қынап арқылы қарағанда жатырдың беткейінде 4х5 см өлшемі бар тығыз эластикалық консистенциялы, пальпация кезінде ауырсынулы құрылым анықталды. Жатыр қалыпты өлшемде, қалын теріасты майлы қабатына байланысты жатыр қосалқылары анықталмайды. Анамнезінен: бедеулік 5 жыл бойы. Етеккір қызметі бұзылмаған. Болжам диагноз қойылды: Жатыр миомасы? Анықтаудың қосымша әдісі:

УДЗ және лапароскопия

гистероскопия

кольпоскопия

гистеросальпингография

кульдоскопия

32 жастағы пациент, емханаға контрацепция бойынша кеңес алуға келді. Анамнінде: 2 асқынусыз мерзіміндегі босану. Етеккір циклы бұзылмаған. Айналар арқылы қарағанда: жатыр мойынында патология жоқ. РV: жатыр денесі жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған,түбінде 2х2 өлшемді, пальпация кезінде сезімтал түйін анықталды. Қосалқылар өзгеріссіз. Жатыр миомасы, симптомсыз ағымы деген диагноз қойылды.Тактика:

есепке алу, бақылау

жатырды қыру

гормонотерапия

жатыр ампутациясы

миомэктомия

Ф., 34 жаста етеккірінің тоқталғанына, тез үдемелі гирсутизмге шағымданады. өзін 6 ай бойы аурумын деп санайды, себебі бірініші рет етеккірінің кідіруі болған, бетте жүндердің шығуын (сақал, мұрт) байқаған, ең соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қараған кезде: бойы 152 см, салмағы 57 кг. Анық гирсутизм. Сүт бездері атрофияға ұшыраған. Емізіктерден бөлінділер жоқ

ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыр үлкеймеген. Сол қосалқылар жағы өзгермеген. Оң жақ қосалқыларында мөлшері 5,5*4,5*5,0 см қатты құрылым анықталады.

Диагноз:

Аналық безінің гормоншығарушы ісігі

Бүйрек үсті бездерінің ісігі

Аналық бездерінің поликистозды синдромы

Адреногенитальды синдром

Иценко- Кушинг ауруы

Л. 48 жаста тәулігіне 8-10 рет басқа ыстық құйылулар болуына және тершеңдігіне шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жылда болған. Етеккірі 2-3 айда, мардымсыз 1-2 күн. Анамнезінде калькулезді холецистит бойынша операция жасалған. 3 рет босанған, 2 рет түсік жасатқан. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмаған.

Диагноз:

Климактериялық синдром

Менопауза

Етеккір алды синдром

Менструальдық циклдың бұзылуы

Вегето-тамырлық дистония

Л. 48 жаста тәулігіне 8-10 рет басқа ыстық құйылулар болуына және тершеңдігіне шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жылда болған. Етеккірі 2-3 айда, мардымсыз 1-2 күн. Анамнезінде калькулезді холецистит бойынша операция жасалған. 3 рет босанған, 2 рет түсік жасатқан. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмаған. Болжам диагноз қойылды: Климактериялық синдром

Амбулаторлы деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеру:

қанның биохимиясы, коагулограмма,жағындының цитологиясы

қан анализі, С реактивті ақуыз, жағындының цитологиясы

зәр анализі, Қан сару суындағы темір, жағындының бакегу

гениталийдің УДЗ, қант деңгейін, жағындының бактериоскопиясы

кольпоскопия, холестерин деңгейі, ұлпаның гистологиясы

Л. 48 жаста тәулігіне 8-10 рет басқа ыстық құйылулар болуына және тершеңдігіне шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жылда болған. Етеккірі 2-3 айда, мардымсыз 1-2 күн. Анамнезінде калькулезді холецистит бойынша операция жасалған. 3 рет босанған, 2 рет түсік жасатқан. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмаған. Болжам диагноз қойылды: Климактериялық синдром

Диагнозды негіздейтін амбулаторлы деңгейде жүргізілетін инструменталды тексеру әдістері:

маммография, гениталийдің УДЗ, бауырдың УДЗ

сүт бездерінің УДЗ, бүйректің УДЗ, кольпоскопия

гистероскопия, өкпенің флюрографиясы, бүйректің УДЗ

гениталийдің УДЗ,өкпенің рентгенографиясы, бауырдың УДЗ

кольпоскопия, гистерография, гениталийдің УДЗ

Л. 48 жаста тәулігіне 8-10 рет басқа ыстық құйылулар болуына және тершеңдігіне шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жылда болған. Етеккірі 2-3 айда, мардымсыз 1-2 күн. Анамнезінде калькулезді холецистит бойынша операция жасалған. 3 рет босанған, 2 рет түсік жасатқан. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмаған. Клиникалық диагноз қойылды: Климактериялық синдром. Патогенезге негізделген емдеу әдіс:

орынбасушы гормонотерапия

физиотерапиялық емдеу

иглорефлексотерапия

қабынуға қарсы ем

психотерапия

36 жастағы пациент гинеколог дәрігерге ыстықтың құйылуы, тершеңдігіне, жиі зәр шығаруына шағымданып келді. Симптомдары тез өсуші жатырдың миомасы және аналық бездерінің екі жақты эндометриозы бойынша жасалған операциядан кейін пайда болды. Соматикалық аурулары жоқ. Сүт бездері сау. Айнада: қынаптың шырышты қабығы таза.

ҚЗ: Қынаптың тұқылы патологиясыз. Кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ.

Диагноз:

Жатырдың экстирпациясынан кейінгі жағдай.Кастрациядан кйінгі синдром

Жатырдың экстирпациясынан кейінгі жағдай.Климактериялық синдром

Вегетотамырлық дистония. Етеккіралды синдром

Жатыр ампутациясы кейінгі жағдай. Вегето-тамырлық синдром

Сыртқы генитальды эндометриоз. Абстинентті синдром

Анасы 6 жасар қызын балалар гинекологына сол жақ сүт безінің ісінуі шағымымен алып келген.Толық тексеру өткізілген.Қойылған диагноз: мезгілінен бұрын жыныстық жетілу.Оқшауланған телархе. Емдеу әрекеті қандай:

ГнРГ агонистері

құрама ОК

гестагендер

антиадрогендер

медикаментозды терапиясыз бақылау

Пубертатты кезеңде жыныстық жетілудің «өшірілген» вирилизациясы типі бойынша бұзылысы бар қыз баланы емдеу

глюкокортикоидтарды демеуіш мөлшерде қабылдау

Эстрогендермен толықтырғыш терапия

Гестагендермен толықтырғыш терапия

ем қажет етпейді

синтетикалық эстроген-гестагендерді 3-4ай қабылдау

15 жасар қыз балалар гинекологына етеккірінің және екіншілікті жыныс белгілерінің болмауына шағымданып қаралған.Жыныстық формула Ма1 Р1Ах0Ме0.Анамнезінде созылмалы тонзиллит. УДЗ тексеруде-патология анықталмаған.Сіздің болжамды диагнозыңыз:

жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

жыныстық жетілудің болмауы

жыныстық инфекция

дұрыс емес пубертат

оқшауланған телархе

16 жастағы қыздың етеккірі сирек келеді, ауырады. Бала кезінен созылмалы тонзиллитке шалдыққан. Бойы 168 см, сүйегі жұқа, жамбасы жалпы бірдей тарылған. Менархе 15 жастан, етеккірі ауырсындырып келеді. Барлық ағзалары мен жүйелері ауытқусыз. Салдарлық жыныстық белгілері жеткілікті дамымаған. Сыртқы жыныстық ағзалары гипопластикалы. УДЗ – жатыры кішкентай, 11-12 жастағы қыздардың жатырының өлшеміндей. Анабездері дұрыс қалыптасқан. Бұл симптомдар кешені келесіге тән:

жыныстық дамудың орталық генезді кідіруі

гонада дисгенезиясының таза формасына

гонада дисгенезиясының типтік формасына

гонада дисгенезиясының аралас формасына

жыныстық дамудың анабездік генезді кідіруі

13 жастағы қыз басы ауыратынына, қарны аша беретініне, шөлдейтініне, шаршағыштыққа, етеккір циклінің бұзылғанына, семіздікке шағымданады. Есі анық, алаңдаулы, өліп қалудан қорқады. Анамнезінен: жиі суық тиіп ауырады, гайморит. Объективті: теріасты талшығында артық май жиналған. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін сілемейлері боз, экзофтальм. Айқын салдарлық жыныстық белгілер. Аускультация кезінде қолқа артында екінші тонға акцент. Бассүйек рентгенограммасында бассүйекішілік гипертензия белгілері. Несеп құрамында 17-КС артуы. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:

емдәм және физикалық жүктеме

антибактериялық терапия

вирусқа қарсы терапия

гормондық терапия

иммунитетті модуляциялайтын терапия

Анасы 8 жасар қызын дәрігерге алып келді. Қызының бойы өсуінің кешеуілдегеніне алаңдайды. Анамнезінен: туылған кезде бойы мен салмағы қалыпты болған. 4-5 жасынан бастап кешеуілдегені байқалған. Тексеріп қарағанда анықталғаны: бойы 6 жасқа сәйкес келеді. Тері жамылғысы боз, әжімді, сарғыш реңкті. Теріасты-май талшығы кеудесінде, іші мен сандарында көп дамыған. Шаштары жұқа, құрғақ. Бет пішіні кішкентай -«қуыршақ бет», батық кеңсірік. Рентгенографияда түрік ершігінің өлшемі кішкентай. Кәріжілік-білезік буынымен қоса солжақ қолдың басын рентгенография жасағанда мөлшері 4 жасқа сәйкес, қаңқаның сүйектену процесі баяу. Қандай ем тағайындаған дұрыс:

соматропинмен толықтырғыш терапия

үздіксіз режімде прогестагендер

ішуге арналған аралас контрацептивтер

емдәм және физикалық жүктеме

хирургиялық ем

М. жасы 21-де емханаға етеккірінің ретсіз болуына, салмақ қосуына шағым айтып келді. Анамнезінен: бала шағында баспамен, ЖРВИ ауырған. Етеккірі 13 жастан, циклі ретсіз 22-38-42 күннен кейін келеді. 16 жасыннан бастап салмағы қосыла бастады, сосын жоғары ерінінде, иегінде жүндер шыға бастады. Тұрмыста емес. Объективті: бойы 160 см, салмағы – 86 кг. АҚ 140/90 мм .с. б. Май тіндері иықтарында, іштің төменгі бөлігінде жақсы дамыған сүт бездері үлкейген, салбыраған. Кішкене мұрттары, іштің ақ сызығында өскен шаштар бар. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, қыздық перде бүтін.

Көтенішек арқылы: жатыр және қосалқылар шеттен тыс дамыған құрсақ қабырғасының тері асты майынан анықталмайды.

Диагноз:

Иценко-Кушинг ауруы

Аналық бездерінің поликистозы

Адреногениталды синдром

Метаболиялық синдромы

Менструация алдын синдромы

32 жастағы А. невропатолог дәрігер гинеколог дәрігерге жіберген. Ғылыми қызметкер әйелде жүйке күйзелісін басынан өткізгеннен кейін шаршағандық, ұйқықашу, үрей сезімі, жылауықтық пайда болған. Барлық симптомдар етеккірге 10-12 күн қалғанда көріне бастайды да, етеккір өткеннен соң жоғалып кетеді. Гинекологиялық зерттеу жүргізген кезде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Диагноз:

Етеккір алды синдром, жүйке психикалық түрі
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


написать администратору сайта