|
Фгдс. Гинекология база 2020. Тахипноэ, тахикардия
Қандай тактика БАРЫНША тиімді?
РИТБ (ОРИТ) жедел госпитализациялау
ципрофлоксацинмен амбулаторлы емдеу
левофлоксацинмен стационар жағдайында үйде емдеу
күндізгі стационар жағдайында цефтриаксонмен емдеу
терапевтік бөлімге жоспарлы түрде госпитализациялау, ровамицин
48 жастағы ер адам дәрігердің қабылдауына келді. Күйзелістен кейін, 4 сағат бұрын жіті бас ауруы күшейіп, құлағында шу пайда болды. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған,ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 160/100 мм.с.б., жүрек тондары анық,ритімді.ЖСЖ-70 рет мин. Аортада 2 тонгың акценті. Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты тағайындау БАРЫНША маңызы ?
Каптоприл
Валсартал
Небетолол
Бисопролол
Нитроглицерин
Әйел адам 33 жаста, массивті ісінуге шағымданып келді. Науқастың сөзі бойынша 1 апта ауырады, ЖРА (ОРЗ) ауырғаннан кейін өршумен ісінулер пайда болды, диурез төмендеді. Anti-HCV IgM, IgG – теріс, ПЦР HCV РНК – оң. РФ – оң, АНА - теріс. Зәрде: тәуліктік протеинурия 5 г күніне, қанда: жалпы белок 52 г/л, альбумин – 23 г/л, холестерин 7,5ммоль/л. Қандай болжам диагноз БАРЫНША дұрыс?
Созылмалы гломерулонефрит, HCV байланысқан
Жедел гломерулонефрит
Геморрагиялық васкулит бүйрек зақымдануымен бірге
Жүйелі қызыл жегі, люпус нефрит
IgA-нефропатия
61 жастағы еркек 3 апта бойы шаршағыштық, диарея және іштің толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін күшейеді. Алдыңғы аптада ішінде күнделікті су тәрізді нәжіс болған. Сонымен қатар қызылиек және ауыз қуысында 6 күн бойы ауырсыну мазалауда. Левотироксин, метопролол, варфарин қабылдайды. 40 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Дене т 37, 9 ОС, PS 81/мин, АҚ 120/75 мм.с.б. Іштің оң жақ төменгі квадрантында пальпация кезінде жеңіл ауырсыну байқалады. ЖҚА: HB 115 г/л, лейкоциттер - 11.8 х 109 \ л, тромбоциттер - 360. Колоноскопияда-казеозды емес гранулемалар және крипттің нейтрофильді қабынуы. Қандай диагноз ең ықтимал?
Крон ауруы
Дивертикулит
Ишемиялық колит
Бехчет ауруы
Уипл ауруы
52 жастағы еркек 3 айда 3.6 кг салмақ түсуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. 6 жыл бұрын Г гепатит диагнозы қойылған. Әкесі тоқ ішектің ісігінен қайтыс болған. 35 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шеккен және сыра ішкен. Бұрын героин қолданған. Бойы 175 см, салмағы 71 кг, ДСИ=22.9 кг/м2. Склералары сарғайған, алақанның екі жағынан да қызаруы, төсі мен арқасында бірнеше телеангиоэктазиялар. Бауыры тығыз, түйінді консистенциясы. ЖҚА: Hb 116 г / л, лейкоциттер - 9, 6х109\л, тромбоциттер - 223. Науқасты ары қарай бағалауда қандай нәтиже күтуге болады?
α-фетопротеин жоғарылауы
Қанда оң культуралар
Колоноскопияда экзофитті ісік
Карциноэмбрионалды антигеннің жоғарылауы
Рентгенограммада өкпенің зақымдануы
1 жастағы бала. Түскен кездегі анасының шағымдары ентігу, енжарлық, тәбеттің бұзылуы, ұйқышылдық. Температурасы 39.1гр. Рентгенограммада оң жақ өкпенің төменгі медиальді аймағында ошақты жайылмалы инфильтрация. Цефтриаксон жасағаннан бері үш күнде температурасы жоғарыламаған. Ұйқысы қалпына келді, тәбеті ашылды, қимылдай бастады. Сіздің ары қарайғы іс әрекетіңіз
Сол антибиотикті температура қалпына келгенше жалғастыру+3-4 күн
Рентгенограммада қабыну инфильтрациясы толығымен жойылғанша антибиотикті жалғастыру
Баланы антибиотикті альтернациялық енгізу түріне көшіру
Қақырықты бак себуге өткізіп, қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын анықтау
Береген антибиотикті 4-ші тұқымдығы цефалоспориндеріне ауыстыру
Бала 6 жаста, 2 ТЕ-мен туберкулинді Манту сынамасын жасады, нәитжесі - папула өлшемі 15 мм, Диаскинтест оң. Толық текеріп болған соң «Гиперергиялық реакция» диағнозы қойылды. Бала жиі суық тиумен және бронхитмен ауырады. Сіздің БАРЫНША бағытталған тактакаңыз?
изониазидпен 6 ай химиопрофилактика өткізу
этамбутол мен рифампицинмен 2 ай химиопрофилактика өткізу
изониазид пен этамбутолмен 2 ай химиопрофилактика өткізу
изониазидпен 3 ай химиопрофилактика өткізу
1 категория бойынша ем жүргізу
14 жастағы қыз эпигастрий аймағында, сол жаққа қарай ауыруы, ауыру сезімінің арқасына берілуі. Ауыру сезімі тамақтан, әсіресі көп жегеннен, майлы, ашы тамақтан соң пайда болады. Сонымен қатар гамбургер жегенде пайда болады. Симптомдар 6 ай бойы байқалады. Артық салмағы болған соң андасанда түк тамақ ішпейтін күндер болады. Сол күндері аш қарынға және тек су ішкенде ауыру сезімі жоғалады. Үлкен дәреті тұрақсыз, жиірек сұйықтау. Диагнозды дәлелдейтін БАРЫНША мәлметті көрсеткіш:
эластаза-1 деңгейі
іш қуысы ағзаларының УДЗ
іш қуысы ағзаларының МРТ
амилаза, холестерин, триглицеридтер деңгейі
гликолизденген гемоглобин деңгейі
14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спортық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және шаршағыштықты ет тағамдарын жегісі келмейді деп түсіндіреді. Қарау кезінде терісі, алақандары және шырыш қабаттары бозғылт. Тілі бозғылт, бүртіктері тегістелген. Тынысы везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырады, бауыры +1 смқабырға доғасының астынан. ЖҚА: эритроциты 3,58х1012/л, HB 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін анықтауда қандай зерттеу БАРЫНША мәлметті?
биопсиямен ЭФГДС
тыныстық тест
құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
жалпы белок, АЛТ, АСТ, СРБ
тернальды пункция
Ер бала 19 жаста, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына, ауырсынуына, дене температурасының 38оС дейін жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде лимфа түйіндерінің бетіндегі тері жабындысы гиперемияланған. Пальпациялағанда лимфа түйіндері эластикалы, қозғалмалы,бір бірімен жабыспаған, ауру сезімімен.Кеуде қуысының рентгенограммасында түбірінде петрификаттар. Төменде аталған қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәлметті ?
лимфа түйіндерінің биопсиясы
лимфа түйіндерінің рентгенографиясы
туберкулинодиагностика
сүйек кемігінің трепанобиопсиясы
Кеуде қуысы мүшелерінің КТ
Сізде қабылдауды 3 күндік бала. Анасы баланы жөргектегенде жылауына шағымданады. Бала оң бұғанасын пальпациялағанда және оң иық буынын қозғалтқанда мазасызданады. Қандай емдеу тактика БАРЫНША тиімді?
жұмсақ Дезо таңуы
физиологиялық қалыпта гипстік иммобилизация
Дезо гипстік таңу
иммобилизация қажет емес
сегіз тәрізді таңу
37 жастағы әйел. Білек буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, қолында болатын әлсіздік пен қатты ауыру сезіміне, саусақтарын қыса алмау және затты ұстап тұра алмауға, кешкі уақытта болатын субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданады. Хирургтың буын ішіне дипроспан салуы бірден дерлік ауыру сезімін жеңілдетті. Келесі күні әйелдің буыны қатты ісініп, қызарған. Дене температурасы көтеріліп, маза бермейтін ауыру сезімі пайда болған. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
Стафилакокктың әсерінен пайда болған жедел іріңді артрит
Ревматоидтық артрит кезіндегі псевдосептикалық артрит
Жедел подагралық артрит
Жедел стрептококктан кейінгі артрит
Дипроспанды қабылдағаннан пайда болған бруцеллездік артрит
Дәрігердің қабылдауында 9 айлық бала. Емшек сүтін емеді. Объективті түрде: бұлшықет тонусы төмендеген, еңбектемейді, іші ұлғайған, отырғанда кеуде омыртқа бағанасында айқын кифоз. Макроцефалия, үлкен еңбегі 2х2 см, шүйдесі жалпақ, шашы түскен, маңдай мен төбе бұдырлары. Рахит таспиқтері және гаррисон жырасы. Дене массасы 9200 г. Дене дамуы мен психомотрлық дамуы жасына сай. Дәрігер ем тағайындады. Баладағы гиповитаминозды емдеу үшін холекальцеферол (вит Д3) дозасын таңдап беріңіз:
2000-2500 МЕ/ тәулік 1 ай бойы
500 МЕ/тәулік 1 жыл бойы
1000-1500 МЕ/тәулік 1 ай бойы
1500-2000 МЕ/ тәулік 1 ай бойы
3000-3500 МЕ/ тәулік 1 ай бойы
Балаға 2 жас. Анасының шағымдары – тәбетінің төмендеуі, енжар, жылауық, балармен ойнағысы келмейді. Объективті түрде: баланың қараторлығынан терісінің қаншалықты бозарғанын анықтау қиын. Көзге түскені алақандарының ағаруы. Терісі құрғақтау, екі езуінде суланған сызық жара, бұлшықет тонусы, тіндердің шымырлығы сәл төмендеген. Өкпедегі тынысы қатаңдау, ТЖ 40/ мин. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу. Сұрастыру барысында баланың көмір, шікі ет фаршын, газет қағазын жеуге қумарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л, ТК- 0,7.Қандай зерттеу тағайындау керек?
сарысулық темір мөлшерін
АЛТ және АСТ
билирубин мөлшерін
ЭКГ
сілтілі фосфатаза
Әйел адам 52 жаста. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, буындарындағы ауру сезіміне, кейде аллергия деп есептейтін бөрітпелердің шығуына, іш қатуға шағымданады. Бұл шағымдар 2 жыл бұрын, менопауза фонында салмағының жоғарылауы кезінде пайда болды (ДСИ – 32). Сол кезеңде тексеру кезінде анықталды: билирубин – 54 ммоль/л, АЛТ – 67 МЕ/мл, АСТ – 44 МЕ/мл. Анамнезінде – 3 жүктілік, 2 босану, 1 медаборт. Гепатитке скрининг жасалды: HBs-Ag теріс, anti HCV total – теріс.Билирубин – 27 ммоль/л, АЛТ – 124 МЕ, АСТ – 88 МЕ. Диагностикадағы келесі қадам қандай?
В гепатитының толық маркерлі диагностикасы
ПЦР HBV ДНК
Бауырдың эластографисы
құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
АНА, АМА
25 жасар әйел аяқтарының жансыздануына және әлсіздігіне, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге созылған жиі зәр жіберуге шағымданады. Стресстен кейін аяғында жансыздану болып 3аптаға созылып кейін өзі жазылған. Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу болып гормональды терапиямен емделген. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта ауру пайда болып, жамбас мүшелерінде бұзылыстар мен императивтік шақырулар болған. Қарау барысында: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар болған. МРТ-да: ақ шарда көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар байқалған. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
шашыранды склероз
бүйірлік амиотрофиялық склероз
жедел миелит
сирингомиелия
Гийена-Барре синдромы
Әйел 69 жаста. Емханаға барып келгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін селсоқтық, лихорадка, мұрнының бітуі, көзінен жас ағу, жөтел, бүткіл денесінің ауруы пайда болды. Науқас ӨСОА бойынша тіркеуде тұрады. Басталған аурудың асқынунын алдын алы үшін қандай препаратты тағайындау маңызды ?
осельтамавир
моксифлоксацин
беродуал
метронидазол
азитромицин
62 жастағы ер кісіде АҚҚ 175-190/95-110 мм.с.б дейін жоғарлайтыны анықталды.Ем қабылдауы тұрақсыз.Дене салмағы -100 кг, бойы- 165см., бел өлшемі-105см. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1 см солға. ЭКГ: ритмі синусты, Соколов-Лайон индексі – 40мм. МАУ – 300 мг/тәулігіне. Ұйқы артериясының интима-медиа кешені - 1мм. Алдағы 10 жылда кардио-васкулярлы катастрофаның даму жиілігі қандай ?
30% жоғары
10% дейін
10-15%
16-20%
21-30%
56 жастағы ер кісі ауа райы өзгергенде және жұмыс күнінің соңында жиі бас ауыратынына шағымданды. 7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталған. 2 жыл бұрын ишемиялық инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді.Қарп тексергенде жүрек тондары анық,аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.с.б. Жүректің сол жақ шекарасы 1 см сыртқа ығысқан. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының индекс массасы 140 г/м2, ұйқы артериясының УДДГ:интима-медиа комплексі-1,1 мм, ұйқы артериясының бифуркациясы -1,5 мм. Емдеу тактикаңыз?
фозиноприл және карведилол
бисопрололмен монотерапия
лизиноприлмен монотерапия
лизиноприл және валсартан
амлодипин және каптоприл
53 жастағы әйел физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, жүрегінің қағуына шағымданады. 20 жылдан аса уықыт бронхиальды патологиямен зардап шегеді, жылдың суық мезгілінде 2-3 ретке дейін өршу болады. Об-но:саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, кеуде торы бошке тәрізді. Аускультацияда өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар, тыныс шығару ұзарған. ТЖ 26 рет мин. Спирография сипаттамасы: ФДШК1 (ОФВ1) 68 % ; ФДШК1 (ОФВ1) /ФӨӨС (ФЖЕЛ) 95%.Күз-қыс мерзімінде негізгі аурудың асқынунын алдын алуда науқасты жүргізуде қандай тактика маңызды?
қыркүйек-қазан айларында тұмаудан жоспралы түрде екпе салу
күз-қыс мерзімінде ипратропия бромидігің мөлшерін ұлғайту
макролид тобындағы антибиотиктерді алдын алу үшін тағайындау
иммуностимуляция мақсатында инозин пранобексамен курсын өткізу
күз-қыс мерзімінде УФО курсын өткізу
Ер адам 36жаста. Құрылысшы,жұмысы ашық ауада,күннің астында өтеді. Профилактикалық қарауда дәрігер невусқа (фото) көңіл аударды.Науқастың айтуы бойынша соңғы айлары қалдың өлшемі ұлғайа бастаған. Ары қарай қандай тактика БАРЫНША бағытталған?
онкологтың консультациясы
бақылау, бұл шекаралық невус
дерматологтың консультациясы
онкологтың консультациясына дейін S100 белкатың мөлшерін анықтау
онкологтың консультациясына дейін невустан биопсия
47 жастағы еркек адам көп қозғалып, психикалық қозудан кейін кенеттен есінен танды. Объ-ті: терісі ылғалды, инъекция iздерi бар. Бетінің бұлшық еттерінің жиырылуы, қарашығының кеңейюі анықталады.ТЖ-32 рет.Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
40% глюкоза ерiтiндiсiн
0,9% натрий хлорид ерiтiндiсiн
0, 45% натрий хлорид ерiтiндiсiн
2 % бикорбанат натрий ерiтiндiсiн
30 бірлік қысқа әсерлі инсулинді
30 жастағы әйел қырысулар және алақан саусақтарының ауыру сезімі, дене қызуының 37,8° дейін жоғарлауы, 2 кг дене салмағының азаюына, кеуденің оң бөлігінде ауыру сезіміне шағымданады. Бетінде макулезді бөртпе, алопеция және ауыз қуысында афтылар пайда болды. Алақанның Рграфиясы: буын айналасында остеопорозы, жұмсақ тіндерінің ісінуі. Кеуде ағзаларының Рграфиясы: оң жақтан сұйықтық анықталады. ЖҚА: нормохромды анемия, лимфопения, ЭТЖ – 28 мм/с. ЖЗА: белок – 0,88 г/л, эритроциттер – 4-5 көру аймағында. СРБ +, РФ–теріс, АНА – оң. Осы ауруға қандай антиденелер барынша тән?
Екіжіпті ДНК қарсы антиденелер
Перинуклеарлы антинейтрофильдер
Цитоплазматикалық антинейтрофильдер
Антимитохондриальді антиденелер
Рибонуклеопротеинге антиденелер
Перзентханада ұл бала 2100,0 гр салмақпен туылды. Өмірінің 2-ші күні терісі аздап сарғайды, біртіндеп сарғаю күшейді. Қарап тексергенде: гепатомегалия, терісінде петехиальды бөртпелер анықталады. Анализінде: ауыз қуысының шырышты қабатынан алынған жағындыда ядро мен цитоплазмада клетка ішілік қосындылары бар гигантты көп ядролы клеткалар анықталды. Қандай болжам диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
цитомегаловирусты инфекция
Токсоплазмоз
Листериоз
мерез
Иерсиниоз
6 айлық бала, жұқпалы аурулар ауруханасына ұйқышылдыққа, тәбеттің төмендеуіне, су ішуден бас тартуға, дене қызуының 39,8С жоғарылауына анасы шағымданып түсті. 3 күн бойы ауыратыны анамнезінен белгілі. Қарап тексергенде: тыныс алуы қиындаған, минутына 68 рет дем алады, кеуде қуысының тартылуы анықталады. БАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша дәрігердің дұрыс тактикасы;
антибиотик б/е, шұғыл госпитализация
антибиотик б/е, сальбутамол
антибиотик б/е, үйде емдеу
антибиотик б/е, жоспарлы госпитализация
сальбутамол, антибиотик ауыз арқылы
Науқасқа құрсақ қолқасының және бүйрек артериясының зақымдануымен спецификалық емес аортоартерииті диагнозы қойылды. Кортикостероидтарды тағайындау қажет.Осы жағдайда дәрігер жағынан кортикостероидтардың қандай жанама әсеріне барынша көніл бөлуі керек?
Артериальді гипертензия
Стероидты диабет
Остеопороз
Остеонекроз
АІЖ қан кетулер
10 жастағы ұл бала сол жақ тізе буыны ауыруы, ісуі, қозғалысының айқын шектелуі, аяқ терісінде көгерулер пайда болғандығына шағымданады. Анасы баласының соңғы айда қызыл иегі көп қанауын, мұрын қанауын байқады. Анамнезінен: әкесі мен тәтесінде жоғары қанағыштық. Қарауда: тері астылық аймаққа «көгерулер» типтес қан құйылулар, сол жақ тізе буыны көлемі үлкейген, оның үстіндегі терісі қызарған және ұстағанда ыстық. ЖҚА: Hb – 100г/л, лейкоцит – 4,6х109/л, тромбоцит – 177х109 /л, ЭТЖ – 25 мм/сағ; ЖЗА – гематурия; Коагулограмма: АЧТВ – 60 сек, ТВ – 15 сек, фибриноген – 3 г/л, ристоцетин-кофакторлық белсенділік – қалыпты; РФ – 7 ХБ/мл, СРБ – 22 мг/мл. Тізе буындары рентгені (фото). Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген барынша тиімді?
|
|
|