Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
56. Тұңғыш қазақтаң кәсіби тарихшысы Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмаханов 1947 ж. «ХІХ ғ. 20-40 ж.ж. Қазақстан» деген жеке монографиясы сынға алынды. Ресейге қарсы ұлттық көтерелістің дәріптееген, орысқа қарсы жазылған деп айыпталды. К.Қасымұлы басшылығымен болған көтереліс қатты сыналып, авторға бұржуазияшылұлтщыл идеология дәріптеуші деген саяси айып тағылды. 1952 ж. 4 желтоқсанда ҚазақКСР Жоғары сотының сот алқасы үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айырылды. 1954 ж. ақпанда академик, қоғам қайраткері А.Панкратованың тікелей қатысуымен іс қайта қаралып, ақталып шықты. XVIII-XIX ғасырлар Еуразиядағы болған жалпы геосаяси процестерге обьективті түрде қарасақ, Қазақстан өзінің бірқатар ішкі және сыртқы себептердің нәтижесінде көршілес Ресейден, ал Ресей Қазақстаннан оқшау өмір сүре алмады. Бұл түсінік Ресей империясының құрамына енген шығыс халықтары туралы көзқарас пен тұжырымдарды жаңа тәсілмен, тың ойлармен қарастыруды талап етеді. Кеңес тарихнамасында партия органдарының қысымымен бұл мәселе жоғары деңгейдегі саясаттандырылған мәселе болды. 1920-1970 жылдар арасында бұл мәселе «қоршаған жау» концепциясынан «шексіз жауға» айналып, ары қарай «өз еркімен қосылды»деген идеяға алып келді. Партияның идеологиясына сәйкес сансыз қаулылар қабылданып, ғылыми ізденістер түзетіліп, жаңа ғылыми ой-пікірлер қатаң бақылауда қалды. Өз ойын еркін айтқан ғалымдар қудаланып, остракизмге, репрессияға ұшырады. Осы тағдырды талантты ғалымдар Ермұқан Бекмаханов, Петр Галузо, Бекежан Сүлейменов басынан кешірді. 57. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті. 1929 жылы күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Қазан айының өзінде қазақ және орыс шаруаларының бес ауданнан жиналған өкілдері өкіметке қарсы қарулы бой көрсету жөнінде келіссөздер жүргізді. Көтеріліс Батпаққара ауданында 1 қарашада басталып, көтерілісшілер аудан орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандады, түрмедегілерді босатты. Көтерілісшілерді А. Бекежанов, С. Қадиев, А. Смағұлов т.б. басқарды. Аудан өкілдері Кеңес өкіметін құлату жөнінде шешім қабылдады. Ауылдарда кеңестер сайланып, ол әрбір ауыл көтерілісшілер армиясына 50 жігіттен беру керектігі жөнінде шешім қабылдады, көршілес аудандарға үгітшілер жіберілді. Қысқа мерзім ішінде жалпы саны 500 - ге жуық отряд жиналғанымен, он көтерілісшінің біреуінде ғана ату құралы болды. Далаға ОГПУ - дің қарулы отрядтары аттандырылып, көтерілісшілер талқандалып, көтеріліс басып - жанышталды 200 - дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды. 58. Сталиндік үлкен қуғын сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарларын көрсетіңіз Адамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті. Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. Оның империясы түп-түгел маркстік-лениндік идеяның құлақкесті құлдарынан тұратын. Бухарин оны «Марксті оқыған Шыңғысхан» деуші еді, ал, шындығында, ол одан гөрі көңіл көтеруге, театрға, аярлыққа, кісі өлтірушілікке құмар Неронға көбірек ұқсайтын. 1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын құрмас бұрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жұмыстары осылайша қатаң жүргізілді. 59. “Түркістан” легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекетін талдаңыз 1940 жылы сәуір айында алдымен Данияға және соңынан Норвегияға шабулдаған неміс армиясы мамыр айында Бельгия мен Голландияны жаулап ала бастады. Енді соғыс Францияның шекараларына таяды. Франция қосындарын неміс шабулдарына қарсы Мажинода шоғырландырып қорғаныс шебін құрды. Осындай жағдайда Парижді тастап, Бордо қаласына кетуге дайындық жасаған достары бірге кетуге қайта ұсыныс жасаса да, Шоқай оған келіспеді. Өйткені ол қандайда бір қасіретке душар болатын болса да, Парижден кетпеуге бел байлаған еді. Неміс басқыншылығына қарсы қолданған дара сақтық шарасы – архиуі мен онша құны жоқ акцияларын бір банктің сейфіне сақтау болды. Бір күн күтілмеген бір шақыру алды. Бір неміс өкімет қызметкері кездесу үшін өзін Берлинге шақырып жатқан еді. Бұл шақырту Шоқайды қатты алаңдатты. Өйткені немістердің өзін Берлинге не үшін шақыртқандықтарын түсіне алмады. Немістер Польшаны басып алмас бұрын “Прометей Одағы” жұмыстары кезінде нацисттерге қарсы екенін айқын көрсететін мақалалар жазған еді. Сондықтан ол нацисттерге қарсы екендігімен танылған болатын. Сол себепті немістердің бұл кездесуде өзінен не сұрайтындықтарын немесе қандай салада пайдаланытдықтарын жорамалдап білгісі келген еді. Бірақ ешқандай бір қорытындығыға келе алмады. . Екінші жағынан шақыртуды қабылдамай кездесуге бармайтын болса, Францияны қол астында ұстап тұрған немістер керек болған жағдайда оны өз ықтиярынсыз-ақ Берлинге алғыза білетін еді. Сонымен Шоқай Берлинге келді. Берлинде өзін шақыртқан неміс өкіметтік қызметкерлері Шоқайға Кеңестердің әскери күші туралы мәлімет сұрауға шақырғандарын айтты. Бірақ Шоқай бұл туралы ешқандай мағлұматы жоқ екендігін, кеңестердің тек Түркістан аймағының ғана қызықтыратынын, кеңестер туралы одан артық ешнәрсе білмейтіндігін айтты. Шоқай Берлинде бір апта болғаннан кейін Парижге оралды. Енді көңілі орнына түскен еді. Өйткені немістердің өзімен ешқандай жұмысы қалмаған еді.[9] Бірақ бұл тыныштық ұзаққа созылмады. Осы кездесуден шамамен екі ай өткен соң, атап айтқанда 1941 жылы 22 маусым күні Германия Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашты. Сөйтіп Шоқайдың өмірінің ең тыныш және жайбарат күндері аяқталды. Ол осы хабарды әрі тебіреніспен және әрі таңданыспен қарсы алды. Сонда алғаш ойына оралған неміс армиясында жас офицерлердің қарт офицерлерге басым түскені болды. Өйткені Шоқай Берлинде жүрген кезінде неміс армиясында Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашып-ашпау туралы тартыс болып жатқандығын естіген болатын. Жас офицерлер ағылшындармен болған шайқастарда ұшыраған жеңілістердің орнын большеуиктерге қарсы соғыста жеңіске қол жеткізіп толтыруды жақтады. Ал қарт тәжірибелі офицерлер болса, күш-қуаты туралы жеткілікті мағлұматтары жоқ Кеңестер Одағымен соғыспау керектігін алға тартты. Шоқай үшін немістердің кеңестерге қарсы соғыс ашуы күтпеген уақиға еді. Дегенмен ол мұны Түркістанның Мәскеудің бұзауынан құтылуына оңды әсер етеді деген пікірде еді. Сондықтан қатты тебіреніп, толқыды. Жұбайымен Париж орталығына бара жатып жол бойы дамылсыз сөйледі. Аракідік қолдарын аспанға көтеріп жазу жазған секілді ым-белгілер жасады. Зайыбының айтуынша Шоқай маңызды шешім қабылдар алдында кезінде үнемі осылай ететін еді. Шоқай бұл жағдайды пайдаланып қалу керектігін және бұл үшін жиналып мәселені талқылау керектігін айтып жатты. Осындай ойларға шомылған Шоқай мен жұбайы қала орталығына жасаған серуендерінен үйлеріне қайтты. Үйлеріне кіргеннен сәл ғана уақыт өткен соң үш неміс әскері келіп Шоқайды тұтқынға алды. Сол күні Парижде тұтқындалған жалғыз ол емес еді. Парижде тұрып жатқан кеңестерге қарсы орыс босқындарының алда келген өкілдері де тұтқындалды. Олардың барлығы Компиен лагеріне қамалды. Негізінде бұл лагерьді абақтыдан гөрі немістердің үкіметтік қызметкерлерінің білімін арттыру лагері деуге болады. Лагердегі жұмыстар Ресейлік босқындардың кеңестер туралы мәліметтерінен пайдалануға бағытталды Немістер осы мақсатта босқындар арасында Кеңестер Одағы туралы конфренциялар мен талқылаулар ұйымдастырды. Шоқай да лагерьде Түркістан туралы бір баяндама жасады. Шоқайдың Түркістан туралы баяндамасы тыңдаушыларға өте ұнап, осы тақырыпта тағы бір баяндама жасауы сұралды. Шоқай мұны шын ықыласпен қабыл алды. Бірақ лагерьде екінші баяндаманы жасайтындай ұзақ уақыт қала алмады. Өйткені Шоқайдың баяндамасын жалғыз тұтқындар ғана емес, лагерьдің неміс басшылары да ұнатқан еді. Олар кеңестерге қарсы мұндай бір баяндаманы радио арқылы түркістандықтарға қарата жасауын сұрады. Жалпы алғанда Шоқай бұл ұсынысқа оң қарағанмен радиодан сөз сөйлеуге бірден келісе қоймады. Өйткені оның ойынша, Түркістанның жергілікті халықына арнап сөз сөйлеу мен Түркістаннан тыс жерде шетелдіктерге баяндама жасау арасында үлкен айырмашылық бар еді. Түркістандықтарға өз отаны туралы баяндама жасайтын кезінде бар нәрсеге өте мұқият болып, әсіресе өлкенің саяси шындықтары туралы қателіктерге бой ұрмауы керек еді. Олай болмаған жағдайда баяндаманың пайда орнына зиян келтіруі мүмкін еді. Сол себепті немістерге тұтқынға түскен түркістандық әскерлермен кездесіп олардың ұлттық мәселелердегі ойпікірлерін біліп алу қажет еді. Содан кейін ғана түркістандықтарға арнап бір баяндама жасауға болар еді. Шоқай Берлинге қарай аттанбас бұрын екі күнге үйіне соқты. Берлин сапары үшін керекті дайындықтарын жасады. Түні бойы жазу машинкасымен жазу жазды. Ол таңертең ертемен Парижге кетті. Келгеннен кейін тағы да жазды. Ол шілде айының орталарында Парижден Берлинге қарай әскери көлікпен жолға шықты. Шоқай Берлинге бара жатқанында кеңес дәуірінде өскен түркістандық жастармен алғаш рет кездестіндіктен өте толқып тұрған еді. Бұл кездесулер, әсіресе 1922 жылдан бері шетелде Түркістан туралы жазған мақалаларындағы тұжырымдарының дұрыс бұрысын анықтауға мүмкіндік беретін еді. Сол мақалаларында Түркістаннан шалғай жерде, Еуропаның кіндігінде тек кеңес баспасөзінде орын алған мәліметтерге сүйене отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасаған еді. 60. Д.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1960жылы19 қаңтарда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің пленумы өтіп Қонаев ҚАзақстан коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысыболып сайланады. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері болды. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Қазақстанның мүддесін қорғауда республика басшысы табандылық көрсетті. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Қонаев арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Қазақстан өзінің экономикалық қуаты мен ұлттық байлығы жағынан Кеңес Одағы құрамында Ресей мен Украйнадан үшінші орынға көтерілді. Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Кеңес одағы кезінде Қонаев Арал мәселесін сөз еткенімен орталық басшылық нақтышара қолданбады,Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да,өкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Бұл әсіре Қонаев партияның саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жанжақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, Медеу спорт кешені, Ұлттық кітапхана , цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынды. 31)ЖЕТІСУ МЕН ТЯНЬ-ШАНДАҒЫ ҮЙСІНДЕРДІҢ ЭТНОСАЯСИ БІРЛЕСТІКТЕРІ: Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған. 32)ҚОЛА ДӘУІРІ МӘДЕНИЕТТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ МӘСЕЛЕСІ МЕН ТАРАЛУ АЙМАҒЫ Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды. Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған. Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы маңынан табылған. Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан.Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған. Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған.Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған. Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған. Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді. 33) ТҮРКІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР МЕН ОРТАҒАСЫРДАҒЫ МАҢЫЗЫ: Түркі мәдениеті Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс ТяньШань өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген . Орталық Азиядағы мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандығы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлұмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Еуразияның жекелеген халықтары мен мәдениеттерінің байланысын тарихта ең ұзақ, әрі ұдайы түрде қамтамасыз еткен Ұлы Жібек жолы шамамен 12 800 шақырымға созылған негізгі бағыты Қытайдан Испанияға дейін созылып жатқан байтақ жол. «Жібек жолы» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға 1877 жылы неміс географы Фердинанд Рихтгофен ендірген болатын. Атынан да көрініп тұрғандай, Шығыс Азиядан, нақты айтқанда, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне негізінен жібек саудасының жолы ретінде қызмет атқарса да, уақыт өте келе ежелгі дүниенің одан да кең мәдени-сауда байланыстарын қамтамасыз еткен аса қажетті коммуникация кұралына айналған. Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды. Аталмыш жол алыс-жақын елдер арасындағы тек тауар айырбасын ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл технология, дін, ғылым және өнер саласында қол жеткізген жетістіктермен өзара алмасуды да қамтамасыз еткен. Жалпы алғанда, Ұлы Жібек жолы жаңа дәуірге дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени интеграциясын жүзеге асырып, олардың өзара байланыстарындағы бай тәжірибесі арқылы бүгінгі жаһандану үдерісіне қатысуын негіздейтін тарихи-мәдени процестерді басынан өткерген. 34) КӨШПЕЛІ ӨЗБЕКТЕР МЕМЛЕКЕТІ, НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ АУМАҒЫ (КӨШПЕЛІ ӨЗБЕКТЕР) Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XV ғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428 ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найман, тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда, Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIV ғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты емес, тек саяси мағынадағы сөз еді. Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек. (НОҒАЙ ОРДАСЫ) 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды. Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды. 35) ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ: Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды. Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін). Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). 36) ОРХОН-ЕНІСЕЙ ЖАЗУЫ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ: Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында. Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген. |