Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
75. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері ХХ ғасырдың басында Ресейде жаңа кезең басталды. Әсіресе, саяси өмірде. Қоғамды баурай бастаған революциялық қозғалысты, наразылықты тежеу, елді, жалпы, қамтыған энтузиазмды басқа арнаға бұру арқылы патшалық билік жаңа әдіс-айлаға көше бастады. Мысалы, 1905 жылғы қанды жексенбіден кейін патшалық билік елде демократиялық еркіндікті кеңейту, бұқараның пікірін білу, халыққа еркін пікір білдіру құқын беруге әрекет ете бастады. Солайша, патша Ресейде мемлекеттік Думаны, яғни Ресей парламентінің шақырылатындығын хабарлады. Империя өміріндегі осындай үрдіс қазақтың да құлағына жетті. Осы кезде Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене араласа бастады. 1905 жылы ел жайлауға шыққан кейін Қазақстанның түрлі аймақтарында патшаға арыз-тілек айту процесі басталып кетті. Ол туралы Ә. Бөкейханов 1905 жылдың жазын «арыз-тілек айту, петиция жасау жазы» деп атады. Жетісу аймағында, Солтүстік, Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстан аймағының түкпір-түкпірінде, жайлаудағы жәрмеңкелерде қазақ зиялылары орыс үкіметіне өздерінің арыз-тілектерін білдіріп, құжаттар жолдап отырды. Арыз-тілек, петицияда қазақ қоғамына ортақ проблемалар көтерілді. Әрине, ең алдымен, ауызға алынғаны жер мәселесі. Арыз-тілек иелері ХІХ ғасырдың соңына қарай сипат алған қоныс аударуға қарсылық көрсетті. Әсіресе, қазақ жеріне дендей еніп келе жатқан орыс переселендерінің толқынын тоқтатуды талап етті. Өйткені, бұл кезде, ХХ ғасырдың 1905-06 жылдары Қазақстанның әрбір өңірінде облыстық, уездік переселен мекемелері ашыла бастады. Олар қазақтың жарамды жерлерін алып, ішкі Ресейден келген қоныс аударушыларға беру ісімен айналысты. Яғни бұл кезде қазақтың жарамды жерлерден біржола айырылып қалу қаупі туды. Қазақ зиияллары «Қазақ даласын басқарудағы»17-бапты өзгертуді талап етті. Көтерілген арыз-тілектердің қатарында ең өзектісі ағарту мәселесі еді. Патшалық режимнің қатал, тар болғандығы соншалық, қазақтар мектеп ашу үшін, мешіт салуға міндетті түрде жергілікті орыс билігінен рұқсат алуға тиіс болды. Әрі орыс билігі дін мәселесіне шектеу қойды. Тіпті қазақтарды топ-тобымен христиан дініне өтуге мәжбүрледі. Соған жағдай туғызды. Түрлі экономикалық-саяси тетіктерді пайдаланды. Қазақ балаларына еркін, жүйелі түрде білім алуға кедергі жасап бақты. Қазақ тілінде білім беретін мектептер ашылмады. Ашылғандары – орыс-түзем мектебі деп аталды. Оларда сабақ негізінен, орыс тілінде жүріп, қазақ балалары өз ана тілінде замана талабына сай білім ала алмады. Білім жүйесінің қалыптаспауы мен түрлі шектеулерге байланысты қазақ балаларының көпшілігі сауатсыз болды, яғни жазу-сызу білмеді. Қазақ қоғамындағы саяси билік түгелдей орыс әкімшілігінің ықпалында болды. Ал қазақ қоғамындағы ең төменгі буын – болыстық билік орыс әкімшілігінің қолындағы қолжаулығы болды. Орыс әкімішілігінің еркін білдіруші, айтқанын орындаушы басқару тетігі болды. Міне елде осындай ахуал орын алып тұрғанда арыз-тілектерде осындай бағдарламалық мәселелер қойылды. 1906 жылы бүкіл Қазақстанда Мемлекеттік Думаға сайлау процесі жүрді. Алғашқы мемлекеттік депутаттардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов сияқты депутаттар болды. Әрине, алғашқы Думаға депутат сайлауда әділетсіздік орын алды. Әр аймақтың қазағынан бір-ақ депутат сайлану керек деп, олардың құқықтары есепке алынбады. Соның салдарынан Ә. Бөкейханов Петербургқа І Мемлекеттік Думаның жабылуына бірнеше күн қалғанда ғана жетті. Әрі І Думаның жұмысына белсенді араласа алмады. Ахмет Бірімжанов бел шеше жүріп атсалысып, І Думаның мінберінен Жер мәселесі туралы айта алды. Сондай-ақ ерекше тоқталып өтер мәселе – Орынбор губерниясынан сайланған депутат, түбі – казак, Ахмет Байтұрсыновтың досы, ескі танысы бірқатар депутатпен бірігіп Ресей үкіметіне арыз-тілек беріп, Қазақстандағы жер мәселесін, яғни Қазақстандағы аграрлық мәселенің дұрыс қойылып, оң шешілуін көтерді. Ақиқатында І Дума өзі де ұзақ жұмыс істеген жоқ. Оған себеп болған патшалық жүйені батыл сынға алуы еді. І және ІІ Мемлекеттік Думада қазақ зиялылары белсене араласты.Ұлт-азаттық көтеріліс басшысы Әлихан Бөкейханов Мемлекетік Думаның пайдалылығын тура түсінген қайраткер-ді. Сондықтан, ол кісі өзінің кейінгі естеліктерінде: «Біз Мәскеу, Петрбор жоғары оқу орындарында оқитын қазақ жастарына елге барарда «жазда, каникулда ауылда, ел арасында жүргенде уақытты босқа өткізбей, елге, ұлтқа қатысты өзекті мәселелерді зерделеп, материалдар мен деректер жинап, каникулдан қайтқанда Петербургтағы мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясына жеткізіңдер» деп тапсырма бергендігін» оған жастардың көп жағдайда белсенді түрде атсалысқандығын айтады. Мұстафа Шоқай Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен, Петербургта білім ала жүріп, 1913–17 жылдары Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясының хатшысы болды. Бұл Мұстафа Шоқай үшін де бұл үлкен сасяи қызметте үлкен бір мектеп болғаны сөзсіз деп тоқталып өтті ғалым. М. Шоқай өзінің кейінгі естелігінде: «Әрине, қазақ зиялылары белгілі бір дәрежеде ол кезде тәжірибесінің аздығына байланысты аса сенгіш еді. Олар көп жағдайда адасты. Көп жағдайында алданып қалды» дейді. Мұстафа Шоқайдың бұл пікірімен белгілі бір дәрежеде келісуге болады. Шын мәнінде қазақ зиялылары белгілі бір дәрежеде Мемлекеттік Думаға мүше бола отырып, белгілі бір дәрежеде жұмыс істей отырып, қазақ қоғамының негізгі проблемаларын шеше аламыз деген түсінікте болды. Әсіресе, Мемлекеттік Думаның алғашқы жылдарында. Әрине, Мемлекеттік Думаның ролі, маңызы үлкен. Бірақ, Мемлекеттік Дума арқылы қазақ қоғамының барлық проблемаларын көтеріп, шешуге болады деген, ол әрине, балаңдықтың белгісі болатын. Бірақ, дегенімен, пайдалы болды. 76.Сырым Датұлы бастаған, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалыстары Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы — 1783—1797 жылдары Сырым Датұлының басқаруында болған Кіші жүзінің қазақтарының қозғалысы.Емельян Пугачёв бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды.Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды. 1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді. 1806 жылы Қаратай Нұралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді. Олар күтпеген қарсылыққа үшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетін де жасап корді. Оған да кенбеген сұлтанды ұстауға 1807 жылы 3 артиллерия қаруы, 1500 адамы бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штабс-капитан Ешпанешниковтың т.б. жазалаушы отрядтары аттандырылды. Кетеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820 жылдардың басына дейін созылды. Арынғазы сұлтанның қозғалысы (1816 — 21) — Қазақ хандығын қайта орнатуға жасалған әрекет. Кіші жүзге хан болып сайланған алғашқы күннен (1816 ж. сәуір) бастап Арынғазы хан Қазақстанды Ресейден бөліп алып, дербес Қазақ хандығын қайта құру саясатын ұстанды. Кіші жүз бен Орта жүзді біріктіріп, Орта Азия хандықтарының үлгісімен ортақ мемл. орнатуға сұлтандар мен ақсүйектерді көндірді. Оның бұл ойын халықтың барлық бөлігі қолдады. Орта Азия хандықтары да Арынғазыға қолдау көрсетті. 1821 ж. патша үкіметі келіссөз жүргізу желеуімен Арынғазыны С.-Петербургке шақырып алып, тұтқындап, Калугада ұстады. Отаршылдық езгіге қарсы күрес шежіресінде үлкен орын алатын А. с. қ. тарихи әдебиетте әлі жеткілікті дәрежеде зерттелмей келеді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Көтерілістің басталуы.Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды.Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті. Көтерілістің негізгі мақсаты;Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.Көтерілістің басты себептері;Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.Көтерілістің қозғауыш күштері Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі.Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. 77. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептерін талдаңыз Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардыңпатша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкіметбилігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынаселеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуылжасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губинесімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатынжарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді. Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібіргенерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттыңарасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскергежарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуылжасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетауокругының ауылдарына шабуыл жасады. Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті. Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.[2] |