Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
78. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмірі Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция) — 1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды. 1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады.Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері ол жұмысшылар,салдаттар,шаруалар болды .Ал қазан төңкерісінің себебі халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды. 1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.Төңкеріс бүкіл билікті жұмысышы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық - әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа берілсін - деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, олардың төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей - ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны - болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т.б. басқарды.Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстаның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. 79.Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Жүздік құрылым туралы Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз» — бір нәрсенің «басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. «Этноәлеуметтік организм» деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар: а) ішкі аумақтық тұтастық; ә) этностық туыстық; б) шаруашылық-мәдени бірлік; в) саяси басқару ортақтастығы. Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі. Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді. Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде «мынау бәлен жүздің жері, елі» деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды. Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: «… қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады». 80. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтерілістің негізгі себептері: - Ақшалай салықтың өсуі; - Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі; - Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі; - Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы. Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарайтын Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген. Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шегаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша атқамінерлерімен байланысы салқындай бастады. Ол 1817-1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі – ақын, беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) болды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, татар және орыс тілдерін үйренеді. Ол Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборда да тұрады. Жәңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырысады, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828-1829 жылдары ауылына кетіп қалады. Оған соң шегаралық үкімет тарапынан «халық арасында хан иелігінен кетуге және Жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді» деген айыппен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды. Көтерілістің басты мақсаты: • Хан озбырлығына шек қою; • Шаруалар жағдайын жақсарту; • Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту; • Әскери бекіністердің салынуын тоқтату. Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы. Көтерілістің барысы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.1838 жылы 23 шілдеде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыргүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді 81.. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз 1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді. 1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды. Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды. Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрыннан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады. Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту. 82.. Тәуелсіз Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттарына баға беріңіз Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті. Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ.Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа премьер-миниистрі С.А.Терещенко Жоғарғы кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады», — деп мойындауға мәжбүр болды.Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 млрд сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды. 1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиуымымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе – меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделтету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды. Қазақстандағы жекешелендіру 4 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде (1991-1992 ж.) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Осы тәртіппен 4,5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді, оның ішінде 0,5 мың совхоз ұжымдық меншікке берілді. Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995 ж.) «Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі – мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді. Кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жұмыстары қатар жүргізілді. Алғаш рет жеке жоба бойынша Алматы темекі комбинаты мен Шымкент кондитер фабрикасы сатылды. Жекешелендірудің үшінші кезеңі (1996-1998 ж.) – электр қуаты мен мұнай-газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі. 1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдістерімен сипатталады. Қалыптасқан жағдайды жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының басшылығы өз валютосын енгізу керек деген шешім қабылдауға тоқталды. Өз валютасын енгізерде Қазақстан өзге мемлекеттердегі ақша реформасы мен ұлттық валютаны енгізу тәжірибесін есепке алды. Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк ұлттық валюта банкноттарын дайындауға кірісті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. Ұлттық валютаны одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығы шықты. Онда тұрғындар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар белгіленді. Бірақ инфляцияға қарсы күрес бағыты өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың көбеюіне әкеліп соқты. 1995 жылы өнімдер мен тұтыну тауарлары өндірісі нашарлай берді. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері 153 мың жұмыссызды ресми түрде тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп еді. Жұмыссыздықтың жалпы көлемі 643 мың адамды құрады. Өндірістің толық тоқтауынан 192 мың адам еріксіз еңбек демалысында жүрді, өндірістің жартылай жұмыс істеуі салдарынан 451 мың адам толық емес жұмыс күнінде еңбек етті. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиыншылықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Алайда тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет орнату оңайға түспегені белгілі. Қазақстанның тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейінгі экономикалық саланы қайта құру тәжірибесі бұл қиындықтарды да жеңіп шығады деген сенім ұялатады. |