Главная страница
Навигация по странице:

  • Əр мемлекет халқының құрамы туралы мəліметтерге мұқтаж

  • Көші-қон дегеніміз

  • Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз


    Скачать 322.43 Kb.
    НазваниеТариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
    Дата01.03.2023
    Размер322.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз.docx
    ТипДокументы
    #963368
    страница21 из 23
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

    83.Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді талдаңыз

    1999 жылғы  санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і  қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады. Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.

    Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.

    Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар:

    Өзбекстанда                       2560 мың

    Ресейде                               1000 мың

    Түркіменстанда                 140  мың

    Қырғыстанда                      95 мың

    Украйнада                         15 мың

    Белоруссияда                     5 мың

    Азербайжанда                    4 мың

    Грузияда                             3  мың

    Қытайда                           2000 мың

    Монғолияда                    100 мың

    Ауғанстанда                    30 мың

    Түркияда                         25 мың

    АҚШ-та                         14 мың

    Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.

    Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек. Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жуық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.

    Көшіп келудің түрлі қиындықтарына  қарамастан  көшті тоқтатпау керек.Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі қандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір  сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалыға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуде.   Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде  екі жақты келісөздер жүргізілуде.

    Батысты мекен ететін қазақ ұлтына қиындықтар туда, өйткені саны көп қытайлықтар   аз санды қазақтарды жұтып жіберуі мүмкін . Міне осы жағдайларды ескере отырып Қытайдағы қандастарымызды тез арада көшіріп алу жолдарын қарастыруымыз керек. Осы елдермен қатар тарыдай шашылған қандастарымызды көшіріп әкеле алсақ. Президентіміз айтқандай 2020 жылы Қазақстандағы халықтың санын 20 млн адамға жеткізуге болады. Қандастарымызды әкелу өз республикасында   саны аз қазақ ұлтының көбеюіне  яғни үлес салмағының артуына әкеледі.

    Əр мемлекет халқының құрамы туралы мəліметтерге мұқтаж

    Мемлекеттің əлеуметтік жəне басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрын-соңды болмаған функциялар қалыптасуда.

    Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан əр түрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының  қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді.

    Мемлекетіміз демографиялық үрдістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тəжірибесін пайдаланса жақсы болар еді.

    Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.

    1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» - деп түсініледі.

    Республикамызда көші–қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО–ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік   алуымен   шетелдерге   көшіп   кетушілермен, жақын елдерден  көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды. Осы ретте 26 маусым 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Көшіп келу туралы заңын, 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын атап кеткен жөн.

    Көші–қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Олардың біздің еңбек нарығымыз қызықтырады.

    Көші–қонның жағымсыз жақтары да бар: біріншіден, көшіп келушілердің мінез-құлқы, тұрмыс – салты, мəдениеті еліміздің тұрғылықты халқының ділімен, мəдениетімен ұқсас па, жоқ одан алыс па соған кері əсер етуі мүмкін; екіншіден, тұрғылықты халықтың шетелден келген адамды қалай қабылдайтыны ол да беймəлім мəселе.

    Əр түрлі этникалық, рассалық, діни наным–сенімдері бар халықтың араласып өмір сүруі адамдардың қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа əкеліп соғуы мүмкін, олардың арасында қақтығыстардың болуы мүмкін. Оның нəтижесі көрші болып тұрған адамдардың қақтығысынан бастап, əр түрлі топтық бұзақылық пен митинг, демонстрациялармен аяқталуы мүмкін.

    Сонымен бірге көші-қон үрдісін реттейтін əр түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Олар: «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы  туралы» тұжырымдама, «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық пен даму мақсатында мүдделерді күшейту» өңірлік бағдарламасы, «2009-2011 жылдарға арналған Нұрлы Көш» бағдарламалары.

    Еліміз оралмандарға керекті əлеуметтік көмек беріп, қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде бір уақытылы жəрдемақы, тұрғын үй алуға ақы, жүріп тұрғаны мен мүлкін тасуына орта есеппен 5 адамнан тұратын отбасыға 833 мың теңгеден бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орналастыратын 14-ке жуық орталықтар қызмет етеді.

    Қазақстанда заңды көшіп келушілермен қатар, заңсыз көшіп келушілер де бар. ТМД мемлекеттерінің шекараларында қатаң бақылау жүзеге асырылмағандығы, Қазақстан аумағының геосаясаттық орналасуы жəне заң актілерінің жетілмеуі, қолайлы экономикалық жағдайы, əлеуметтік-саяси тұрақтылық, заңсыз көші-қонының пайда болуына əсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Заңдастыру барысында Қазақстан аумағында заңсыз еңбек етіп жүрген 164,5 мың шетел азаматтары ұсталынды.

    Осы мəселені қарастыра келе, мемлекеттік көші-қон саясаты жүзеге асыру қажеттілігі байқалады, оның ішінде көші-қоны ағымдарын реттеу үлкен маңызға ие болып отыр. Қазақстан мемлекетінің санын толтыру үшін, дамып жатқан көші-қон үрдісінің теріс салдарларының алдын- алу қажет. Заңсыз көші-қонының қауіптілігі елдің демографиялық жағдайына да əсер етеді, мемлекеттің өзіне де қауіпті.

    Елдегі халық санының өсуіне ықпал ететін, үлкен маңызға ие болып табылатын көші-қон үрдістерін реттеудегі мемлекеттің қызметін демография саласындағы мемлекет қызметінің бір бөлігі етіп белгілеуге болады. Жоғарыда аталған мəселелерді шешу үшін демографиялық үрдістердің бір бөлігін қамтитын көші-қон саясатын тиімді етіп жүргізу қажет. Ол үшін көші-қон саясаты, сонымен қатар, демографиялық саясаттың өзі де мемлекеттің ішкі саясатының маңызды бөлігі болуы  тиіс. Елімізде жүргізіліп отырған көші-қон саясаты мемлекеттің экономикалық, саяси, əлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуге ықпал етуге, егеменділік пен тəуелсіздікті сақтап қалуға, мемлекеттік, ұлттық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аумақтық біртұтастықты сақтап қалуға бағытталуы қажет. Осы мақсатта көші-қон саласын реттейтін қазіргі заманның талабына сай заңнамаларды жетілдіріп, дамытсақ жеткілікті іс.

     

    84.. ҚР білім және ғылым жүйелеріндегі реформаларына баға беріңіз 

    1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді.

    Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

    1.1991-1994 жж. - жоғары білімнің заңнамалық және нормативтік- құқықтық базасының қалыптасуы;

    2. 1995-1998 жж. - жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту;

    3. 1999-2004 жж. - білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру;

    4. 2005-2010 жж. - «2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы» негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу;

    5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін - жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру.

    Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңышындығында алдағы негізгі мақсаттардың декларациясына айналды. Ел жалпы адамзаттық кұндылықтарға, ұлттық және әлемдік мәдениетке, оқу тілін және жеке адамды қалыптастыру мен дамытудың базалық принциптері ретіндегі оқу орнының тұрпатын тандау бостандығына адалдықты жариялады. Білім мекемелері оқу бағдарламаларын, нысандары мен әдістерін таңдауда бұрынғыдан айтарлықтай көп дербестік алды. 

    Мемлекеттік тәуелсіздік жылдары мектепті дамытудын алғашкы елеулі нөтижесі — білім беруді элиталы ету, ол өте тез түрде әлеуметтік теңсіздіктің елеулі факторларының біріне айналды. Мектеп жүйесінің бір қиырында тереңдетіп оқытатын және мамаңдандырылған, «көрсетілетін қосымша кызметтерге» ақы төленетін мектептер көбейді. 1990/91 оқу жылынан 1995/96 оқу жылына дейін кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің саны екі есе дерлік көбейді, гимназиялардың саны 16-дан 131-ге дейін, лицейлердің саны - 10-нан 112-ге дейін артты. Бұдан кейінгі жылдары мамандандырылған мектептердің саны азая бастады, ал лицейлер мен гимназиялардың саны өсуін жалғастырды, әйтсе де жоғары қарқыны едәуір белсендеді (1998/99 оқу жылы Қазакстанда жекелеген пәндерді терендетіп оқытатын 1964 мектеп, 195 гимназия және 149 лицей болды). 1995-1997 жылдары оқу-білім мекемелерін «оңтайландыру» дейтін жүргізілді, оның барысында 3000-нан астам шағын мектеп жабылды. Бұл мектепке бармайтын ауыл балаларының санын көбейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге көптеген ауылдық қоныстарды соңғы мәдениет ошақтарынан айырды.

    1996 жылы Гимназия және лицей туралы ереже қабылданды. Н.Ә. Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы»өкімі Қазақстан мектебін сапалык, жаңғырту жолындағы нағыз стратегиялық мәні бар алғашқы елеулі қадам болды. Осы өкімге сәйкес дарынды балаларға арналған «Дарын» республикалық мектебі ашылды. 2004 жылға карай республиканың жалпы білім беретін мектептерін 100% компьютерлендіру жетістігі бағдарламаны іске асырудың нәтижесіне айналды.

    Алғашқы жеке меншік университеттер 1991-1992 жылдары пайда болды. Кейінгі жылдары олардың саны айрықша жоғары қарқынмен көбейді және 90-жылдардың екінші жартысында мүлдем шамадан асып кетті. 1993 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының «Жоғары білім туралы» Заңы қабылданды. Арнаулы орта оқу орындары жоғары білім беру құрылымына енгізілді. Колледждердеоқыту тек толық орта білім негізінде ғана жүргізіле бастады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру колледждердің таңдаулы түлектерінің жеделдетілген бағдарламамен жоғары білім алуына мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындары сиякты колледждер де өзінің жанында екі жылдық бейіндік мектептері - лицейлері мен гимназиялары болуына мүмкіндік алды.

    Қазақстанның жоғары мектептері реформаларының сапалык жаңа кезеңі 1999 жылы басталды.

    85Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттарын тұжырымдаңыз

    Әлемдік ірі өркениеттер мен геосаяси акторлардың тоғысында орналасқан географиялық ерекшелігімізге сәйкес баршамен тату-тәтті қарым-қатынас орнатып, көп векторлы саясат ұстануымыз өзінің ұтымдылығын дәлелдеп келеді. Бұл сөзімізге мысал ретінде бір жақты саяси бағдарының себебінен түрлі кикілжіңдердің ошағына айналған әлемнің қақтығыс нүктелеріндегі өзге елдерді қарастыруға болады.

    Қазақстан көп векторлы сыртқы саясат ұстанғанымен мемлекеттік және ұлттық деңгейдегі басымдықтар да жоқ емес. Оның бірі еліміздің түркі әлеміндегі ынтымақтастық бастамалары деуге болады.

    Тарихи деректерге сәйкес Орталық Азия, оның ішінде бүгінгі Қазақстан аумағы тұтас түркі әлемінің қара шаңырағы саналады. Сондықтан еліміздің түркі елдерінің мәдени, рухани, экономикалық және саяси ықпалдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамалары мен нақты қадамдары өзге бауырлас мемлекеттер тарапынан қызу қолдауға ие болуда.

    Түркі халықтары мен мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығын, интеграциясын қалыптастыруға арналған қадамдар тарихта аз болмаған. ХХ ғасырдың басында Мұстафа Шоқай Түркістан (Қоқан) автомиясын, Тұрар Рысқұлов Түркістан Республикасын құру идеясының төңірегінде қызмет еткен болатын. Түркі халықтарының кейбір озық ойлы, күрескер азаматтары да осыған ұқсас өзге де бірлескен құрылымдардың жақтасы болып, сол идеяны іске асыру жолында еңбек еткен.

    Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Орталық Азия елдерінің дербес интеграциясын қалыптастыруға терең мән беріп, көптеген ұсыныстар да айтылды. Дегенмен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бейресми «көшбасшылыққа талас», жекелеген ел басшыларының қарсылығы, сыртқы мемлекеттердің Орталық Азия елдерін қамти отырып ынтымақтастық ұйымдар құру туралы бастамалары бұл идеяның іске асуына кедергі келтірді. Сондықтан уақыт өте келе тек Орталық Азия елдерін ғана емес бауырлас Түркия, Әзербайжан мемлекеттерін де қамтитын әріптестік ұйымдары өз қызметін бастады.

    1993 жылғы 12 шілдеде Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), 2008 жылғы 21 қарашада Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы (ТүркПА), 2009 жылғы 3 қазанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі), 2010 жылғы 25 мамырда Түркі академиясы (International Turkic Academy) құрылды. Қазіргі таңда аталған ұйымдардың барлығы түркі мемлекеттерін, түркі халықтарының мәдени, тарихи ынтымақтастығын қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Аталған ұйымдарды құру ісінің басында Қазақстанның еңбегі зор екенін айта кетеу керек.

    ТҮРКСОЙ жыл сайын әртүрлі мемлекеттен жүздеген өнер адамының қатысуымен театрдан киноға, музыкадан пластикалық өнерге дейін әртүрлі фестивальдер ұйымдастырады. ТҮРКСОЙ өз басылымдарымен де түркі халықтарының бай мәдени мұрасын қоғамға жеткізеді... Сондай-ақ Түріксой жариялаған басылымдар 14 елде түркі диалекттері мен тілдерінде оқырмандарға ұсынылады.

    ТҮРКСОЙ-дың қызмет бағыты БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымына жақын. Мақсаты түркі халықтарының мәдени, рухани ынтымақтастығын нығайтуды көздейді.

    Ал Түркі кеңесіне Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан мүше. Венгрия бақылаушы мәртебесіне ие. Ортақ тарих, ортақ тіл, ортақ сәйкестік және ортақ мәдениет сияқты төрт негізгі тірекке салынған Түркі Кеңесі бұл ортақ шекаралармен шектелмейді. Оның орнына, ол экономика, ғылым, білім, көлік, кеден, туризм және басқа да түрлі салалардағы мемлекеттер арасындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

    ТҮРКПА-ның негізгі жұмыс бағыты:

    - Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу;

    - Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері;

    -Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды;

    - Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу;

    - Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді аймақтықәріптестікті алға жылжыту;

    - Мүше-елдер арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау;

    - Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау;

    - Аймақтық экономикалық жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге асыру;

     

     

    86.. 1950-ші жылдары ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шараларына баға беріңіз

    Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.

    Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.

    Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.

    Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.

    Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.

    Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.

    Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі ендірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК- нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П.К.Пономаренко сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топқана шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.

     
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


    написать администратору сайта