Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
50. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсерін талдаңыз Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды. 51. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз . Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары. Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары Әрісі мен берісін қатар айтар болсақ, 1949-1991 жылдар аралығында Семей сынақ алаңында Хиросима мен Нагасакидегі зарядтарды он, тіптен жүз орайтындай қуатқа ие ядролық сынақтар жүргізілді. Ал 1989 жылға дейін кеңестік тоталитарлық жүйе ядролық сынақтың зардаптары туралы пікірталасқа жол бермеді. Тек қайта құрумен айшықталған Горбачевтің ашық саясатынан кейін Невада-Семей антиядролық қозғалысы өз мақсатын нақты жариялай алды. Қозғалысқа Қазақстан Республикасы¬ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ақын Олжас Сүлейменов сынды қазақ халқының біртуар азаматтары қолдау көрсетіп, сынақ алаңы 1991 жылы жабылды. Және де сол жылы Қазақстан Республикасы өзге де бауырлас республикалармен бірге тәуелсіздігін алды. Бірақ бұған дейін Семей халқына ұзақ та шырғалаң жарты ғасырға созылған ядролық дәуірді бастан кешуге тура келді. 52. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 196 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді (21, 18). Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұхара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды. 53. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз 1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-нің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл құжатта тарихи қадам жасалынып қазақ тілі елде алғаш рет мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда мемлекеттік тілді дамытудың тиімді тетіктері мен жолдары айтылғанымен, іске асырылмады. 1997 жылы шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған. Аталған Заңда мемлекеттік тілді дамыту шараларына қатысты нақты істерден гөрі ұраншылдық басым түсіп жатқандай әсер қалдырды. Ал қазақ тілі науқаншылдықты көтермейді. Мұнда тек жүйелі жұмыстар атқарылуы керек. Төртіншіден, мемлекеттік тілді қоғамның жеке бір саласында ғана дамыту арқылы жетістіктерге жете алмаймыз. Бұл істе кешенділік принципін басшылыққа алуымыз қажет. Алдымен мемлекеттік тіл Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Бұл үшін елімізде ең кемінде 3-4 телеарна, 3-4 радио арнасы 24 сағат бойы қазақ тілінде сөйлеп тұруы шарт. Ақпараттық орысша, ағылшынша бағдарламаларындағы қазақша хабарлардың 50 пайыз болуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақтар өз балаларын қазақ балабақшаларына, мектептеріне беруі тиіс. Қоғамдық ортаны да қазақ тілінде ойлантып, сөйлету міндетін дереу шешпесек болмайды. Мемлекеттік қызметтегі, ұлттық компаниялардағы басшы қызметкерлер түгел дерлік мемлекеттік тілді білсін деген талап қою керек. Осы міндеттерді шешетін болсақ, онда елдегі 11 млн қазақтың ішіндегі қазақша білмейтін 2 миллион қазақ ана тілінде 4-5 жылда сөйлеп шыға келеді. Халықтың 60 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеп, оқып қызмет етіп жатса, қалған 40 пайызы міндетті түрде көпшіліктің соңына еретіні ақиқат. Бесіншіден, мемлекеттік тілдің елдегі орны мен беделін жарнамалардан, көрнекті безендіру құралдарынан байқауға болады. Мысалы, Алматы қаласының көшелерінде орыс, ағылшын тілдеріндегі жарнамалар қаптап кетті. Онысымен қоймай, суреттерде, құлаштай жарнамаларда славян тектес жігіттер мен қыз-келіншектер келбеті бейнеленеді. Тілді таптап тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажет. Көшедегі жарнамалардың мемлекеттік тілге нұқсан келтірмеу жағын батыл қолға алатын мезгіл жетті. Алтыншыдан, орыс, неміс және басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік лауазымды қызметтерге тағайындағанда мемлекеттік тілде таза сөйлейтіндігін қатаң ескеру керек. Олардың нақты үлгісі басқа этникалық топтар өкілдерінің қазақ тіліне көзқарасын түзейтіні даусыз. Жетіншіден, мемлекеттік тілге қатысты заңды талаптарды орындамаған мекемелерді, ұйымдарды, лауазымды қызметкерлерді сот арқылы айыппұл төлеуге, т.б. жауапқа тартуға, қызметтерінен босату шарасына дейін шара қолдануға ұсыныстар беретін Тіл комитеттерінің арнайы бөлімі болуы тиіс. Оны тіл инспекциясы, тіл полициясы, т.б. деп атауға болады. Айтылған міндеттерді орындау елдегі тіл саясатының тиімділігін арттырары сөзсіз. Сегізіншіден, білім жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлін көтермесек, ұлттық рухты ұлықтамасақ, жетістікке жете алмаймыз. Сондықтан қазақ тілі пәнін орыс мектептеріне оқыту кестесін 2 есеге көбейтуді, Қазақстан тарихы пәнінен міндетті мемлекеттік емтиханды қалпына келтіруді, мектептерде, колледждерде, университеттерде Қазақстан тарихының сағат санын көбейтуді қамтамасыз ету керек. Ұлттық сана мен рухты тәрбиелемей, қазақстандық патриотизмді тәрбиелей алмаймыз. Бір ғана мемлекеттің тілі болып отырған орыс тіліне жармаса бермей, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге түбегейлі бетбұрыс жасайтын мезгіл жетті. 54. «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызын көрсетіңіз Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы . Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монетасы айналыста болды. 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат қөріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Үш күн өткен соң 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8ден басталып, 20 қарашада сағат кешкі 8-де аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығына айналымға енгізілді 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты 1995 жылғы наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді: - Инвестициялық монеталар — Коллекциялық монеталар — Айналыста жүретін монеталар. 1995 жылғы 30 наурыздағ ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды. ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 55. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістерді талдаңыз Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді. 1941 жылы КСРО үкіметінің Эвакуация жөніндегі Кеңестің шешімімен Ресей және КСРО Ғылым Академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналасады. Қ.Сәтбаев талай кеңестік оқымысты ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырады. 1940 жылы бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. Бұл жерде 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары қызмет етті. Соғыс жылдары ғылыми кадралар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. Қ.Сәтбаев республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуына қыруар дайындық іс-шаралар жүргізді. Осы мақсатпен ғалым 1944 жылы 3 қантарда республика басшылығына бір орталықтан ұйымдастырылып, үлестіріп отыратын республикалық Ғылым Академиясын ашу мұқтаждығы көрсетіліп, қазақстандық ғылым дамуы туралы хат жолдайды. 1944 жылдың соңында Қ.Сәтбаев үкімет тапсырмасы бойынша ҒА ашуға жұмыстарына кірісе бастайды. ҚазКСР Ғылым Академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И.Вавилов кіреді. Ұзақ дайындық жұмыстардан кейін 1946 жылы 1 маусымда ҚазақКСР Ғылым Академиясы құрылады. Ғылым ордасы алғашқыда қазіргі микробиология Институтының екіқабатты ғимаратында орналасты. Ғылым академиясының құрамында 18 ҒЗИ, 8 сектор, 7 тәжірибелі станция, 3 ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің саны 1400 адам, соның ішінде 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаттары. Қ.Сәтбаев бастамасымен 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды. Дегенмен, 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды. Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады. Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды. «Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды. Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. |