Главная страница
Навигация по странице:

  • 62.Ғұндардың империясының саяси тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз Е

  • 63. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Энеолит.

  • Қола дәуірі.

  • Қола заманында

  • Ата-бабаға сыйыну

  • Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз


    Скачать 322.43 Kb.
    НазваниеТариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
    Дата01.03.2023
    Размер322.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз.docx
    ТипДокументы
    #963368
    страница17 из 23
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

    62.Қаңлылардың мәдени мұрасы туралы баяндаңыз.

    Б.з.б. ІІ ғ. «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.  Соның бірі – Қаңлы мемлекеті.  Оның Шығыс шекарасы Талас өзенінің бойымен өтті де, кейіннен б.з. ІІІ ғасырда Жетісудың оңтүстік-батысына дейін жетті. Мемлекеттің аумағы Ташкент жазирасын, сондай-ақ Сырдарияның төменгі және орта ағысын, Жаңадария, Қуандария өзендерінің аңғарларын, Арыс өзенін, Қаратау бөктерлерін қоса, Оңтүстік Қазақстанның байтақ кеңістігін алып жатты.  Астанасы Битянь қаласы болды.  Халқы 120 мың отбасы, 600 мың адамды, әскер саны 120 мың адамды құраған.Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті.Қаңлы тайпалары ІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген. Қаңлы мемлекетiнiң халықтары негiзiнен жер,  мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-сатықпен айналысты.  Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммен және  Кушан империясымен саяси-экономикалық  және мәдени байланыстар жасады.

    Қаңлы мемлекетi туралы алғаш рет бiздiң дәуiргедейiнгi ғасырдағы жазба  деректерде айтылады. Сол деректердiң қортындыларына сүйенсек бұл мемлекеттiңорталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Жапон ғалымы Сиратори  ол қаланы қазіргі Түркістан қаласының маңы деп есептейді. Кейбiр мәлiметтер, зерттеулер  бойынша қаңлылардың мемлекетiн патшабасқарған. Олардың патшалары ябгу деп  аталған. Сондай-ақ  мемлекеттiк аппарат құрамында  патшаның  орынбасары  және  үш кеңесшiсi болды. Қаңлы мемлекетінің заңы бойынша ұрлық жасаған үшін қолы кесілді. Тарихи аңыздар мен рауаяттарда «қаңлы» деген аттың шығу тегін Оғыз ханмен   байланыстырылады.

    Кангюйлер мекендеген археологиялық ескерткіштері

    қауыншы, 2) отырар-қаратау, 3) жетіасарархеологиялық мәдениеттеріне жатқызылады. 1) Ташкент; 2) Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, 3) Қуандария мен Ж

    1) Қауыншы мәдениеті Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б.з.б. ІІІ ғ. мен б.з. І ғ. арасы. Қазақстандық ғалымдар бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. 

    Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдария сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20м. жуық дөңгелек төбе (оба) ерекше көрінеді.

    2) Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардың бірі Отырар алқабы болды. Мұнда, Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шақырым шаршы болатын 20 шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр: Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, шөлтөбе, т.б. Олардың ең ірісі: Көк-Мардан. Көлемі мен орналасуына қарағанда Көк-Мардан қала орталығы болған.

    б.з. Іғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдіңпікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар” (немесе сауат).  

    Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке  бөлінген. Әр иеліктің кіші хандары болған. 

    1. Сусе иелігі. Орталығы Сусе қаласы.

    2. Фуһу иелігі. Орталығы Фуһу қаласы. 

    3. Ионе иелігі. Орталығы Ионе қаласы. 

    4. Жи иелігі. Орталығы Жи қаласы. 

    5. Иоган иелігі. Орталығы Иоган қаласы. 

    Дәл қай жерде орналасуы белгісіз. 

      Қаңлылардың билеуші титулы хан болды. Бүкіл елді басқару ісін 3 үәзірі атқарған. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді Қаңлылар туралы мәліметтерді Хань әулетінің «Цянь Ханьшудың» жерге орналасуды суреттеу» деген бөлімінде айтылады. Қаңлылар туралы зерттеулерде өздерінің елеулі үлес қосқан ғалымдар бұл А.Н.Бернштам, С.Г.Кляшторный, Л.Левина, Ю.Ф.Буряков.

     

    62.Ғұндардың империясының саяси тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

    Ежелгі Қазақ даласындағы этникалық, саяси, мәдени үдерістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше.  Осынау жоғалып кеткен халық аты жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді.  Атиллабастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан мәлім. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.

    Ғұндар б.э.д. IV-III ғасырларда қазiргi Монғолияда мемлекетiнiң территориясында,  Қытайдың  батысында және  Оңтүстiк Сiбiр  жерлерiнде  көшпелi ғұн тайпаларының күштi  саяси  бiрлестiктерi қалыптасты.

    ​Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін  “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне  батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда  жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Қытай императоры Гао-ди өз әскерімен бірге Байден тауында қоршауға түсті. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. 55 жылы аса ғұдыретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді.  Солтүстік батыс Монғолиядағы Қырғыз Нұр көліне таяу жерден теріскей ғұндардың билеушісі Шөже (Чжи Чжи) өз ордасын орнатады. Олар үйсіндерге шабуыл ұымдастырып тұрады. Шөже мен Қытай елі де жауласады, әсіресе Шөже қытай елшілерін өлтірткеннен кейін бұл жағдай одан әрі ушығып кетеді. Шөже мен оңтүстік ғұндар арасындағы бәсеке тартыс күшейе түседі. Осы кезде үйсіндер мен қаңлылар арасында да соғыс өрши түсті. Қаңлылар одақтас ретінде Шөжеге ұсыныстар жасап Талас өңіріндегі жерлерді беріп, әскеріне қолбасшылық құқығын береді. Оған қоса қаңлы билеушісі қызын береді. Бірақ оның үміті ақталмады. Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93жылы басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІV ғасырында олар Европадан бой көрсетеді. 

    ​Тарихшылардың басым көпшілігінің деректеріне сүйенетін болсақ, ғұндар түріктердің  арғы ата бабалары, олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуібасталады. Б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты  өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.

    ​Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі өміріндегі басты рөлі жылқы мен қой атқарғаны белгілі.  Өйткені, олар тебіндеп, жыл бойы жайыла алатын еді. Жылқылары моңғол тектес – жатаған, тұрпайы, бұлшық еттері мығым, қысқа да жалпақ басты болып келеді.  Бұдан басқа өгіз, қодас, түйе табындары, орасан зор қой мен ешкі отарлары ұсталды. Мал отбасының меншігінде болды, әрбір отбасы мал жайылымы үшін ру аумағының бөлігін пайдалануға және өз руы тарапынан  қорғауға алынды. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Олар малын жайып келе жатып, жолай аң мен құстарды атып тіршілік қажетіне жаратқан. Біреуінің қылмысы үшін бүкіл ұжым жауап берді.  Отбасылық қатынастарда көп әйел алу мен әмеңгерлік дәстүр үстем болды. 

    ​Ғұндардың қоғамы. Деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген. Кәсібі мен саудасы. Ғұндар  арасында қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдарды көп табылғанынан белгілі. «Қабырғаларда кездесетін, қолдан немесе құмыра шеңберлерінде кездесетін керамика құмырал мен көзелер, саптыаяқтар» – құмырашы өнерінің жоғарғы дәрежеде екендігінің дәлелі. Қазба жұмыстары кезінде ғұндар қабырғаларынан шетелдік заттар табылған. Олар: жібек маталар, қытайдың ағаштан жасалған қымбат мүліктері, айналар мен нефриттен істелінген бұйымдар.     

     

     

                  63. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. 

    Энеолит. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адам өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне єкеп соқты. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қылықша, тұрғын үйлер айқын көрінеді. 

    Энеолит (латынша мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәүірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Халықтың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды.. Оларға Иманбұрлық, Сексеуілді –1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.

    Энеолит немесе мыс заманында (б.з.б. 3 – 2 м. ж.) адамдар өмірге қажет құралдарды алғаш рет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нєтижесінде, ерекше тотықты белдем пайда болды. Көк, жасыл түсті белгілері арқылы алғаш кен орындарын оңай тауып, олардан сом мыс кесектерін аршып алған. Қазақ даласындағы кенді Алтайдың, Қордайдың (Жайсаң, Шатырқұл), Сарыарқаның (Жезқазған, Спасск) ірі мыс кен орындары адамдарға сол энеолит заманында – ақ белгілі болған. 

    Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен мыс кен орындарына байланысты шыққан. 

    Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.

    Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды. Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.

    Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолиттінсипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықта белгіленеді.

    Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдың, Терісаққанның, жоғары Тобылдың, Обағаның, Шағаланың, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алапттарды алып жатыр. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды б.з.б XXIV – XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны анықталды. Ертедегі поселкенің құрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір – біріне жалғасып, өзінше бір махаллалар құрып жатқан. Мұндай томаға – тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 – ға дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады: ені 4 – 8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15 – 16 үйден салынған.

    Өндірістік – шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал – маймандар тұрғындардың шаруашылық укладыныңкүрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, найзалардың ұштары аң аулаумен байланыста құралдар.

    Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Туыстарын қоныс аумағындағы ескі тұрғын жайларға жерлеп, жерленгендердің айналасына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. тұрғын жайлардың бірінде, қабырғалардағы сөреде ер адамның саз балшықпен мумияланған сүйегі табылды. 

     

    Қола дәуірі. Адамдардың металл қорыту iсiн  меңгеруiқоғам  дамуының  алға басуына  жол ашты. Қола дәуiрiнде (б.з.д. 2-1 мыңжылдық) адам қоғамының өндiргiш күштерiнiң дамуына мал шаруашылығы мен және егiншiлiкпен қатар әр  түрлi  рудаларды  өндiру тас пен  сүйектi ұсату аса  маңызды рөл атқарды.  Археологтардың  қола дәуiрiнде   мыс,  алтын,  қалайы, күмiс қорытылып одан әрi түрлi қару-жарақ, зергерлiкбұйымдар жасалды.

    Қола заманында кен өндірушілер табиғи таза мыстың қоғам сұранысына жеткіліксіздіге байланысты, металды өздері қорыта бастаған. Алғаш қортылған металл таза мыс емес, қола (мыс пен қалайының) болып шыққан.  Кездейсоқ қорытылып алынған қоланың сапасы мыстан артық болып шықты. Осы заманда мыс, мырыш, қорғасын қалайы сияқты түсті металдарды қорытып сараптау басталды.  Сом алтын мен қорғасын өте жұмсақ және ауыр болғандықтан тұрмыста кең қолдау тапқан жоқ. Қола дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: Федоров (б.д.д. ХVІІІ-ХVІ), орта немесе Алакөл (б.д.д. ХV-ХІІ ғ.ғ.) және соңғы немесе Замараев (б.д.д. ХІІ-VІІІ ғғ.) кезеңі. 

    Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірдегі және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең   а н д р о н о в  мәдениеті деген атау алды. (1914 ж. Археолог  Андрияновтың қазба жұмысы).

    1927 жылы археолог М.П. Грязнов  андроновмәдениетінің ескерткіштерін  Батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші Қазақстандық ғалымдар Ә.Х.Марғұлан, К.А.Акишев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев атап өтуге болады. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық жерін мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы Орталық Қазақстан.  

    Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуiрiнiң мәдени ескерткiштерi Андронов мәдениетi деген атаумен  аталды.  Бiрiншi ескерткiштiң табылған жерiАчинск маңындағы  Андроново  селосының  атына  қарай бұл  мәдениет  ғылымда  шартты түрде  Андронов мәдениетi’’- деп аталды. Андрон мәдениетінің басқа мәдениеттерден айыратын негізгі этникалық белгісі  - жерлеу ғұрпы ( қол-аяғын бүгіп жерлеу) 

    ​Қола дәуiрiнiң тайпалары кешендi түрде мал шаруашылығы (бақташылық) және  жер шаруашылығымен (теселі егіншілік) айналысқандықтан негiзiнен өзен, көлдердiң  жағаларында мекендеп, жер үйлерде тұрды. Қола дәуiрi тайпалары мал, жер шаруашылығы мен қатар тау-кен iсiмен де айналысып металл қорытты. Қола дәуiрi  кезiнде Қазақстан дүние жүзiндегi ең алғашқы қола қорытушы ел болды. Өте көп  көлемде  металл қорытылды. 

    ​Андронов мәдениетiнiң тағы бiр ерекше жетiстiгiқұмыраларды кең көлемде пайдалануы қола дәуiрiндеқұмыра жасау iсi бұрынғыдан да жетiлдiрiле түстi.

    ​ Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-бабаға сыйыну және о дүниеге сену кең тараған. Қолда дәуірінің тасқа салынған суреттері адамзаттың рухани мәдениетін, оның дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентауаймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Тастағы суреттерде жие кездесетін бейне жабайы бұқа. Тасқа қашау өнерінде жиі кездесетін суреттерге қос өркешті бактриан түйесінің бейнесі, екі аяқты арбаның, соқа мен жер жырту бейнеленеді.

    Андроновтардың қоғамдық құрлысына келетін болсақ, мал шаруашылығы мен металлургия саласына ерлердің еңбегі көп қажет болғандықтан ер адамдар рөлі жоғарлар әкелік отбасылық қатынас орнады.

    Қоғамның негізгі тобы – жауынгерлер.Үнді иран шежірелеріне қарағанда  абыздар да жоғарғы бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді  сақтаушылар. 

    Бұл өңірден 30 - дан астам елді мекен, 150 - дей қабір (қорымдар) қазып зерттейді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150- ден аса қоныс пен 200- ге жуық  қорым табылады. Ең ежелгі қала – Арқайым қаласы. (Қостанай мен Челябы обылыстарының шекарасы). Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты - оның монументалдығы мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Көлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырғалар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіліп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.

    Керамика қатарынан сыртқы үшбұрыштар мен басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады. Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.

    Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгісі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол бірінші жағына, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс – аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалары тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Орталық Қазақстанның таулы аудандарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Жер төлелер қабырғалары ағаш тақталарымен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жүйесі тіреп тұрған.

    Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты – бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Бұл ауданда небәрі 80 – нен аса қоныс пен 90- ға тарта қорым ашылған.

    Б.з.б. I   мыңжылдықтың басында андроновтықтараралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді.. Әйелдер  мен балалар егіншілікпен айналысып, тұрақты мекендерде қалды. Кейінгі қола дәуірінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шарушылықтың негізгі саласына айналды. Бұл жағдайда малдың құрамы өзгеріске ұшырап, ірі қара азайып, қой мен жылқы көбейді. Көп малды қолда ұстау мүмкіндігі болмай, шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығы шыға бастады. Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті.

    Кейінгі қола дәуірінің ыдыс – аяқтары бір ерекшелігі – олар өте бүйірлі және жалпы нобайы дөңгелектеу болып келеді. Андроновшылардың ою- өрнектерінің кейбір элементтерін қазақтың қолданбалы өнерінен осы күні де көруге болады. Бұл өрнектер байлық пен масшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін және ыдыс ішіндегі затты білдірген. Айырбас сауда кейінгі қола дәірінде кең дамыған. 

    Андроновшылар отбасындағылары үй тіршілігіне қажетті іс-әрекеттің бәрінде жасай берген. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім – кешек пен аяқ киімді түрлі түсті жіппен әдіптеп, апликациямен және жылтырақ бисерменбезендіріп тігу – бәрін де игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен иірген. Оған өзге жүндер де, түбіт те жараған. Тіпті кенеп те, жабайы зығыр да, қалақай да пайдаланған. Ол кезде тоқыма станогі де ұршық та белгіні болатын. Еркектері де, әйелдері де бастарына жүннен тоқылған немесе теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер құлақтарына қола сырға, қапталған алтынмен дөңгелек сырғаларға тағып, мойындарына қоладан жасалған өңір жиектер, кейде озған алтын моншақтар тізіп салатын болған. Еркектері масақтары қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды. 

    Ерте қола дәуіріндегі мәдениеттің гүлденіп өсуі, оның Жерорта теңізі және Кіші Азия аймағы мен мәдени және экономикалық байланыс  жасауы, осының нәтижесінде мүмкін болған Ұлы Жібек жолының білте сүрлеуі тап сол кездері түсе бастаса керек. Орта қола дәуірінде андроновқоныстары қалың қабырғалармен, олармен бекітілмейді. Тегі сайын даладағы жағдай тынышталып, талас тапқанға ұқсайды. Ерте және орта қола кезеңдерінде яғни б.з.дейінгі 1 мың жылдар басында андроновшыларотырықшы болған. Аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Маусымдық жайылымдар қашықтығы әр түрлі болған. Жетісу мен Шығыс Қазақстанда олар 50-ден 80 шақырымға дейін болса, дала мен сусыз шөлді басып, жүздеген шақырымдарға жеткен. Сонымен,  үй іргесіндегі тепсеңнен – жайлауға көшу, отарлы мал шаруашылығы, сосын көшпелі шаруашылық туады, бұл әрине дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға жәрдемін тигізеді.

    Андроновтықтардың баспанасы жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек  жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған.

    Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. 

    Ежелгі Андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз  үй жобасы пайда болды. Еңбек құралдары: тесе, тас кетпен, келі - келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі).
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


    написать администратору сайта